Құран тілазарлар жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Барлық уақытта бүкіл дүние жүзінің халықтарында адамға зиян келтіретін теріс күштер жайлы түсінік болатын. Оларға деген қарым қатынас әрі олармен деген күресу тәсілдері әр-түрлі болатын, бірақ барлық адамдар бір пікірге ортақ: жамандық бұл – қарсылас. Біз үшін кім немесе не жау екендігін анықтауымыз үшін Алланың Кітабына, яғни Құранға бет аударайық.

Расында, тілазар – қарсыластарың! Оның қарсыласы болыңдар! Расында, ол өзінің партиясын жалынға қосылуға шақырады! (35:6)

Үстіде келтірілген үзіндіде қарсылас ретінде «шайтан» аталды. «Шайтан» сөзі қазақша «тіл алмау, тентектеу, содырлану» дегенді білдіреді. Біздің жағдайымызда әңгіме пәлен біреуге құлақ аспаушылық жайлы болып отырған жоқ, ал Алланың Өзіне құлақ аспаушылық жайлы болып жатыр. Алланың тілін алмаған алғашқы кім болды?

Біз басқарушыларға: «Адамның алдында сәждеге жығылыңдар!» – дегенімізде, олардың барлығы сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол қарсылық көрсетті, әрі тәкаппарланып, жабылғандардан болды. (2:34)

Енді бізге онымен қарсыласудың себебі анықталды. Жаудан жетістікті түрде қорғану үшін, бірінші кезекте кіммен істес болып жатқанымызды білу қажет.

Біз басқарушыларға:
«Адамның алдында сәждеге жығылыңдар» – дегенімізде, олар сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол көрінбейтіндерден болды, әрі Иесінің әмірімен шегінді. Оны және оның ұрпағын Менің орныма жебеушілер қылып алайын деп пе едіңдер?! Олар сендердің қарсыластарың! Зұлымдар үшін ауыстырғандары жаман! (18:50)

Бұл – көзге көрінбейтін түңілген басқарушы. «Джин» сөзі «джәннун» сөзінен жасалған, бұл сөздің арабшадан аудармасы «жасыру, бүркеу, көзге көрінбейтін болу». Яғни бұл тіршілік иесі біздің көзімізден жасырылған. Сол себептен біз оны көзімізбен көрмедік. Осы тіршілік иелерінің Құрандағы сипаттамасын қарайық.

одан бұрын Біз уланған оттан көрінбейтінді жараттық. (15:27)

Біз оған ол үшін суға сүңгитін әрі ол үшін осы істен басқа іс жасайтын тілазарларды бағындырдық. Біз олардың сақтаушылары болдық. (21:82)

Көрінбейтіндердің арасындағы ашулы:
«Мен онымен сен орныңнан тұрғанға дейін саған келемін, мен күшті және сенімдімін ғой!» – деп айтты. (27:39)

әр-түрлі тілазарларды – құрысшыларды, сүңгуірлерді әрі бұғауға салынған басқаларды. (38:37)

Көрінбейтіндер қандай тіршілік иелері екенін түсінгенімізден кейін, оларға жетістікті түрде қарсы келу үшін олардың адамдарға деген әсер ету әдістерін зерттеу керек.

1) Істерді бояңқырау:

Біздің күшіміз оларға келмей тұрғанда, олар бой ұсынғанда! Алайда олардың жүректері қатыгезденіп кетті, олардың істерін тілазар бояңқырады ғой! (6:43)

Тілазар олардың істерін бояңқырап:
«Бүгін адамдардың арасынан сендерді жеңетін ешкім жоқ. Расында, мен сендерге қосыламын» – деп айтты. Сонан соң екі жасақ көрінген кезде, ол өз ерген жолынан шегінді де:
«Менің сендерге деген қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтін нәрсені көріп тұрмын. Мен Алладан қорқамын, ал Алла болса, жазалауға күшті!» – деп айтты. (8:48)

Алламен ант етемін, Біз саған дейін де болған жетекшілерге жібердік, бірақ тілазар олардың істерін бояңқырады. Сол күні ол олардың жебеушісі болады, әрі оларға – ауыр азап! (16:63)

Сол әйел әрі оның халқы, Алланың орнына, күннің алдында сәждеге жығылатынын көрдім. Тілазар олардың істерін бояңқырады әрі оларды жолдан бездірді. Олар бағытталмаған (27:24)

Ғад пен Самұд халықтары. Олардың тұратын жері сендерге белгілі. Тілазар олардың істерін бояңқырады, бірақ олар көргіш болған! (29:38)

Расында, олар үшін нұсқау айқын болған соң, кейін бұрылғандарды тілазар еліктіріп, оларға өз еркінін таңыды! (47:25)

2) Шақыру, арандатушылық:

Іс шешілгеннен кейін, тілазар:
«Алла сендерге хақ уәдесін уәде етті ғой. Менде уәде еттім, алайда мен сендерді алдадым! Менің шақыруыма жауап бергендеріңнен кейін ғана, менің әмірім сендерге жүретін! Мені сөкпеңдер, өздеріңді сөгіңдер! Мен сендерді көмекке шақырмаймын, сендер де мені көмекке шақырмаңдар! Мені бұрын Аллаға серік ретінде қосқандарыңнан мен жабықпын!» – деп айтты.
Расында, зұлымдарға – ауыр азап! (14:22)

Оларды арандатсын деп жабылғандарға тілазарларды жібергенімізді көрмеп пе едің? (19:83)

Кімге тілазарлар түсетінін айтайын ба? Олар әрбір жала жабатын күнәһарға түседі! Олар тыңдалғанды жеткізеді, бірақ олардың көбісі өтірікші! (26:221-224)

Тілазар тәрізді. Ол адамға:
«Жабыл!» – дегенде, сол адам жабылғаннан кейін, ол:
«Расында, менің саған қатысым жоқ! Мен әлемдердің Иесі – Алладан қорқамын!» – деп айтты. (59:16)

3) Ұмытқызу:

Біздің белгілерімізбен таласатындарды көрген кезде, олар басқа әңгімеге көшпегенше олардан шеттен. Осыны тілазар саған ұмытқызса, есіңе түскеннен кейін, зұлымдармен бірге отырма! (6:68)

Йусуф екеуінің арасынан құтқарылады деп ойлағанына:
«Иеңнің жанында мені есіңе алшы!» – деп айтты.
Бірақ тілазар оған иесіне оны айтуды ұмытқызды. Сөйтіп ол түрмеде бірнеше жылға отырып қалды. (12:42)

4) Аздырма:

Тілазар сені алауыздыққа азғыртса, Алладан қорғаныш ізде, Алла – Естуші, Білуші ғой!
Расында, абай болушыларды тілазардың орағытып өтуі тисе, олар еске түсіріп, көздері ашылады. (7:200-201)

Тілазар сені алауыздыққа азғыртса, Алладан қорғаныш ізде! Расында, Ол – Естуші, Білуші! (41:36)

5) Ой салу, сыбырлау, еліктіру:

«Пайдасы да, зияны да жоқ біреуді Алламен қатар шақырайық па?! Тілазарлар тарапынан жерде еліктірілгендер тәрізді, бізді Алла бағыттаған соң, кейін бұрылайық па?!» – деп айт.
Оның жолдастары оған таңданады. Олар оны: «Бізге кел!» – деп шақырады.
«Шынайы нұсқау – Алланың Нұсқауы! Бізге әлемдердің Иесіне бойұсыну әмір етілді…» – деп айт. (6:71)

Сөйтіп, Біз әр хабарландырушыға адамдар мен көрінбейтіндердің арасынан қарсылас-тілазарларды орнаттық. Олар бір біріне бояңқыралған сөздерді уаһи етеді. Алла қаласа, олар оны жасамайтын еді. Оларды және олардың ойдан шығараған нәрселерін қалдыр… (6:112)

Олардың жаман істерінен екеулерінен жасырылғанды ашу үшін тілазар олардың екеуіне сыбырлады.
Түңілген (ібіліс):
«Сендер басқарушы немесе тұрақты түрде тұрушы болмауларың себепті Иелерің екеулеріңе осы ағашты рұқсат етпеді!» – деп айтты.
Ол: «Расында, мен сендерге шынайы кеңесшімін!» – деп ант берді.
Солай ол екеуін еліктірумен шығарып салды. Олар ағаштан татқан кезде, олардың жаман ісі көрінді. Олар үстіндегі бақтың жапырақтарын жөндей бастады. 
Иелері олардың екеуіне:
«Мен сендер үшін осы ағашқа тыйым салып әрі тілазар сендерге айқын жау екенін айтпап па едім?!» – деген сөз жолдады. (7:20-22)

Тілазар оған сыбырлап:
«Иә Адам, саған мәңгі өмірдің әрі биліктің ашылмаған толық күші ағашын көрсетейін бе?» – деп айтты. (20:120)

Расында, олар үшін түңілгеннің (ібілістің) ойы шындық болып қалды. Солай, олар оған ерді, сенушілердің бір бөлігін санамаса. Оның әмірі оларға жүрмеді, Біздің ақырғы өмірге сенім артатындарды, оған күмәнданатындардан ажыратуымыз үшін ғана болмаса. Иең – әр нәрсенің сақтаушысы! (34:20-21)

6) Алланы еске алудан ауытқу:

Иә сенім артқандар! Ақыл жабатын заттектер, ақшаға ойналатын ойындар, пұттарға арнап құрбан шалынатын жерлер, бал ашатын жебелер – тілазардың былғаныш істерінің бірі! Осылардан шеттеніңдер, мүмкін жетістікке жетерсіңдер!
Расында, тілазар ақыл жабатын заттектер және ақшаға ойналатын ойындар арқылы араларыңда қастастық пен жек көрушілікті тудырғысы келіп тұр, және де сендерді Алланы еске алудан және байланысқа шығудан ауытқытқысы келіп тұр. Тыйыласыңдар ма? (5:90-91)

«… Маған Ескерту келген соң, ол мені одан жаңылдырды ғой!» – деп айтады.
Расында, тілазар адамды тастап кетеді. (25:29)

7) Жолдан жаңылдыру:

Тілазар оларды оған сүріндірді де оларды тұрып жатқан жерлерінен шығарып жіберді. 
Біз: «Кетіңдер. Біреулерің басқаларыңа жаусыңдар. Жер сендерге мекендеулерің әрі уақытша қолдануларың үшін!» – деп айттық. (2:36)

Расында, екі жасақ кездескен күні, сендердің араларынан теріс айналған бөлікті тілазар оларды тапқандары үшін сүріндірді. Алла оларды кешті, Алла – Кешіруші, Жұмсақ қой! (3:155)

8) Жасырын әңгіме:

Расында, жасырын әңгіме – тілазардан, сол арқылы ол сенім артқандарды қайғыға батырғысы келеді. Сол әңгіме тек Алланың рұқсатымен ғана зиянын тигізе алады. Сенушілер Аллаға тәуекел етсін! (58:10)

9) Қорқыту:

Расында, бұл тілазардың сендерді өзінің жебеушілігінің астындағыларымен қорқытуы. Бірақ олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, сенім артсаңдар! (3:175)

10) Тілазардан келген арман:

Алла оны лағынеттеді!
Ол: «Мен міндетті түрде Сенің қызметшілерінің бір бөлігін аламын. Мен оларды жаңылдырамын және оларда құмарлықты тудырамын. Оларға малдың құлағын кесуді әмір етемін. Алланың жаратқандарын өзгертсін деп әмір етемін!» – деп айтты.
Кім тілазарды Алланың орнына жақтаушы қылып алса, сол айқын зарар шекті! Ол оларға уәде береді және құмарлық тудырады, бірақ тілазар оларға тек азғыруды уәде етеді! (4:118-120)

Саған дейін де Біз елші мен хабарландырушыны, ол армандап отырған кезде, тілазар оның армандарына бір-нәрсе тастамағанымен жібермедік. Алла тілазардың салған нәрсесін жояды, сонан соң Алла Өз белгілерін бекітеді! Расында, Алла – Білуші, Дана! 
Бұл тілазар салған нәрсені жүректері ауру және қатыгездерге сынақ етіп қою үшін! Расында, зұлымдар терең бөлінуде ғой! (22:52-53)

11) Алауыздық

Менің қызметшілеріме ең жақсы нәрсені айтсын деп айт. Расында, тілазар олардың арасында алауыздық тудырады! Расында, тілазар адам үшін – айқын қарсылас! (17:53)

Келтірідген үзінділерден көргеніміздей, тілазардың адамға деген әсер ету әдітері әр-түрлі, оларға ілігіп қалу өте оңай. Осыған байланысты, Алла бізді Кітапта одан алдын ала сақтандырады:

Иә адамдар! Жер бетіндегі рұқсат етілген, пайдалы нәрселерден жеңдер, әрі тілазардың ізіне ермеңдер! Расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! (2:168)

Иә сенім артқандар! Бойұсынушылыққа толықтай кіріңдер әрі тілазардың ізіне ермеңдер! Расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! (2:208)

Өсім алушылықтың арқасында тамақтанып жүргендер, тілазар есуастықпен соққы жасаған адам тәрізді ғана өмір сүреді. Бұл олардың:
«Расында, сауда келісімдері өсімге тәрізді!» – деп айтқандары үшін, бірақ Алла сауда келісімдерге рұқсат етіп, өсімге тыйым салды!
Кім Иесінің алдын ала сақтандыруы өзіне келгеннен кейін, өсіммен қолданудан тиылса, оның өзінде алдында бар болғаны қалады, ал оның ісі Аллада. Ал кім қайта оралса, солар отқа қосылып, оның ішінде қалады. (2:275)

Аллаға және Ақырғы күнге сенім артпай, мүлігін өз екіжүзділігінен адамдардың алдында тарататындарға, тілазар олар үшін жақын болып кеткендерге, ал ол болса нашар жақын, (4:38)

Алланың аты ескерілмеген нәрсені жемеңдер! Расында, бұл – жолдан тайғандық қой! Тілазарлар жебейтіндеріне сендермен даулассын деп уаһи етеді! Оларды тыңдасаңдар, Аллаға серік қосушылар болып қаласыңдар ғой! (6:121)

Мал тасу үшін әрі үйдегі қолданыс үшін. Алла сендерді ризықтандырғаннан тамақтаныңдар әрі тілазардың ізіне ермеңдер, расында, ол сендерге – айқын қарсылас! (6:142)

Иә Адам балалары! Тілазар жаман істерін көрсету үшін ата-аналарыңның абай болушылық киімдерін шешіп тастап, оларды бақтан шығарып тастағандай сендерге де ылаң салмасын. Ол және оның руы сендер оларды көре алмайтын жерден сендерді көреді. Расында, Біз тілазарларды сенім артпайтындардың жебеушілері етіп қойдық! (7:27)

«Иә ұлым! Көргеніңді бауырларыңа айтпа, әйтпесе олар саған қарсы қулық ойластырады! Расында, тілазар адамға айқын қарсылас қой!..» (12:5)

«… Иә әкем! Тілазарға қызмет етпе! Расында, тілазар Аяушыға бағынбайды! 
Иә әкем! Саған Аяушының азабы тиіп, сен тілазардың жебеушілігінде болып қаласың деп қорқамын!» (19:44-45)

Иә сенім артқандар! Тілазардың ізіне ермеңдер! Кім тілазардың ізіне ерсе, расында, соған ол шектен тысқарылық пен жағымсыздық істеуге әмір етеді! Сендерге деген Алланың артықшылығы болмаса, әрі Оның мейірімі болмаса, сендердің араларыңнан ешкім ешқашан ақталмас еді! Алайда, кім қаласа, Алла соны ақтайды. Алла – Естуші, Білуші! (24:21)

Оларға:
«Алла сендерге түсіргенге еріңдер!» – делінгенде, олар:
«Әрине, әкелеріміз тапқан нәрсеге ереміз!» – деген жауап берді.
Тілазар оларды алаудың азабына шақырса да ма? (31:21)

Кім Аяушыны еске алудан соқыр болса, соған біз тілазарды жібереміз, әрі ол оған байланған болады! (43:36)

Ежелгі латындардан бізге: «ескертілген – демек қарулы» – деген қанатты сөз келді. Енді, түңілген басқарушы (ібіліс) және оның руы жайлы «ақпаратпен» қаруланған кезімізден кейін, оған қарсы тұру тәсілдерін меңгеріп алу тиіспіз.

Туғаннан кейін ол:
«Ием! Расында, мен қыз тудым!» – деп айтты.
Алла оның кімді туғанын одан жақсырақ білді, ұл қыз сияқты емес қой.
«Мен оған Мәриям деген ат қойдым. Міне мен оны әрі оның ұрпағын қарғысталған тілазардан Сенің қорғауына беремін!» (3:36)

Тілазар сені алауыздыққа азғыртса, Алладан қорғаныш ізде, Алла – Естуші, Білуші ғой!
Расында, абай болушыларды тілазардың орағытып өтуі тисе, олар еске түсіріп, көздері ашылады. (7:200-201)

Құранды декламациялаған кезіңде, қарғысталған тілазардан қорғану үшін Аллаға жүгін! Расында, сенім артып, Иелеріне тәуекел еткендерге, оның әмірі жүрмейді! Оның әмірі тек Одан теріс айналып, Оған серік қосқандарға ғана жүреді! (16:98-100)

«Ием, тілазарлардың арандатушылығынан Сенен қорғаныш іздеймін! Ием, олардың келуінен де Сенен қорғаныш іздеймін!» – деп айт. (23:97-98)

Бәрін тілазарға аудару қателік болар еді. Адамдар да азғырушы бола алады ғой, әрі дәл сондай қарсылас бола алады емес пе.

Олар, сенім артқандарды кездестірген кезде: 
«Біз сенім арттық!» – дейді, 
ал тілазарлармен жалғыз қалған кезде: 
«Расында, біз сендерменбіз. Біз жай ғана тәлкектеп жүрміз ғой!» – дейді. (2:14)

Олар Сүлейменнің патшалығында оқылған нәрсеге ерді.
Сүлеймен жабылған болған жоқ, бірақ тілазарлар жабылған болды. Олар адамдарды сиқырға әрі Вавилонда Харут пен Марут деген екі басқарушыға түскен нәрсеге үйретті. Бірақ:
«Расында, біз азғырып отырмыз. Жабылған болмасаңшы!» – деп айтпас бұрын олар екеуі ешкімді үйретпейтін.
Олар олардан күйеуді әйелінен ажырататын нәрсеге үйренетін. Олар бұл арқылы тек Алланың рұқсатымен ғана зиян келтіре алатын. Олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда әкелмейтін нәрсеге үйренетін. Бұған ие болғандар, олардың Ақырғы өмірде сыбағасы жоқ екендігін білетін. Расында, олар өздерін сатқан нәрселері нендей жаман екенін білгенде! (2:102)

Саған түсірілгенге және саған дейін түсірілгенге сенім арттым деп айтатындар жайлы ойламап па едің? Шешім шығару үшін олар шектен шығушылыққа жүгінеді, оларға одан жабылу әмір етілгенге қарамастан. Тілазар оларды жолдан терең адасушылыққа жаңылдырғысы келеді! (4:60)

Сенім артқандар Алланың жолында соғысады, ал жабылғандар шектен шығушылықтың жолында соғысады. Тілазардың жебеушілерімен соғысыңдар, тілазардың қастандығы әлсіз ғой! (4:76)

Сөйтіп, Біз әр хабарландырушыға адамдар мен көрінбейтіндердің арасынан қарсылас-тілазарларды орнаттық. Олар бір біріне бояңқыралған сөздерді уаһи етеді. Алла қаласа, олар оны жасамайтын еді. Оларды және олардың ойдан шығараған нәрселерін қалдыр… (6:112)

Бір бөлігі бағытталған, ал басқа бөлігі шынайы түрде жаңылған. Олар тілазарларды Алланың орнына жебеушілер қылып алып, өздерін бағыттанған санайды ғой! (7:30)

Бізден белгілерге ие болып, оларды лақтырып тастаған жайлы хабарды оқы. Ол тілазардың артынан ерді де адасқандардың арасынан болып қалды. (7:175)

Жақын туысқа оған тиістісін бер, әрі кедейге де, жолаушыға да, бірақ ысырап етіп жұмсама, расында, ысырапқорлар – тілазардың бауырлары, ал тілазар болса Иесінен жабылған! (17:26-27)

Тілазарға қатысты Алланың кеңесін елемеушілік қандай жағдайға апара алады? Адасушылыққа апаратыны анық, және нәтиже ретінде Алланың азабына апарады.

Аллаға көрінбейтіндерді серік қосты, Оған білместіктен ұлдар мен қыздарды орынсыз қосты, Ол оларды жаратқанына қарамастан! Мадақ Оған, Ол Оған қосқан нәрселерден жоғары! (6:100)

Сол күні Ол олардың бәрін жинап:
«Иә көрінбейтіндер қоғамы! Сендер адамдардан көп нәрсе алдыңдар!» – деп айтады.
Олардың жебеушілігіндегі адамдар:
«Иеміз! Біріміз басқаларымызды пайдаландық. Біз тағайындалған мерзімімізге жеттік!» – деген жауап береді.
Ол: «От – тұрақтарың! Оның ішінде қаласыңдар, Алланың басқа нәрсені қалауын санамаса!» – дейді.
Расында, Иең – Дана, Білуші!
Осылайша, тапқандары үшін зұлымдардың бірін басқаларына жақындатамыз!
«Иә көрінбейтіндер мен адамдар қоғамы! Сендерге Біздің белгілеріміз жайлы хабарлап әрі осы күннің кездесуі жайлы алдын ала ескертіп, араларыңнан елшілер келмеп пе еді?» 
Олар: «Біз өзімізге қарсы куәлік береміз!» – деп жауап береді.
Таяу өмір оларды еліктірді, әрі олар жабылған болғанбыз деп өздеріне қарсы куәлік берді! (6:128-130)

Иеңмен ант беремін, Біз оларды және тілазарларды жинаймыз!
Сонан соң оларды Тозақтың айналасына тізерлеп қоямыз. (19:68)

Адамдардың арасында Алла жайлы білімсіз таласатындары бар. Олар әр аусар тілазарға ереді. Оны кім жебеуші қылып алса, соны ол жаңылдырып, алау азабына бағыттайды деп ұйғарылған! (22:3-4)

Тілазар сендерді ауытқытпасын, расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! (43:62)

Олар – тілазардың партиясы! Иә, расында, тілазардың партиясы – зарар шеккендер! (58:19)

Алла тілазарларға деген қарым-қатынасын бір мағыналы түрде білдірді, бұл – осы өмірде де салдары бар қарғыс:

Расында, Біз оны кез келген қарғысталған тілазардан қорғаймыз, (15:17)

Расында, таяу аспанды Біз шырақтармен әшекейлендірдік, әрі бүлік шығарушы тілазардан қорғадық. Олар жоғарғы шонжарларды тыңдамайды. Олар жеңіліп, әр жаққа шашылып жатыр. Олар үшін – тынымсыз азап, жедел жұлып, бірақ күл қылып жіберетін тесіп өтушімен қуғынға ұшырағанды санамаса! (37:6-10)

Біз таяу аспанды шамшырақпен әшекейлендірдік әрі оларды тілазарларды қарғыстайтын етіп қойдық. Біз оларға алау азабын дайындадық! (67:5)

Түңілген басқарушының (ібілістің) әрекет өрісі Алланың адам үшін тағайындаған тура жолы – «сыроталь мустақим» болып келетінін ескергім келіп отыр.

Ол: «Мені адастырғаның үшін мен міндетті түрде сенің тура жолында оларға қарсы отырып аламын. Сонан соң мен оларға алдынан да, артынан да, оң жақтан да, сол жақтан да келемін. Сен олардың көбісін алғысты түрде таппайсың!» – деп айтты. (7:16-17)

Сөйтіп, сенушілер нақ тура жолда тілазардың «қысымына» түсетіні бізге түсінікті болды!