Құран басқарушылар жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Монотеистік діндерде періште деген аталымы қалыптасқан табиғаттан тыс (адам үшін) тіршілік иелерінің сипаттамасы бар. Періштелерге, олардың қызметіне әсер ететін, иерархиялық тән. Уикипедия періштелерді осылай сипаттайды:

Періште (көпше: араб.: ملائكة ‎ малайкат; жекеше: араб.: ملاك ‎ малайка) — Аллаһ тағала нұрдан жаратқан құлдары:
Періштелерде жыныс болмайды. Ұйықтау, шаршау, тамақ ішу, қателесу, ұмыту дегенді білмейді. Күнә, кемшіліктен пәк, Құдайдың әмірін мүлтіксіз орындайды, аманатқа өте бекем. Жәбірейіл, Микәйіл, Әзірейіл атты періштелердің әрқайсысына жүктелген қызметтері бар. Құран Кәрімнің Тахрим сүресінің 6-аятында «Алланың әміріне олар қарсы келмейді, бұйырғанын ғана істейді» деп періштелердің негізгі қасиетін баяндайды. Періштелер аспан әлемінде өмір сүреді. Жерге тек Аллаһтың әмірімен түседі. Жәбірейіл періште пайғамбарларға, Мәриямға ер адам кейпінде келіп тілдесіп, Аллаһтың аманатын жеткізген. Мұхаммед пайғамбар ﷺ Періштенің суретін Құран аяттары алғаш түскенде және Миғражға көтерілгенде көрген. Періштелер адамзатқа екі дүниеде: бұл дүние, ақыретте және рухани әлемде бірдей қызмет атқарады. Бұл дүниедегі қызметі: жаңбыр жаудыру, жел тұрғызу, апат, аурулардан қорғау, мұсылмандар құлшылығына, істеген жақсылықтарына куә болу, оларды амал кітабына жазу, мұсылмандарға, ғылым үйренушілерге дұға тілеу, жан алу. Ақыреттегі істері: жан бергеннен сауал алу, жәннат не тозаққа кіргізу, сүр үрлеу, тозақ қақпаларын күзету, жәннатқа кіргендерге қызмет қылу, амал кітабындағы істерге куә болу, момындардың қателіктері мен күнәларына кешірім тілеу.Ислам дінінде Періштелерге сену — иман шарттарының бірі.

Ұсынылған сипаттаманы толығымен жоққа шығара алмаймыз, алайда періштелердің мағыналық сипаттамасын Құранның ұйғарымдарымен толықтырғымыз келіп тұр.
Құрандағы «мәләкун» сөзін қазақша «періште» деп аударудың дәстүрі қалыптасқан, жаңағы араб сөзі «мәләкә» деген түбірден жасалған, аудармасы – «иелену, басқару, істей алу». Түбірлік мағынасын көргеніміздей, «періште» сөзі тура мағынаны жеткізбейді. Мәселен, батыс тілдеріне калька ретінде енген «хабарландырушы, елші» дегенді білдіретін «ἄγγελος» (ангелос) сөзінің мағынасы да араб сөзінің толық мағынасын жеткізбейді, ал тек олардың қызмет түрін ғана атайды, бұл қызмет жайлы ішінара «Құран елшілер жайында» мақаласында айтылған.
Құранда жазылған «мәләкә» сөзінің әрі одан жасалған сөздердің шынайы мағынасын жоғалтпауымыз үшін, біздің тарапымыздан бұл сөзінің «басқарушы» деген қазақ эквиваленті ұсынылады.

Аспан мен күннің Жасаушысына, басқарушыларды екі, үш және төрт қанатқа ие елшілер қылып қойған Аллаға даңқы. Ол жаратылыстың кез келген қалаған нәрсесін үлкейтеді. Алла әр нәрсеге құдіреті жетуші! (35:1)

Бұл үзінді басқарушылардың елші ретіндегі мәртебесін растайды, сонымен қатар бұнда олардың физикалық тұрғыдағы деректері қанаттары түрінде қосымша ашылады.
Қазіргі күйде басқарушылар Жасаушыға берілген, әрі үнемі өздерінің Жаратушыларын даңқтайды:

Басқарушылар Иелерін даңқпен мадақтайды әрі жердегілер үшін кешірім сұрайды. Иә, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (42:5)

Әлбетте, басқарушылардың рөлі тек Үстемді мадақтауменен ғана шектелмейді. Олардың негізгі міндеті Алланың әмірін орындау болып келеді. Адамдармен бірге дұрыс беталыста ілесу олардың басымдықты міндеттерінің бірі болып келеді:

Ол әрі Оның басқарушылары, сендерді түнектерден Нұрға шығару үшін, сендерді сүйемелдейді. (33:43)

Расында, Алла мен Оның басқарушылары хабарландырушыны сүйемелдейді!
Иә сенім артқандар! Хабарландырушыны сүйемелдеңдер және оны мойындауға келісіңдер! (33:56)

Дұрыс бағдардың жүзеге асырудың шарықтау шегі біз хабарландырушылар деп білетін Жасаушының таңдаулыларымен байланыс арқылы болады:

Ол қалаған қызметшісіне Өзінің әмірімен, басқарушыларды Рухпен бірге түсіреді, олар тәңірі тек қана Мен екенін ескертсін деп! Менен сақсыныңдар! (16:2)

Тарих елшілердің қызметіне қиян-кескі қарсыласу оқиғаларына толы, кейде бұл қарсылас адамдар тарапынан зорлық-зомбылыққа айналатын. Бірақ осындай сценарий үшін Жаратушы келесі шарт алдын ала қарастырды:

… ал егер олар оның алдында болғансыса, расында, Алла – оның Жебеушісі, ал Жәбірейіл, түзу сенушілер және басқарушылар осыдан кейін – көмекшілері! (66:4)

Алланың ойластырғаны, қарсыласуға қарамастан, бұлжымай орындалады. Осыны көре тұра, зұлымдар өз дәрменсіздігінде Иенің де, Оның қызметшілерінің де қарсыластары болып кетеді:

Әлдекім Алланың, Оның басқарушыларының, Оның елшілерінің, Жәбірейілдің, Микәйілдің қарсыласы болса, расында, Алла – жабылғандардың қарсыласы! (2:98)

Адамдарды түнектен шығаруға көмек көрсетуімен қатар, басқарушылар басқа міндеттерді де атқарады:

«Сендерге уәкіл етілген өлім басқарушысы сендерді тыныштандырады. Сонан соң Иелеріңе қайтасыңдар!» – деп айт. (32:11)

Басқарушылардың сипатталған «шаруашылық» қызметі Жасаушының алдында қандай да бір есеп беруді талап етеді:

Басқарушылар мен Рух мөлшері елу мың жылға тең бір күнде Оған көтеріледі. (70:4)

Сонымен қатар, Алланың «қабылдауы» басқарушыларға әр-түрлі әмірлердің ұйғарылуын білдіреді:

Сол түнде басқарушылар мен Рух, әр-түрлі әмірмен Алланың рұқсаты бойынша түседі! (97:4)

Өмірлік іс әрекетінің қорытындылары шығарылатын Борыш Күнінің келуі факты сенушілерде шүбә тудырмайды.

Рух пен басқарушылар қатар тұратын күнде, тек Аяушыдан рұқсат алған тұлға ғана сөйлейтін болады! (78:38)

Үстем кімге өз пікірін айтуға рұқсат береді екен? Басқарушыларға, себебі олар адамдар болмысының куәгерлері әрі қатысушылары болып келеді:

Сол күні Ол бәрін жинап, басқарушылардан:
«Осылар сендерге қызмет етті ме?» – деп сұрайды.
Олар: «Даңқы Саған, Сен біздің жебеушімізсің, олар емес! Әрине, олар көрінбейтіндерге қызмет етті, олардың көбісі оларға сенім артты!» – деген жауап береді. (34:40-41)

Араб нұсқасында «джин» деп белгіленген, адамның көзіне көрінбейтін тіршілік иелері жайындағы хабарға назар аудармауға болмайды. Бір кездері «джин»-дер мен басқарушылар бір болғанын біз Адам жаратылуының баяндау мысалынан біле аламыз:

Біз басқарушыларға: «Адамның алдында сәждеге жығылыңдар!» – дегенімізде, олардың барлығы сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол қарсылық көрсетті, әрі тәкаппарланып, жабылғандардан болды. (2:34)

жиналған барлық басқарушылар сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол тәкаппарланып, жабылғандардан болды. (38:73-74)

Түңілгеннің (ібілістің) басқарушылардың командасына тиістілігі шүбә тудырмайды. Осыған сүйене тұра, біз, оларға ортақ, адам көзіне көрінбеушілік сипатын растай аламыз.

Біз басқарушыларға:
«Адамның алдында сәждеге жығылыңдар» – дегенімізде, олар сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол көрінбейтіндерден болды, әрі Иесінің әмірімен шегінді. Оны және оның ұрпағын Менің орныма жебеушілер қылып алайын деп пе едіңдер?! Олар сендердің қарсыластарың! Зұлымдар үшін ауыстырғандары жаман! (18:50)

Ілгерілемелі түрде алға бассақ, біз үшін көрінбейтін тіршілік иелерінің жаратылыс болмысын аша аламаыз:

одан бұрын Біз уланған оттан көрінбейтінді жараттық. (15:27)

Басқарушылар мен жасырындардың айырмашылығы неде? Басқарушылар да адам көзінен жасырылған емес пе, өздерінің қалаулары бойынша көрінген жағадайларын санамаса.
Айырма аббревиатураның сапалы мағынасында байқалады. Естеріңізге түсіріп өтейін, «мәләкун» сөзі «басқарушы» дегенді білдіреді, ал «джин»  «көрінбейтін» дегенді. Басқарушылар деп Алланың еркініне қарсы келмей, Оның барлық әмірін мүлтіксіз орындайтындар аталған, сонымен қатар олардың өз пікірі бар:

Иең басқарушыларға:
«Расында, Мен жерде мирасқорды қоямын!» – деп айтқан кезде, олар:
«Сен оны бүлдіріп, оның үстінде қан төгетінді қояйын деп пе едің? Біз Сені даңқпен мадақтаймыз әрі Сені пәктейміз!» – деген жауап қайтарды. (2:30)

Алланың әмірін орындамайтын басқалардың бәрі «джин»  «көрінбейтін» деген жалпы аталыммен аталады.