Құран «хадис» термині жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

«Хадис» термині мұсылмандардың ең жиі қолданылатын термині болып келеді. Бұл сөз «хикая, баян, аңыз, сұхбат, әңгіме» деп аударылады. Мұсылмандық дәстүр «хадис» сөзінің мүлдем ерекше түсінігіне ие. «Хадис» деп «сунна» аталатын Мухаммадтың өмірі жөніндегі Құраннан тыс айтылған оқиғаларды атайды. Ал Құранда Алла «хадис» сөзін өзге мағыналық түрлерде қолданады.

Құран хадис-баяндама ретінде

Немесе олар аспандар мен жерге жүретін билікті және Алла бәрін жаратқанын қарастырмап па еді? Олардың тағайындалған мерзімі мүмкін жақындаған шығар деп? Осыдан кейін олар қандай әңгімеге (хадиисин) сенеді?! (7:185)

Расында, олар жайлы баяндауда (қисас) ақыл иелеріне ғибрат бар! Бұл ойдан шығарылған әңгіме (хадиисән) емес! 
Алайда, бұл – оған дейін болғанның ақтауы, әр нәрсенің түсінігі, сенім артқан адамдар үшін Нұсқау мен мейірім! (12:111)

Олар осы баянға (хадииси) сенбесе, сен күйініп, олардың әсерінен, мүмкін, өзің өзіңді өлтіруді тілерсің. (18:6)

Алла ұқсас, қайталанатын ұйғарымдары бар, ең жақсы әңгімені (хадииси) түсірді. Иесінен қорқатындарда терілері қалтырайды! Сонан соң Алланы еске алған кезде, олардың терілері мен жүректері жұмсарады! Бұл – Алланың Нұсқауы! Кім қаласа, Ол соны онымен бағыттайды! Алла кімді жаңылдырса, соған бағыттаушы жоқ! (39:23)

Олар шындық айтса, осыған іспеттес әңгіме (хадиисин) келтірсін. (52:34)
Осы әңгімені (хадииси) майладыңдар ма? (56:81)

Мені және осы әңгімені (хадииси) жалған санайтынды қалдыр. Біз оларға олардың білмейтін жерінен бірте-бірте жақындап келеміз. (68:44)

Құран белгілері хадис-әңгімелер ретінде
… Оларға жақсылық келсе, олар: «Бұл Алладан!» – дейді, ал оларға жамандық келген кезде, олар: «Бұл сенен!» – дейді.
«Бәрі Алладан!» – деп жауап бер.
Неліктен бұл адамдар әңгімені (хадиисән) мүлдем түсіне алмай жүр? (4:78)

Алла Жалғыз!
Тәңірі тек қана Ол!
Ол, әрине, сендерді қиямет күніне жинайды, бұған күмән жоқ! Алладан гөрі әңгімелеуде (хадиисән) кім шыншылырақ? (4:87)

Адамдардың хадис-әңгімелері

Алла Кітапта сендерге келесіні түсірді: Алланың белгілерін олардан жабылғандармен әрі оларды тәлкектейтіндермен бірге тыңдасаңдар, олардың басқа әңгімеге (хадиисин) көшпегенінше, олармен бірге отырмаңдар. Кері жағдайда сендер оларға іспеттес боласыңдар ғой! Расында, Алла бүкіл сатылғыштар мен жабылғандарды Тозақта жинайды! (4:140)

Біздің белгілерімізбен таласатындарды көрген кезде, олар басқа әңгімеге (хадиисин) көшпегенше олардан шеттен. Осыны тілазар саған ұмытқызса, есіңе түскеннен кейін, зұлымдармен бірге отырма! (6:68)

Адамдардың арасында Алланың жолынан еш білімсіз жаңылдыру үшін еліктіретін әңгімеге (хадииси) иеленетіндері бар, әрі олар бұны тәлкек қылады. Осындайларға қорлаушы азап болады! (31:6)

Құрандағы әңгіме-хадистер

Құранда Алланың хабарландырушыға деген: «саған … жайлы әңгіме жетті ме?» – деген тұрақты үндеу түрі кездеседі.
Бұл сөйлемшенің Құранда сипатталған әр-түрлі кейіпкерлер мен оқиғаларға қатысы бар, бірақ Құраннан тыс хадистерге деген бірде бір сілтеу жоқ.

Саған Мұса жайлы әңгіме (хадиису) жетті ме? (20:9)

Саған Ибраһимнің құрметті қонақтары жайлы әңгіме (хадиису) жетті ме? (51:24)

Саған перғауынның әскері мен Самуд халқы жайлы әңгіме (хадиису) жетті ме? (85:17-18)

Саған апат жайлы әңгіме (хадиису) жетті ме? (88:1)

«Хадәсә» түбірінен құрылған сөздер тағы көп жерлерде кездеседі және түрлі мағыналарда аударылады.

Олар сенім артқандарды кездестірген кезде: 
«Біз сенім арттық!» – дейтін, ал өздері оңаша қалған кезде: 
«Алла сендерге ашқанды оларға айтасыңдар (тухаддисуунә) ма?! Олар, Иенің алдында, сендермен сол жайлы даулассын деп пе?! Сендер бұны түсінбейсіңдер ме?!» – дейтін. (2:76)

Жабылып, елшіні тыңдамағандар сол күні жермен жексен болуды қалайтын болады, бірақ олар әңгімелерін (хадиисән) Алладан жасыра алмайтын болады! (4:42)

Иең сені осылайша таңдады! Ол саған әңгімелердің (ахаадиису) мағынасын ашуға үйретеді әрі саған әрі Яқубтың жақындарына деген өз жарылқауын аяғына дейін жеткізеді, бұған дейін оны сенің әкелеріңе – Ибраһимге әрі Исхаққа арнап аяғына дейін жеткізген тәрізді! Расында, Иең – Білуші, Дана! (12:6)

Осылайша сол жерде Біз Йусуфқа мүмкіншілік бердік, және оған әңгімелердің (ахаадиису) мағынасын ашуды үйреттік. Алла Өз ісімен жеңеді, бірақ адамдардың көбісі бұны білмейді. (12:21)

Ол: «Менің артымнан ерсең, саған ескеретінімді өзім айтпағанымша (ухдисә), менен ештеңені сұрама!» – деген жауап берді. (18:70)

Сөйтіп Біз Құранды араб тілінде түсірдік. Біз оның ішіне қорқыту сөздерін жібердік, мүмкін, олар сақсынар, немесе ол оларға ескертуді баяндап (йухдису) берер! (20:113)

Оларға Иелерінен келген әңгімеленген (мухдәсин) ескерту олардың назарларынан тыс болды. Олар көңілдерін көтерді. Жүректері зейінсіз болды. (21:2)

Сонан соң Біз елшілерімізді бірінен соң бірін жібердік. Басшылыққа елшілері келтірген нәрсені олар әр жолы өтірік санайтын. Біз оларды бірінен-соң бірін жібердік те оларды әңгімелердің тақырыбы (әхаадиису) қылдық. Сенім артпаған адамдар жойылды! (23:44)

Иә сенім артқандар! Елшінің үйіне, тамақты күтпей, сендерді тамаққа шақырса ғана, кіріңдер. Бірақ шақырған кезде, кіріңдер, тамақтанғаннан кейін, тарқалыңдар әрі әңгімелесушілерден (хадиисин) болмаңдар. Бұл хабарландырушыда жағымсыз сезімді тудырады, бірақ ол сендерден ұялады, ал Алла хақтан ұялмайды. (33:53)

Бірақ: «Иеміз! Сапарларымызды алыстатшы!» – дегендерімен олар өздерін қарайтты. Біз оларды аңызға айналдырдық (әхаадиисә) және тарқатып жібердік. Расында, осыда – әр сабырлы, алғысты үшін белгі бар! (34:19)

… Алланың шектеулері осындай. Кім Алланың шектеулерін бұзса, сол өзіне зұлымдық жасады.
Сен білмейсің, мүмкін осыдан кейін Алла бір әмір беретін (юхдису) шығар. (65:1)

Елші әйелдерінің біріне әңгімені (хадиисән) құпия түрде айтқан кезде, ол (әйелі) сонан соң бұл жайлы мәлімдеді. Алла оған бұның бетін ашқызды. Ол бұның бір бөлігін білді, ал басқа бөлігінен шеттелді. (66:3)

Сол күні жер өз мәліметін айтады (тухаддису)! (99:4)

Бұл – Алланың белгілері! Біз бұларды саған шындықпен оқимыз! Алла мен Оның белгілерінен кейін олар қай әңгімеге (хадиисин) сенеді? (45:6)

Олар осыдан кейін қандай әңгімеге (хадиисин) сенеді? (77:50)