Құран сәжде жасайтын орын жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Әр сенушінің өміріндегі ең маңызды іс болып Аллаға қызмет ету келеді. Бұл іс оның ішкі күйіне де, қоршаған әлеммен қарым-қатынасына да әсерін тигізеді. Иеге қызмет ету дегеніміз Оның заңдарына бағыну деген сөз. Үстемге қызмет етудің бір түрі болып Оған сәжде жасайтын орынды құру келеді.
Құранда сәжде жасайтын орны тақырыбы шартты түрде екіге бөлінеді: шайқасқа тиым салынған сәжде жасайтын жер әрі жалпы түрдегі сәжде жасайтын жер.
Сенушінің өмірінде шайқасқа тиым салынған сәжде жасайтын жер ерекше орын алады.
Расында, адамдар үшін алғашқы үй болып берекелі әрі халықтарды бағыттаушы Беккедегі үй келеді. (3:96)
Бұл құрылыс сенуші пікірлестердің жиналуларына арналған, оның ішінде құдайдікінен басқа заңдар мен ұйғарымдарға орын жоқ, бұл оның қарапайым тұрғын үйлер мен қызмет бөлмелерден айырмашылығы.
Нық орнатылған үйді адамдардың кездесуіне қауіпсіз орын етіп тағайындаған кезімізде: «Ибраһимнің орнын Алламен байланысуға арналған орын етіп қойыңдар!» – деп ұйғардық.
Біз Ибраһим мен Исмаилге: «Менің үйімді, – айналып өтетіндер, арнайтындар, тізе бүгетіндер және сәжде ететіндер үшін, – тазартыңдар!» – деп міндеттедік. (2:125)
Үстем өзінің Мухаммад елшісіне Борыш Күніне дейін сенушілерге тұрақты бағдар болатын құрылысты көрсетті.
Сен көзіңді аспанға көтергеніңді Біз көрдік. Біз саған өзің ырза болатын бағдарды міндетті түрде артамыз. Жүзіңді шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жер жаққа аудар. Қайда болсаңдар да, жүздеріңді сол жаққа аударыңдар.
Расында, өздеріне Кітап берілгендер, бұл – Иелерінен ақиқат екенін біледі. Алла олардың істеп жүрген нәрселерінің ешқайсысын байқамай қалмайды. (2:144)
Қайдан шықсаң да, жүзіңді шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жерге аудар. Расында, ол – Иеңнен ақиқат қой. Алла істеп жүрген нәрселеріңнің ешқайсысын байқамай қалмайды! Қайдан шықсаң да, жүзіңді шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жерге аудар. Қайда болсаңдар да, зұлымдардан басқа адамдарда сендерге қарсы дәлел болмас үшін, жүздеріңді сол жаққа аударыңдар. Олардан қорықпай, Менен қорқыңдар, Мен сендерге деген жарылқауымды аяғына дейін жеткізуім үшін, мүмкін, бағытталарсыңдар! (2:149-150)
Аллаға сәжде жасайтын басқа жерлерде, адам, әбігерліктен безіп, тек Жасаушыға жалбарынғаннан басқа өз сенімінің ұстанымдарын талдау керек, егер де олар Кітаптан ауытқыса, оларды түзеу керек.
«Ием маған мөлшерлестікті әмір етті. Кез келген сәжде жасайтын орынның маңында келбеттеріңмен тік тұрыңдар және Алланың алдындағы міндетке берілгендік танытып, Оған жалбарыныңдар. Әуелде жаратылғандарыңдай, қайтадан жаратыласыңдар!» – деп айт. (7:29)
Сонымен қатар, Иеміз барлық дүниелік нәрселерден бас тартуға әмір берген жоқ. Керісінше, Үстем мешіттерде таза әрі әдемі көрінуді ұйғарады.
Иә Адамның балалары! Сәжде жасайтын әр орынның маңында өздеріңді зейнеттеңдер. Жеп, ішіңдер, бірақ ысыраптамаңдар. Расында, Ол ысырапқорларды сүймейді! (7:31)
Алайда, пәлен бөлме «мешіт» деп аталса да, ол автоматты түрде Аллаға ұнамды деуге болмайды. Үстемнің сәжде жасайтын жерге деген көзқарасының мысалы болып Иерусалим ғибадатханасы келеді. Тіпті Алла таңдаған халқы да Оның заңын бұзған кезде, азап өзін күттірген жоқ.
Кітапта Біз Исраилдің балаларына:
«Сендер жерде екі мәрте бүлінушілік жасайсыңдар. Сендер міндетті түрде үлкен мардымсумен мардымсисыңдар!» – деп шештік.
Екі уәденің алғашқысы келген кезде, Біз сендерге пәрменді күшке ие қызметшілерімізді жібердік. Олар үлерінің араларында тіміскілеп жүрді. Солай уәде орындалды.
Сонан соң Біз сендерге оларға деген шабуылды қайтардық. Біз сендерді мүліктерің мен балаларыңмен қолдадық. Біз сендерге ең үлкен жәрдем бердік! Жақсылық жасасаңдар, бұл өздерің үшін, жамандық жасасаңдар да, өздерің үшін!
Сөйтіп, жүздерің қайғыға батсың деп әрі олар сәжде жасайтын орындарға алғашқы рет кіргендей кіріп, жойғаннан асыра жойсын деп ақырғы уәде келді! (17:4-7)
КСРО-ның тарихымен аналогия жасасақ, сонда біз өзіміздің мешіт, синагога мен шіркеулерімізге де қатысты сондай оқиғаларды көре аламыз. Олардың көбісін пәрменді атеисттер қиратты, бұл сенушілердің Алла заңдарының бұзғанының салдарынан болды.
Әрине, Аллаға ғибадат ету орындарын қиратқан адамдарға ақталу жоқ. Адам мешіт, шіркеу мен синагогаларға мән бермей, оларға бармауға құқылы, алайда діни ғимараттарды қиратуға оның құқығы жоқ, себебі олар біздің Жасаушымыздың рұқсатымен салынды ғой.
«Иеміз – Алла!» – дегендері себепті ғана құқықсыз үйлерінен қуылып, өздеріне зұлымдық тигендері үшін соғысып жатқандар Алла оларға жәрдемдесетіні туралы мәлімделді! Алланың бір адамдар арқылы басқаларды қорғағаны болмаса, Алланың аты олардың ішінде көп ескерілетін хужралар, шіркеулер, сиыну байланысына арналған жерлер әрі сәжде жасауға арналған жерлер қиратылатын еді.
Расында, Алла Өзінің ұстанушыларына міндетті түрде көмектеседі, оларға мүмкіншілік берсе, олар сиыну байланысына шығады, ақтайтын шығын шығарады, мақұлданғанды істеуге әмір етеді әрі жағымсыздан тыяды! Расында, Алла – Қарымды, әр нәрсеге шамасы жетуші! (22:39-40)
Алла рұқсатынан салынған үйлерде Оның аты ескеріледі. Олардың ішінде Оны таң мен кеш сайын даңқтайды. (24:36)
Құранда Алла сәжде жасайтын жер деп мұсылмандық ғибадатханаларды ғана емес, исламға дейінгі ғибадатханаларды да атайды. Үңгірдің ішінде ғажайыпты түрде үш жүз әрі оған қоса тоғыз жыл болған бозбалалар туралы құрани нақыл сөзде сол үңгірдің үстінен салынған ғимарат жайлы айтылады.
Сөйтіп, Біз солар жайлы мәлімдедік, олар Алланың уәдесі шын екендігін, сағатта күмән жоқ екендігін, білсін деп!
Олар солардың істері жайлы өзара таласқан кезде: «Олардың үстінен құрылыс тұрғызыңдар. Иелері олар жайлы жақсырақ біледі!» – деп айтты.
Істерінде жеңіп шыққандар: «Біз міндетті түрде олардың үстінен сәжде қылатын орынды саламыз!» – деді. (18:21)
Өкінішке орай, Жалғыз Тәңірге сенім артатын адамдарды қуғындау мен оларға қысымшылық жасаудың мысалдары тарихта көп. Осындай есептеспеушілікпен Үстем бітіспейді.
Аллаға сәжде жасайтын жерлерде Оның атын ескеруге кесел келтіріп, оларды қиратуға ұмтылатыннан кім зұлымырақ?! Олар олардың ішіне қорқыныш сезімісіз кірмеу керек. Оларға таяу өмірде қорлық, ал ақырғы өмірде үлкен азап болады! (2:114)
Адамзат тәжірбиесінде Аллаға қызмет етушілік Оның заңдарына сәйкес келмеген әрі Оның Кітабына негізделмеген сорақылық жағдайлар бар. Алламен бірге басқаларға табынатын адамдардың осындай әрекеттерін Үстем үзілді-кесілді түрде мінеп-шенейді.
Үйдің жанындағы сиыну байланыстары тек ысқыру мен қол шапалақтау ғана болды! Жабылған болғандарың үшін азапты татыңдар! (8:35)
Аллаға серік қосушылардың, өздерінің жабылғандары жайлы куәлік бере тұра, Аллаға сәжде қылатын орындарды қалпына келтіргендері болған емес! Осындайлардың істері сәтсіз аяқталады, әрі олар отта қалатын болады!
Расында, Аллаға әрі Ақырғы күнге сенетін, сиыну байланысына шығатын, ақтайтын шығын шығаратын әрі тек Алладан ғана қорқатындар, осылар – Аллаға сәжде қылатын орындарды қалпына келтіреді! Мүмкін, осындайлар бағытталар!
Қажының шөлін қандыру әрі шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын орынды салу, Алла мен Ақырғы күнге сенетіндердің әрі Алланың жолында ынталанатындардың істерімен, тең бе еді?! Олар Алланың алдында тең емес, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (9:17-19)
Бұл мінеушілік қисынды болып келеді. Егер Алланың Кітабына еруге шақырудың орнына Құдайдікі деп танылған адамдардың нұсқамалары таңылса (яғни адамдардың заңдарына Алланың авторлығы жапсырылып қойылады), сонда сәжде жасайтын орнының құдайлық маңызы жойылады. Игі істер үшін салынған ғимарат нұрды тарата алмайтын өлі құрылысқа айналады. Өлі мешітті қалай анықтауға болады? Жауабы келесі үзіндіде:
Аллаға сәжде жасайтын орындарды зиян үшін, жабықтық үшін, сенушілердің арасын бөлу үшін және Алла мен Оның елшісімен бұрын соғысқандарды аңду үшін жасайтындар, міндетті түрде:
«Біз тек жақсылықты ғана қаладық!» – деп ант береді, бірақ олар, расында, өтірікші екеніне Алла куәлік береді! (9:107)
Үзіндіде көргеніміздей, зиян келтірушілік, құдайдың белгілерін жоққа шығарушылық, Аллаға бойұсынғандарды бөлушілік әрі әлгі жерді өздерінің мақсаттарында қолданушылық құрылысты рухани өлімге әкеледі. Бұл жағдайда не істеу керек? Жауабы келесі үзіндіде:
Оның ішінде ешқашан тұрма. Алғашқы күнінен бастап абай болушылыққа негізделген сәжде жасайтын жер сенің тұруыңа лайығырақ. Оның ішінде тазарылуды жақсы көретін адамдар бар. Расында, Алла тазарылатындарды сүйеді! (9:108)
Осындай мешітте болудың қаупі неде? Сол мешітпен бірге ОТҚА күрудің мүмкіндігінде.
Қайсысы жақсырақ? Өз ғимаратын Алладан абай болушылыққа әрі Оның ризашылығына негіздеп салған кісі ме, немесе өз ғимаратын опырылып жатқан құлама беткейге негіздеп салып, онымен бірге Тозақ отына құлап жатқан кісі ме?! Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (9:109)
Пайдакүнемдік мақсаттарда салынған Аллаға қызмет ету орны жүректерде ылғи күмән тудыратын болады:
Олар салған ғимарат жүректеріндегі күмәнді жоя алмайды, жүректері жарылмаса ғана! Расында, Алла – Білуші, Дана! (9:110)
Осындай жағдайда қандай шешім табуға болады? Мұса мен Харұн хабарландырушылардың мысалдары өнегелі. Алла Перғауынның құлдығында болған олардың халқына тұрғын үй сиыну байланысы орны әрі Аллаға қызмет ету орны бола алатындығын айтып, қиын жағдайдан шығу жолын көрсетті.
Біз Мұса мен оның бауырына: «Расында, халықтарың үшін Мысырда үйлер салыңдар. Үйлеріңді бағдар қылып, сиыну байланысына шығыңдар. Сенушілерді қуант!» – деп уаһи еттік. (10:87)
Мешіт, ғибадатхана немесе үй болсын, Аллаға қызмет етуде Кітапқа ауытқымай ерушілік пен Алладан басқа біреулерге жалбарынудан бас тарту өте маңызды болып келеді.
Расында, сәжде жасайтын жерлер Аллаға тиесілі. Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар! (72:18)