Құран «дин» термині жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

Көпшілікті пәлен әрекетке көтеретін ең ықпалды әрекеттегі күш адамның идеологиясында бастама алады. «Homo Sapiens»-тің мүлдем барлық дүниетанымы ақыр соңында пәлен бір Мәңгі, Мазғымайтын бірдеңеге жетелейтін белгілі бір қөзқарастар жүйесіне деген сенімге сүйенеді. Пікрілестерді бірлестіретін ең кең таралған құрылымның түрі болып дін келеді.
Уикипедиядағы дін сөзінің анықтамасына көз шалайық:

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана.

Ал түсініктеме сөздікте келесі анықтама беріліп тұр:

Дін – Құдайға құлшылық етіп, бас идіруші идеологиялық қондырманың бір түрі.

Дегенмен бұл адамдар арасында қалыптасқан түсінік. «Дін» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген сөз, Құранның аудармаларында бұл сөзбен «дәәнә, диинун» сөзін аударады, бұның төл мағынасы «қарызға алу, қарызға беру, (біреуге) міндетті болу, (біреуге) борышкер болу».
Бұл жағдайда сөйлемнің дәстүрлі мағынасы мен төл мағынасы сәйкессіздікте болып тұр. Тура мағынаға сүйене тұра, «диин» сөзінің қолдану салаларын қарастырайық.
Бірінші кезекте Мухаммад хабарландырушымен байланысты үзінділерді қарастыруға ұсынамыз:

Хабарландырушы

«Расында, мен тура жолға, Ибраһимнің иілген қауымының тұрысты міндетіне (диинән) бағытталдым! Ол Аллаға серік қосушы болған жоқ!» – деп айт. (6:161)

«Ием маған мөлшерлестікті әмір етті. Кез келген сәжде жасайтын орынның маңында келбеттеріңмен тік тұрыңдар және Алланың алдындағы міндетке (ддинә) берілгендік танытып, Оған жалбарыныңдар. Әуелде жаратылғандарыңдай, қайтадан жаратыласыңдар!» – деп айт. (7:29)

Өз елшісін нұсқаумен әрі, бұл Аллаға серік қосушыларға жеккөрінішті болса да, оны барлық міндеттерден (ддиини) жоғары көрсету үшін, шынайы міндетпен (диини) бірге жіберген – Сол! (9:33)

Расында, өз келбетіңмен иілгендердің міндетіне (лиддиини) қарай тұр әрі Аллаға серік қосушылардан болма! (10:105)

Расында, Біз Кітапты саған шындықпен түсірдік. Міндетті (ддиинә) шынайы түрде танытып, Аллаға қызмет ет! (39:2)

«Расында, міндетті (ддиинә) шынайы түрде танытып, Аллаға қызмет ету маған әмір етілді!..» – деп айт. (39:11)

«Мен міндетімді (ддиинә) шынайы түрде танытып, Аллаға қызмет етемін!..» – деп айт. (39:14)

Сол міндеттерінде (ддиини) тұрысты болсын әрі оның ішінде бөлінбесін деген – Нұхқа өсиет етілген, Бізден саған уаһи етілген, Ибраһим, Мұса мен Исаға өсиет етілген, – міндетке, Ол сендерді тура бағыттады! Аллаға серік қосушылары үшін оларды шақырғаның өте үлкен. Кім қаласа, Алла соны Өзіне таңдайды, және жәрдем сұрайтынды бағыттайды! (42:13)

Өз елшісін нұсқаумен әрі, оны барлық міндеттерден (ддиини) жоғары көрсету үшін, шынайы міндетпен (диини) бірге жіберген – Сол! Куәгер ретінде Алла жеткілікті! (48:28)

Өз елшісін нұсқаумен әрі, бұл Аллаға серік қосушыларға жеккөрінішті болса да, оны барлық міндеттерден (ддиини) жоғары көрсету үшін, шынайы міндетпен (диини) бірге жіберген – Сол! (61:9)

Хабарландырушылардың адамдар арасында пайда болуының мәні хабарды жеткізуге түйіледі. Трансцендеттік мәлімет бәрін қамтиды, адамның өмірлік іс әрекетінің барлық салаларына қатысы бар. Ең бастысы – «субъектке» келешек, өткен уақыт әрі олардың нәтижелері жайлы хабар жеткізу.

Адамдардың өміріндегі Алла алдындағы міндеттері

Аспандардағы мен жердегі нәрселер Оған тиесілі. Оның алдында тұрақты міндет (ддиину)! Алладан сақсынбайсыңдар ма?! (16:52)

Сол күні Алла оларға борыштарын (диинәһум) ақиқат бойынша толығымен өтеткізеді. Олар Алла айқын ақиқат екендігін білетін болады! (24:25)

Шынайы міндетке қарай келбетіңмен тұр, адамдарды сөйтіп қалыптастырған Алланың қалыптастыруы бойынша. 
Алла жаратқан нәрседе өзгеріс жоқ!
Бұл – тұрысты міндет (ддиину), алайда адамның көпшілігі білмейді! (30:30)

Алладан бұлтартпас күннен бұрын, тұрысты міндетке (лиддиини) қарай келбетіңмен тұр, олар сол күні бөлшектенеді! (30:43)

Оларды әкелерімен атаңдар! Бұл Алланың алдында мөлшерлесті болып келеді. Әкелерін білмесеңдер, олар сендердің міндеттегі (ддиини) бауырларың әрі жақындарың. 
Теріс қылық қателеріңде емес, бірақ жүректеріңдегі мақсаттарыңда. Алла – Кешіруші, Рақымды! (33:5)

Оның алдында міндетте (ддиинә) ақжүректік танытып, Аллаға жалбарыныңдар, бұны жабылғандар жеккөрсе де! (40:14)

Ол – тірі! Тәңірі тек қана Ол! Оның алдында міндетте (ддиинә) ақжүректік танытып, Оған жалбарыныңдар! Даңқы Аллаға, әлемдердің Иесіне! (40:65)

«Алланы міндеттеріңе (биддииникум) үйретіп отырсыңдар ма? Алла аспандардағы мен жердегі нәрселерді біледі! Алла әр нәрсені біледі!» – деп айт. (49:16)

Расында, Алланың алдындағы міндет (ддиинә) шындық болып келеді! (51:6)

Немесе олар сені Борыш (биддиини) жайлы өтірік айтушы деп санайды ма? (95:7)

Оларға тек шынайы міндетте (ддиинә) ақжүректік танытып, Аллаға қызмет ету ғана әмір етілді!
Байланысқа шығушы әрі ақтайтын шығын шығарушы болып!
Бұл – құнды міндет (диинә)! (98:5)

Борышты (биддиини) өтірік санайтын жайлы ойладың ба? (107:1)

Сендерге – өздеріңнің міндеттерің (ддиинукум), ал маған – өзімнің міндетім (диини)! (109:6)

Алланың алдындағы міндетті (диини) орындауға адамдарды топтармен кіргенін көресің! (110:2)

Жаратушының хабарландырушыларының істері олардың қоршаған ортасына бағытталған екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Осындай жұмыстың нәтижесінде ақиқатты қабылдағандар әрі одан бас тартқандар сүзілетін. Сенушілер жайлы осындай ақпарат жеткізілді:

Сенушілер

тәубесіне келіп, түзеліп, Алладан ұсталынып, Алланың алдындағы міндетінде (диинәһум) ақжүректік танытқандардан басқа! Міне осылар сенім артқандармен, ал сонан соң Алла сенім артқандарға үлкен сый береді! (4:146)

Иә сенім артқандар! Кім өз міндетінен (дииниһи) теріс айналса, Алла, сенушілерге жұмсақ, абыройымен жабылғандардан жоғары, Ол оларды cүйетін әрі олар Оны сүйетін адамдарды әкеледі! Олар Алла жолында ынталанып, еш жазғырудан қорықпайды. Бұл Алланың артықшылығы! Ол оны қалағанына береді, Алла – тегіс қамтушы, Білуші ғой! (5:54)

Иә сенім артқандар! Міндеттеріңді (диинәкум) мазақ пен ойынға айналдыратын, сендерден бұрын Кітапқа иеленушілерді әрі жабылғандарды өздеріңе жебеуші қылып алмаңдар! Алладан сақсыныңдар, сенушілер болсаңдар! (5:57)

Міндеттерін (диинәһум) ойын-сауық ретінде қабылдайтындарды қалдыр! Таяу өмір оларды еліктірді! Тұлға тапқанына ұшырайтындығын осыларға ескерт. Оған Алладан басқа, жебеуші де, көмекші де жоқ! Тіпті барлығын бағасы бірдеймен теңестірсе де, одан қабылданбайды! Бұлар – тапқандарына ұшырайтындар! Оларға жабылған болғандары үшін қайнаған ішімдіктер мен ауыр азап болады! (6:70)

Алла алдында шынайы ынтамен ынталаныңдар!
Ол сендерді таңдады әрі міндеттеріңде (ддиини) сендер үшін еш қиындық орнатқан жоқ, Ибраһим әкелеріңнің қаумына да солай еткен жоқ. Елші сендер жайлы куәлік беруі үшін, ал сендер адамдар жайлы куәлік берулерің үшін Ол сендерді бұрын да, қазір де бой ұсынғандар деп атады! (22:78)

Зинақор ер мен зинақор әйелді, әрқайсысын, жүз рет сабалаңдар. Алланың алдындағы міндетті (диини) орындап жатқан кездеріңде, оларға деген аяныш сендерді басып алмасын, егер де Алла мен Ақырғы күнге сенім келтірсеңдер! Олардың азапталуы кезінде бір топ сенуші болсын. (24:2)

Сендерден сенім артып, түзелгендерге, Алла, олардан бұрын болғандарды мирасқор ретінде қалдырғандай, соларды да солай мирасқор ретінде қалдырамын деп уәде берді. Ол оларға мақұлдаған міндетті (диинәһум) олар орындаған кезде, Ол оларды міндетті түрде нығайтады. Ол: 
«Олар Маған қызмет етеді және Маған ештеңені серік қоспайды!» – деп айтып, қорқынышын міндетті түрде қауіпсіздікке ауыстырады. 
Кім осыдан кейін жабылса, сол – жолдан тайған! (24:55)

Адресат пен Иенің алдындағы борыштың мәнін анықтағанымыздан кейін, Үстемнің алдындағы міндеттің негізгі мәнісін қарастырайық.

Бойсұну

Расында, Алланың алдындағы міндет (әддиинә) болып бойсұну келеді. Бірақ, Кітапқа иеленгендер, оларға білім келгеннен кейін ғана, бір бірін қыспақтап, тарқалды. Кім Алла белгілерінен жабылған болса, расында, Алла есептеуге жылдам! (3:19)

Олар Алланың алдындағы міндетіне (диини) емес, өзге міндетке ұмтыла ма? Оған ерікті түрде және еріксіз түрде аспандағылар мен жердегілер бой ұсынды. Оған қайтасыңдар. (3:83)

Кім Алла алдындағы бойсұну міндетіне (диинән) емес, өзге міндетке ұмтылса, сол қабылданбайды әрі ол ақырғы өмірде зарар шеккендерден болады. (3:85)

Келбетімен Аллаға бойұсынып, түзеліп, Ибраһимнің иілген қауымына ергеннен гөрі, міндетімен (диинән) кім артығырақ? Расында, Алла Ибраһимді досы қылып алды! (4:125)

… Бүгін міндеттеріңнен (дииникум) жабылғандар күдерін үзді.
Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар!
Бүгін Мен сендер үшін міндеттеріңді (диинәкум) кәмелетке дейін жеткіздім және сендерге деген жарылқауымды аяғына дейін жеткіздім! Сендер үшін бойсұну (диинән) міндетімен қанағаттандым! Ал кім күнәға қарай ауытқымай, аштықта болып, тыйымдыны жеуге мәжбүр болса, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды ғой! (5:3)

Аллаға бой ұсынушы болу керек деген ұйғарым түптеп келгенде барлық адамдарға арналған, алайда бұл жағдайда да бір талап бар, бұл – еріктілік.

Міндетте (ддиини) зорлық жоқ. Парасаттылық адасушылықтан ажыратылды. Кім шектен шығушылықтан жабылып, Аллаға сенім артса, сол берік, үзілмес күрмектен нық ұстады! Расында, Алла – Естуші, Білуші! (2:256)

Барлық адамдарға арналған Алла «ақпаратының» бірыңғай қайнар көзіне еш күмән жоқ. Жасаушының ұйғарымдарына еруіміздегі «шамадан тыс ынтамыз» бір кезде бірыңғай, біртұтас болған идеяның бөлінуіне жетеледі. Бұның бәрі көп түрлі конфессия мен сенімдердің құралуына әкелді. Құран әр алуан діндердің арасынан Кітап адамдарын бөліп алады.

Кітап иелері

Бұл олардың: 
«От бізге тек санаулы күнге ғана тиеді!» – дегендіктерінен. 
Оларды әлсіреткен нәрсе оларды міндеттерінде (дииниһим) алдады. (3:24)

«… Алланың алдында сендердің міндеттеріңе (диинәкум) еретін кісіге ғана сенім артыңдар!» – деп айтты.
«Расында, Нұсқау – Алланың Нұсқауы! Берілген нәрсе – біреу, сендерге берілгенге тәрізді!» – деген жауап бер. 
Немесе олар, Иелеріңнің алдында, сендермен ерегісетін бола ма? 
«Расында, артықшылық Алланың қолында! Ол қалағанына береді! Алла, расында – тегіс қамтушы, Білуші!..» – деп айт. (3:73)

Яһудилердің арасынан сөздердің орнын бұрмалайтындары әрі тілдерімен қисайтып және Алла алдындағы міндетті (ддиини) қорлап:
«Біз естідік те қарсы шықтық», «Естімегенді тыңда», «Бізді сақта» – деп айтатындары бар.
Олар: «Біз естідік те бағындық!», «Тыңда!» әрі «Бізге қара!» – дегендері олар үшін жақсырақ және турарақ болар еді. Алайда жабылғандары үшін Алла оларды лағынеттеді! Олардың азынан басқа, ешкімі сенбейді! (4:46)

Иә Кітап иелері! Өз міндеттеріңде (дииникум) шектен шықпаңдар және Алла жайлы тек қана шындықты айтыңдар! 
Расында, Мәриәм ұлы, майланған Иса, тек қана Алланың елшісі! Алладан Мәриәмға Оның сөзі мен Оның Рухы берілді. Аллаға және Оның елшілеріне сеніңдер! 
Үш деп айтпаңдар! Тыйылсаңдар, өздеріңе жақсы болады! 
Расында, Алла – Жалғыз тәңірі! 
Ол – баласы болудан шексіз алыс!
Аспандар мен жердегілердің бәрі Оған тиесілі! Алла сенімгер болғаны жеткілікті! (4:171)

«Иә Кітап иелері! Міндеттеріңде (дииникум) хақсыз шектен аспаңдар және бұрын жаңылған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер! Олар көпті адастырды және өздері де түзу жолдан жаңылды!» – деп айт. (5:77)

Әйгілі нанымдардың талдауы олардың барлығы әуелде бірқұдайшылықтан бастау алғанын көрсетеді. Тек түңілген (ібілістің) тарапынан қыздырылған адамның араласуы көптеген халықты бірқұдайшылық қағидасының бұзуына әкелді. Көпқұдайшылық пен бөлінудің түп негізін Жаратушы Кітабында түсіндіреді де сөгеді.

Аллаға серік қосушылар және т. с. с.

Осылайша Аллаға серік қосушылардың көпшілігіне, оларды құрту әрі олар үшін міндеттерін (диинәһум) шатастырып жіберу үшін, серіктерінің олардың балаларын өлтіруі бояңқыралды! Алла қалағанда, олар бұны жасамайтын еді. Оларды әрі олардың ойдан шығарған нәрселерін қалдыр! (6:137)

Расында, сен өз міндетін (диинәһум) бөліп, жікке бөлінгендерден емессің. Олардың ісі Аллада, сонан соң Ол оларға істеген нәрселері жайлы хабар береді! (6:159)

«… өздерінің міндеттерін (диинәһум) ойын мен ермек ретінде қабылдаған әрі таяу өмірге елігіп кеткен жабылғандарға, беруге тыйым салды!» – деген жауап береді.
Сол күні Біз оларды ұмытамыз, олар осы күндегі кездесуді ұмытқандай әрі белгілерімізді қабылдамағандай. (7:51)

Жүреткерінде ауру бар сатылғыштар:
«Міндеттері (диинуһум) олардың көздерін байлады» – дейді.
Кім Аллаға тәуекел қылса, расында, Алла – Ұлы, Дана! (8:49)

Ол сендер үшін құрлық пен теңізде қозғалыс ашты. Олар кемелерде болып, жақсы жел соғып жатқан кезде, олар оған қуанады, ал оларға қатты жел келіп, оларға қарай барлық жақтан толқындар көтеріліп келген кезде, олар өздерін қоршаған нәрселері жайлы ойлайды. Олар Аллаға жалбарынып, Оның алдындағы міндетте (диинә) ақжүректік танытады:
«Сен бізді осыдан құтқарсаң, біз міндетті түрде алғыстылардан боламыз ғой!» (10:22)

«Иә адамдар! Сендер менің міндетімнен (диинии) күмәндансаңдар, сендер Алладан басқаларға қызмет ететіндеріңе мен қызмет етпеймін, бірақ мен сендерді тыныштандыратын Аллаға қызмет етемін. Маған сенуші болуға әмір етілді!» – деп айт. (10:104)

Сендер Алламен қатар тек өздерің және әкелерің атаған есімдерге ғана қызмет етесіңдер. Алла ол жайлы ешқандай жарлық түсірген жоқ! Расында, үкім тек қана Аллада! Ол тек қана Оған қызмет етуді әмір етті! Бұл – тікелей міндет (диину), бірақ адамның көпшілігі білмейді! (12:40)

Кемеде жүзіп жүрген кездерінде, олар Аллаға жалбарынып, міндетте (ддиинә) ақжүректік танытады, бірақ Ол оларды құтқарғаннан кейін, олар құрлықта Оған серік қосады, (29:65)

міндеттерін (диинәһум) бөліп, жікке бөлінгендерден болмаңдар! Әр партия өзіндік нәрсесіне қуанады! (30:32)

Оларды толқынның көлеңкесі жапқан кезде, олар Аллаға жалбарынып, Оған деген міндетте (ддиинә) ақжүректік танытады. Бірақ Ол оларды құрлыққа жеткізіп құтқарғанан кейін, араларында алғыстылықтан тартынушы шығады. Біздің белгілерімізді тек әрбір жабылған сатқын ғана мойындамайды! (31:32)

Уа! Шынайы міндетті (ддиину) Аллаға арнап таныту тиіс!
Одан өзгелерді жебеуші қылып алғандар:
«Олар бізді Аллаға жақындатсын деп қана біз оларға қызмет етеміз!» – деп айтады.
Расында, Алла келіспеушілкке себеп болған араларындағы нәрселері жайлы үкім береді! Расында, Алла өтірікші, жабылғанды бағыттамайды! (39:3)

Немесе міндетке (ддиини), Алла рұқсат етпеген нәрсеге оларды тура бағыттаған Алланың серіктері оларда бар ма екен? Шыққан Сөз болмаса, олар жойылатын еді ғой! Расында, зұлымдар үшін – ауыр азап! (42:21)

Сенімде бөлінудің себебі Жаратушының заң шығарушылығын «абыздардың» айрықша құқығына айналдыру амалында. Олар басшы топтарды киелі деп табу құбылысының басын бастады, осыған бола әр түрлі «шаруашылық» заңдар пайда болды.

Адамдардың алдындағы міндет

Ол олардың жолжүгінен бастап баурының жолжүгінің тінтуімен аяқтады. Сонан соң ол оны бауырының жолжүгінен шығарды. Осылай Біз Йусуф үшін қыбын таптық. Ол патшаның алдындағы (қызмет) міндеті (диини) бойынша бауырын қалдыра алмайтын еді, Алланың қалауы болмаса ғана. Біз қалағанымыздың дәрежелерін көтереміз, әрбір білім иесінен бір білуші жоғары тұр! (12:76)

Перғауын: «Мені қалдырыңдар, мен Мұсаны өлтіремін! Ол өз Иесін шақырсын! Ол сендердің міндеттеріңді (диинәкум) өзгертеді деп немесе жерде бүлінушілік шығарады деп қорқамын!» – деп айтты. (40:26)

Тәжірбиенің көрсеткеніндей, кез келген пікірге міндетті түрде қарсы пікір шыға келеді. Көзқарастар жүйесінің қарсыласуы әдетте текетіреске апарады, бұл жағдай жиі түрде қарулы қақтығысқа айналады.

Соғыс

Алланың алдындағы міндет (әддиину) болу үшін, бүлікке деген азғыру болмас үшін олармен шайқасыңдар. Егер де олар доғарса, агрессия тек зұлымдарға қарсы рұқсат етіледі! (2:193)

Олар сенен тыйым салынған ай жайлы, сол ай ішіндегі соғысу жөнінде сұрайды.
«Сол уақытта соғысу – үлкен күнә, бірақ Алланың жолына кедергі жасау, одан әрі шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын орнынан жабылу, ол жерден мекендеушілерді қуу – Алланың алдында одан үлкен күнә! Бүлінушілік күнәсі өлтіру күнәсінен үлкен!» – деген жауап бер.
Олар, шамалары жетсе, сендерді міндеттеріңнен (дииникум) теріс айналдыртқызбағанша, сендермен соғысуды қоймайды. Араларыңнан кім Алланың алдындағы міндеттен теріс айналып, өлсе, сол – жабылған! Сондайлардың таяу өмірдегі істері құр бекер болады, ал ақырғы өмірде сондайлар отқа қосылып, сол жерде қалады! (2:217)

Бүлінушілік болмас үшін, ал әрқайсысының міндеті (әддиину) Аллаға тиесілі болуы үшін, олармен соғысыңдар. Олар тыйылса, Алла олардың істегендерін көріп тұр ғой! (8:39)

Расында, сенім артқандар, қоныс аударғандар, мүліктерімен әрі өздерімен Алланың жолында ынталанғандар және баспана беріп, көмектескендер, бір-бірілеріне жебеушілер болып келеді!
Сенім артып, қоныс аудармағандар, – олар қоныс аудармағанша, оларға деген ешқандай жебеушілік жоқ! Міндеттерін (ддиини) орындау үшін олар сендерден көмек сұраса, оларға көмектесулерің тиіссіңдер, бірақ сендермен шарты бар халыққа қарсы көмек болмаса ғана. Алла сендердің істеп жүрген нәрселеріңді көріп тұр! (8:72)

Алайда олар тәубесіне келіп, байланысқа шығып, ақтайтын шығын шығарса, олар сендердің міндеттегі (ддиини) бауырластарың болады! Білетін адамдар үшін Біз белгілерді толық баяндадық!
Олар міндеттеме алғаннан кейін, анттарын бұзса және міндеттеріңе (дииникум) кір келтірсе, жабықтықтың жетекшілерімен соғысыңдар! Расында, олар үшін ант жоқ, мүмкін, олар тыйылар! (9:11-12)

Кітап берілгендерден Алла мен Ақырғы күнге сенім келтірмейтін, Алла мен Оның елшісі тыйым салғанға тыйым салмайтын, Алланың алдындағы шынайы міндетке (диинә) тиістіні бермейтіндермен, олар бағынған түрде, салынған төлемді қолдарымен бермегенше, соғысыңдар! (9:29)

Расында, Алла алдындағы айлардың саны – он екі ай, Алланың аспандар мен жерді жаратқан күніндегі Оның ұйғарымы бойынша. Бұлардың төрт айы соғыс үшін тыйымды. Бұл – тікелей міндет (ддиину)! Сол айлардың ішінде өздеріңе зұлымдық жасамаңдар, бірақ Аллаға серік қосушылармен барлықтарың соғысыңдар, олардың барлықтары сендермен соғысқандай! Алла абай болушылармен бірге екенін біліңдер! (9:36)

Сенушілердің түгелімен аттанған жағдайы болған жоқ, олардың әр тобынан шыққан бірнеше адамнан құралған командасы болмаса, Алланың алдындағы міндетті (ддиини) зерттеуге мүмкіндіктері болу үшін әрі олар қайтып келген кезде, халқына алдын-ала ескертулері үшін! Мүмкін, олар сақтанар! (9:122)

Сендермен міндеттерің (ддиинә) үшін соғыспағандармен және сендерді баспаналарыңнан қуып шықпағандармен таупиықты әрі мөлшерлесті болуларыңнан Алла тыймайды. Расында, Алла мөлшерлестілерді сүйеді! 
Расында, Ол, сендермен міндеттерің (диинә) үшін соғысқан, баспаналарыңнан қуған, қуылуларыңа көмекші болғандарды жебеушілер қылып алуларыңнан сендерді тыяды. Кім оларды жебеушілер ретінде алса, солар – зұлымдар! (60:8-9)

Жер жүзінде не болса да, адамдар өмірлерін не үшін қиса да, барлығы, ақыр аяғында Борыш Күнінде әділ сотпен бағаланады!

Борыш Күні

Борыш (ддиини) Күнінің Билеушісіне! (1:4)

Расында, саған Борыш (ддиини) Күніне дейін лағынет! (15:35)

… Сен Борыш (ддиини) Күні қателерімді кешіруіңді мен қатты қалаймын! (26:82)

«Қайғы бізге! Бұл – Борыш (ддиини) Күні!» – деп айтып (37:20)

Расында, саған Борыш (ддиини) Күніне дейін лағынет! (38:78)

Олар: «Борыш (ддиини) Күні қашан?» – деп сұрайды. (51:12)

Бұл – оларға түсірілген Борыш (ддиини) Күні! (56:56)

Борыш (ддиини) Күнін шындық деп санайтындар, (70:26)

Борыш (ддиини) Күнін өтірік деп санайтынбыз, (74:46)

Жоқ! Әрине, сендер Борышты (ддиини) өтірік деп санайсыңдар! (82:9)

Борыш (ддиини) Күні олар сол жерде күйеді! (82:15)

Борыш (ддиини) Күні жайлы не білесің? (82:17)

Сонан соң, Борыш (ддиини) Күні жайлы не білесің? (82:18)

Борыш (ддиини) Күнін өтірік деп санайтындар! (83:11)