Құран «имәм» термині жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

Әр адам өз өмір сүру ортасында қалыптасып, өмірлік тәжірбиесін жинайды. Бұл өмірлік тәжірбие өзі дұрыс деп қабылдайтын белгілі бір жетекшілікке негізделеді. Бұл жетекшілік адамдарға белгілі бір жүріс-тұрыс моделін талап етеді, барлық өмірлік жағдайлардың шешімдерін ұсынады.
Бұл сенушінің өміріне де қатысты. Адамдарға Кітаптар түсірілетін, сонан соң олар Алла жетекшілігін не қабылдайтын, не одан бас тартатын.
Исламда «имәм» деген тұрақты термин бар, оның мағынасы «алдыда тұру, басшы, жетекші, көсем, нұсқау».
Мұсылмандар көбінесе бұл сөзді нақты адаммен ассоцияланады. Исламның кейбір бағыттарында «имам» мәртебесін тіпті пәлен бір киелілікке бөлейді, кейде адамдардың бұл категориясын Мухаммад хабарландырушының руына жатқызады. Егжей-тегжейлерге берілмей, бұл сөздің Құран ішінде қолдануын қарастырайық:

Иесі Ибраһимді сөздерімен сынаған кезде, ол оны толық орындады.
Алла: «Расында, Мен сені адамдардың жетекшісі (имәәмән) етіп тағайындаймын!» – деп айтты.
Ибраһим: «Менің ұрпағымнан ше?» – деп сұрады.
Алла: «Менің міндеттемем зұлымдарға берілмейді!» – деп жауап берді. (2:124)

Құранда Ибраһим еліктеуге лайықты үлгі ретінде көрсетілген, еру үшін бағдар ретінде. Алланың оны адамдардың жетекшісі етіп тағайындағаны таңғаларлықтай емес.
Ибраһим Алладан ұрпағы үшін сұрады, осыған тиісті біз оның руынан шыққан хабарландырушы-жетекшілерді білеміз:

Расында, олар екеуі (Ибраһим мен Лұт) – айқын жетекшілер ғой! (15:79)

Алайда жай ғана туыстық «мұралық имам» болуға кепілдік пен құқық бермейтінін Алланың жауабы бізге анық жеткізді. Бұда әділеттілік бар, себебі туыстық ешқандай артықшылық бермейді ғой. Оның үстіне, Нұх хабарландырушының ұлы Алладан, Оның белгілерінен жабылған түрде өлгенін біз Құраннан білеміз. Хабарландырушының жалбаруына Жасаушы келесідей жауап береді:

Алла: «Расында, ол сенің жанұяңнан емес! Расында, ол түзелген жоқ! Білімің жоқ нәрсе жайлы Менен сұрама! Расында, сен надандардан болмас үшін Мен сені үгіттеймін!» – деген жауап берді. (11:45-46)

Хабарландырушымен байланыстыратын туысқандыққа қарамастан, Алланың мәліметін нұсқау етіп қолданудан бас тарту опатқа әкелетінің көрнекі мысалы көз алдымызда тұр. Тіпті Кітапты нұсқау етіп қолданудан бас тартудың салынан туысқандық байланыс жойылады.
Жанұялардың және рулардың басшылары есебінде жай сенушілер де бола алады:

– «Иеміз! Жұбайыларымыз бен ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышын қылшы! Бізді сақсынғандардың басшылары (имәәмән) қылшы!» – деп айтатындар. (25:74)

Тап осы жағдайда сенушілер жанұялары мен ұрпақтары үшін үлгі болғысы келеді, ал сол үшін олар сенушіге арналған Алланың «стандартына» сай келу керек.
«Имәм» сөзі Құранда тек адамдарға қатысты ғана қолданылмай, Алла Кітабына да қатысты қолданылады:

Кім өз Иесінен айқын дәлелге ие?! Оны Одан келген куәгер оқиды!
Оған дейін Мұсаның Кітабы нұсқау (имәәмән) мен мейірім болды. Сондайлар оған сенеді.
Әр партиялардан одан жабылғандарға от уәде етілді! Ол жайлы күмәнда болма! Расында, бұл – Иеңнен ақиқат, алайда адамдардың көбісі сенбейді! (11:17)

Бұған дейін Мұсаның Кітабы нұсқау (имәәмән) мен мейірім болды, ал бұл – зұлымдарды алдын ала ескерту үшін әрі жақсылық істеушілерді қуанту үшін араб тіліндегі ақтаушы Кітап! (46:12)

Адамдардың көбісінде өз жетекшілері бар, олар дәл солармен бірге Борыш Күнінде Алланың алдында тұрады:

Сол күні Біз барлық адамдарды жетекшілерімен (биимәәмиһим) бірге шақырамыз! Кімге жазбасы оң қолына берілсе, сол оларды декламациялайды және соған бір «орамдай» зұлымдық та тимейді! (17:71)

Әшкерелейтін деректерді жасыруға мүмкін емес болады, себебі әр ісіміз ұсақ-түйектерімізге дейін басты Нұсқауда белгіленеді:

Расында, Біз өлілерді тірілтеміз әрі басқан мен қалдырған қадамдарын Біз жазамыз. Әр нәрсені Біз Айқын Нұсқауда (имәәмин) есептедік! (36:12)

Алдымызда «имәм» сөзінің көп қырлы сипаттамасы тұр. Сенушілер үшін «имамның» өзі жетекші ретінде Кітапты нұсқау етіп қолданғаны өте маңызды. «Имам» мәртебесі мирас ретінде қалдырылмайды, киелілік қасиетіне ие емес, бұл кез келген адамда бола алатын сапалы сипат.