Құран көрінбейтін тіршілік иелері жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адамзат өмірінде мистикалық құбылыстар зор орын алады. Көне гректерде бақыланатын, шығыс нанымдарда байқалатын, барлық діндерде орын алатын мистика толығымен көрінбейтін мүмкіндіктерге сүйенеді. Бұл факттың себебі тылсым күштерімен байланысуға ұмтылуында, бұның арқасында адамдар жан мен тәннің тым жоғары деңгейлі күйіне жетуге үміттенеді, және де оларды осы дүниенің мақсатында қолдануға талпынады. Арғы беттегі күштердің көзі ретінде әбден ақыл-есі бар тіршілік иелері болып кедеді. Бұндай жаратылыстардың сипаттамасын Құранда да таба аламыз.

Құранда адам көзінен жасырынған, үлкен мүмкіншіліктерге ие ақыл-есі бар тіршілік иелері «джин» деген сөзбен аталады, бұның мағынасы «жасырынған, көзге түспейтін, көрінбейтін».

Жындар (бұдан әрі – көрінбейтіндер) да адамдар тәрізді өздерінің Жаратушысына қызмет етуге жаратылған:

Мен көрінбейтіндер мен адамдарды Маған қызмет етулері үшін жараттым! (51:56)

Адамның шектеулі мүмкіндіктері үшін адамдар көрінбейтін тіршілік иелерінің табиғатын эмпирикалық жолмен зерттей алмайды, алайда Кітапта олардың табиғатының мәні берілген.

ал одан бұрын Біз уланған оттан көрінбейтінді жараттық. (15:27)

Көрінбейтін аралас оттан жаратылған. (55:15)

Тым зор физикалық әрі психикалық мүмкіншіліктерге ие бола тұра, көрінбейтін жаратылыстар қорқыныш пен қалтырау тудыратын, бұл оларды Құдай тұтуынан көрінетін.

Аллаға көрінбейтіндерді серік қосты, Оған білместіктен ұлдар мен қыздарды орынсыз қосты, Ол оларды жаратқанына қарамастан! Мадақ Оған, Ол Оған қосқан нәрселерден жоғары! (6:100)

Иенің нұсқауысыз адам ақылы көзге түспейтін тіршілік иелері тек әр-түрлі болатынын ғана түсінді. Бұл жайлы келтірілген аят хабарлайды, онда ұл мен қызға бөлушілік қате түсінік деген ақпарат жеткізілді. Көрінбейтін тіршілік иелерінде ұрпақтары бар болуы фактын мойындаушылық қана қате болып келмейді:

Біз басқарушыларға:
«Адамның алдында сәждеге жығылыңдар» – дегенімізде, олар сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол көрінбейтіндерден болды, әрі Иесінің әмірімен шегінді. Оны және оның ұрпағын Менің орныма жебеушілер қылып алайын деп пе едіңдер?! Олар сендердің қарсыластарың! Зұлымдар үшін ауыстырғандары жаман! (18:50)

Алла өзінің уәдесімен байланысты қателерді түзету үшін адамдарға елшілерді дүркін-дүркін жіберіп отырды. Надандардың «сірескен» көзқарасын жеңіп шығу үшін елшілер көп жағдайларда ерекше мүмкіншіліктерге иеленген. Соның ішінде, Сүлейменнің асқын мүмкіншіліктерінің бірі көрінбейтін тіршілік иелерінің оған бағынуы болды.

Сүлейменге оның көрінбейтіндерден, адамдардан әрі құстардан тұратын әскері жиналды. Олар бөлінді. (27:17)

Көрінбейтіндердің арасындағы ашулы:
«Мен онымен сен орныңнан тұрғанға дейін саған келемін, мен күшті және сенімдімін ғой!» – деп айтты. (27:39)

Сүлейменге Біз бір айда барып-қайтатын желді бағындырдық. Біз оған сақиналарды қатар жалғастыру тәсілін бердік.
Оның алдында Иесінің рұқсатымен жұмыс істейтін көрінбейтіндерді бағындырдық. Кім Біздің әмірімізден ауытқыса, Біз соған жалынның азабын татқызамыз! (34:12)

Біз оған өлім жіберуді шешкеннен кейін, оның өліміне асасын жеп қойған жер жануары сілтеді. Ол өліп түскеннен кейін, олар жасырынды білгенде, қорлаушы азапта болмаушы еді екендігі көрінбейтіндерге анық болды. (34:14)

Көрінбейтіндерге де Жасаушыға қызмет ету жүктелгендіктен, үгіт оларды да айналып өткен жоқ.

Біз саған Құранды естісін деп көрінбейтіндердің тобын жіберген кезде, олар оған келгеннен кейін:
«Құлақ асыңдар!» – деді.
Және аяқталғаннан кейін, олар өз халқына ескертумен сөз жолдады. (46:29)

«Бірнеше көрінбейтін естіді деген маған уаһи келді, олар: «Расында, біз ғажап Құранды естідік!..» – деді» – деп айт. (72:1)

Ақыл, таңдау еркіндігінің бар болуы әрі ұрпаққа ие болу қабілеттілігі бізді көрінбейтіндермен бірлестіреді. Айқын болғандай, айырмашылық тек табиғи қабықта. Осыған сүйене тұра, Құрандағы сөз жолдау көп жағдайларда екі тіршілік иесіне бірдей арналған.

Иә көрінбейтіндер мен адамдардың қоғамы! Аспандар мен жердің шегінен өте алсаңдар, өтіңдер! Сендер тек әмір бойынша ғана өтесіңдер. (55:33)

Жүріс-тұрыс пен ниеттің ортақтығы іс-әрекет ортақтығын талап етеді. Біздің көзімізден жасырындардың көбісі, адамдар сияқты, трансценденттік көзге жағымсыз қарайды. Сондықтан оған деген сенімді жою үшін олар қарапайым өтірікке дейін төмен түседі.

Расында, біз адамдар мен көрінбейтіндер Алла жайлы өтірік айтады деп ойламаптық! (72:5)

Бірақ өтірік шындықтың келуімен жоқ болады. Ал шындық Алланың Кітабында түйіледі, оны бұрмалау жаратылғандарға мүмкін емес.

«Осы Құранға ұқсасын беру үшін адамдар мен көрінбейтіндер жиналса, олар ұқсасын бермейтін еді, олардың бірілері басқаларына көмекші болса да!» – деп айт. (17:88)

Өзінің қасарысып мойындамауында адамдар мен көрінбейтіндердің тандемі Иелерінің елшілеріне зиян келтіруге барынша тырысатын. Сондықтан, олар біз үшін қарсылас болып келеді.

Сөйтіп, Біз әр хабарландырушыға адамдар мен көрінбейтіндердің арасынан қарсылас-тілазарларды орнаттық. Олар бір біріне бояңқыралған сөздерді уаһи етеді. Алла қаласа, олар оны жасамайтын еді. Оларды және олардың ойдан шығараған нәрселерін қалдыр… (6:112)

Адамдар мен көрінбейтіндердің өзара әрекеттестігі ешбір жақсылыққа жетелемейді, себебі көрінбейтіндердің адам миына әсер етуі өте зор, әрі психикалық ауытқуға жетелей алады.

Расында, оның ішінде адам ерлері көрінбейтіндердің ерлеріне жүгінгені бар, бірақ олар оларға деген езгіні арттыратын! (72:6)

Адасушылықта қалуға деген ерікті ұмтылыс адамның жағдайын тек ауырлатады. Өзіне тәріздес тұлға бола тұра, адамдар өздеріне негатив тартады.

Біз оларға, алды мен артыларындағын бояңқыраған, серіктестерді тағайындадық. Өздерінен бұрын, көрінбейтін мен адамдардың арасынан, келгендер жайлы сөз олар үшін расталды. Расында, олар зарар шегуде болып қалды! (41:25)

Оларға дейін келген көрінбейтіндер мен адамдардың басшылықтарының сөзі олар үшін расталды! Расында, олар зарар шегуде болып қалды! (46:18)

Біз өмірлік іс әрекетіміз туралы өзімізге есеп бермейміз. Бәріне жауап беру тура келеді. Бұған сенбейтіндер, имендіретін болмысқа тап болады.

Біз Тозақ үшін көптеген көрінбейтіндер мен адамдарды жараттық, олардың жүректері ұқпайды, көздері көрмейді, құлақтары естімейді. Олар мал тәрізді! Әрине, олар артығырақ адасқан! Олар елемейтіндер! (7:179)

Борыш Күніне деген сенімнің жоқтығында осыны тәлкектеу және елемеу оңай келеді. Бірақ сенушілер үшін осындай тұлғалардың сыбағасы анық.

Сол күні Ол олардың бәрін жинап:
«Иә көрінбейтіндер қоғамы! Сендер адамдардан көп нәрсе алдыңдар!» – деп айтады.
Олардың жебеушілігіндегі адамдар:
«Иеміз! Біріміз басқаларымызды пайдаландық. Біз тағайындалған мерзімімізге жеттік!» – деген жауап береді.
Ол: «От – тұрақтарың! Оның ішінде қаласыңдар, Алланың басқа нәрсені қалауын санамаса!» – дейді.
Расында, Иең – Дана, Білуші!
Осылайша, тапқандары үшін зұлымдардың бірін басқаларына жақындатамыз!
«Иә көрінбейтіндер мен адамдар қоғамы! Сендерге Біздің белгілеріміз жайлы хабарлап әрі осы күннің кездесуі жайлы алдын ала ескертіп, араларыңнан елшілер келмеп пе еді?» 
Олар: «Біз өзімізге қарсы куәлік береміз!» – деп жауап береді.
Таяу өмір оларды еліктірді, әрі олар жабылған болғанбыз деп өздеріне қарсы куәлік берді! (6:128-130)

Алла: «Сендерге дейін өткен көрінбейтіндер мен адамдардың басшылықтардың арасына отқа кіріңдер!» – дейді.
Кіріп жатқан басшылық әр жолы басқасын лағынеттейтін. Олар толығымен толтырғаннан кейін, ақырғылар арасындағы алғашқылар жайлы:
«Иеміз! Осылар бізді жаңылдырды, оларға оттың екі еселік азабын жіберші!» – деп айтты.
Ол: «Әрқайсысыңа екі еселік, бірақ сендер білмейсіңдер!» – деген жауап берді. (7:38)

Олар: «Даңқы Саған, Сен біздің жебеушімізсің, олар емес! Әрине, олар көрінбейтіндерге қызмет етті, олардың көбісі оларға сенім артты!» – деген жауап береді. (34:41)

Жабылғандар: «Иеміз, адамдардың әрі көрінбейтіндердің арасынан бізді жаңылдырған екеуін бізге көрсетші. Ең төменгі болсын деген мақсатпен біз оларды аяқтарымыздың астына орнатамыз!» – деді. (41:29)

Сол күні айыптылықтар жайлы адам да, көрінбейтін де сұранбайды! (55:39)

Адамдарға тылсым күштерімен байланысудың арқасында қол жеткен тылсым қабілеттеріне елігудің қажеті жоқ. Тіпті Алланы мойындау да жазадан құтқарылуға кепілдік бермейді, себебі біз дәп істеріміз үшін сотталамыз.