Құран яһудилер жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Мұсылман арасындағы діни пікірталас яһудиліктің талқылауына әжептәуір жиі көшіп кетеді, себебі Құранда ескерілген хабарландырушылардың көбісі дәп осы дінмен ассоциацияланады. Яһудилер жайлы ақпаратты қарап, бұл тақырыпты талдайық:

Яһудилер: «Мәсіхшілерде ештеңе жоқ!» – деп айтты, мәсіхшілер: «Яһудилерде ештеңе жоқ!» – деп айтты, әйткенмен олар Кітап оқиды. Сөйтіп білмейтіндер айтады. Олардың сөздері ұқсас. Сонан соң қиямет күнінде Алла олардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған нәрсені талдайды. (2:113)

Бұл үзінді екі «библиялық» бағыт арасындағы діни-идеологиялық күресті көрнекі көрсетеді. Бұл әбден түсінуге болатын құбылыс, себебі кейін пайда болған бағыттың өкілдері піштіру, тыйым салынған тағам және тағы басқа ілгеріде қабылданған діни догмаларды тегістеуіне барлық күшін салды. Адамдардың «жаны үшін» күресі олардың екі діни институтқа – яһудизм және мәсіхшілікке, бөлінуіне жетеледі, олардың қалыптасу тұғырнамасы жалғыз Таурат болса да.
Уақыт өте келе адамзатқа Құран түсірілді, ол оның алдында түсірілгеннің растығын жариялады. Ілгеріде түсірілген жолдау бұрмалағандыққа ұшырағандықтан, растық түрліше көрінетін, Құдайдың соңғы хабары қабыл алмаушылықпен қарсы алынды:

Яһудилер мен мәсіхшілер, сен олардың қауымына ермегенше, саған ырза болмайды. 
«Расында, Алланың нұсқауы Нұсқаудың өзі» – деп айт.
Расында, саған білім келгеннен кейін, олардың құмарлықтарына ерсең, саған Алладан жебеуші де, көмекші де жоқ! (2:120)

Жасаушының соңғы хабарын қабылдамаушылық, өзінде, Жаратушының алдында, ерекше мәртебесі бар деген пікірге негізделген:

Яһуди мен мәсіхшілер: «Біз Алланың балаларымыз әрі Оның сүйіктілеріміз!» – деп айтты.
«Сонда неге Ол сендерді айыптылықтарың үшін азаптайды? Әрине, сендер Оның жаратқан адамдардың жай ғана бірісіңдер.
Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды! Аспандар мен жердегі, әрі олардың арасындағы билік, Аллаға тиесілі. Оған оралу алда күтіп тұр!» – деп айт. (5:18)

Яһудилер: «Соттаушы – Алланың ұлы» – деді.
Мәсіхшілер: «Майланған – Алланың ұлы» – деді.
Оладың аузындағы осы сөздері, ілгеріде жабылғандардың сөздеріне ұқсас! Олар қай жерде жала жабса да, Алла оларды құртады! (9:30)

Діни доктриналардың екеуіне де, Құдайдың соңғы хабары Ибраһимге, яғни барлықтарына ортақ идеялық негізін салушысына, сүйенетіндігі, қосымша «тітіркендіргіш» болып келетін.

Ибраһим яһуди де, мәсіхші де болған жоқ, ол иілген, бой ұсынған болды, әрі Аллаға серік қосатындардан болған жоқ! (3:67)

Сенушілерге деген келесі талап Жаратушының соңғы Кітабына деген жағымсыз қарым-қатынастың салдары болып келді:

Иә сенім артқандар! Яһудилер мен мәсіхшілерді жебеушілер қылып алмаңдар! Олар бір-біреулерінің жебеушілері. Араларыңнан кім оларды өзіне жебеуші қылып алса, соның өзі олардан! Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (5:51)

Жасаушы, сонымен қатар, барлықтары бірдей емес екендігіне сенушілердің назарын аударады:

Сен, әлбетте, сенушілерге сүйіспеншілігімен ең жақын адамдарды: «Біз – мәсіхшілерміз!» – дейтіндерді, кездестіресің. Бұл, олардың арасында, бағушылар мен монахтар бар болуының себебінен. Олар тәкаппарланбайды. (5:82)

Яһудилердің ғадауаты олардың Мухаммадты ғана емес, Үстемді де балағаттағандарынан көрініп тұр:

Яһудилер: «Алланың қолы байланған!» – деп айтты. Олардың қолдары байланған. Айтқандары үшін қарғысталды. Әрине, Оның қолдары жайылған! Ол қалай қаласа, солай шығындайды. 
Иең тарапынан саған түсірілген, олардың көбісінде міндетті түрде шектен шығушылық пен жабықтықты арттырады! Біз олардың араларына қиямет күніне дейін дұшпандық пен өшпендікті орналастырдық! Олар соғыстың отын жандырған сайын, Алла оны өшіреді. Олар жер бетінде бүлінушілікпен ұмтылады, бірақ Алла бүлінушілікті таратушыларды сүймейді! (5:64)

Біздің алдымызда Құранға ерушілердің мен яһудилердің арасындағы қайшылықтың себебтері көрсетіліп тұр. Бұл себебтер іргелі болып келмейді, дұрысында, олар доктриналық кеңістіктегі біріншілік үшін күреспен себебтелген. Мұсылмандар мен яһудилердің арасындағы тең қарым-қатынасқа тек адамның қолдан жасалған тосқауылдары кедергі болып тұр.