Құран мағынаны ашу жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Алланың Сөздерінің мағынасын ашу әрі түсіндіру институты «абыздар» үшін сенушілерді өздерінің жүйесінің аясында бақылауға жағдай туғызатын ең басты басқару құралдарының бірі болып келеді. Жүйеден шығу жағдайларды болдырмау үшін «данагөйлердің» мағынаны ашып беруісіз әрі түсіндіруісіз Кітапты түсінуге мүмкін емес деген постулат көпшіліктің санасына енгізілді. Бұл әмбебап форма барлық конфессия мен нанымда бар.

Ислам да осы әдістеменің ықпалынан құтыла алмады. Діндегі осындай тәсілдемені ақтау үшін теологтарға қарапайым адамға түсінудің барлық күрделілігін араб тілінің әрі жалпы мәнмәтіннен үзіп алынған жеке аяттардың мысалында көрсету тура келді.

1400 жыл ішінде, асырмай айтқанда, ғалымдар түсінктемелерінің мыңдаған томы жазылды, бұл жағдай да қарапайым сенуші адамның шынайы білім тек «шейхетрге» ғана қолжетімді деген сеніміне себептеседі.

Себебі қарапайым логиканың ақылға айтуы бойынша осы іс үшін бүкіл өмірді арнамаса, ұсынылған ілімді толығымен меңгеріп алу мүмкін емес. Барлық сенушілердің көп жыл оқуы мүмкін емес екендігімен келісетін шығарсыздар, физикалық тұрғыда да «Альма Матердің» қабырғаларында жайғасу мүмкін емес. Сенушілердің санасымен айлы-шарғы жасаудың осы институты түгелімен «тә,илюн»  «мағынаны ашу, түсіндіру» және «тәфсиирун»  «түсіндіру, мағынаны ашу» деген терминдердің көмегімен реттеледі.

Жасаушының Кітабын толықтай, бәрін қамтып түсіну адам үшін мүмкін емес. Бұны олсыз өткенде көп аят түсінікті болмаған қоғамның бірітіндеп ғылыми дамуы дәлелдейді. Осындай алгоритм сенімнің сапасын ешқалай нивелирлемейді және де Құранның түсініксіздігін дәлелдемейді. Құранда бейнеленген ғылыми деректер жолдаудың негізгі маңызына талаптанбайды, ал тек көздің трансценденттігін дәлелдейді. Ғылыми аяттардың үлесі де Кітаптің басқа бөлігінен қарағанда азырақ.

Адасушылықты жоққа шығару үшін Жаратушы Құран қолдануының ережесін ұйғарды:

Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде айқын белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барылар, оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және таңғалдыруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді! 
Білімдері тұрақтылар: «Біз оған сенім арттық, барлығы – Иемізден!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! (3:7)

Құранды дұрыс түсіну матрицасы осындай. Кітапқа сенушілердің әр буыны оны айқын, бір мағынада түсінілетін белгілерге сүйене тұра түсінуі тиіс. Кері тәжірбие дұрыс түсінуден ауытқуға әкеледі.
Алайда бұндай жағдай «абыздық» үшін ұнамсыз, себебі айқын белгілерді түсіндіру қажет емес қой, ал оларға ұқсастардың мағынасын ашудан бас тартушылық «отардың» санасына деген ықпалынан айырады. Сондықтан олар үшін «электораттың» өздеріне деген тәуелділігін орнату өмірлік маңызы бар нәрсе болып келеді. Түбінде, Құранға мағына берушілер өздерінің білімін Үстемге қарсы қояды. Алла өз ойын адамдарға дұрыс жеткізе алмағаны, сөзге шорқақ болғаны шығып тұр, сондықтан адамдардың арасындағы «ақылдысымақтарға» бәрін түзеуге тура керек болып тұр. Бірақ бұл пайымдау Жаратушының сөзіне қайшы келіп тұр:

Иә сенім артқандар! Алланы, елшіні әрі араларыңда ықпалға иелерді тыңдаңдар! Бір-нәрсеге даулассаңдар, осымен Аллаға әрі елшіге жүгініңдер, егер Аллаға және Ақырғы күнге сенсеңдер. Бұл мағынасын ашу (тәу,илә)жағынан жақсырақ әрі көркемірек болады! (4:59)

Өлшегенде толықтай өлшеңдер және салмақты мөлшерлес таразылармен дұрыс өлшеңдер! Бұл – жақсырақ! Бұл – ең жақсы түсіндіру (тә,уиль)! (17:35)

Тек Оның айқын белгілері ең жақсы әрі дұрыс мағына беретінін Жаратушы ашықтан-ашық айтып тұр.
Бұл ой Кітаптың оппоненттеріне де дүркін-дүркін жеткізіліп тұр. Тараптардың дәлел келтіруі диспуттың негізі болып келеді ғой. Әрине, Иенің дәлелдері адамдардікінен сөзсіз үстем келеді:

Олар саған қандай да бір мысал келтірген сайын, Біз ақиқатты әрі мағынаны ашу (тәфсир) ретінде одан артығын келтіреміз. (25:33)

Алла Кітабының қарсыластарының мәселесі олардың жолдауды өздерінің доктринасының тұрғысында түсінуге талаптанғанында. Олардың доктринасы Кітаптың шынайы мәнін түсінуге бөгет келетін көнерген әдістемеге негізделген. Ал түсінілмеген нәрселер, сәйкесінше, қабылданбайды.

Әрине, олар білімдері қамтымаған нәрсені өтірік санайды. Оларға түсінік (тә,уиилуһу) әлі келмеді. Олардан бұрын болғандар да солай санайтын. Зұлымдардың аяғы қандай болғанын қара! (10:39)

Алланың белгілерін мойындамайтындарға түсіндіру ретіндегі көмекті шеттен күтпей, келген ақпаратты өздері бейтарап талдағандары керек еді, сол кезде көп нәрсе ашылатын еді. Бірақ оралымсыздық, догматизм әрі зұлмат Құран қарсыластарының тағдырында зәрлі әзіл ойнады.

Біз оларға Кітаппен келіп, сенім артқан адамдар үшін біліммен, нұсқаумен әрі мейіріммен баяндап бердік қой. 
Олар тек оған түсінік (тә,уииләһу) беруін ғана күтеді ме? Оның түсінігі (та,уиилуһу) келген күні, оны өткенде ұмытқандар:
«Иеміздің елшілері бізге ақиқатпен келген! Бізге қолдау көрсететін қолдаушылар бар ма? Немесе біз кері қайтарылып, жасаған амалдарымыздан тыйыламыз ба?» – дейді.
Олар өз-өздеріне зарар шеккізді, әрі ойлап шығарылған нәрселері жаңылды! (7:52-53)

Белгілердің мағынасын басқа белгілер аша алады, себебі олар Алланың Сөзі болып келеді, ал Борыш Күнінде түпкілікті түсінік болып Алланың Сөзі келеді.