Құран «суннә» термині жайында
Аяушы Рақымды Алланың атымен
Бүкіл әлемнің мұсылмандары «суннә» ұғымымен таныс. «Суннә» деп Мухаммад хабарландырушы жайлы аңыздарды, оның өмір салтын, пікір айтуын әрі істеген амалдарын түсінеді. Бірақ бұл сөздің құрани мәтіндегі тура мағынасын қарасақ, ол «заң» дегенді білдіретінін көре аламыз.
Алла Құранда «суннә» сөзін 10 аятта қолданады. Бұл сөзді «өмір салты», «әдет-ғұрып» немесе «аңыз» деп түсінсек, осы үзінділердің мағыналары былық болып кетеді.
Сендерге дейін де Алланың заңдары (сунәнун) лақтырып тасталынған! Жер бетінде жүріңдер де оларды өтірік санайтындардың соңы қандай болғанын көріңдер! (3:137)
Бұл жерде «суннә»-ні «әдет-ғұрып» немесе «өмір салты» деп түсінуге болмайды. Себебі адамдар керісінше әдет-ғұрыптары мен өмір салттарын, ата-бабаларымыздан қалған деп, қорғаған. Одан ары айта кетейік, «суннә» сөзін Алла Өзіне қатысты қолданады. Демек, біз, «суннә» сөзін «заң»дегеннен өзге мағыналарда түсіне алмаймыз, себебі біз «Алланың әдет-ғұрпы» немесе «Алланың өмір салты» деген терминдермен қолдана аламаймыз ғой.
Хабарландырушы, бұрын өткендердің Алла заңын (суннәтә-ллахи) Алла оған міндеттегені үшін, қысылатындай емес. Алланың ісі белгіленді (33:38)
Олар тек алғашқылардың заңын (суннәтә) күтуде ме? Сен Алланың заңына (суннәту-ллахи) алмастыру таппайсың және Алланың заңында (суннәту-ллахи) өзгерісті таппайсың! (35:43)
Бірақ, Оның қызметшілері лақтырып тастаған Алла заңы (суннәтә-ллахи) бойынша олар Біздің күшімізді көргеннен кейін, олардың сенімдері өздеріне пайда келтірмеді! (40:85)
ілгеріде лақтырып тасталынған Алланың заңына (суннәту-ллахи) сәйкес. Сен Алланың заңында (ли-суннәти-ллахи) өзгерісті таппайсың! (48:23)
Адамның кезінен бері өз құмарлықтарын нұсқау етіп алатын адамдар Алла заңындарын бұзуын қоймайды. Сол себептен, адамдар бейбітшілікте, әділеттілікте әрі түсініспеншілікте өмір сүрулері үшін, Үстем, адамзат тарихының ең басынан бері адамдарға хабарландырушылар арқылы заңдарын түсірген.
Сенен бұрын жіберілген елшілеріміздің заңы (суннәтә)!
Біздің заңдарымызда (ли-суннәтинә) өзгеріс таппайсың! (17:77)
Адамның мәні, тұлғааралық қарым-қатынастар елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек қана «техникалық мекендеу» ортасы өзгерді. Бұрын өткендердің қателіктерін жасамауымыз үшін, Жаратушы біздің назарымызды, елшілері Алла заңын жеткізген, өткен халықтардың тарихына аударады.
Алла сендерге түсіндіруді, сендерден бұрын болған заңдарға (сунәнә) сендерді бағыттауды әрі тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Расында, Алла – Білуші, Дана! (4:26)
Жабылғандарға: «Егер тыйылсаңдар, өткендерің кешіріледі, ал қайтадан бастасаңдар, әуелгі заң (суннәту) жалғасуда» – деп айт. (8:38)
Олар бұған сенбейді, көне заң (суннәту) лақтырып тасталынды! (15:13)
Нұсқау келген кезде, адамдар үшін оған сенім арту әрі Иелерінен кешірім сұрау кедергі болған жоқ, ежелгілердің заңы (суннәту) оларға келгенін немесе одан бұрын азаптың келгенін санамаса! (18:55)
Алланың заңдарына қарама-қайшы немесе орындалуында олармен теңдікке талаптанатын адамдардың ойынан шығарылған заңдар, осы өмірде үйлесімге және соңғы өмірде бақытқа жетудің үлгісі бола алмайды.
Үзіндіні тағы да есімізге түсірейік:
Сенен бұрын жіберілген елшілеріміздің заңы (суннәтә)!
Біздің заңдарымызда (ли-суннәтинә) өзгеріс таппайсың! (17:77)
Жоғарыда келтірілген үзінділерде тек хабарландырушылар әкелген Алланың заңдары жайлы айтылғаны анық көрініп тұр.
Адамдар байырғы заманнан бері Алланың заңдарын үнемі бұзады, бұрмалайды және құмарлықтарына әрі жорамалдарына қарай өзгертуге тырысады. Сол себептен Алла Өз өзгермес заңдарын қайта жеткізіп, қалпына келтіру үшін адамзат тарихы бойы хабарландырушыларды қайта-қайта жіберіп отырды.
бұрын өткендерге арналған Алланың заңына (суннәтә-ллахи) бойынша. Алланың заңдарында (ли-суннәти-ллахи) өзгерісті таппайсың! (33:62)
Бүкіл дүние жүзінің Жаратушысы Оның заңдарына ешқандай алмастыру жоқ екендігін анық айтты. Ендеше, Оның ұйғарымдарының орнына басқа бірдеңені ұсынуымызға біздің дәтіміз қалай барады?!