Құран Адам жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Барлық ибраһимдік діндердің дәстүрі бойынша Адам жер бетіндегі алғашқы адам болып саналады. Сенушілердің көпшілігінің түсінігі бойынша Адамға дейін жерде адам болған жоқ. Дәстүрлі діни тарихтың егжей-тегжейіне үңілмей, Құрандағы ақпаратты талдауға тырысайық:

Иең басқарушыларға:
«Расында, Мен жерде мирасқорды қоямын!» – деп айтқан кезде, олар:
«Сен оны бүлдіріп, оның үстінде қан төгетінді қояйын деп пе едің? Біз Сені даңқпен мадақтаймыз әрі Сені пәктейміз!» – деген жауап қайтарды. (2:30)

Иенің мирасқорды тағайындау ниеті жайлы бұл үзінді бізге анық жеткізіп тұр. Қандай жағдайларда мирасқор тағайындалатынын көрейік.
Түсіндірме сөздіктер бойынша, мирасқор дегеніміз, бұл:
1) Біреуден мирас ретінде орынға, міндетке, бірдеңеге деген құқыққа ие болушы
2) Біреуді оның лауазымында ауыстырушы, алдағы өткеннің қызметін немесе мансабын өзіне алушы. Біреудің ісін, біреулердің дәстүрлерін жалғастырушы.
«Мирасқор» терминінің мәніне сүйенсек, адам, жануар әлемінің бір түрі ретінде, Адамға дейін де өмір сүрді деген тұжырым шығаруға болады. Себебі мирасқор бар үміткерлердің арасынан тағайындалады ғой, бұны басқарушылардың таңғалулары мен тағайындалғанның болжамды жүріс-тұрысы жайлы тұжырым шығарулары дәлелдейді.
Адам жануар әлемінің бөлігі екендігін келесі үзінді растайды:

Алла адамдарды өздерінің зұлымдықтары үшін ұстап алса, оның үстінде бірде-бір жануарды қалдырмайтын еді! Алайда Ол оларға белгілі бір мерзімге дейін уақыт береді! Солай, олардың мерзімі келген кезде, олар оны бір сағатқа болсын ұзартып та, жеделдетіп те ала алмайтын болады! (16:61)

Құран бойынша, адам – жануар әлемінің ажырамас бөлігі. Археологиялық зерттеулер бойынша адам тәрізді жануарлар 1 млн 400 мыңға жуық жыл тіршілік етуде. Ғылымның көзқарасы бойынша 200 мың жыл бұрын Homo erectus (Тік жүретін адам) – деген аталуымен мәлім приматтардың бір түрі кенеттен Homo sapiens-ке (Саналы адамға) айналып кетті. Сонымен қатар оның бас миының көлемі 50%-ға үлкейді (800 текше см-ден 1200 текше см-ге дейін). Homo sapiens сөйлеу қабілетіне ие болды, оның анатомиялық құрылысы қазіргі адамның анатомиялық құрылысына жақын келді. «Бұның бәрі 1,2 миллион жыл бойы прогресстің толығымен жоқтығынан кейін қалайша кенеттен пайда боды?» – деген сұрақ туындайды. Сондай оғаштықтар Ноам Хомски және Роджер Пенроуз деген сияқты аса құрметті эволюцияшыл ғалымдарды аса қиын жағдайға қоятын.
Бұл мақаланың авторы өзін эволюцияшылдарға жатқызбайды, әрі бұл факттің түсіндіруін ауыр көрмейді. Кітаптің келесі үзіндісіне бет аударайық:

Ол Адамға барлық атауларды үйретті, сонан соң Ол оларды басқарушыларға ұсынып: «Шыншыл болсаңдар, олардың атаулары жайлы хабар беріңдер!» – деді.
Олар: «Мадақ Саған, біз тек Сен бізге үйреткен нәрсені ғана білеміз. Расында, Сен – Білуші, Данасың!» – деген жауап берді.
Ол: «Иә Адам! Олардың атаулары жайлы хабар бер!» – деді.
Ол оларды атағаннан кейін, Ол:
«Мен, расында, аспан мен жердің сырын білетіндігімді сендерге айтпап па едім?! Мен сендердің көрнеу істейтіндеріңді де, жасыратындарыңды да білемін!» – деп айтты. (2:31-33)

Келтірілген үзінді де мирасқор Адамның белгілі бір білімге иеленгені жайлы хабар береді, бұл ой әрекетін білдіреді, ал бұған жаңағы адамның миы жауапты. Бұл, бас миының көлемінің кенеттен үлкеюіне, түсіндіру болып келеді.
Жоғарыда айтылғанның бәрі келесі тұжырымға келтіреді: жерде жануар әлемінің өкілдері өмір сүрген болатын, солардан Алла мирасқорды тағайындады. Ал Адам өз міндетін орындап шығуы үшін ол интеллектуалды мүмкіндіктерге иеленді, сол себептен оның миы үлкейді.
Исламның дәстүрі бойынша Үстемге қатысты айтылған эпитеттер Оның жаратқандарына қолданыла алмайды. Алайда, біз Құранды мұқият зерттесек, бұл пікірдің шындыққа сәйкес келмейтіндігіне көзіміз жетеді. Келесі үзінділерге бет аударайық:

Расында, Алла – Естуші (сәмии’ун), Көруші (басыырун)! (22:75)

Алла өзіне қатысты «естуші», «көруші» эпитеттерін анықтады, сонымен қатар Ол сол эпитеттерді адамдарға қатысты да қолданады:

Расында, Біз адамды тамшының қоспасынан жараттық. Біз оны сынадық және оны естуші (сәмии’ән), көруші (басыыран) қылдық. (76:2)

Оның үстіне, біз бір эпитеттің Иеге де, Ибраһим пайғамбарға да қатысты қолданылғаның көре аламыз:

… Алла – Кешіруші, Жұмсақ (хәлиимун) қой! (5:101)

… Расында, Ибраһим есіркегіш, жұмсақ (хәлиимун) болды! (9:114)

Бұл, Жасаушыға да, адамға да қатысты бірдей сипат айтылғанынының азғантай ғана Құран мысалдарының бір бөлігі.
Жоғарыда келтірілегн мысалдармен байланысты келесі үзіндіні жаңа мәнмәтінде қарайық:

Біз басқарушыларға: «Адамның алдында сәждеге жығылыңдар!» – дегенімізде, олардың барлығы сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол қарсылық көрсетті, әрі тәкаппарланып, жабылғандардан болды. 
Біз Адамға: «Жұбайыңмен бірге бақта орналас, екеулерің қалаған жерлеріңде, оның молшылығынан жеңдер, бірақ осы ағашқа жақындамаңдар, әйтпесе зұлым боласыңдар!» – деп айттық.
Тілазар оларды оған сүріндірді де оларды тұрып жатқан жерлерінен шығарып жіберді. 
Біз: «Кетіңдер. Біреулерің басқаларыңа жаусыңдар. Жер сендерге мекендеулерің әрі уақытша қолдануларың үшін!» – деп айттық.
Адам Иесінің Сөздерін қабылдап, Оған тәубемен бет бұрды. Расында, ол – тәубе етуші, рақымды!
Біз: «Бақтан барлықтарын кетіңдер. Сендерге Менің тарапымнан нұсқау келген кезде, кім нұсқауға ерсе, соған қорқу мен қайғы болмайды…» – деп айттық. (2:34-38)

Бұл үзіндінің дәстүрлі аудармасы келесідей көрінеді:

Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді. (2:37) (Халифа Алтай аудармасы)

Бұл аударма таңғаларлықтай емес, себебі бұл аударма мәнмәтінге негізделмей, Алланың эпитеттері тек Оған ғана қолданыла алады деген орныққан пікірге негізделген. Алайда, бұл үзіндіге мұқият қарасақ, біз басқа тұжырымға келеміз.
Адамның азғырылуы оқиғасы жайлы әңгімеде не жайлы айтылып отыр? Тыйымды бұзғаннан кейін Ие Адамға сөз жолдағаны жайлы айтылып отыр, яғни Адам Алланың дәп сол жолдау сөзін қабылдады. Бұны Құранның басқа жеріндегі осы оқиғаның толықтырылған баяндамасы растайды:

… Иелері олардың екеуіне:
«Мен сендер үшін осы ағашқа тыйым салып әрі тілазар сендерге айқын жау екенін айтпап па едім?!» – деген сөз жолдады. (7:22)

Дәстүрлі аударма Жасаушы Адамды кешірді дейді. Олай болса: «Адамның тәубесі қайда?» – деген сұрақ туындайды. Себебі Алла тек тәубеден кейін ғана кешіреді ғой! Бұл сұрақтың да жауабы толықтырылған баяндамада келтірілген:

Олар: «Иеміз! Біз өзіміз өзімізге зұлымдық жасадық! Бізді кешірмесең әрі аямасаң, біз міндетті түрде зарар шеккен боламыз!» – деген жауап берді. (7:23)

Яғни Үстемнің сөзін қабылдағаннан кейін Адамның келесі әрекеті оның тәубесіне келуі болды. Одан кейін не болды? Құлақ аспағандық үшін Ие Адамды жұбайымен бірге жаза ретінде белгілі бір шартпен жер бетіндегі жағдайы нашарырақ жерге аттандырғызады. Сөйтіп, әңгіме Алланың Адамды кешіргені жайлы болып отырған жоқ, керісінше, Адам, құлақ аспағаны үшін, қатал өмір жағдайына ұшырауымен ЖАЗАЛАНДЫ. Сондықтан автордың ұсынылған аудармасында Адам тәубе етушінің рөлінде келтірілген, осыған сүйене тұра Үстем Адам жайында тәубе етуші, рақымды (рахиимун) деп айтты деген тұжырым шығарады. Көргеніміздей, «рақымды (рахиимун)» эпитеті адамға да қатысты қолданыла алады. Осыған байланысты, «рационалды монотеисттердің» Тәубә сүресінің 128-ші аятында хабарландырушы Жасаушыға қатысты қолданылатын эпитетпен аталғандығына незігзделіп, сол аят адам қолымен қосымша жазылған деген пікірі дәрменсіз.

Біз сендерді жараттық, сонан соң сендерге пішін бердік, кейін басқарушыларға:
«Адамның алдында сәждеге жығылыңдар!» – дедік.
Барлығы, оның алдында сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол сәждеге жығылғандардан болған жоқ.
Алла: «Мен саған әмір еткен соң, сәждеге жығылудан сені не ұстап қалды?» – деп сұрады. Ол: «Мен одан артықпын! Сен мені оттан жараттың, ал оны болса саздан жараттың!» – деген жауап берді. 
Алла: «Осы жерден кет. Сенің бұл жерде тәкаппарланғаның жарамайды. Шық! Сен кемсінгендердің бірісің!» – деп айтты.
Ол: «Олардың тірілетін күніне дейін маған уақыт берші!» – деп сұрады.
Алла: «Сен уақыт берілгендердің бірісің» – деген жауап берді.
Ол: «Мені адастырғаның үшін мен міндетті түрде сенің тура жолында оларға қарсы отырып аламын. Сонан соң мен оларға алдынан да, артынан да, оң жақтан да, сол жақтан да келемін. Сен олардың көбісін алғысты болып таппайсың!» – деп айтты.
Алла: «Сол жерден абыройсызданған, қорланған болып кет! Олардың арасынан саған ергендердің барлығымен Мен міндетті түрде Тозақты толтырамын!» – деген жауап берді.
«Иә Адам, жұбайыңмен бірге бақта орналас. Қалаған тағамдармен қоректеніңдер, бірақ екеулерің де осы ағашқа жақындамаңдар, әйтпесе зұлым боласыңдар!»
Олардың жаман істерінен екеулерінен жасырылғанды ашу үшін тілазар олардың екеуіне сыбырлады.
Түңілген (ібіліс):
«Сендер басқарушы немесе тұрақты түрде тұрушы болмауларың себепті Иелерің екеулеріңе осы ағашты рұқсат етпеді!» – деп айтты.
Ол: «Расында, мен сендерге шынайы кеңесшімін!» – деп ант берді.
Солай ол екеуін еліктірумен шығарып салды. Олар ағаштан татқан кезде, олардың жаман ісі көрінді. Олар үстіндегі бақтың жапырақтарын жөндей бастады. 
Иелері олардың екеуіне:
«Мен сендер үшін осы ағашқа тыйым салып әрі тілазар сендерге айқын жау екенін айтпап па едім?!» – деген сөз жолдады.
Олар: «Иеміз! Біз өзіміз өзімізге зұлымдық жасадық! Бізді кешірмесең әрі аямасаң, біз міндетті түрде зарар шеккен боламыз!» – деген жауап берді.
Алла: «Кетіңдер! Біреулерің басқаларыңа жаусыңдар. Жер сендерге мекендеулерің әрі уақытша қолдануларың үшін!» – деп айтты.
Алла: «Оның үстінде тұрасыңдар, оның үстінде өлесіңдер, әрі одан шығарыласыңдар!» – деп айтты.
Иә Адамның балалары! Біз сендерге байлықты және, жыныс мүшелеріңді жабуларың үшін, киімді түсірдік, бірақ абай болушылықтың киімі артығырақ! Бұл Алланың белгілерінен, мүмкін, ойланарсыңдар!
Иә Адамның балалары! Тілазар ата-аналарыңды, жаман істерін көрулері үшін олардың абай болушылық киімін шешіп, бақтан шығарған сияқты, сендерге де ылаң салмасың. Расында, ол әрі оның тайпасы сендер оларды көрмей тұрған жерден сендерді көреді. Расында, Біз тілазарларды сенбеушілерге жебеуші етіп қойдық! (7:11-27)

Көргеніміздей, ұсынылған үзінді де дәстүрлі аудармамен үйлеспейді. Бақта Адам жұбайымен бірге жалаңаш болды деген пікір қалыптасқан. Тыйымды бұзғаннан кейін жалаңаш екендеріне олардың көздері ашылды, сол себепті олар өздеріне жапырақтан киім тіге бастады. Алайда, Адаммен болған оқиғаны Құранның бүкіл мәтіні бойынша талдаған кезімізде, біз келесіні ашамыз:

Расында, осыған дейін Бізде Адамнан міндеттеме болды, бірақ ол ұмытты, Біз одан табандылықты таппадық. 
Біз басқарушыларға: «Адамның алдында сәждеге жығылыңдар» – деп айтқан кезімізде, олар жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа, ол бас тартты. 
Әрі Біз: «Иә Адам! Расында, бұл – сенің әрі жұбайыңның қарсыласы. Сендер бақытсыз болып қалмас үшін, ол сендер екеуіңді бақтан шығарып жібермесін! Расында, сен аш әрі жалаңаш болмайсың! Расында, сен шөлдемейсің әрі күннің астында күймейсің!» – деп айттық.
Тілазар оған сыбырлап:
«Иә Адам, саған мәңгі өмірдің әрі биліктің ашылмаған толық күші ағашын көрсетейін бе?» – деп айтты. Сөйтіп, екеуі де одан жеді, әрі олардың жаман ісі көрінді. Олар үстіндегі жапырақтарды жөндей бастады. Адам азғырылып, Иесіне құлақ аспады. Сонан кейін Иесі оны таңдап, тәубесін қабылдады әрі бағыттады. 
Ол: «Барлықтарың осы жерден кетіңдер. Бірілерің басқаларыңа қарсылассыңдар! Ал Менен сендерге нұсқау келгеннен кейін, кім Менің нұсқауыма ерсе, сол жаңылмайды әрі бақытсыз болмайды! Ал Менің ескертуімнен кім шеттенсе, расында, соның өмірі қиын болады! Қиямет күнінде Біз оны соқыр түрде жинаймыз!» – деді. (20:115-124)

Адам мен оның жұбайы, орналасқан бақтарында, жалаңаш болмағандары жөніндегі тағы бір мәлімет алдымызда тұр. Одан кейін араб нұсқасында Адам жұбайымен өздеріне жапырақтан киім тіккен деп емес, ал үстіндегі жапырақтарды жөндей бастады деп сөзбе-сөз айтылып тұр, бұл істің қисыны бар. Пәлен біреу қандай да бір жемістерді алу үшін ағашқа мінсе, сол ағаштың кей бұтақтарын мен жапырақтарын сындырып алуы әбден мүмкін. Өз қателіктерін түсінгеннен кейін Адам жұбайымен бірге өздерінің тіл алмаушылық іздерін жасырғысы келді, сондықтан олар сындырылған жапырақтарды жөндеуге талаптанды.

«Рационалды монотеисттерде» бақтағы ағаштың сипаттамасы – бұл, пәлен бір жексұрын қылықты сипаттайтын, бейнелі бір сөз деген пікір бар. Алайда біз бұған жаңа тұрғыдан қарасақ, бұл оқиғада болған фактілердің нақты сипаттамасы бар екендігін көреміз.