Құран «ши’а» термині жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Діннің әр-түрлі ағымдарға бөліну мәселесі барлық конфессиялар мен нанымдарға тиді. Осындай құбылыс Ислам әлемін де айналып өткен жоқ.
«Ши’а» сөзі мұсылмандардың көпшілігінде «шейіттермен» ассоциацияланады. Бұл сөздің түбірі болып «таралу, бәріне тиесілі болу» дегенді білдіретін «шәә’а» сөзі келеді. «Шия’ун» сөзі «жақтастар, ұстанушылар, топтар, жікке бөлінгендер, секталар» дегенді білдіретін «шии’атун» сөзінің көпше түрі болып келеді.
Белгілердің көмегімен Алла өз қызметшілерінің беріктігін сынайды. Бір идеологияны ұстанушылардың бөлінуі сондай «тексерулердің» бірі болып келеді.
«Ол сендерге азапты не үстіден, не аяқтарыңның астынан жібере алады, не сендерді топтармен (шия’ан) шатастырып, бір бірлеріңнің күшін татқыза алады!» – деп айт.
Біз белгілерімізбен қалай иелік жасайтымызды қара, мүмкін, олар түсінер! (6:65)
Әр-түрлі жікке бөліну бұл Үстемнің рақымы деген дәстүрге негізделген пікір бар. Алайда Құранда Иеміз басқа пікір айтты.
Расында, сен өз міндетін бөліп, жікке бөлінгендерден (шия’ан) емессің. Олардың ісі Аллада, сонан соң Ол оларға істеген нәрселері жайлы хабар береді! (6:159)
Аллаға серік қосушылардан, өздерінің міндетін бөліп, жікке бөлінгендерден (шия’ан) болмаңдар! Әр партия өзінде бар нәрсеге қуанады! (30:32)
Тарих адамдардың табансыздығын көрсетті. Ағаштың өсіп шыққан жаңа бұтақтары тәрізді ағымдар қайта-қайта пайда бола беретін (қазіргідей сияқты да). Жалғыз Жасаушыға деген сенімді тазарту үшін қауымдарға жалғыз нұсқаумен хабарландырушылар келетін.
Расында, саған дейін де Біз халықтардың көне топтарына (ши’ан) жібергенбіз. (15:10)
Қоғамды әр-түрлі жікке бөлу әдісімен әрдайым басқарушы элита қолданатын. Бұл билікті өз қолында ұстап тұру талпынысымен себептелген. Себебі идеологиясы бір, мисызданбаған халық, әділетсіз басшыны билігінен оп-оңай айыра алады. Осындай тәсілмен кезінде перғауын қолданатын.
Расында, перғауын жерде батпансыды әрі оның адамдарын жікке бөліп (ши’ан), олардың бір бөлігін әлсіретті. Ол олардың ұлдарын кескілеп өлтіріп, әйелдерін тірі қалдырды. Расында, ол бүлінушілік тарататындардан болды! (28:4)
Сол кезең Мұса хабарландырушымен болған оқиғалардың басы еді.
Ол қалаға мекендеушілерінің бейқамдық кезінде кірді де төбелесіп жатқан екі ерге ұшырасып қалды. Біреуісі оның жақтасы (ши’атиһи) болды, ал басқасы қарсыластардан болды. Сосын оның жақтасы (ши’атиһи) оны қарсыласына қарсы шақырды. Мұса оны жұдырығымен соғып, өлтірді.
Ол: «Бұл – тілазардың ісі, расында, ол – анық жаңылдыратын қарсылас!» – деді. (28:15)
Бұл сөздерді «секта», «жікке бөлінгендер» деп бірыңғай жағымсыз түсіну бұрыс болар еді. Себебі күнәһар адамдармен қатар Алла бұл сөзбен турашыл адамдарды атайды.
Расында, оның (Нұхтың) жақтастарынан (ши’атиһи) Ибраһим болды. (37:83)
Адамдарға жіберілген хабарландырушылар бір сенімнің ұстанушылары болды. Секталардың арасындағы Аллаға ұнамды ақиқат сенімді де адамдар ағым деп санайды, алайда араларындағы дауды Алла Борыш Күнінде олардың көзқарастары мен істері бойынша шешеді.
Сонан соң Біз міндетті түрде әр топтан (ши’атин) Аяушыға ең қатты қарсы келгендерді іріктеп аламыз! (19:69)
Ислам әлемінің барлық өкіліне осы үзінді жөнінде ойлануы қажет. Істерінің бағалануы олардың Жаратушыға деген қарым-қатынасына негізделеді ғой, демек Алла Соты сәтті шешілуі үшін сенушінің өмір «доктринасы» тек қана Алла Кітабына негізделуі тиіс. Жер үстіндегі дұрыс жүріс-тұрысты, Әлемдердің Иесінен басқа, кім артық көрсете алады?