Ғибадат қылуға жарамсыз сәжде жасайтын орындар

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

 

Діни жүйесі басқа да жүйелер сияқты жедел ықпал ету нүктелеріне мұқтаж. Исламда сондай нүктелер болып мешіттер – сәжде жасайтын жерлер келеді. Оларға билік жүргізетін кез келген идеология немесе саяси күш оларды белгілі бір мақсаттарда қолданады. Негізінде, бұл қисыны бар әрі қалыпты жағдай болып келеді. Бірақ, бұндай басқарудың дұрыстығына көз жеткізу үшін, бұны Құранда жазылған мешіттер сапасының сипаттамасымен салыстыру керек.
Адамзат тәжірбиесінде Аллаға қызмет етушілік Оның заңдарына сәйкес келмеген әрі Оның Кітабына негізделмеген сорақылық жағдайлар бар. Алламен бірге басқаларға табынатын адамдардың осындай әрекеттерін Үстем үзілді-кесілді түрде мінеп-шенейді.

 

Үйдің жанындағы сиыну байланыстары тек ысқыру мен қол шапалақтау ғана болды! Жабылған болғандарың үшін азапты татыңдар! (8:35)

 

Аллаға серік қосушылардың, өздерінің жабылғандары жайлы куәлік бере тұра, Аллаға сәжде қылатын орындарды қалпына келтіргендері болған емес! Осындайлардың істері сәтсіз аяқталады, әрі олар отта қалатын болады!
Расында, Аллаға әрі Ақырғы күнге сенетін, сиыну байланысына шығатын, ақтайтын шығын шығаратын әрі тек Алладан ғана қорқатындар, осылар – Аллаға сәжде қылатын орындарды қалпына келтіреді! Мүмкін, осындайлар бағытталар!
Қажының шөлін қандыру әрі шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын орынды салу, Алла мен Ақырғы күнге сенетіндердің әрі Алланың жолында ынталанатындардың істерімен, тең бе еді?! Олар Алланың алдында тең емес, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (9:17-19)

 

Бұл мінеушілік қисынды болып келеді. Егер Алланың Кітабына еруге шақырудың орнына Құдайдікі деп танылған адамдардың нұсқамалары таңылса (яғни адамдардың заңдарына Алланың авторлығы жапсырылып қойылады), сонда сәжде жасайтын орнының құдайлық маңызы жойылады. Игі істер үшін салынған ғимарат нұрды тарата алмайтын өлі құрылысқа айналады. Өлі мешітті қалай анықтауға болады? Жауабы келесі үзіндіде:

Аллаға сәжде жасайтын орындарды зиян үшін, жабықтық үшін, сенушілердің арасын бөлу үшін және Алла мен Оның елшісімен бұрын соғысқандарды аңду үшін жасайтындар, міндетті түрде:
«Біз тек жақсылықты ғана қаладық!» – деп ант береді, бірақ олар, расында, өтірікші екеніне Алла куәлік береді! (9:107)

 

Үзіндіде көргеніміздей, зиян келтірушілік, құдайдың белгілерін жоққа шығарушылық, Аллаға бойұсынғандарды бөлушілік әрі әлгі жерді пассионарлы сенушілерді бейтараптандыру мақсаттарында қолданушылық жасаушылардың жалған ниеттерін көрсетеді. Бұл жағдайда не істеу керек? Жауабы келесі үзіндіде:

Оның ішінде ешқашан тұрма. Алғашқы күнінен бастап абай болушылыққа негізделген сәжде жасайтын жер сенің тұруыңа лайығырақ. Оның ішінде тазарылуды жақсы көретін адамдар бар. Расында, Алла тазарылатындарды сүйеді! (9:108)

 

Бұндай мешітте болушылық сенушілер үшін қауіпті келеді. Осындай мешітте болудың қаупі неде? Сол мешітпен бірге ОТҚА күрудің мүмкіндігінде.

Қайсысы жақсырақ? Өз ғимаратын Алладан абай болушылыққа әрі Оның ризашылығына негіздеп салған кісі ме, немесе өз ғимаратын опырылып жатқан құлама беткейге негіздеп салып, онымен бірге Тозақ отына құлап жатқан кісі ме?! Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! Олар салған ғимарат жүректеріндегі күмәнді жоя алмайды, жүректері жарылмаса ғана! Расында, Алла – Білуші, Дана! (9:109-110)

 

Мешіт, ғибадатхана немесе үй болсын, Аллаға қызмет етуде Кітапқа ауытқымай ерушілік пен Алладан басқа біреулерге жалбарынудан бас тарту өте маңызды болып келеді:

Расында, сәжде жасайтын жерлер Аллаға тиесілі. Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар! (72:18)

 

Алладан басқа біреулерге жалбарынуға ғана тыйым салынбайды, денемен қызмет етуді білдіру ретінде сәжде жасауға да болмайды.

Оның белгілерінен – күн мен түн, күн мен ай. Күн мен айдың алдында сәждеге құламаңдар, оларды жаратқан Алланың алдында сәждеге құлаңдар, Оған қызмет етсеңдер! (41:37)

 

Бұл тыйым іс жүзінде барлық діндерде бұзылады. Ислам ерекше емес. Бүкіл әлем мешіттерінің көбісінде жарты ай орнатылған, бұл – көне ай тәңірінің рәмізі. Бұл фактіге назар аудармай, сенушілер өздерінің сиынудағы діни рәсімдері автоматты түрде күмбездегі рәмізге де қатысты екенін түсінбейді. Осыны ақтайтын көп сөз естуге болады, бірақ бұл тыйымның мәнін өзгертпейді – Айдың алдында сәждеге құлауға болмайды.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, салынған мешіттердің көбісі сенушілер үшін сиыну байланысына тыйым салынған болып келеді. 9:107 – де сипатталған тыйым салынған мешіттердің белгілері айқын көрініп тұр:

1) ақиқаттан ауытқытатын Құраннан тыс маңыздардың зияндығы;
2) Алланың белгілерінен жабылғандық (куфр);
3) сенушілерді ағымдар мен секталарға бөлушілік (суннит, шиит, мазхабтарға);
4) басқаша ойлаушыларды құғын-сүргінге ұшыратушылық.

Осындай жағдайда қандай шешім табуға болады? Мұса мен Харұн хабарландырушылардың мысалдары өнегелі. Алла Перғауынның құлдығында болған олардың халқына тұрғын үй сиыну байланысы орны әрі Аллаға қызмет ету орны бола алатындығын айтып, қиын жағдайдан шығу жолын көрсетті.

Біз Мұса мен оның бауырына: «Расында, халықтарың үшін Мысырда үйлер салыңдар. Үйлеріңді бағдар қылып, сиыну байланысына шығыңдар. Сенушілерді қуант!» – деп уаһи еттік. (10:87)

 

Тұратын жеріндегі мешіттер келуге тыйым салынғанға сәйкес келсе, Аллаға қызмет етушілік тиісті болуы үшін сенуші мұсылмандарға өз үйлерінде жиналуға болады.