Құран «шәһид» термині жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамдардың бірлескен тіршілік әрекеті ықпал тигізудің ең маңызды құралдарының бірін – куәландыру құралын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Адам болмысы әр-түрлі көздермен расталған кез келген ақпаратқа сенім арту қабілетіне ие. Ежелгі заманғы сынды қазіргі юриспруденция, сот жүйесі және өмірдің басқа салалары да растау институтысыз оңтайлы тәртіпте қызмет жасай алмайды. Бұл ұғым тек ресми қарым-қатынастарға ғана тән емес, бұл ұғым діндерде де белсенді қолданылады.
Исламды қарастырғанымыз кезде, «шәһәдә» және «шәһид» деген ұғымдармен ұшырасамыз. Бірінші сөз сенімді куәландыруға қатысты, ал екінші сөзді дәстүрлі түрде көбінесе әскери әрекеттер кезінде мерт болғандармен байланыстырады.
Сөздің түбірі «шәһидә», «кезінде болу; куәгер болу; айқын нәрсе» деп аударылады. Бұл ұғыммен хабарландырушылар көне заманнан бері жиі кездесіп келетін:
Ол (Ибраһим): «Әрине, Иелерің – аспандар мен жердің Иесі, Ол оларды жаратты, ал мен осыны куәландырушыларданмын!…» – деп жауап берді. (21:56)
Ибраһим бірқұдайшылықтың куәгері ретінде сөз сөйледі, бұл жәйт қоғам тарапынан жағымсыз реакцияны тудырды. Ибраһимнің оппоненттері куәгерлерді тауып, оның қылмысын (тас пұттарды бұзу) ашып мойнына салу үшін оны халықтың көз алдына шығарып қойды:
Олар: «Біз оларды ескерген Ибраһим атты бозбаланы естігенбіз» – деп айтты.
Олар: «Оны адамдардың көз алдына әкеліңдер, мүмкін, олар куәландыратын шығар!» – деп айтты. (21:60-61)
Әріпшілдік тұрғысынан қарасақ Ибраһимге қарсы куә болғандарды «шәһидтер» деп санауға болады. Осындай теңестіруді неліктен келтірдіңіз деген сұрақ туындайтын шығар? «Шәһид» сөзі бір мағыналы емес екендігін көрсету үшін, яғни бұл құбылысқа стереотиптерді қолданудың қажеті жоқ. Бұл тек қана белгілі бір жағдайларда айқындалатын мағынасы бар араб калькасы екенін түсіну қажет.
Құрандағы тарихи мысалдар «куәлік» ұғымының қолданысының кейбір жақтарын қарастыруға мүмкіндік береді:
Немесе Яқубқа өлім келген кезде, ол балаларына: «Мен өткеннен кейін кімге қызмет етесіңдер?» – деп айтқанда, олар: «Біз сенің тәңіріңе әрі Ибраһим, Исмаил, Исхақ әкелеріңнің тәңіріне қызмет етеміз. Жалғыз тәңірге бой ұсынамыз!» – деп жауап берген кезде, сендер бұның куәсі болдыңдар ма? (2:133)
Сонымен, сенімде жеке немесе халықтық жорамал шындық үшін жеткілікті негіз бола алмайды. Шындықты таратушылар болып адамдарға Алланың Кітабын әкелген елшілер келетін:
Расында, Біз Тауратты түсірдік, оның ішінде – Нұсқау мен Нұр! Ол бойынша хабарландырушылар үкім шығарады. Бой ұсынған яһудилер, раввиндер әрі кітапшылдар Алла Кітабынан сақтаған нәрселері әрі куә болған нәрселері бойынша үкім шығарады.
Адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар! Менің белгілеріммен шағын құндылықтарды сатып алмаңдар! Кім Алла түсірген нәрсе бойынша үкім шығармаса, сол – жабылған! (5:44)
Кітаптың өзі әмбебап, себебі ол басқа да сипаттармен бірге қатар Жасаушы мен сенушілер арасындағы шарт ретінде келеді:
Сендер өздеріңнің қандарыңды төкпейсіңдер әрі бір-бірлеріңді баспаналарыңнан қумайсыңдар деп Біз сендермен шарт жасадық, сонан соң сендер бұны қабылдап, бұны куәландырдыңдар. (2:84)
Барлығымен орындала бермейтін Үстеммен жасалған шарт сөзсіз міндетті түрде ұшырайтын:
Иса, олардың жабықтығын сезген кезде: «Алланың алдында кім менің көмекшілерім?» – деп сұрады.
Ізбасарлар:
«Алланың алдында біз көмекшілерміз! Біз Аллаға сенім арттық, бой ұсынған екенімізді куәландыр! Иеміз! Біз Сен түсіргенге сенім арттық! Біз елшінің артынан ердік, бізді куәгерлермен бірге жаза гөрші!» – деп жауап берді. (3:52-53)
Мен, Исаның ізбасарларына, Маған және Менің елшіме сенім артыңдар деп уаһи еткенде, олар: «Біз сенім арттық! Бой ұсынғанымызды куәландыршы!» – деп жауап берді. (5:111)
Олар: «Біздің оны татқымыз келіп тұр, сол кезде біздің жүректеріміз тынышталады. Сен бізге шындық айтқаныңды білетін боламыз, ал біз ол жайлы куәгер боламыз!» – деген жауап берді. (5:113)
Бірқұдайшылықтың ашық оппоненттері өз қабыл алмаушылықтың ақталуы ретінде құдайларын атап, жабылатын:
«… Расында, тәңірлеріміздің бірі саған жамандығымен зиян келтірді, айтарымыз осы ғана!» – деп жауап берді.
Һұд: «Мен Алланы куә болуға шақырамын! Сендер Оған Онымен қатар қосқан серіктеріңе менің қатысым жоқығын куәландырыңдар! Барлықтарың маған мекерлік қылыңдар, ал сонан соң маған қосымша мерзім бермеңдер!» – деді. (11:54-55)
Елшімен текетірес жиі Алланың хабарландырушысын өлтіру шешіміне дейін апаратын.
Олар: «Бір біріңе Алламен ант етіңдер, біз міндетті түрде оған және оның жанұясына түнде шабуыл жасаймыз! Сонан соң оның жебеушілеріне міндетті түрде: «Оның жанұясының өлімі кезінде біз болған жоқпыз. Расында, біз шыншылмыз ғой!» – деп айтамыз» – деп айтты. (27:49)
Алланың хабарландырушылары кәдімгі қарапайым адамдар, сондықтан олар да сынақтарға ұшырайтын. Йусуф жыныстық тазалығына сыналды:
Йусуф: «Ол мені өзіменен қызықтырып еліктірді!» – деген жауап берді.
Әйелдің жанұясының өкілі айқын дәлел ретінде келесіні ұсынды:
«Оның жейдесі алдынан жыртылған болса, ол (әйел) шындық айтты, ал ол (Йусуф) – өтірікші. Ал оның жейдесі артынан жыртылған болса, ол (әйел) өтірік айтты, ал ол (Йусуф) – шыншыл». (12:26-27)
Йусуфтың інісі жала тағуменен және бауырларының куәландыруыменен сынаққа ұшырады:
Ал сендер әкелеріңе оралып:
«Иә әкеміз! Расында, сенің ұлың ұрлады! Біз білетін нәрсеміз жайлы ғана куәлік береміз! Біз жасырынды сақтап тұрған жоқпыз!…» – деп айтыңдар. (12:81)
«Шәһидә» түбірі «кезінде болу» дегенді білдіретінін ескергіміз келіп тұр:
Біз Дауд пен Сүлейменнің адамдардың малы жұлып кеткен егіншілік өнімдеріне қатысты олардың үкім шығарған талқылауында куәгер болдық. (21:78)
Ол: «Маған ісім жөнінде шешім беріңдерші. Сендер менің қасымда болмағандарыңша, мен осы істі үзе алмаймын!» – деп айтты. (27:32)
Біз Мұсаға істі шешкен кезде, сенің батыс жақтан болғаның жоқ. Сен сол кезде болған жоқсың. (28:44)
Құрандағы белгілер әр адамға ашық әрі түсінікті келеді, және де Мухаммад аяқтаған миссия тізбегінің жалғасы болып келеді:
Кім өз Иесінен айқын дәлелге ие?! Оны Одан келген куәгер оқиды!
Оған дейін Мұсаның Кітабы нұсқау мен мейірім болды. Сондайлар оған сенеді.
Әр партиялардан одан жабылғандарға от уәде етілді! Ол жайлы күмәнда болма! Расында, бұл – Иеңнен ақиқат, алайда адамдардың көбісі сенбейді! (11:17)
Иә хабарландырушы, Біз сені куәгер, қуандырушы әрі алдын ала ескертуші ретінде жібердік, (33:45)
Расында, Біз сені куәгер, қуандырушы әрі алдын ала ескертуші ретінде жібердік, (48:8)
Расында, Біз сендерге өздеріңе қарсы куәлік беретін елшіні жібердік, (73:15)
Сол себептен Кітап иелерінің қарсы келуі түсінбестік пен жазғыру тудырады:
«Иә Кітап иелері! Біздің Алладан басқа ешкімге қызмет етпеуіміз, Оған ешкімді серік ретінде қоспауымыз әрі араларымыздағы біріміз басқаларымызды Алламен қатар ие қылып алмауымыз үшін, біз үшін әрі сендер үшін, бірдей сөзге келіңдер!» – деп айт.
Олар теріс айналса:
«Біз бой ұсынған екеніміз жайлы куәлік беріңдер!» – деп айт. (3:64)
Иә Кітап иелері! Неліктен сендер Алла белгілерінің куәгерлері бола тұра, олардан жабыласыңдар? (3:70)
«Иә Кітап иелері! Неліктен сендер, куәлік бере тұра, Алланың жолын қисайтуға тырысып одан сенім артқандарды тайдырасыңдар? Расында, істеген нәрселеріңді Алла елемей тұрған жоқ!» – деп айт. (3:99)
Хабарландырушының оппоненттерімен пікірталасы жай ғана пікір алмасау түрінде емес, сенімді дереккөздерден шыққан айқын дәлелдерді талап ету түрінде болатын.
«Сегіз жұп тыйым: екі қой, екі ешкі, екі түйе және екі сиыр.»
«Қайсысы тыйым, еркегі ме немесе ұрғашысы ма? Сонымен қатар, ұрғашылардың құрсағында жатқанға қатысты не айтасыңдар, шыншыл болсаңдар маған білімге сүйеніп айтып беріңдерші? Немесе осыны Алла өсиет еткенде сендер куә болдыңдар ма? Адамдарды білімсіз жаңылдыру үшін Аллаға жала жапқаннан гөрі кім зұлымырақ?! Расында, Алла зұлымдарды сүймейді!» – деп айт. (6:144)
«Алла бұған тыйым салды деп куәлік беретін куәгерлеріңді әкеліңдер!» – деп айт.
Олар куәландырса, сен олармен бірге куәлік берме. Белгілерімізді жалған санайтын, ақырғы өмірге сенім келтірмейтін әрі Иелеріне теңдес қосатындардың құмарлықтарына ерме! (6:150)
Көргеніміздей, кері мағынада да куәгер болуға болады.
Құранға сенім артып, Мухаммадты мойындағандарға олардың ақиқат қағидаларын куәландырулары үшін белгілі бір ұйғарымдар берілген:
Адамдарға қажылық жайлы айт. Олар саған небір арық келгендердің үстілерінде әр жерден келеді, өздеріне тиген пайдалары жайлы куәлік беру әрі белгілі бір күндерде өздеріне малдардан берілген жануарлардың үстінен Алланың атын ескеру үшін. Оларды жеңдер әрі бейшара кедейді тамақтандырыңдар! (22:27-28)
Алланың барлығын дәлелдеуге немесе жоққа шығару мүмкін емес деген пікір бар. «Шәһидә» түбірінің этимологиясына сүйенсек, кем дегенде сенушілер Иенің барлығына куәгер болуы тиіс. Алайда біз бұл өмірде Онымен ашық кездескен жоқпыз. Олай болса біз Ол жайлы қалай куәлік бере аламыз? Дегенмен, Құран бойынша, біз Иемізбен кездескен екенбіз, бірақ біздің осы күйімізде пайда болғанымыздан бұрын:
Сенің Иең Адам балаларының арқасынан олардың ұрпақтарын алып, оларға өздері жайлы куәлік бергізген кезде:
«Сендердің Иелерің Мен бе?» – делінгенге олар: «Иә, біз куәлік беріп тұрмыз!» – деген жауап берді.
Бұл қиямет күнінде олар: «Біз бұны елемедік!» – деп айтса. (7:172)
Осыған байланысты Құранға сенушілер Үстем жайлы, Оның Кітаптары жайлы, Оның өмірге берген мағынасы жайлы сенімділікпен куәлік береді.
Осылайша сендердің адамдар жайлы куәлік берулерің үшін біз сендерді басшылық ететін орталық етіп қойдық, ал елші болса сендер жайлы куәлік береді.
Сен болған бағытты Біз тек елшіге ергендерді кері бұрылғандардан айыруымыз үшін ғана орнаттық. Бұл қиын болды ғой, бірақ Алла бағыттағандарға емес.
Расында, Алла сенімдеріңді құртатындай емес!
Расында, Алла адамдарға Аяушы, Рақымды! (2:143)
Аллаға деген сенім арту, Оның Кітаптарына деген күмәннің жоқтығы, сенушілерге тікелей Жаратушыға сөз жолдауға мүмкіндік береді:
Иеміз! Біз Сен түсіргенге сенім арттық! Біз елшінің артынан ердік, бізді куәгерлермен бірге жаза гөрші! (3:53)
Олар елшіге түсірілгенді тыңдаған кезде, ақиқатты танығандықтарынан олардың көздері жасқа толғанын көресің.
Олар: «Иеміз! Біз сенім арттық, бізді куәгерлермен бірге жазып қойшы!..» – деп айтады. (5:83)
Көргеніміздей, өткенде түсірілген Кітаптарға шынайы сенушілер Құранды жігерлі түрде қабылдаған.
«Құран» сөзі арабшадан «оқулық» дегенді білдіреді. Кітап атауының өзі «оқылым» әрекетін білдіреді.
Күн түннің қараңғылығына еңкейіп бара жеткен кезде байланысқа шық, ал Құранды таңғы сәріде декламацияла. Расында, Құран таңғы сәріде әрі түнде куәландырылған! (17:78)
Бірақ барлығы жай ғана оқылымға емес, жүктелген міндеттердің орындалуына саяды.
Сендерге зақым тисе, сол халыққа да сондай зақым тиді! Сенім артқандарыңды біліп алуымыз үшін, осы күндерді Біз адамдардың арасында кезегімен ауыстырып отырмыз. Сенім артқандарды ақтап, жабылғандарды талқандау үшін Ол сендерден куәгерлерді алды! Расында, Алла зұлымдарды сүймейді! (3:140-141)
Алла алдында шынайы ынтамен ынталаныңдар!
Ол сендерді таңдады әрі міндеттеріңде сендер үшін еш қиындық орнатқан жоқ, Ибраһим әкелеріңнің қаумына да солай еткен жоқ. Елші сендер жайлы куәлік беруі үшін, ал сендер адамдар жайлы куәлік берулерің үшін Ол сендерді бұрын да, қазір де бой ұсынғандар деп атады!
Байланысқа шығыңдар, ақтайтын шығын шығарыңдар әрі Алладан баспана іздеңдер!
Ол – сендердің Жебеушілерің!
Ол – жарылқаушы Жебеуші әрі жарылқаушы Көмекші! (22:78)
Яғни куәлік берушілік ұйғарымдармен сәйкес келетін белгілі бір істерді талап етеді. Ал түсірілгенге сәйкес өздерін тәрбиелегендер тамаша нәтижеге үміт арта алады.
– куәлікті бұрмаламайтындар, ал бос сөздің жанынан өткен кезде, абыроймен өтеді (осындайлар сыйлыққа бөленеді) (25:72)
өздерінің куәліктерінде тура тұрғандар, (осындайларға жаза тимейді) (70:33)
Алладан келген ақиқатты бәрі қабылдай бермейді. Адамдардың көпшілігі үшін өз дәстүрі мен адамдардың дүниетанымдары басымды бағдар болып келеді. Өз пікірінде көпшілік негізсіз аргументтерге сүйенеді:
Немесе Біз басқарушыларды әйел қылып жараттық па, әрі олар соған куә болды ма? (37:150)
Олар Аяушының қызметшілерін – басқарушыларды, әйел етіп қойды. Олар олардың жаратылуының куәгерлері болды ма? Олардың куәсі жазылады, әрі олар сұралады! (43:19)
Пікірталаста тиянақты дәлелдерге ие болу өте қажетті келеді. Құранға күмән келтіретін адамдар едәуір көп, бірақ өз күмәнін растауға ешкімнің қолынан келмені.
Біз қызметшімізге түсірген нәрсемізге күмән келтірген болсаңдар, осыған тәрізді тарау әкеліңдер, әрі Алладан басқа куәгерлеріңді шақырыңдар, шыншыл болсаңдар. (2:23)
Оның үстіне, айқын дәлелдерді қабыл алмаушылық адамға Алла Нұрын табуға мүмкіндік бермейді.
Елшіні ақиқат деп куәлік бергеннен кейін әрі сенім артқаннан кейін жабылғандарды Алла қалайша бағыттайды? Оларға айқын дәлелдер келді. Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (3:86)
«Бұл Алладан болса ше деп ойладыңдар ма? Ал сендер одан жабылдыңдар, Исраил балаларының арасындағы куәгер оған тәрізді нәрсені куәландырып, сенім артқанға қарамастан, ал сендер болсаңдар тәкаппарландыңдар» – деп айт.
Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (46:10)
Алла белгілерінен жабылушылық күйі, пантеистік дүниетаным, Жаратушымен байланысу орнын «өмірмен толтыруға» мүмкіншілік бермейді:
Аллаға серік қосушылардың, өздерінің жабылғандары жайлы куәлік бере тұра, Аллаға сәжде қылатын орындарды қалпына келтіргендері болған емес! Осындайлардың істері сәтсіз аяқталады, әрі олар отта қалатын болады! (9:17)
Дүниетаным өрісі адам ақылының күресуіне басты басымдылық болып келеді. Бұл немесе басқа мүдделі топтардың жеңісі дәп осы өрісте жасалады. Осы майданда оппоненттер бір бірінің идеологиялық негізін жоққа шығаруға тырысады. Осыған орай Исламның қарсыластары Құранды сенімсіздендірудің басты мақсаты етті. Алайда шынайы сенушілер үшін Құран Алладан түсірілген Кітап екендігінің басты дәлелі болып Жаратушының куәлігі келеді:
Алайда Алла саған түсіргенді Өзінің білімі бойынша түсіргеніне куәлік береді, әрі басқарушылар да куәлік береді. Куәгер ретінде Алла жеткілікті! (4:166)
Кітапты сенімсіздендірумен ақиқаттан әр жолмен жаңылдыруға тырысатын екіжүзді тіршіліктер айналысады:
Адамдардың арасында таяу өмірлеріндегі сөздері сені таңдандыратындары бар, әрі олар жүректеріндегісі жайлы Алланы атап куәлік береді, бірақ олар бітіспес қарсыластар. (2:204)
Аллаға сәжде жасайтын орындарды зиян үшін, жабықтық үшін, сенушілердің арасын бөлу үшін және Алла мен Оның елшісімен бұрын соғысқандарды аңду үшін жасайтындар, міндетті түрде:
«Біз тек жақсылықты ғана қаладық!» – деп ант береді, бірақ олар, расында, өтірікші екеніне Алла куәлік береді! (9:107)
Сатылғыштардың Кітап иелері арасынан жабылған бауырларына:
«Сендер қуып шығарылсаңдар, біз міндетті түрде сендермен бірге шығамыз әрі сендерге бола ешкімге бағынбаймыз. Сендермен соғысса, біз міндетті түрде сендерге көмектесеміз» – деп айтқандарын көрмеп пе едің?
Алла олардың өтірікші екеніне куәлік береді! (59:11)
Сатылғыштар, саған келген кезде:
«Расында, сен Алланың елшісі екеніңе біз куәлік береміз!» – дейді.
Расында, сен Алланың елшісі екеніңді Алланың Өзі біледі. Расында, сатылғыштар өтірікші екеніне Алла куәлік береді! (63:1)
Сенушілердің өмірінде Алланың куәлігі әуел бастан цементтеуші фактор болып келеді. Дәл осы Иенің куәлігі Одан келген кезекті елшіні қабылдауға жағдай туғызатын. Өкінішке орай, «абыздық» элементтері ізбасарлардың санасын құрылған діни жүйесінен шығартпауға тырысып, ақиқаттың таралуына қарсылық көрсететін.
Немесе сендер Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб әрі кейінгі буындар яһуди немесе мәсіхші болды деп санайсыңдар ма?
«Сендер артық білесіңдер ме немесе Алла ма?» – деп сұра.
Ал, өзінде Алланың куәлігін жасырғаннан кім зұлымырақ? Алла сендердің жасаған істеріңнің ешбірін жіберіп алмайды ғой. (2:140)
Шынайы сенушілер үшін Иесінң куәлігі ең жоғарғы куәлік болып келеді.
Алла тәңірі тек қана Ол екеніне куәлік береді! Басқарушылар мен мөлшерлестікте тұрысты білім иелері де куәлік береді!
Тәңірі тек қана Ол – шамасы әр нәрсеге жетуші, Дана! (3:18)
Алла хабарландырушылардан: «Кітап пен талғағыштықтан сендерге беретінім осы. Сонан соң сендерге сендердегіні ақтайтын елші келеді. Сендер оған міндетті түрде сенім артып, көмектесесіңдер», – деп шарт алғаннан кейін: «Сендер осыны қабылдап, өздеріңе Менің міндеттемемді аласыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Біз қабылдаймыз!» – деп жауап берді. Ол: «Куә болыңдар, Мен де сендермен бірге куәгер боламын! Кім осыдан кейін теріс айналса, сол жолдан тайған болып қалады!» – деді. (3:81-82)
«Ең үлкен куә болып не келеді?» – деп сұра.
«Менің әрі сендердің арамыздағы куәгер Алла болып келеді. Ол маған осы Құранды уаһи етті. Мен онымен сендерді әрі кімдерге ол жетсе, соларды алдын ала ескертемін ғой. Сендер Алламен қатар басқа тәңірі бар деп куәлік бересіңдер ме?» – деп жауап бер.
«Мен куәлік бермеймін!» – деп айт.
«Расында, Ол – Жалғыз тәңірі! Сендердің серік қосуларыңа менің қатысым жоқ!» – деп айт. (6:19)
Кейбір адамдар, немесе «зияткерлер» болмыстың әрі өмірдің мәнісін Алланың хабарынан өзгеше түсіндіріп, өздеріне жауапкершілік алады. Адамдық дәлелдердің «көркемдік» тұзағына түспес үшін, адамдарға тек Жаратушының куәлігіне сенімдену қажет:
Менің оларды аспандар мен жер жаратылысының куәгерлері ретінде алғаным жоқ! Өздерінің жаратылсының да! Менің жаңылдыратындарды көмекші етіп қойғаным жоқ! (18:51)
Ол түсірілген Кітап Оның Өзінен келген деп куәлік еткенімен, оның ішінде жазылған ұйғарымдар біз үшін әр түрлі өмірлік жағдайдағы іс-әрекетке нұсқау ретінде келетінін айтты:
Шыжыған (рамазан) айда адамдарға нұсқау ретінде Құран түсті. Нұсқауда айқын дәлелдер мен ажырату бар.
Араларыңнан қайсысы осы айдың куәсі болса, ораза ұстасын. Кім ауырса немесе саяхатта болса, сол басқа санаулы күндерде ораза ұстасын. Алла сендерге жеңілдетуді қалайды, алайда, сендердің санаулы кезеңді аяқтауларың үшін әрі Алланы, сендерді бағыттағаны үшін, ұлықтауларың үшін сендерге қиындатуды қаламайды! Мүмкін, алғысты боларсыңдар! (2:185)
… Бұны сендердің ерлеріңнің арасынан екеуімен куәландырыңдар. Ал екі ер болмай қалса, куәгер ретінде өздеріңе қанағаттанарлық бір ермен және екі әйелмен… (2:282)
Жетімдер кәмелетке толмағанша олардың қамын ойлаңдар. Олардан парасаттылық байқасаңдар, оларға мүліктерін беріңдер. Олардың үлкеймейгеніше, мүліктерін ысырапқорлықпенен әрі асығыспенен жемеңдер. Кім бай болса, сол тартынсын, ал кім кедей болса, сол мақұлдағаннан кейін жесін. Оларға мүліктерін берген кезде, бұны олар үшін куәландырыңдар. Есеп жүргізуші ретінде Алла жеткілікті! (4:6)
Иә сенім артқандар! Араларыңнан біреулеріңе өлім келген кезде, өсиет еткен сәтте, өздеріңнен әділетке ие екі кісі немесе өздеріңнен басқа екі кісі, араларыңдағы куәлік болулары тиіс. Жер кезіп жүрген кездеріңде, өлім бәлекетіне ұшырасаңдар, оларды байланыстан кейін тоқтатыңдар. Күмәндансаңдар, олар:
«Тіпті жақындар болса да, біз бұны ешқандай бағаға сатпаймыз, әрі біз Алла куәлігін бұзбаймыз. Расында, олай болса, біз сонда күнәһар боламыз ғой!» – деп Алланың атымен ант берсін.
Ал егер олардың екеуінің де күнәға айыпты болудың лайықтылығына тірелсеңдер, әлгілердің қылмысына душар болған тарабынан лайықтырақ екі басқа кісі олардың орнына келсін. Олар:
«Расында, біздің куәлігіміз әлгі екеуінің куәлігінен шынырақ, әрі біз қылмыс жасамаймыз. Расында, олай болса, біз сонда зұлым боламыз!» – деп Алланың атымен ант берсін.
Бұл берілген куәлікті әшкерелеуге немесе антты бергендеріңнен кейін кері қайтарып алуларыңнан қорққан жағдайларыңа жақын. Алладан сақсыныңдар әрі тыңдаңдар, Алла жолдан тайғандарды бағыттамайды! (5:106-108)
Әлбетте, куәліктің негізі болып беделді азаматтық ұстанымымен арттылылатын әділдік келеді:
… Куәлікті жасырмаңдар, егер кім жасырса, расында, оның жүрегі күнәлі. Расында, Алла, сендердің істеп жүрген нәрселеріңді біледі! (2:283)
Ұйғарылған күйге жету өзінде әділдік және мөлшерлестік қаситеттерді тәрбиелеусіз мүмкін емес:
Иә сенім артқандар! Алланың алдында мөлшерлестікте тұрысты куәгерлер болыңдар, тіпті өздеріңе де, немесе ата-аналарыңа, немесе жақындарыңа қарсы болса да, мейлі бай не кедей болсын, ал Алла болса екеуіне де жақын! Құмарлықтарға ермеңдер, бұл – әділдікті бұзбас үшін! Қисайтсаңдар немесе жалтарсаңдар, Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар! (4:135)
Алланың алдында тұрысты, мөлшерлес куәгерлер болыңдар!
Адамдардың жек көрушіліктері себебінен қылмыскер болмаңдар, бұл – әділдікті бұзбас үшін!
Әділ болыңдар, бұл абай болушылыққа жақынырақ!
Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар! (5:8)
Бұл қылмыс жасалған жағдайда өте маңызды. Эмоция мен артық көрушілік әділеттіктің орнын баспау керек.
Куәгерлер ретінде өздері ғана болып өз әйелдерін айыптайтындардың әрқайсысы өзін шыншыл деп Алла атының куәлігімен төрт рет куәлік берсін, және мен өтірікші болсам, маған Алланың қарғысы түссін деп бесінші рет куәлік берсін!
Әйел еркек жайлы өтірікші деп Алла атының куәлігімен төрт рет куәлік берсе және сол еркек шыншыл болса, өзіме Алла риза болмаушылығын шақырамын деп бесінші рет куәлік берсе, сол әйелден азап аулақталуы тиіс! (24:6-9)
Неліктен олар бұған төрт куәгер келтірмеді? Солай, олар куәгерлермен келмеді де, сондайлар Алла алдында өтірікші! (24:13)
Тек куәгерлердің бар болуы ғана қылмыскерлерге қатысты тиесілі ықпалшараларды қолдануға мүмкіндік береді:
Әйелдеріңнің арасынан шектен тысқарылыққа еретіндерге қарсы сендердің араларыңнан төртеуі куәлік берсін. Олар куәлік берсе, оларды өлім тыныштандырмағанша үйлерде ұстаңдар немесе Алла оларға жол жасайды. (4:15)
Зинақор ер мен зинақор әйелді, әрқайсысын, жүз рет сабалаңдар. Алланың алдындағы міндетті орындап жатқан кездеріңде, оларға деген аяныш сендерді басып алмасын, егер де Алла мен Ақырғы күнге сенім келтірсеңдер! Олардың азапталуы кезінде бір топ сенуші болсын. (24:2)
Алланың әбден барлығын әр сәтте байқайтынына сенімділік шынайы сенушілер мен басқа адамдардың арасындағы айырмашылық болып келеді:
Ол аспандар мен жерді шындықпен жаратты! Ол: «Бол!» – деген кезде, ол пайда болады.
Оның сөзі – хақ!
Керней тартатын уақытта билік Оған тиесілі!
Жасырын мен куәландырылғанды Білуші! Ол – Дана, Хабардар! (6:73)
Сендер оларға оралған кезде, олар ақталатын болады.
«Ақталмаңдар, біз сендерге сенбейміз! Алла бізге сендер жайлы хабар жеткізді! Істеріңді Алла мен Оның елшісі көретін болады! Сонан соң сендер жасырын мен куәландырылғанды Білушіге оралтыласыңдар! Ол істегендерің жайлы хабарлайды!» – деп айт. (9:94)
«Әрекет жасаңдар, істеріңді Алла, Оның елшісі әрі сенушілер көретін болады! Жасырын мен куәландырылғанды Білушіге оралтыласыңдар! Ол сендерге істеген нәрселеріңді хабарлайды!» – деп айт. (9:105)
Алланың бәрін білушілігі адамдарға сот болып жатқан кезінде негізгі қасиет болып келеді.
Расында, осыда – ақырғы өмірдің азабынан қорқатындар үшін белгі бар!
Бұл, адамдардың жиналатын күні!
Бұл – куәландырылған күн! (11:103)
Жаратушының талаптарына сай келгендер өте берекелі жағдайда болады:
Алла мен Оның елшісін тыңдайтындар Алла жарылқауына бөленген хабарландырушымен, шыншылдармен, куәгерлермен әрі түзелгендермен бірге болады. Бұлар неткен керемет жолдастар! (4:69)
Жер жүзі Иесінің нұрымен жарық болады, және кітап қойылады. Хабарландырушылар мен куәгерлер келеді! Араларындағысы хақ бойынша шешіледі, әрі олар зұлымдыққа ұшырамайды! (39:69)
Расында, Біз Өзіміздің елшілерімізге және сенім артқандарға таяу өмірде әрі куәгерлер тұратын күнде жәрдем етеміз! (40:51)
Алла мен Оның елшілеріне сенім артқандар, бұлар, – турашыл адамдар, Иелерінің алдындағы куәгерлері. Олар үшін – сый мен Нұр!
Жабылып, Біздің белгілерімізді өтірік санағандар, – оттың тұрғындары! (57:19)
Адамдарға қарсы куәлік беру Борыш Күнінде жағымсыз нәтижеге жетелей алады:
Араларындағы партиялар бөлініп кетті. Ұлы күннің куәлігінен жабылғандарға қайғы! (19:37)
Тіпті адамдардың мүшелері де куәлік беретіні қызықты дерек болып келеді:
Сол күні оларға қарсы өздерінің тілдері, қолдары және аяқтары істегендері жайлы куәлік береді. (24:24)
Сол күні Біз олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, тапқандары жайлы аяқтары куәлік береді! (36:65)
Сол күні Алланың қарсыластары отқа жиналады, және оларды орналастырады, әрі оларға қарсы құлақтары, көздері мен терілері істегендері жайлы куәлік береді.
Олар терілерінен: «Неліктен сендер бізге қарсы куәлік беріп отырсыңдар?» – деп сұрайды.
Олар: «Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті!» – деп жауап береді.
Ол сендерді әуелде жаратты, әрі Оған сендер ораласыңдар. Өздеріңінің құлақтарың, көздерің әрі терілерің сендерге қарсы берген куәліктерден жасырына алмайсыңдар!
Алайда, Алла сендердің жасаған нәрселеріңнің көбісін білмейді деп ойладыңдар. (41:19-22)
Борыш Күнінде қылмытсық әрекеті жайлы бүкіл дәлелдік қоры жауапкерді өз кінәсін толығымен мойындауға мәжбүр етеді:
«Иә көрінбейтіндер мен адамдардың қоғамы! Сендерге біздің белгілеріміз жайлы хабар айтып, және осы күндегі кездесулерің жайлы алдын-ала ескертіп елшілер араларыңнан келмеп пе еді?»
Олар: «Біз өздерімізге қарсы куәлік беріп тұрмыз!» – деген жауап береді.
Таяу өмір оларды еліктірді, әрі олар жабылған болғанбыз деп өздеріне қарсы куәлік берді! (6:130)
Аллаға жала жапқаннан немесе Оның белгілерін жалған санағаннан гөрі кім зұлымырақ? Осылар Кітаптағы тиесілі несібелерін алады. Оларға Біздің елшілеріміз тыныштандыру үшін келген кезде:
«Алладан өзге шақырғандарың қайда?» – деп сұрайды.
Олар: «Арамызда адасып кетті!» – деген жауап береді.
Олар жабылған болғанбыз деп өздеріне қарсы куәлік береді! (7:37)
Алланың алдында әлдекім біреуге жақтаушылық көрсете алады деген дәстүрлі пікір бар. Бұл күнәһарларда ақтаушы үкімге деген үмітті туғызады. Алайда шынайы жағдай келесідей болады:
Одан өзге шақыратындарында жақтау үшін билік жоқ, ақиқат жайлы куәлік беретіндерден басқа, олар біледі ғой! (43:86)
Жақтаушылық қандай түрде іске асырыла алатын болады? Тек куәлік арқылы ғана:
Аллаға жала жабатыннан гөрі кім зұлымырақ? Сондайлар Иелерінен шеттетіледі!
Куәгерлер: «Бұлар – Иелері жайлы өтірік айтқандар! Уа, зұлымдарға Алланың лағынеті!» – деп айтады. (11:18)
Егер адам тірісінде жақсы істер жасап, Үстемнің ұйғарымдарын нұсқау етіп алса, осы жайлы куәлік те Жұмаққа күрудің сүйеніші бола алады. Борыш Күнінде куәгерлердің жақтасуы үшін ақталу мен Жасаушының сыйына лайықты куәлік етуге сай істер жасау қажет.
Куәлік тақырыбының талдауы, шайқаста қаза тапқан сенуші деп көпшілікпенен қарадүрсін түсінілетін «шаһид» терминінің дәстүрлі түсінігіне сын көзімен қарауға жағдай туғызады. Оның үстіне, кертартпа элементтері сенушілерге азаматтық тұлғалар немесе объекттер арасында өзін өзі жару – «шаһидтің» әрекеті деген ойды салып, әлгі сөз арқылы олармен манипуляциялайды.
Құранда біз осындай іс-әрекеттерді не ұйғарымдарды таппаймыз. «Шаһид» – куәгер дегеніміз – адамдарды жоюмен тіпті байланысы жоқ, бірақ өмірлік ұстаныммен байланысты мағынасы кең сөз.