Құран «шәри’ат» термині жайында
Аяушы Рақымды Алланың атымен
Бүкіл әлемнің мұсылмандары «шәри’ат» терминімен жиі қолданады. Бұл терминнен құқықтық, этикалық, рәсімдік деген сияқты нормалардың жиынтығын ұғады. Бұл нормалар мұсылман өмірінің елеулі бөлігін қамтиды.
Тарихи Исламда кез келген кәмелетке толған әрекетті мұсылмандар ұстанулары тиіс ұйғарымдар мен тиымдар бар. Осы ұйғарымдар мен тиымдар «тәклиф» деп аталады, ал оларды ұстануға міндеттілерді «мукәлләф» дейді.
«Мукәлләфтар» орындайтын ұйғарымдар мен тиымдар әр-түрлі маңыздылық деңгейіне ие. Ұйғарымдар мен тиымдардың маңыздылығы деңгейі бойынша градациясы «әф’ааль-уль-мукәлләфин» деп аталады.
«Әф’ааль-уль-мукәлләфин» 8 бөлімнен тұрады:
1) Фарз – қатаң түрде ұйғарылған міндеттер. Орындағаны үшін – сауап, орындамағаны үшін – жаза.
2) Уәжіп – қатаң түрде ұйғарылған міндеттерге өте жақын міндеттер. Мысалы, «үтір» намазы мен «айт намазы».
3) Сүннет – жүзеге асыруында лазым іс-әрекеттер. Мысалы, намаз әрі оразаның сүннеттері. Орындағаны үшін – сауап, орындамағаны үшін жаза жоқ.
4) Мұстахап – сирек қана орындалатын іс-әрекеттер. Мысалы, садақа беру немесе қосымша ораза ұстау. Орындағаны үшін – сауап, орындамағаны үшін жаза жоқ.
5) Мубах – шариғат ұйғарымы бойынша орындалғандары үшін сауабы да жоқ, ал орындалмағандары үшін күнәсі де жоқ, бейтарап іс-әрекеттер. Мысалы, отыру, тұру, жеу, ішу деген сияқты іс-әрекеттер.
6) Мәкрүһ – жағымсыз іс-әрекеттер. Рұқсаттылық деңгейі бойынша халал (рұқсат етілген амал) мен харамның (тиымды амалдың) арасындағы шекаралық орнын алады. Орындағаны үшін жаза жоқ, орындамағаны үшін – сауап.
7) Муфсид – басталып қойылған діни немесе басқа да маңызды амалды бұзатын іс-әрекеттер. Намаз кезінде күлу, ораза кезінде тамақ жеу деген сияқты іс-әрекеттер.
8) Харам – қатаң түрінде тиымды іс-әрекеттер. Мысалы, айыпсыз адамды өлтіру, ұрлық, алкогольді сусындарды ішу, шошқа етін жеу, әке-шешеге бағынбаушылық.
«Шәри’ат» термині араб тілінде нені білдіретінін түсінуге аттанайық. Бұл термин «шәрә’ә, шәр’ун» түбірлерінің туындысы, олардың мағыналары – «тура бағыттау, туралау, дәлдеу».
Құранда бұл сөз төл мағынасында қолданылады. Мысалы, Исраил балаларымен болған оқиғаның сипатталуында:
Теңіздің жағасында орналасқан елді мекен жайлы сұра. Үлкен балықтар сенбі сайын тура (шуррә’ән) оларға жүзіп келіп, сенбісіз күндерде жүзіп келмей жүрген кезде, олар сенбіні бұзды. Сөйтіп, олар жолдан тайған болғандықтан, Біз оларды сынадық! (7:163)
Сенушілерді бағыттау саласына бет аударсақ, тура бағыттау тек Алланың ерекше хұқы екенін түсіне аламыз.
Біз саған Кітапты оған дейін болған Кітаптарды ақтаушы әрі қорғаушы ретінде хақпен бірге түсірдік. Араларын Алла түсірген нәрсе арқылы шеш! Саған келген ақиқаттың орнына олардың құмарлықтарына ерме!
Біз барлықтарың үшін тура бағыт (шир’әтән) пен жоспар жасадық. Алла қалағанда, сендерді бір негізге қоятын еді. Алайда, сендерге берген нәрселерде сендерді сынау үшін, жақсысын сақтап қалуға тырсыңдар! Барлықтарың Аллаға ораласыңдар, сонан соң келіспеушіліктеріңе себеп болған нәрселерің жайлы Ол сендерге хабар береді! (5:48)
Тарихи Исламның пікірі бойынша хабарландырушылардың «шариғаттары» әр-түрлі болды, бірақ сенімдерді біреу болды. Бірақ Құран бойынша Иеміздің тура бағыттауы әр уақытта бірдей болды:
Сол міндеттерінде тұрысты болсын әрі оның ішінде бөлінбесін деген – Нұхқа өсиет етілген, Бізден саған уаһи етілген, Ибраһим, Мұса мен Исаға өсиет етілген, – міндетке, Ол сендерді тура (шәрә’а) бағыттады! Аллаға серік қосушылары үшін оларды шақырғаның өте үлкен. Кім қаласа, Алла соны Өзіне таңдайды, және жәрдем сұрайтынды бағыттайды! (42:13)
Келіспеушілік пен бөлінудің себебі неде екен?
Себебі келесіде. Адамдардың кей топтары Алланың нұсқамасына адами нұсқамаларды қосып жазып, өздеріне жауапкершілік алды. Осылайша «абыздар» басқа адамдарды Алламен қатар «тура» бағыттауға тырысады.
Немесе міндетке, Алла рұқсат етпеген нәрсеге оларды тура бағыттаған Алланың серіктері оларда бар ма екен? Шыққан Сөз болмаса, олар жойылатын еді ғой! Расында, зұлымдар үшін – ауыр азап! (42:21)
Келтірілген үзіндіден көргеніміздей, Алланың нұсқамасымен қатар адами нұсқамаларды беру пантеисттік іс-әрекеттер, яғни көпқұдайшылық деп саналады. «Шариғаттың» орныққан түсінігіне назар аударсақ, нұсақаулардың көбісі Мухаммад пен ғалымдардың шешіміне жатқызылатын адами аңыз-әңгімелерге негізделгенін көре аламыз. Хабарландырушыға және ғалымдарға деген қандай да бір қарым-қатынас болмасын, олардың жеке нұсқауларын Алла нұсқауларының дәрежесіне тең қоюға болмайды.
«Сендердің серіктерің ақиқатқа бағыттамақ па еді?» – деп сұра.
«Ақиқатқа Алла бағыттайды. Өзіне ергізуге кімнің құқығы көбірек? Ақиқатқа бағыттаушы ма немесе тек бағытталғандарды ғана бағыттаушы ба? Сендерге не болды, қалай пайымдайсыңдар?» – деген жауап бер. (10:35)
Сенушілер үшін тек Алланың Сөзі ғана шынайы «шариғат» болуы тиіс.