Құран «хакәмә» термині жайында
Аяушы, Рақымды Аллаһтың атымен
Білім мен даналықтың қайнар көзіне ие ақшаш қария ассоциациясы іс жүзінде әлемнің барлық халықтарында бар. Бұл таптаурын ежелден бері келе жатыр. Бұған негіз болып өмірдің әр кезеңдерінде әр халықтың (рудың, тайпаның) ақсақалдары оңтайлы шешімдер қабылдағандары келеді. Данагөйлер өз пайымдауларында өмір тәжірибесіне сүйенетін, бұл белгілі бір жағдайларда ықтимал қателерді қарастыруға мүмкіндік беретін. Олардың даналығы дүниені зерделеуіне де таралған. Алайда олар қоғамға әмбебап жауаптарды бере алған емес.
Белгілі бір уақытта хабарландырушылардың келуі қоршаған әлем, жүріс-тұрыс пен өмірдің мәні туралы орныққан түсініктерді төңкеріп тастайтын. Адамдарға тарих барысын өзгертуге, өмір мен өлімге деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік беретін Құдайдың даналығы ашылатын.
Құранда бір шетінен «билеу, төрешілік ету, дана болу», басқа шетінен «шешім шығару, үкім беру, талғау, талдау, талқылау, тежеу, құрықтау» деген мағыналарды беретін «хакама» түбірінен шыққан сөздер қолданылады. Бұл түбірден туындаған «хукм» сөзі қазақ тіліне «үкім»деген сөз ретінде енген.
Құран мәтінін талдауында қарастырылған терминнің әр-түрлі синонимдерінің қолданылуын көруге болады.
Кім қаласа, Алла соған талғағыштық береді. Кімге талғағыштық берілсе, соған көп жақсылық берілді. Бұны тек ақыл иелері ғана еске түсіреді. (2:269)
Өз уақытында шынайы бірқұдайшылыққа келген Ибраһимнің өмірі ақиқатты ізденушілікпен күрт өзгерді.
(Ибраһимнің айтуы) Ием! Маған талғағыштық беріп, мені түзелгендермен бірге сақташы! (26:83)
Талғағыштық негізінде даналықтың басты мәнін білдіреді, сондықтан Алланың әр елшісі талғағыштық қасиетіне ие болатын:
Алланың рұқсатымен олар соларды жеңіліске ұшыратты, ал Дауд Джалутты өлтірді. Алла оған билік пен талғағыштық берді. Алла оған ол қалаған нәрселерді үйретті. Егер Алла бір адамдарды басқалардан қорғамаса, жерде бүлінушілік болатын еді. Алайда Алла адамдар үшін пайдаға ие. (2:251)
Ол есейгеннен кейін, Біз оған талғағыштық пен білім бердік. Жақсылық істеушілерді Біз осылайша сыйға бөлейміз! (12:22)
Лұтқа Біз талғағыштық пен білім бердік. Біз оны жаман істер істейтін елді мекеннен құтқардық. Расында, олар жаман адамдар, жолдан таюшылар болған еді! (21:74)
Біз Дауд пен Сүлейменнің адамдардың малы жұлып кеткен егіншілік өнімдеріне қатысты олардың үкім шығарған талқылауында куәгер болдық. Біз бұның түсінігін Сүлейменге бердік. Әрқайсысына Біз талғағыштық пен білім бердік. Олар мадақтаулары үшін, таулар мен құстарды бірге Біз Даудке бағындырдық. Біз жүзеге асырғандар болдық . (21:78-79)
Сендерден қорқып, қашқан едім. Ием маған талғағыштық берді әрі мені елшілердің бірі қылды! (26:21)
Ол есейіп, теңелген кезде, Біз оған талғағыштық пен білім бердік. Жақсылық істеушілерді Біз осылайша сыйға бөлейміз! (28:14)
Біз оның билігін оған талғағыштық пен сөйлеуде батылдық беріп, күшейттік. (38:20)
Талғағыштық әлдебір мәртебеге иелену үшін емес, ол өмірде іс жүзінде қолданылу үшін беріледі:
Олар Даудке келген кезде, ол олардан қорқып кетті. Олар: «Қорықпа. Біз екі даулаcушымыз. Біреуіміз екіншісін жәбірледік. Арамызды ақиқат бойынша шеш әрі шектен аспа. Бізді тура жолға бағытта!..» – деген еді. (38:22)
Иә Дауд! Біз сені жерде наменгер етіп тағайындадық. Адамдардың арасындағысын ақиқат бойынша шеш әрі құмарлығыңа ерме, әйтпесе ол сені Алла жолынан жаңылдырады! Расында, Алланың жолынан жаңылғандарға, – Есеп Күнін ұмытқандары үшін ауыр азап! (38:26)
Елшілер, талғағыштыққа ие болып, ең жақсы сотшы Жасаушының Өзі екенін түсінген.
Нұх Иесіне: «Ием! Ұлым – жанұямнан, ал Сенің уәдең – ақиқат. Сен – үкім шығарушылардың ең жақсысысың ғой!» – деп үндеді. (11:45)
(Йусуфтың үндеуі): Сендер Алламен қатар тек өздерің және әкелерің атаған есімдерге ғана қызмет етесіңдер. Алла ол жайлы ешқандай жарлық түсірген жоқ! Расында, үкім тек қана Аллада! Ол тек қана Оған қызмет етуді әмір етті! Бұл – тікелей міндет, бірақ адамның көпшілігі білмейді! (12:40)
Әкелері: «Иә балаларым! Бір есіктен кірмеңдер, әр-түрлі есіктерден кіріңдер! Сендерді Алладан ештеңе құтқара алмайды! Расында, үкім тек қана Аллада! Мен Оған тәуекел етемін, тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін!» – деп айтты. (12:67)
Берілген талғағыштық Ие мен хабарландырушылардың арасында жасалынған шарттың салдары болы:
Алла хабарландырушылардан: «Кітап пен талғағыштықтан сендерге беретінім осы. Сонан соң сендерге сендердегіні ақтайтын елші келеді. Сендер оған міндетті түрде сенім артып, көмектесесіңдер», – деп шарт алғаннан кейін: «Сендер осыны қабылдап, өздеріңе Менің міндеттемемді аласыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Біз қабылдаймыз!» – деп жауап берді. Ол: «Куә болыңдар, Мен де сендермен бірге куәгер боламын!..» – деді. (3:81)
Шарт екі құрамдас бөлікті – Кітап пен талғағыштықты қарастырады деп ойлап қалуға болады. Алайда осы тақырыпқа қатысты барлық хабарламалардың талдауы, талғағыштық ұғымы Кітап ұғымының синонимі болып келеді деген қорытындыға әкеледі.
Біз өздеріне Кітап, талғағыштық әрі хабар бергендеріміз – осылар. Бұл адамдар осыдан жабылса, Біз оны жабылмағандарға тапсырдық! (6:89)
Біз Исраилдің балаларына Кітап, талғағыштық әрі хабар бердік қой. Оларға ризық бердік және халықтардың алдында оларды артық көрдік. (45:16)
«Кітап» пен «талғағыштық» ұғымдарын синоним деп санамағанда, «Кітап» пен «хабар» ұғымдарының да арасын ажыратуға тура келеді, ал бұл болса түп-түбірінде мәнге қайшы келеді, себебі Кітаптың өзі хабар болып келеді емес пе.
Алла адамға Кітап, талғағыштық әрі хабар берген соң, ол басқа адамдарға: «Алланың емес, менің қызметшілерім болыңдар», – деп айтқаны болған емес, алайда ол: «Кітапты үйреткендерің әрі зерттегендерің үшін тәрбиелеуші болыңдар!» – деп айтатын. (3:79)
Көрсетілген үлкен құрмет әрі ақиқаттың таза түрде жеткізілуі хабарландырушыларға белгілі бір міндеттер мен шектеулерді жүктейтін. Көргеніміздей, Құранда ақиқат туралы білімді заңсыз иемденіп алудан алдын ала сақтандыру бар.
Жүктелген миссияны бұлжытпай орындаудың адамдар үшін мысалы болып Ибраһим мен оның руы келеді:
Әлде олар адамдарды Алла оларға артықшылық бергені үшін күндей ме? Расында, Біз Ибраһимнің жақындарына Кітап пен талғағыштық бердік. Оларға үлкен билік бердік. (4:54)
Талғағыштықтың Кітаппен берік байланысы анық көрінуде, бұл бізге мәлім барлық хабарландырушылардың өмірінде айқын байқалады:
«Иә Яхия, Кітапты берік ұста!» – деген уаһи етілді. Балалық шағында Біз оған талғағыштық бердік, (19:12)
Кітап пен талғағыштық синонимдер екенін Иса өмірінің сипаттамасы мысалында ашық көрсетілген:
Келесідей жауап берілді: «Алла қалағанын осылайша жаратады! Іс шешілсе, Ол оған: «Бол!» – дейді, сонда ол бола қалады.
Ол оған Кітап, талғағыштық, Тәурат, Інжілді үйретеді де Исраилдің балаларына хабармен жібереді:
«Мен сендерге Иелеріңнің белгісімен келдім!
Мен, Алланың рұқсатымен, сендерге саздан құстың бейнесін жасап, оған үрлеймін, сонан соң ол құсқа айналады!
Мен, Алланың рұқсатымен, соқыр, алапесті сауықтырамын әрі өліні тірілтемін!
Сендердің не жейтіндеріңді және үйлеріңде не сақтайтындарыңды сендерге хабарлаймын! Расында, осыда сендерге белгі бар, сенуші болсаңдар!..»» (3:47-49)
Міне Алла келесіні айтады: «Иә Мәриям ұлы Иса! Саған әрі анаңа берген жарылқауымды есіңе ал! Мен сені Киелі Рух арқылы қолдадым. Сен бесікте болған кезіңде әрі ересек болған кезіңде адамдармен сөйлестің.
Міне Мен саған Кітапты, талғағыштықты, Тауратты, Інжілді үйреттім!
Міне сен саздан құс тәріздестерді жасағансың, сонан соң оларға үрлеген кезіңде, олар, Менің рұқсатыммен тірі құсқа айналатын. Сен Менің рұқсатыммен соқырды, алапесті сауықтырғансың әрі өліні тірілткенсің!
Міне сен Исраил балаларына айқын дәлелмен келген кезде, Мен оларды сенен ұстап қалдым!
Олардың арасынан жабылғандар: «Бұл тек айқын сиқыр!» – деп айтты». (5:110)
Бұл үзіндіде Алланың түсірген аяндары туралы айтылып отыр. Таурат пен Інжіл Құдайдың даналығы бар Кітаптар екендігі жалпыға мәлім. Исаның өзі айтқандай, ол өз халқына талғағыштықты әкелді, яғни ол оны Інжілден айырған жоқ.
Иса айқын дәлелдермен келген соң, ол: «Мен сендерге талғағыштықпен келдім. Мен сендер дауласатын нәрселеріңің бір бөлігін түсіндіремін. Алладан қорқыңдар әрі менің тілімді алыңдар!..» – деді. (43:63)
Ибраһимнің Үстемге үндеп, Оның белгілерін ОҚИТЫН елшіні жіберуді сұрағаны қызықты факт болып келеді:
Иеміз! Оларға Сенің белгілеріңді оқитын, оларға Кітапты, талғағыштықты үйрететін әрі оларды ақтайтын елшіні өздерінің арасынан жіберші. Расында, Сен – әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың! (2:129)
ОҚЫЛАТЫН белгілер Кітаптан бөлек болады деп санау жөнсіз болады. Бірмағыналы синонимдердің кезекті атап өтілуі көз алдында тұр, тап осы жағдайда – белгілер, Кітап, талғағыштық.
Иенің белгілерін оқыған соңғы хабарландырушы болып Мухаммад келеді:
Алла сенушілерге қамқорлық көрсетіп, оларға өздерінен елшіні жіберді. Ол оларға Оның белгілерін оқиды, оларды ақтайды, оларға Кітап пен талғағыштықты үйретеді. Расында, бұрында олар айқын адасушылықта болды ғой! (3:164)
Ол тәжірбиесіздерге өздерінің арасынан елшіні жіберді. Ол оларға Оның белгілерін оқиды, оларды ақтайды, оларға Кітап пен талғағыштықты үйретеді, расында, бұрында олар анық адасуда болды ғой, (62:2)
Адасушылық білімнің жоқтығынан немесе оны ескермеушіліктен болады. Біздің жағдайымызда ақиқатты білмеушілік туралы айтылып отыр:
Осылайша, сендерге белгілерімізді оқитын әрі сендерді ақтайтын елшіні өздеріңнің араларыңнан жібердік. Ол сендерге Кітап пен талғағыштықты үйретеді. Ол сендерге бұрын білмеген нәрселеріңді үйретеді. (2:151)
Әлдекім біреуге бір нәрсені үйрету үшін оның өзі үйрететін нәрсені білу қажет. Мухаммадтың өзі, айналасына үйреткен нәрсені өзі бұрын білді ме? Жауап келесі үзіндіде:
Осылайша Біз саған әміріміз арқылы Рухты уаһи еттік! Сен Кітап туралы да, сенім туралы да хабардар болған жоқсың!.. (42:52)
Мухаммад Кітап пен сенімнің не екенін білген жоқ, сәйкесінше, ол талғағыштыққа да ие болған жоқ:
Алланың кеңшілігі мен Оның сендерге деген мейірімі болмаса, олардың бір тобы сені адастыруға ниеттенетін еді, алайда олар тек өздері өзін ғана адастырады және саған ешқандай зиян келтіре алмайды. Алла саған Кітап пен талғағыштықты түсірді, саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Алланың саған деген кеңшілігі үлкен! (4:113)
Алланың хабарландырушының әйелдеріне деген үндеуінде оқылатынды еске түсіру керек деген ұйғарым бар:
Үйлеріңде Алланың белгілері мен талғағыштықтан оқылатынды еске алыңдар. Расында, Алла – Жұмсақ, Хабардар! (33:34)
Көргеніміздей, бұл жағдайда да, оқылатын белгілер талғағыштықпен бірге қолданылып отыр, бұл сенушілерге арналған үндеуде айқын көрсетіліп тұр:
Әйелдеріңмен ажырассаңдар, әрі олар тиісті мерзімге дейін күтсе, оларды оңды ұстап қалыңдар немесе оларды оңды жіберіңдер. Оларды зарарына ұстап тұрмаңдар, әйтпесе шектен шығасыңдар. Кім соны істесе, сол өзіне осылайша зұлымдық жасайды!
Алланың белгілерін тәлкек ретінде қабылдамаңдар. Естеріңде болсын, Алланың Кітап пен талғағыштықтан сендерге түсіргені – Оның сендерге деген жарылқауы. Ол арқылы Алла сендерге уағыздайды. Алладан сақсыныңдар, әрі Алла әр нәрсені Білуші екенін біліңдер! (2:231)
Жоғарыда ескерілгендей, Құранда «хакама» түбірінен пайда болған сөздер қолданылады. Дәп осы сөзбен Жаратушы хабарландырушыға түсірген нәрсесін – Құранды белгіледі.
Осылайша Біз оны саған араб тіліндегі талғағыштық түрінде түсірдік. Бірақ сен өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, сонда саған Алладан көмекші де, қорғаушы да болмайды! (13:37)
Кітаптың түсірілуі оның уаһи етілуі арқылы жүзеге асырылды:
Бұл Талғағыштық саған Иең тарапынан уаһи етілді! Алламен бірге басқа тәңір жасама, әйтпесе сөгіс берілген, талқандалған түрде Тозаққа тасталасың! (17:39)
Аллаһ кезекті ретте Кітапты талғағыштықпен теңестіріп отыр.
Мухаммад Аллаһтың жолына қалай шақыратын? Ол өзінің Жасаушының хабарландырушысы екендігін қалай дәлелдейтін? Тек Құран арқылы ғана. Алланың Кітабысыз ол өз халқы адамдарының бірі ғана болар еді, әрі ода ақиқат жолына шақыру үщін негіз жоқ болар еді. Тек Құранның беделі ғана өз халқын Алланың нұрына шақыруға мүмкіндік берді:
Иеңнің жолына талғағыштық әрі жақсы үгіт арқылы шақыр! Олармен ең жақсы нәрсе арқылы пікірталас! Расында, Иең – Оның жолынан жаңылғандарды жақсырақ біледі! Ол бағытталғандарды жақсырақ біледі! (16:125)
Талғағыштық тек хабарландырушыларға ғана емес, оны қолданысқа алуды қалайтын барлық адамға да тиесілі. Талғағыштықты тек қана Кітаптан алуға болады, оның ең басты тақырыбы болып Үстемге деген көзқарас келеді:
Біз Лұқманға талғағыштық бердік қой: «Аллаға алғысты бол! Кім Оған алғысты болса, сол өзі үшін алғысты! Ал кім жабылған болса, расында, Алла – Бай, Даңқты!» (31:12)
Аллаһқа деген көзқарастан басқа сенушілер Кітапта өзара қарым-қатынастарға қатысты даналық кеңестер таба алады:
Екеулерінің арасының үзілуінен қорықсаңдар, сонда ердің жанұясынан және әйелдің жанұясынан талғағыш адамды жіберіңдер. Олар түзетуді қаласа, Аллаһ оларға жәрдемдеседі. Расында, Аллаһ – Білуші, Хабардар! (4:35)
Расында Аллаһ аманатқа берілген нәрсені иесіне қайтаруды және адамдардың арасына төрелік етсеңдер, әділдікпен төрелік етуді әмір етеді. Расында Аллаһ сендерді үгіттеп, жарылқайды! Расында, Аллаһ – Естуші, Көруші! (4:58)
Иә сенім артқандар! Қоныс аударған сенуші әйелдер сендерге келген кезде, оларды сынаңдар. Алла олардың сенімдерін жақсырақ біледі. Олар сенуші екенін білсеңдер, оларды жабылғандарға қайтармаңдар. Олар соларға рұқсат емес, солар да оларға рұқсат емес. Шығындаған нәрселерін қайтарып беріңдер. Сыйларын берсеңдер, олармен сырластық-қарым қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды. Жабылғандармен байланыста болмаңдар әрі шығындағандарыңды қайта сұраңдар, әрі олар да шығындағандарын қайта сұрасын.
Алланың сендерге деген үкімі сондай. Ол араларыңды шешеді. Алла – Білуші, Дана! (60:10)
Жасаушының даналығы әмбебап, ол адамдарға әділетті түрде анықтауға көмектеседі.
Олар өтірікті тыңдаушылар, заңсызды жеушілер. Олар саған келсе, араларына төрелік ет немесе олардан кері бұрыл. Егер олардан кері бұрылсаң, олар саған еш зиян келтіре ала амайды. Бірақ араларына төрелік етсең, мөлшерлестікпен төрелік ет! Расында, Аллаһ мөлшерлестілерді сүйеді!
Бірақ олар сені төрелік етуші қылып қалайша қояды, оларда ішінде Аллаһтың үкімі бар Таурат бар ғой? Содан соң олар кері бұрылады, және осыдан кейін олар сенуші емес! (5:42-43)
Адамдардың арасына төрелік етуді Ие Кітап арқылы ұйғарады:
Біз саған Кітапты оған дейін болған Кітаптарды ақтаушы әрі қорғаушы ретінде хақпен бірге түсірдік. Араларын Алла түсірген нәрсе арқылы шеш! Саған келген ақиқаттың орнына олардың құмарлықтарына ерме! Біз барлықтарың үшін тура бағыт пен жоспар жасадық. Алла қалағанда, сендерді бір негізге қоятын еді. Алайда, сендерге берген нәрселерде сендерді сынау үшін, жақсысын сақтап қалуға тырсыңдар! Барлықтарың Аллаға ораласыңдар, сонан соң келіспеушіліктеріңе себеп болған нәрселерің жайлы Ол сендерге хабар береді! Араларына Аллаһ түсірген арқылы төрелік ет. Олардың құмарлықтарына ерме және саған Аллаһ түсіргеннің бір бөлігінен олар сенің бетіңді аударып жібермеуі үшін олардан сақтан! Ал егер олар кері бұрылса, Алла оларды айыптылықтарының бір бөлігі үшін қиратқысы келеді! Расында, адамдардың көбісі шегінуші!
Сендер надан үкімге ұмтыласыңдар ма? Көзі жеткен адамдар үшін Алладан жақсы үкім беруші кім? (5:48-50)
Адамдардың арасын шешкенде Мухаммад Алладан басқа ешкімге және ештеңеге сүйенген емес.
Сендер Алланың үкіміне ұмтылмайсыңдар ма?! Ол сендерге егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітапты түсірді. Бұрын Кітап бергендеріміз, оның Иең тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі! Күмәнданушылардан болма! (6:114)
Миссияны орындаудағы қиыншылықтар сабыр етушілікті талап етеді, бұл туралы ұйғарым Құранда бар:
Иеңнің үкіміне сабыр ет, расында, сен Біздің «көз» алдымыздасың ғой! Түнде тұрған кезде Иеңді даңқтап мадақта, және Оны жұлдыздар жоғалған кезде мадақта! (52:48)
Иең үкім шығарғанға дейін шыда, әрі арып-ашыған күйде үлкен балықтың ішінде шақырғанға тәрізді болма! (68:48)
Иең үкім шығарғанға дейін шыда және олардың арасынан күнәһарлардың әрі жабылғандардың тілін алма! (76:24)
Қоғамды басып алған әділетсіздік көпшілікті ашынтып, қайғыландыратын. Бұл жерде әділеттік орнығатынына көпшіліктің сенімі үзілді. Алайда Құдайдың даналығын түсінген адамдар ақырында барлық адамға тиісінше берілетініне сенімді.
Міне Аллаһ: «Иә Иса! Мен сені тыныштандырамын, Өзімнің қасыма көтеремін және жабылғандардан сені ақтаймын! Саған ергендерді Қиямет Күнінде жабылғандардан жоғары қыламын! Сонан соң Маған қайтасыңдар, және Мен араларыңда болған келіспеушілікке қатысты үкім беремін!..» – деп айтты. (3:55)
«Менде Иенің тарапынан айқын дәлелдер бар, бірақ сендер оларды жалған санайсыңдар. Сендер асықтырған нәрселерің менде жоқ. Расында, үкім тек қана Аллаға тиесілі! Ол ақиқатты баяндайды, Ол жете түсіндірушілердің ең жақсысы ғой!» – деп айт. (6:57)
Сонан соң олар Аллаға, өздерінің шынайы жебеушісіне қайтарылады! Уа, үкім Оған тиесілі! Ол есептеуде ең жылдам! (6:62)
Біз жерге келіп, оны шеттен кеміткенімізді олар көрмейді ме? Алла үкім береді. Оның үкімін кінәраттаушы жоқ! Ол есептеуде жылдам. (13:41)
«Олар қанша уақыт болғанын Алла жақсырақ біледі. Аспандар мен жердің сырлысы Оған тиесілі. Ол бәрінен жақсы көріп, естиді! Оларда Одан басқа жебеуші жоқ және Оның үкімінде еш серіктес жоқ!» – деп айт. (18:26)
Расында, Бұл Құран Исраил балаларының келіспеушілігіне себеп болған нәрселерінің көбісін баяндайды! Расында, бұл – сенушілер үшін Нұсқау мен мейірім! Расында, Иең олардың арасын Өзінің үкімі арқылы шешеді! Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Білуші! (27:76-78)
Ол – Алла! Тәңірі – тек қана Ол! Оған бірінші әрі соңғы кезекте мадақ! Үкім Оған тиесілі! Оған ораласыңдар! (28:70)
Иеңе үнде, әрі Аллаға серік қосушылардан әсте болма!
Алламен бірге басқа тәңірді шақырма!
Тәңірі – тек қана Ол!
Оның бейнесінен басқа әр нәрсе құрып кетеді!
Үкім Оған тиесілі әрі Оған қайтарыласыңдар! (28:88)
Бұл сендерге – Жалғыз Алланы шақырса, жабылғандарың, ал Оған серік қосса, сенгендерің үшін. Үкім Үстем, Ұлы Аллада! (40:12)
Тәкаппарланғандар: «Барлығымыз оның ішіндеміз! Расында, Алла қызметшілердің арасына үкім берді!» – деген жауап береді. (40:48)
Келіспеушілікке себеп болған нәрселеріңнің үкімі Аллада! Сендер үшін, бұл – Алла, менің Ием! Мен Оған тәуекел етіп, Одан жәрдем сұраймын! (42:10)
Алла үкім берушілердің ең жақсысы емес пе еді? (95:8)
Алланың Сотында жетістікке жетелейтін үкім болуы үшін бізге жердегі барлық адам үшін жетілген болып түсірілген Кітапты нұсқау етіп алуымыз керек:
Сағат жақындап, ай бөлінді.
Олар белгіні көрсе, шеттеніп: «Ұзақ сиқыр!» – дейді. Олар өтірік санап, өз құмарлықтарына ерді. Әр іс негізделеді!
Оларға ұстап қалатын хабарлар, жетілген үкім, бірақ алдын-ала ескертулер пайдасыз болып қалды! (54:1-5)