Құран «нәфс» термині жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Алладан түсірілген ақпараттың ұзын-ырғасы адам өмірінің мәні жайлы мәлімет жеткізуінде қорытылады. Ал адам дегеніміз бұл не немесе кім? Әлбетте, адам дегеніміз бұл «тұлға», бұны адам өз-өзін саналы түрде түсінген кезде ұғады. Тұлға дегеніміз негізі қайдан пайда болады? Тұлғаның «табиғаты» қандай? – деген сұрақтар туындайды.
Құранда дәстүрлі түрде «жан» деп түсінілетін «нәфс» деген сөз жиі қолданылады, алайда қазіргі уақытта бұл терминнің мағынасын «тұлға» сөзі бәрінен артық қамтып көрсетеді.
Құранға бет аударған кезде, келесі пікірді табуға болады:

Иә адамдар! Сендерді Бір Тұлғадан жаратып, одан жұпты жаратып және де ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Иелеріңнен сақсыныңдар!.. (4:1)

Ол сендерді Бір Тұлғадан көтерді! Мекендеу жерін әрі сақтау орнын орнатты! Біз, түсінетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреміз! (6:98)

Ол сендерді Бір Тұлғадан жаратты, сонан соң оған жұбын жаратты… (39:6)

Ол сендерді Бір Тұлғадан жаратты, және сендер онымен бірге тұруларың үшін оған жұбын орнатты. (7:189)

Осы үзінділерге сүйенсек, күллі адамзатта бұл өмірде пайда болудың көзі бір екенін түсінеміз. Бұл тұрғыда барлық тұлғалар бір-біріне «туыстас жандар» болып келеді.
Сондықтан, адамдардың жүріс-тұрыс мотивтері уақыт өте келе өзгермейді. Сондай мотивтердің бірі болып «тұлғаның» жамандыққа деген бейімділігі келеді:

Мен өзімді ақтамаймын. Расында, Ием маған рақымдылық көрсетпесе, тұлға жамандыққа еліктіреді! Расында, менің Ием – Кешіруші, Рақымды! (12:53)

Бұл сөздерді Йусуф оған тағылған жаланың себебінен түрмеде отырған кезде айтты. Ол Алладан белгілерді қабылдайтын, әрі шындық қандай болса да ол одан ұстанатын.
Сараңдық қасиеті де «тұлғаның» жағымсыз бейімділіктерінің бірі болып келеді:

… Тұлғада сараңдық қасиеті бар, бірақ сендер ізгілік жасаушы әрі абай болушы болсаңдар, расында, Алла сендердің жасаған істеріңді біледі! (4:128)

Дәл осы себептен Алла өзіне қымбат нәрсені жұмсауға шақырады. Өзіміз құнды әрі сүйікті көретін нәрселерімізді жұмсағаннан кейін ғана өзімізді сараңдылықтан ұстай аламыз.
Белгілі бір адамдар категориясы үшін адамның өмірі үлкен құндылыққа жатпайды, сонымен олар үшін адам өлтіру бір қиын әрі жиіркенішті әрекет болып көрінбейді. Алайда, бұндай радикалды қадам үшін құқық керек, ең әуелі Алла берген құқық керек:

Алла тиым салған тұлғаны өлтірмеңдер, бұған құқықтарың болмаса ғана! Кімге өлтіруменен зұлымдық жасалса, Біз оның жақынына өлтіруге мүмкіншілік бердік, бірақ ол шектен аспасын! Расында, оған көмек көрсетілді! (17:33)

Кімді өлтіруге болатынын, кімді болмайтынын тек қана Алла шешеді. Бұл тақырып «Құран өлтіру жайында» және «Құран соғыс жайында» деген мақалаларда қарастырылады.

Біз тұлғаға тек шамасына қарай ғана жүктейміз! Бізде ақиқатты баяндай алатын кітап бар, әрі оларға зұлымдық жасалынбайды! (23:62)

Жер жүзінде дене ішінде өмірсүру мерзімі «тұлға» үшін ережелердің бірі болып келеді:

Тұлғаның өлгені Алла қалауы бойынша ұйғарылған мерзімнен тыс болмайды. Кім таяу өмірдің сыйын қаласа, Біз оған оны береміз. Кім ақырғы өмірдің сыйын қаласа, Біз оған оны береміз. Біз алғыстыларды сыйға бөлейміз! (3:145)

Адам өз өмірін ұзартуға қалай тырысса да, мерзім өзгертілмейді. Ал жердегі өмірдің біткенінен кейін, әділ қорытынды шығарылады:

Тұлғаға басқа тұлға үшін ешқандай өтем тағылмайтын, одан теңдесі қабылданбайтын, ол үшін жақтаушылықтан пайда болмайтын әрі оларға көмек көрсетілмейтін күннен сақсыныңдар! (2:123)

Міндеттерін ойын-сауық ретінде қабылдайтындарды қалдыр! Таяу өмір оларды еліктірді! Тұлға тапқанына ұшырайтындығын осыларға ескерт. Оған Алладан басқа, жебеуші де, көмекші де жоқ! Тіпті барлығын бағасы бірдеймен теңестірсе де, одан қабылданбайды! Бұлар – тапқандарына ұшырайтындар! Оларға жабылған болғандары үшін қайнаған ішімдіктер мен ауыр азап болады! (6:70)

Сенім артып, түзелгендер, ал Біз болсақ тұлғаға шамасы келетінді ғана жүктейміз, төменгі жағында өзендер ағатын бақтың мекендеушілері болады, олар сол жерде қалады! (7:42)

Сол күн келеді! Тұлға тек Оның рұқсатынан ғана сөйлейді! Араларында бақытсыз бен бақыттылар болады! (11:105)

Сендер сезбей қалатын азапқа кенеттен ұшырамай тұрғандарыңда, ең жақсыға, сендерге Иелеріңнен түсірілгенге еріңдер! Тұлғаларың: «Аллаға елемеушілікпен қарағаныма қайғырып отырмын! Расында, мен тәлкектеушілерден болдым!» – деп айтпас үшін. (39:55-56)

Әділдікпенен зерделесек, өткендегі, қазіргі және келешектегі барлық адамдар Бір Тұлғаның құрамдас бөлшектері болып келеді, әрі осы құрамдас бөлшектер қайтадан қосылып, бүтін бір болады:

Ол сендерді тек Бір Тұлға ғұрлым ғана жаратты әрі солай тірілтеді! Расында, Алла – Естуші, Көруші! (31:28)

тұлғалар қосылған кезде (81:7)

Әрине, Алла ақтаған «тұлғалар» ғана қосылады, себебі сотталғандар Тозақта орналасқан болады. Жұмақта болса, сенушілер қайтадан жеке «тұлғалар» болады, бірақ бірлікті толық сезінеді.

«Тұлға» – бейматериалдық субстанция, және сонымен мәнді – сана-сезімді – жеткізеді.

… Сен менің тұлғамда не бар екенін білесің, ал мен Сенің Тұлғаңда не бар екенін білмеймін, Сен сырлыны білушісің ғой! (5:116)

Бұл диалог Борыш Күні Иса мен Алла арасында болады, осы мән тіпті Аллаға да тән екені бұдан көрініп тұр.