Құран «уммәтун» термині жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Исламда «уммәтун» термині түйінді ұғымдардың бірі болып келеді. Дәстүр бойынша, бұл сөзден жер жүзіндегі мұсылмандардың бүкіл қоғамдастығын түсінеді. Әрине, осындай түсініктеме барлық сенушілердің бірігуіне ынталандырма болып келеді, алайда Құранда бұл сөз өзге мағынада қолданылады. «Уммәтун» терминінің өзі «негіз, (түп)дерек, басты бөлігі» дегенді білдіретін «уммун» деген түбірден құрылған. Яғни «уммәтун» келесі мағыналарды қамтиды: «негіз, түпдерек, басшылық». Құранның мәнмәтіні әрі мағынасына байланысты бұл термин келтірілген мағыналардың бірінде түсінілетін болады.
Әуелде, Адамнан бастап, адамдар ортақ түсініктер мен құндылықтарға ие болды, бірақ олар уақыт өте келе өзгере бастады, бұл жәйт Алла тарапынан қоғамның белгілі бір тобына елшілерді жіберуіне себеп болды.

Адамдар бір негізде (уммәтән) болған. Алла, қуантушы әрі алдын ала ескертуші, хабарландырушыларды жіберетін. Адамдардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған мәселені шешу үшін, олармен бірге, ішінде ақиқат жазылған Кітапты түсірдік. Тек қана Кітапқа ие болғандардың, оларға анық дәлелдер келгеннен кейін, сол ақиқатқа қатысты пікірлері бірікпеді. Алланың рұқсатымен олардың арасында дау тудырған ақиқатқа сенім артқандарды, Алла бағыттады. Расында, кім қаласа, Алла соны тура жолға бағыттайды! (2:213)

Адамдар тек бір негізде (уммәтән) ғана болған, бірақ олар бөлінді. Әуелде болған Иеңнің сөзі болмаса, араларындағы дауы шешілетін еді ғой. (10:19)

Адамдардың бір негізде (уммәтән) болғандары болмаса, Біз Аяушыдан жабылғандар үшін үйлеріне күміс шатыр мен жоғары шығып жүретін баспалдақтарды орнататын едік қой! (43:33)

Бастапқы дүниетанымнан ауытқушылық әр халықтың өзгеше мәдениетінің қалыптасуына әкелді. Қалыптасқан мәдениет адамдар өздері үшін басты деп санайтын бұрмаланған идеологияға ие болды:

Әрине, олар:
«Біз әкелерімізді осы негіз (уммәтин) үстінде таптық! Расында, біз олардың ізіне еріп жүрміз!» – деп айтады.
Сөйтіп, Біз саған дейін де елді мекенге алдын ала ескертушіні жіберетінбіз, ол жайлы салтанатты өмір сүретіндер тек қана:
«Расында, біз әкелерімізді осы негіз (уммәтин) үстінде таптық! Расында, біз олардың ізіне еріп жүрміз!» – деп айтатын. (43:22-23)

Кез келген дүниетанымға, мәнінде «абыздар» болып келетін, зияткерлер бастамашылық етеді. Әрине, «абыздар» өз қоғамының басшылары болатын.

Бұл – өткенде болған басшылық (уммәтун). Оның тапқаны оның өзіне тиесілі, ал сендерге өздеріңнің тапқандарың тиесілі, әрі сендер олардың істеріне жауап бермейсіңдер. (2:134)

Бұл – өткенде болған басшылық (уммәтун). Оның тапқаны оның өзіне тиесілі, ал сендерге өздеріңнің тапқандарың тиесілі. Сендер олардың істеріне жауап бермейсіңдер. (2:141)

Қоғамның басымдылық ететін тобының дәп өзі адамдарға болмыстың мәнін түсіндіретін, жүріс-тұрыс ережесін шығаратын, жалпы айтқанда, бұқараны басқару жүйесін құрайтын.

Алламен қатар басқаларды шақыратындарды балағаттама, әйтпесе олар, надандықтарынан, шектен шығып Алланы балағаттайтын болады. Сөйтіп Біз әр басшылыққа (уммәтин) өз істерін бояңқырадық! Сонан соң олар Иелеріне қайтады, әрі Ол оларға өздері істеген нәрселері жайлы хабар береді! (6:108)

Әр басшылық өз ықпал ету аймағын ұлғайтуға тырысады, ал бұл өз кезегінде басқа басшылықтарының мүдделерімен қақтығысуына сөзсіз әкеледі. Бұл кезде жаңағы басшылықтар тек өз мүдделерін ғана нұсқау етіп алады.

Мықтап иіргеннен кейін жібін тарқатып алған әйелдей болмаңдар. Сендердің басшылығың (уммәтун) басқасынан үстем болу үшін сендер анттарың арқылы түсімге иеленіп жүрсіңдер. Расында, Алла осымен сендерді сынап тұр! Келіспеушілікке себеп болған нәрселерің қиямет күнінде міндетті түрде түсінікті болады ғой! (16:92)

Бұл өмірде тұрақты ештеңе жоқ, бұл ереже элиталарға да таралады. Басымдылық ететін бір топтың орнына басқа топ келеді:

Әр басшылықта (уммәтин) өз мерзімі бар. Олардың мерзімі келген кезде, олар оны бір сағатқа болсын баяулата да жеделдете де алмайтын болады. (7:34)

Олар: «Шыншыл болсаңдар, осы уәде қашан орындалады?» – деп сұрайды.
«Мен тек Алланың қалауы бойынша ғана өз өзіме зиян мен пайда келуін басқара аламын. Әр басшылықта (уммәтин) өз кезеңі бар. Олардың кезеңі келген кезде, олар бір сағатқа болсын кешіге де басып оза да алмайтын болады!» – деген жауап бер. (10:48-49)

Басшылық (уммәтин) өз кезеңін басып озбайды! Ол кешікпейді! (15:5)

Ешбір басшылық (уммәтин) өз кезеңін басып озбайды да оған кешікпейді. (23:43)

Алла елшілерінің келуімен бұрмаланған идеология түзелетін, бірақ уақыт өте келе қайтадан бұрыс түрін қабылдайтын. Кітап иелері мысал болып келеді:

Расында, олар Таурат, Інжіл және оларға Иелерінен түсірілгенге сүйенгенде, олар үстілерінен және аяқтарының астыларынан тамақтанатын еді! Араларында орташа басшылық (уммәтун) бар, бірақ олардың көбісі жаман істер жасайды! (5:66)

Басымдылық етушілер әуелгі білімнің иелері болып келеді. Дәп осылар өз мүдделеріне сүйеніп, сенімге керекті түр беретін. Бірақ олардың арасынан да шын жүректі адамдар табылатын.

Расында, Ибраһим басымдылық етуші (уммәтән) болды, Аллаға шынайы бағынушы болды! Ол Аллаға серік қосушылардан болған жоқ! (16:120)

Қоғамның басымдылық етуші бөлігі адамдарға үлкен ықпал тигізетінін Ибраһим түсінетін. Әделітсіздік пен ақиқаттың бұрмалануынан қауіптеніп, Ибраһим Жасаушыдан халқы үшін бойұсынған басшылықты сұрады:

Иеміз! Біз екеуімізді саған бойұсынушы етіп қойшы, ал біздің ұрпақтарымыздан Саған бойұсынған басшылық (уммәтун) қойшы. Бізге құрбан шалу рәсімдерін көрсетші әрі біздің тәубемізді қабылдашы. Расында, Сен – тәубені қабылдаушы, Рақымдысың! (2:128)

Бұл өтініш қанағаттандырылды, өйткені Ибраһимнің әрі ізбасарлардың ұрпақтарынан Иелеріне шынайы сенім артатын адамдар пайда болды ғой:

Олар бірдей емес. 
Кітап иелерінің арасында тұрақты басшылық (уммәтун) бар. Олар Алланың белгілерін түннің уақытында оқиды әрі сәждеге жығылады. (3:113)

Олардың басшылығына (уммәтун):
«Неліктен сендер Алла құртатын немесе қатты азаппен азаптайтын адамдарды үгіттейсіңдер?» – деген сұрақ қойылған кезде, олар:
«Иеміздің алдында ақталу үшін, мүмкін олар сақсынар!» – деген жауап берді. (7:164)

«Уммәтун» сөзін объективті түрде түсіну үшін Құранда келтірілген оқиғалар көрнекті келеді. Дәп осы сөзбен Йусуф кезіндегі перғауын аталды:

Екеуінің арасынан құтқарылғаны, басымдылық етушіден (уммәтин) кейін есіне түсіріп:
«Мен бұның мағынасын сендерге айтамын, мені аттандырыңдар!» – деп айтты. (12:45)

Мұса кездестірген суаттың маңындағы адамдар да сөйтіп аталған:

Мадьяндағы суға жақындағаннан кейін, ол суарып тұрған адамдар басшылығын (уммәтән) көрді. Және ол олардан басқа шетке қуылған екі әйелді көрді. 
Ол: «Не болып қалды?» – деп сұрады.
Олар: «Суаттан бақташылар кетпегенше, біз суара алмаймыз, ал әкеміз болса – қаусаған шал!» – деген жауап берді. (28:23)

Бұрмаланбаған дүниетаным Алладан берілген білім көзіне мұқтаж. Бұндай білімді халыққа Алланың елшілері әкелетін. Кейбіреулер осы білімді жай ғана есінде сақтайтын, ал басқа біреулер жазып қоятын. Мұса кезінде Алла заңдары екі тас тақташаларға белгіленгені жалпыға мәлім, сонан соң кейінгі басшылықтар оларды нұсқау етіп алуға тиісті еді:

Мұса халқының арасында басшылық (уммәтун) болды. Ол хақпен бағыттайтын әрі әділ істер жасайтын. (7:159)

Тек адам қол сұғуымен бұрмаланбаған ақиқатқа ғана сүйенгендік дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік және сәтті нәтижеге үміт береді.

Біз жаратқандардың арасында басшылық (уммәтун) бар. Ол хақпен бағыттайды және онымен әділдік жасайды. (7:181)

Әр басшылыққа (уммәтин) – елші. Олардың елшілері келген кезде, араларындағысы мөлшерлі түрде шешілетін әрі оларға зұлымдық жасалынбайтын. (10:47)

Адамдар арасындағы Жаратушының елшілері халқына әуелгі ақпаратты әкелетін. Бұған деген мұқтаждылық адасушылықтың таралуыменен себептелетін.

Расында, олар Аллаға қызмет етсін әрі шектен шығушылықтан шеттенсін деп Біз әр басшылыққа (уммәтин) елшіні жіберетінбіз. Араларында Алла бағыттағандар болды, бірақ араларында адасушылық өздері үшін хақ болып кеткендер де болды. Жерде саяхаттап, жалған санайтындардың нәтижесі қандай болғанын көріңдер! (16:36)

Сонан соң Біз елшілерімізді бірінен соң бірін жібердік. Басшылыққа (уммәтән) елшілері келтірген нәрсені олар әр жолы өтірік санайтын. Біз оларды бірінен-соң бірін жібердік те оларды әңгімелердің тақырыбы (әхаадиису) қылдық. Сенім артпаған адамдар жойылды! (23:44)

Олардан бұрында Нұхтың халқы әрі олардан кейінгі партиялар өтірік санады. Әр басшылық (уммәтин) өз елшілерін ұстап алуға әрі ақиқатты теріске шығару үшін бос нәрсе арқылы ерегесуге мүдделі болды. Бірақ Мен оларды ұстап алдым, нәтижелері қандай болды! (40:5)

Адамдар трансцендеттік ақпаратты өтірік саған соң, қарсыласу сұрапыл болғандығы көрініп тұр. Әрине, Жасаушы Өз тарапынан дерек бермей қоймақ та алатын еді. Адамзатты бір-ақ рет «хабарландыру» жеткілікті болар еді. Алайда, біздің әлсіз болмысымызды, манипуляция мен соқыр ерушілікке ұшырағыштығымызды білгендіктен, әрбір елшіні жіберген сайын Үстем бізді қажетті рухани көзбен қамтамасыз ететін.

Біз саған Кітапты оған дейін болған Кітаптарды ақтаушы әрі қорғаушы ретінде хақпен бірге түсірдік. Араларын Алла түсірген нәрсе арқылы шеш! Саған келген ақиқаттың орнына олардың құмарлықтарына ерме!
Біз барлықтарың үшін тура бағыт пен жоспар жасадық. Алла қалағанда, сендерді бір негізге (уммәтән) қоятын еді. Алайда, сендерге берген нәрселерде сендерді сынау үшін, жақсысын сақтап қалуға тырсыңдар! Барлықтарың Аллаға ораласыңдар, сонан соң келіспеушіліктеріңе себеп болған нәрселерің жайлы Ол сендерге хабар береді! (5:48)

Иең қалағанда, Ол адамдарды жалғыз басшылық (уммәтән) қылып қоятын еді, бірақ олар дауласуын қоймайтын еді, Иеңнің рақымына бөленгендерді санамаса. (11:118)

Алла қалағанда, Ол сендерді жалғыз басшылық (уммәтән) қылып қоятын еді. Алайда, Ол кім қаласа, соны жаңылдырады әрі кім қаласа, соны бағыттайды! Сендер істегендерің жайлы міндетті түрде сұраласыңдар! (16:93)

Алла қалағанда, Ол олар үшін жалғыз басшылық (уммәтән) қоятын еді, бірақ Ол кім қаласа, соны Өз мейіріміне кіргізеді, ал зұлымдарға жебеуші де, көмекші де жоқ! (42:8)

Түпдеректің «абыздардық» туындылардан айырмашылығы рәсімдердің шектелуі мен күрделі еместігінде. Құрбан шалу ғұрпы сол рәсімдердің бірі болып келеді.

Малдардан берілген жануарлардың үстінен Алланың атын ескерулері үшін Біз әр басшылықта (уммәтин) құрбан шалу рәсімін орнаттық. 
Расында, Тәңірлерің – жалғыз Тәңір, Оған бойұсыныңдар! 
Бағынушыларды қуандыр, (22:34)

Әр басшылықта (уммәтин) Біз құрбан шалу рәсімін орнаттық. Олар құрбан шалады, олар бұл іс жайында сенімен таласпасын! Иеңе шақыр, сен тура жолдасың ғой! (22:67)

Елшіден кейінгі дамудың бүкіл тәжірбиесі түсірілген көзге қосымша ретінде жазбаша және ауызша мәліметтер дереу пайда болатынын көрсетеді. Осы қосымша мәліметтер адамның шығармасы деп аталса, адамдар осылай адаспайтын еді. Алайда қосымша мәлімет Алла түсірген тағы бір көз деп жарияланады, бұл ақиқатпен түбінде қайшы келеді.

Расында, бұл негіздерің (уммәтукум) – жалғыз негіз (уммәтән)! Мен – сендердің Иелеріңмін! Маған қызмет етіңдер! (21:92)

Расында, бұл – сендердің негіздерің (уммәтукум) – жалғыз негіз (уммәтән)! Мен – сендердің Иелеріңмін, Менен сақсыныңдар! (23:52)

Адамдар арасындағы соңғы елші – Мухаммад, Алланың сөзін – Құранды ретрансляциялады. Ол Иесінің бұйрығына бұлжытпай ерді де өз тарапынан ештеңені қосқан жоқ.

Сөйтіп, Біз саған уаһи еткенді оқуың үшін Біз сені басшылыққа (уммәтин) жібердік, оған дейін де басшылықтар (умәмун) өтіп кеткен! Расында, олар Аяушыдан жабылды!
«Ол – менің Ием! Тәңірі тек қана Ол! Мен Оған тәуекел етемін, әрі Оған бет аударамын!» – деп айт. (13:30)

Аллаға сенім артып, Мухаммадқа еріп, Алла нұрына бөленгендер өз қоғамының басты бөлігі болып, оның дамуын өз жауапкершілігне алды.

Осылайша сендердің адамдар жайлы куәлік берулерің үшін біз сендерді басшылық ететін (уммәтән) орталық етіп қойдық, ал елші болса сендер жайлы куәлік береді. 
Сен болған бағытты Біз тек елшіге ергендерді кері бұрылғандардан айыруымыз үшін ғана орнаттық. Бұл қиын болды ғой, бірақ Алла бағыттағандарға емес.
Расында, Алла сенімдеріңді құртатындай емес!
Расында, Алла адамдарға Аяушы, Рақымды! (2:143)

Сендер адамдардың алдына алып шығарылған үздік басшылық (уммәтин) болдыңдар. Сендер мақұлданғанды әмір етіп, жағымсыздан тыятынсыңдар, әрі Аллаға сенім артатынсыңдар. 
Кітап иелері сенім артқанда, олардың өздеріне артық болатын еді. Олардың арасында сенім артқандар бар, бірақ олардың көбісі – жолдан тайғандар. (3:110)

Өз халқының «элитасы» болуына Жасаушы мен Оның Кітабы – Құранға сенім артқандар шақырылады.

Араларыңда жақсыға шақырып, мақұлданғанды әмір етіп, жағымсыздан тыятын басшылық (уммәтун) болсын. (3:104)

Түсірілгенге сенім арту өте маңызды келеді, себебі оның ішінде бізге қажетті барлық ескертулер бар.

Расында, Біз сені қуандырушы әрі алдын ала ескертуші ретінде ақиқатпен жібердік. Расында, сен басшылыққа (уммәтин) алдын ала ескертумен ғана келдің! (35:24)

Әрине, көпшілік Иенің алдын ала ескертулеріне сенбеушілікпен қарайды, бұл адамзат тарихының басты бөлігі  Борыш Күні кезінде үлкен күйзеліске жетелейді.

Расында, Біз олардан азапты басты (уммәтин) есеп кезіне дейін кешіктірсек, олар міндетті түрде:
«Оны не ұстап тұр?» – деп айтады.
Уа, сол күн оларға келеді! Өтеулері олардан қабылданбайды және тәлкектеген нәрселері олар үшін ақиқат болып шығады! (11:8)

Барлық дінаралық пен конфессияаралық дау-жанжалдар Борыш Күнінде шешіледі.

Әр басшылықтан (уммәтин) куәгерді келтіргенімізде әрі сені осыларға қарсы куәгер ретінде келтіргенімізде қалай болады?! (4:41)

Сол күні Біз әр басшылықтан (уммәтән) куәгерді тірілтеміз. Сонан соң жабылғандарға рұқсат берілмейді, және оларды қабылдамайды. (16:84)

Сол Күні Біз әр басшылықтан (уммәтин) өздеріне қарсы куәгерді жібереміз және сені осыларға қарсы куәгер есебінде келтіреміз.
Біз саған Кітапты әр нәрсенің түсінігімен бірге, әрі бойұсынғандар үшін нұсқау, мейірім әрі қуанарлық хабар ретінде түсірдік! (16:89)

Біз әр басшылықтан куәгерді шығардық та:
«Дәлелдеріңді келтіріңдер!» – деп айттық.
Солай олар ақиқат Аллаға тиесілі екенін білді! Ойдан шығарған нәрселері олардан адасып кетті! (28:75)

Борыш Күніндегі куәлік тек түпдерекке негізделеді.
Атап өтілгендей, қоғамның құрылымы иерархия қағидасына сүйеніп құрылады. Дәп сол қағида бойынша Борыш Күнінде адамдар шақырылатын болады: бірінші қатарда басымдылық етушілер тұрады, себебі олардың өздері бүкіл қоғамы үшін жауапкершілік алды ғой.

Сен әр басшылықты (уммәтин) тізе бүгіп отырғанын көресің. Әр басшылық (умәтин) өз кітабына шақырылады. Сол күні сендерге істегендеріңнің есесі қайтарылады. (45:28)

Сондықтан, Борыш Күнінде тура жолдан жаңылғандардың арасында болып қалмас үшін түпдеректі зерттеу әрі оны ұстану өте маңызды келеді. Отқа апаратын жолда да басымдылық етушілер бірінші қатарларда тұрады.

Алла: «Сендерге дейін өткен көрінбейтіндер мен адамдардың басшылықтардың (умәмин) арасына отқа кіріңдер!» – дейді.
Кіріп жатқан басшылық (уммәтун) әр жолы басқасын лағынеттейтін. Олар толығымен толтырғаннан кейін, ақырғылар арасындағы алғашқылар жайлы:
«Иеміз! Осылар бізді жаңылдырды, оларға оттың екі еселік азабын жіберші!» – деп айтты.
Ол: «Әрқайсысыңа екі еселік, бірақ сендер білмейсіңдер!» – деген жауап берді. (7:38)

Сол күні Біз әр басшылықтың (уммәтин) арасынан Біздің белгілерімізді өтірік санайтындарды топқа жинаймыз! Солай олар бөлінеді. (27:83)

Бұл барлық «элиталарға» ескерту болып келеді. Қайғылы жағдайға ұшырамас үшін олар Құрани қағидаларды нұсқау етіп алулары қажет, яғни Аллаға шынайы сенім артатын адамдар өз қоғамының басты бөлігі болуы тиіс, ал осындай жауапкершілікті көтеру үшін олар сапалы түрде бұған дайын болу керек.