Құран «милләтун» термині жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

Өз құрылымы бойынша адамдар бірлестіктерді құруға бейім, бұның түпкі негізінде аман қалу түйсігі жатыр. Адамдар белгілі бір аумақта топтасып, негізіне «болмыс философиясы» салынған жүріс-тұрыс ережесін құрайтын. Қоршаған әлем политеизм мен пантеизм түрінде көрінетін монисттік дүниетанымды тударатын. Адасушылықтарды жою үшін қоршаған әлем жайлы пікірлерінің қателіктерін түсіндіретін Жасаушының елшілері адамдардың арасында пайда болатын. Хабарландырушылар жеткізген ақпаратқа сенім артқандар да топтасуға ұмтылатын. Құранда бірлестіктер «көктеу, асығыс тіге салу» дегенді білдіретін «маллюн» түбірінен құрылған «милләтун» сөзімен белгіленеді. Терминнің осы мағынасын екі синонимдермен жеткізуге болады – «қауым» және «қоғам». Түсініктеме сөздікте бұл екі сөздің келесі түсініктемелері берілген:

ҚАУЫМ
1. Ерікті түрде ұйымдасқан, бірлескен адамдар тобы.
2. Зират, молалар тобы

ҚОҒАМ
1. Тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастарының жалпы жиыны.
2. Белгілі бір мақсатта топтасқан, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі; қауым, әлеуметтік топ, творчестволық одақ.

Аллаға берілген адамдардың қоғамының басқа адамдардың қоғамдарынан айырмашылығы Алланың аянына негізделіп бірлесуде. Иенің берген аяны қоғамда қалыптасқан барлық нәрселерге, идеологиядан бастап экономикаға дейін, түбінде қайшы келетін. Іспеттес айырмашылықтар қоғам мен Аллаға сенім артқандардың арасында конфронтацияны тудыратын. Мұндай жанжалдардың тарихи мысалдары Құранда келтірілген:

Оның халқының тәкаппарланған шонжарлары: 
«Иә Шұғайб, не сен, біздің қауымға, қайта ораласың, не біз, сені әрі сенімен бірге сенім артқандарды, елді мекенімізден қуып шығарамыз!» – деп жауап берді.
Ол: «Бұны жеккөрсек те ме? Алла бізді қауымдарыңнан құтқарғаннан кейін, оған қайта оралсақ, біз Аллаға жала жабамыз. Біздің оралғанымыз болмайды, Иеміз Алланың қалауы болмаса ғана! Иеміз әр нәрсені білімімен қамтиды! Аллаға тәуекел қылдық! Иеміз! Біз бен халқымыздың арамызда ақиқатты ашшы, Сен ашатындардың үздігісің ғой!» – деп қарсы сөз айтты. (7:88-89)

Жабылғандар елшілеріне:
«Біз сендерді міндетті түрде жерімізден қуамыз немесе сендер қауымымызға қайта ораласыңдар!» – деп айтты. (14:13)

Сенушілерге деген агрессияшыл қарым-қатынас адамдардың санасының оралымсыздығын көрсетті, бұның тіреуі ретінде араларындағы орныққан дәстүр болды.

Бұл жайлы біздің ақырғы қауымнан естігеніміз жоқ. Бұл тек қолдан жасалынған нәрсе ғана! (38:7)

Көбінесе сенушілер өз халқының азғантай ғана бөлігін құрайтын. Көпшілік азшылыққа қысым жасайтын, кейде оларға туған халқынан кетуге тура келетін. Күн күнтізбесі бойынша 300 жыл үңгірде ұйықтап шыққан бозбалалардың ұйқыдан кейінгі реакциясы жарқын мысал болып келеді. Олар қоғам тарапынан өздеріне қатысты зорлық-зомбылықтың жалғасуынан қорықты.

Расында, олар сендерді танып қойса, сендерді таспен ұрып тастайды немесе қоғамдарына қайта оралтқызады, олай болса сендер ешқашан бақытты болмайсыңдар! (18:20)

Сенушілердің жүріс-тұрысына басты бағдар болып әлдеқашан Алланың елшілері келетін. Йусуфтың айтқаны бұл жөнінде көрнекті.

Йусуф:
«Сендерге берілетін тамақ келеді, бірақ мен сендерге бұның мағынасын оған дейін ашып беремін. Сендер үшін бұл менің Ием үйреткен нәрсе! Мен адамдардың қоғамын қалдырдым! Олар Аллаға сенім артпайды, әрі ақырғы өмірден жабық! Мен Ибраһим, Исхақ, Яқуб әкелерімнің қауымына ердім. Біз ештеңені Аллаға серік қоспаймыз! Бұл біз үшін әрі адамдар үшін Алланың артықшылығы, бірақ адамдардың көпшілігі алғыссыз!..» – деген жауап берді. (12:37-38)

Негізін салушы ретінде тізімде бірінші болып Ибраһим аталған сенушілер үшін үлгілі қауымға елшінің сілтегені көзге түсерлік. Ибраһим Құранда сенушілер үшін басты бағдар болып көрсетіледі.

Өзіне ақымақтық істегеннен басқа, Ибраһимнің қауымынан кім қашқақтайды?! Біз оны бұл өмірде таңдадық қой, ал ақырғы өмірде ол түзелгендердің арасында. (2:130)

Келбетімен Аллаға бойұсынып, түзеліп, Ибраһимнің иілген қауымына ергеннен гөрі, міндетімен кім артығырақ? Расында, Алла Ибраһимді досы қылып алды! (4:125)

Ол сендерді таңдады әрі міндеттеріңде сендер үшін еш қиындық орнатқан жоқ, Ибраһим әкелеріңнің қаумына да солай еткен жоқ. (22:78)

Алланың аянын тарату ісінде Мухаммад сенушілер үшін Ибраһим үлгісінің бірінші дәрежелі маңыздылығын айрықша баса айтатын.

«Алланың шындығы! Ибраһимнің иілген қауымына еріңдер, ол Аллаға серік қосушы болған жоқ қой!» – деп айт. (3:95)

«Расында, мен тура жолға, Ибраһимнің иілген қауымының тұрысты міндетіне бағытталдым! Ол Аллаға серік қосушы болған жоқ!» – деп айт. (6:161)

Сонан соң Біз саған:
«Ибраһимнің нағыз қауымына ер! Ол Аллаға серік қосушылардан болған жоқ!…» – деген уаһи бердік. (16:123)

Ибраһимнің мысалына акцент әншейн қойылған жоқ. Себебі яһудилік пен мәсіхшіліктің ақылға ықпал етудің әлемдік орны аз емес болатын. Олар Алланың аяны – Құранға қатысты өз санасының оралымсыздығын көрсетпей, ерекше болған жоқ.

Яһудилер мен мәсіхшілер, сен олардың қауымына ермегенше, саған ырза болмайды. 
«Расында, Алланың нұсқауы Нұсқаудың өзі» – деп айт.
Расында, саған білім келгеннен кейін, олардың құмарлықтарына ерсең, саған Алладан жебеуші де, көмекші де жоқ! (2:120)

Олар: «Яһуди немесе мәсіхші болыңдар, сонда бағытталған боласыңдар» – деп айтты. «Әрине, иілген Ибраһимнің қауымы болу тиіс. Ол Аллаға серік қосушы болған жоқ!» – деген жауап бер. (2:135)

Бұл белгілерден біз Құранның конфессия үстінде, рәсім үстінде тұрғанын әрі бүкіл пассионарлық адамзат үшін ол бірыңғай негіз болып келетінін көреміз.