Құран Исраилдің балалары жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Құранда баяндалатын тарихи оқиғаларды талдағанымыз кезде, «яһуди» мен «Исраилдің балалары» ұйғымдары әр-түрлі түсінілетінің бақылай аламыз. Яһудилердің белгілі бір діни идеямен бейнеленгені артығырақ, ал «Исраилдің балалары» ұғымы бізді бір белгілі халыққа – еврейлерге жетелейді.
Құран бойынша, Исраилдің балалары деген ұғым Мұсаның өмір оқиғасынан бастап қолданыла бастады. Бұл факт бізді «Исраил» (араб транскрипциясы бойынша «исра’иилә») деген атаудың мағынасы туралы ойлануға мәжбүрлейді. Яһудилік дәстүр бойынша Яқуб, бір хабар бойынша – Алламен күрескеннен кейін, ал екінші хабар бойынша – періштемен күрескеннен кейін, Исраил деп аталып кетті. Сол себептен оған – «Исраил» – «Алламен күресуші» деген ат қойылды. «Исраил» сөзінің этимологиясының көптеген нұсқасы бар, бірақ біз бұл атты араб тілінің ерекшеліктерінің және Құранда суреттелген оқиғаның мәнісінің аясында қарап шығуға тырысамыз.
«Исра’иилә» сөзін шартты түрде екі құрамды түбірге бөлуге болады – «исра» сөзіне, бұның мағынасы «тұтқындалу» (көпше түрде) және «’иилә»сөзіне, бұл сөз «ру, тайпа, династия» дегенді білдіретін «аалә» сөзіне жақын. Сонымен, «исра’иилә» терминін «тұтқындалған ру, тайпа» деп түсінсе болады. Бұл жағдай әбден түсінікті, себебі Йусуфтың өлімінен кейін Исраилдің балаларының Мысырдағы жағдайы құлдық болды ғой. Бұған дейін Құранда Йусуфтың руы Яқубтың руы деп аталғаны қызықты факт болып келеді:

Иең сені осылайша таңдады! Ол саған әңгімелердің мағынасын ашуға үйретеді әрі саған әрі Яқубтың жақындарына деген өз жарылқауын аяғына дейін жеткізеді, бұған дейін оны сенің әкелеріңе – Ибраһимге әрі Исхаққа арнап аяғына дейін жеткізген тәрізді! Расында, Иең – Білуші, Дана! (12:6)

Көргеніміздей, Яқуб әлі «Исраил» деп аталмады. Тек Мұсаның келуімен ғана Йусуфтың ұрпақтары Исраилдің балалары деп аталғанын көреміз.
Бұл жәйттің айқындануы үшін бәрін рет ретімен талдайық. Мұса Мысырдан қашқаннан кейін, Алла оған әрі оның бауырына Исраил балаларын құлдықтан босату тапсырмасын жүктеп, оларды Мысырға аттандырды:

«… Менің Алла жайлы тек шындық айтуыма құқығым бар! Мен сендерге айқын дәлелмен келдім, Исраилдің балаларын менімен бірге жіберсеңші!» – деп айтты. (7:105)

Оған барып: «Расында, біз екеуіміз – Иеңнің елшілеріміз! Бізбен бірге Исраилдің балаларын жібер әрі оларды азаптама. Біз саған Иеңнің белгісімен келдік! Нұсқауға ергенге бейбітшілік болсын!..» – деп айтыңдар! (20:47)

Расында, Исраилдің балаларын бізбен бірге жібер! (26:17)

Дәп осы сәттен бастап Мұсаның халқы «Исраилдің балалары» деп атанды.
Бір кезде Мұса перғауын сарайының айналасында өскен. Оның өмірің бұл дерегі Мұсаға қатысты «елжандылығы жоқ» деген жазғыру тудырды, осыған ол келесідей жауап берді:

Ал сенің маған деген берген жарылқауың Исраил балаларын тұтқындағаның арқылы біліне ме?! (26:22)

Халық құлдықтан босатылу үшін Мұсаға белгілер берілді:
Біз Мұсаға тоғыз айқын белгі бердік. Исраилдің балаларынан сұра, ол оларға келген кезде, перғауын оған:
«Сен, Мұса, сиқырландың деп ойлаймын!» – деп айтқанын. (17:101)

Бұл белгілер шонжарларды Исраилдің балаларын тұтқыннан босатуға мәжбүр ету керек еді:

Жаза келгеннен кейін, олар:
«Иә Мұса! Біз үшін Аллаға жалбарыншы, сенімен міндеттеме жасалынды ғой! Расында, бізді жазадан құтқарсаң, біз сенім артамыз және Исраилдің балаларын сенімен бірге міндетті түрде жібереміз!» – деп айтты. (7:134)

Исраилдің балаларын мысырлық құлдықтан босатылуы әрі перғауынның қаза табуы Мұсаның миссиясының қорытындысы болып келді:

Біз, Исраилдің балаларын, теңізден өткіздік, ал перғауын мен оның әскері, оны су тасқыны қуып жетпегенше, оларды жауыздықпен қастық істеп қуалады.
Перғауын: «Тәңірі – тек қана Исраилдің балалары сенетін Алла деп сендім. Мен бой ұсынғандардың бірі болдым!» – деп айтты. (10:90)

Біз Исраилдің балаларын перғауынның қорлаушы азабынан құтқардық! (44:30)

Исраилдің балаларымен болған оқиға таңғажайып құтқарудан кейін де жалғасты:

Иә Исраилдің балалары! Біз сендерді жауларыңнан құқтардық та, таудың оң жағында кездесу белгіледік. Біз сендерге манна мен бөденені түсірдік. (20:80)

Исраилдің балаларының құтқарылуының мәні бұл халықта бірқұдайшылық сақталуында. Алайда көпқұдайшылық ортасының оларға деген ықпалы ізсіз өткен жоқ:

Әлсіздерге Бізден берекеге бөленген шығыс әрі батыс жерлерді мұра ретінде бердік. Иеңнің Сөздері Исраилдің балалары үшін, олардың сабыр етулері себепті, жақсы аяқталды. Перғауын әрі оның адамдары істеген нәрсені әрі олардың тұрған жерлерін Біз құрттық! Біз Исраилдің балаларын теңізден өткіздік, сонсоң олар өзінің пұттарына берілген халыққа келді. 
Олар: «Иә Мұса! Бізге де олардағы сияқты тәңір орнатшы!» – деп айтты. Ол: «Расында, сендер надан адамсыңдар!..» – деп жауап берді. (7:137-138)

Бұндай жағдай Мұсаның жанының жайбарақаттығын бұзды да Һарұнға ашумен бас салуға айналды:

Һарұн:
«Иә анамның ұлы! Мені сақалым мен басымнан ұстама! Расында, сен маған: «Сен Исраилдің балаларын бөлдің әрі менің сөздерімді қадағаламадың!» – деп айтасың деп қорықтым» – деп жауап берді. (20:94)

Бірқұдайшылық Мұсаға Кітап түсірілу арқылы қалпына келді:

Біз Мұсаға Кітап түсірдік әрі оны Исраилдің балаларына, Нұхпен бірге тасығандарымыздың ұрпақтарына, олар өздеріне Одан басқа ешкімді өкіл қылып алмасын деп, нұсқау етіп орнаттық. (17:2)

Расында, Біз Мұсаға Кітап бердік, Онымен кездесетініңе күмәндаңба!
Біз оған Исраилдің балалары үшін Нұсқау орнаттық! (32:23)

Расында, Біз Мұсаға нұсқау бердік. Біз Исраилдің балаларына мирас ретінде Кітап қалдырдық (40:53)

Уақыт өте келе Исраилдің балалары Құдайдың өсиетінен алшақтай бастады. Оларға деген өткен оқиғаларды еске салу Құран жолдауларының бірі болып келеді:

Иә Исраилдің балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар! Менің алдымдағы міндеттемелеріңді орындаңдар, Мен де сендердің алдыларыңдағы міндеттемемді орындаймын. Менен сақсыныңдар! (2:40)

Иә Исраилдің балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар! Расында, Мен сендерді адамдардың алдында артық көрдім. (2:47)

Біз Исраилдің балаларымен олар тек Аллаға қызмет етсін, ата-аналарына, жақындарына, жетімдерге, кедейлерге жақсылық етсін, адамдарға ең жақсыны айтсын, байланысқа шықсын әрі ақтайтын шығын шығарсын деп шарт жасағаннан кейін, олар теріс айналып, шеттенді, араларынан аз адамды санамаса. (2:83)

Исраилдің балаларынан, Біз оларға неше айқын белгі бергенімізді, сұра. Расында, Алланың жарылқауы келгеннен кейін, оны ауыстырғандарға Алла қатал. (2:211)

Алла Исраилдің балаларымен шарт жасады. Біз олардан он екі басшыны көтердік.
Алла: «Мен сендермен біргемін. Байланысқа шықсаңдар, ақтайтын шығын шығарсаңдар, елшілеріме сенсеңдер, оларды нығайтып, Аллаға жақсы қарыз берсеңдер, Мен жаман істеріңді жабамын және төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргіземін! Сендердің араларыңнан кім жабылса, сол түзу жолдан жаңылған болады!» – деп айтты. (5:12)

Сол оқиғаның салдарынан Біз Исраилдің балаларына мынаны ұйғардық: кім тұлға өлтірмеген немесе жерде бүлінушілік жасамаған тұлғаны өлтірсе, сол барлық адамды өлтірген тәрізді, ал кім оның өмірін құтқарса, сол барлық адамның өмірін құтқарған тәрізді! (5:32)

Бұл Алла жарылқаған хабарландырушылар, Адамның ұрпағынан. Нұхпен бірге тасымалдағандарымыздан. Ибраһим әрі Исраилдің ұрпақтарынан. Бағыттап, таңдағандарымыздан. Аяушының белгілері оларға оқылған кезде, олар сәждеге жығылып, жылайтын! (19:58)

Сөйтіп Біз бұны Исраилдің балаларына мирас ретінде бердік! (26:59)

Біз Исраилдің балаларына Кітап, талғағыштық әрі хабар бердік қой. Оларға ризық бердік және халықтардың алдында оларды артық көрдік. (45:16)

Құдайдың жолынан аулақ кету Исраилдің балаларын Алла елшілеріне қарсы тұруға дейін жетеледі:
Расында, Біз Исраилдің балаларымен шарт жасап, оларға елшілерді жібердік. Елшілер олар сүймейтін нәрсемен келген кезде, олар елшілердің бір бөлігін өтірікші санап, басқа бөлігін өлтіретін. (5:70)

Олар қандай да бір хабарландырушыны мойындаса да, бәрі-бір Жасаушының ұйғарымдарына қарсылық көрсететін:

Сен Мұсадан кейін өмір сүрген Исраилдің балаларының шонжарлары жайлы ойламап па едің?
Міне олар өзінің хабарландырушыларына: «Бізге патша жіберші, сонда біз Алланың жолында соғысамыз!» – деп айтты.
Ол: «Сендерге соғысу ұйғарылса да, сендер, мүмкін, соғыспайсыңдар!» – деп жауап берді.
Бұған олар: «Неліктен бізге Алланың жолында соғыспасқа? Расында, біз балаларымызбен бірге үйлерімізден қуылып шығарылдық!» – деген жауап берді. Бірақ оларға соғыс ұйғарылған кезде, олар, аз адамды санамаса, теріс айналды. Алла зұлымдарды біледі! (2:246)

Халықтың күйі, сенімде деген жаңа енгізілімдерді заңды етіп алу деңгейіне дейін, алып келді:

Исраилдің балаларына әр-түрлі тағам рұқсат етілді, Тауратқа дейін Исраил өзіне тыйым салған тағамды санамаса.
«Енді шыншыл болсаңдар, Тауратты әкеліп оқыңдар!..» – деп айт. (3:93)

Мұсаға дейін Исраилдің балалары арасында бөліну болған жоқ. Тек хабарландырушының келуінен әрі Кітап түсірілуінен бастап қана Исраилдің балаларының арасында жіктелу басталды:

Біз Исраилдің балаларын орынды жайғастырумен жайғастырдық әрі оларды саулықпен ризықтандырдық қой. Оларға білім келмегенше олар келіспеушілікте болған жоқ. Расында, қиямет күнінде Иең олардың келіспеушілікке себеп болған нәрселері жайында үкім береді! (10:93)

Бұл жүріс-тұрыс хабарлардан ашық болды, бұның нәтижесі алдын-ала шешілген болатын:

Кітапта Біз Исраилдің балаларына:
«Сендер жерде екі мәрте бүлінушілік жасайсыңдар. Сендер міндетті түрде үлкен мардысумен мардымсисыңдар!» – деп анықтадық.
Екі уәденің алғашқысы келген кезде, Біз сендерге пәрменді күшке ие қызметшілерімізді жібердік. Олар үлерінің араларында тіміскілеп жүрді. Солай уәде орындалды.
Сонан соң Біз сендерге оларға деген шабуылды қайтардық. Біз сендерді мүліктеріңде әрі балаларыңда қолдадық. Біз сендерге ең үлкен жәрдем бердік! Жақсылық жасасаңдар, бұл өздерің үшін, жамандық жасасаңдар да, өздерің үшін! 
Сөйтіп, жүздерің қайғыға батсың деп әрі олар сәжде жасайтын орындарға алғашқы рет кіргендей кіріп, жойғаннан асыра жойсын деп ақырғы уәде келді! (17:4-7)

Бұдан кейін Біз Исраилдің балаларына:
«Жерде орналасыңдар. Ал соңғы уәде келген кезде, Біз сендердің топтарыңмен бірге келеміз!» – деп айттық. (17:104)

Қарсыласқандарына әрі Құдайдың ұйғарымдарын бұзғандарына қарамастан, Жасаушы Исраилдің балаларын ақиқатсыз қалдырмайтын. Иса жеке оларға жіберілген соңғы елші болды:

Ол оған Кітап, талғағыштық, Тәурат, Інжілді үйретеді де Исраилдің балаларына хабармен жібереді:
«Мен сендерге Иелеріңнің белгісімен келдім!
Мен, Алланың рұқсатымен, сендерге саздан құстың бейнесін жасап, оған үрлеймін, сонан соң ол құсқа айналады!
Мен, Алланың рұқсатымен, соқыр, алапесті сауықтырамын әрі өліні тірілтемін!
Сендердің не жейтіндеріңді және үйлеріңде не сақтайтындарыңды сендерге хабарлаймын! Расында, осыда сендерге белгі бар, сенуші болсаңдар!..» (3:48-49)

Бірақ Исраилдің балалары Исаны да қабылдамай, оған жала жапты:

Исраил балаларының арасынан жабылғандары Даудтың және Мәриям ұлы Исаның тілімен лағынеттелді! Бұл олардың құлақ аспай, қылмысты болғандары үшін. (5:78)

Тек шағын бөлігі Исаға сенім артып, оған ерді:

Иә сенім артқандар! Алланың көмекшілері болыңдар, Мәриям ұлы Иса ізбасарларға:
«Алланың алдында менің көмекшілерім кім?» – деп айтқандай.
Ізбасарлар: «Алланың көмекшілері бізбіз!» – деп жауап берді.
Бірақ Исраил балаларының бір бөлігі сенім артып, басқа бөлігі жабылды. Сенім артқандарды, қарсыластарына қарсы қолдадық, сонан соң олар жеңіп шықты! (61:14)

Бірнеше буыннан кейін Исаның ізбасарлары оның ілімін бұрмалады:

Расында:
«Расында, Алла – бұл майланған, Мәриямнің ұлы!» – деп айтқандар жабылған болды.
Бірақ майланған:
«Иә Исраилдің балалары! Менің Иеме әрі сендердің Иелеріңе, Аллаға, қызмет етіңдер! Расында, кім Аллаға серік қосса, Алла соны бақтан тыяды! От сол үшін баспана болады, ал зұлымдар үшін көмекшілер жоқ!» – деп айтты. (5:72)

Борыш Күнінде, Иса, әрине, өзіне әрі оның іліміне қатысты өтірікті жоққа шығарады:

Міне Алла келесіні айтады: «Иә Мәриям ұлы Иса! Саған әрі анаңа берген жарылқауымды есіңе ал! Мен сені Киелі Рух арқылы қолдадым. Сен бесікте болған кезіңде әрі ересек болған кезіңде адамдармен сөйлестің. 
Міне Мен саған Кітапты, талғағыштықты, Тауратты, Інжілді үйреттім!
Міне сен саздан құс тәріздестерді жасағансың, сонан соң оларға үрлеген кезіңде, олар, Менің рұқсатыммен тірі құсқа айналатын. Сен Менің рұқсатыммен соқырды, алапесті сауықтырғансың әрі өліні тірілткенсің!
Міне сен Исраил балаларына айқын дәлелмен келген кезде, Мен оларды сенен ұстап қалдым!
Олардың арасынан жабылғандар: «Бұл тек айқын сиқыр!» – деп айтты». (5:110)

Алла: «Иә Мәриям ұлы Иса! Сен адамдарға: «Мені әрі анамды Алламен қатар тәңір етіп алыңдар!» – деп айтып па едің?!» – деп сұраған кезде, ол: 
«Мадақ Саған! Менің айтуыма құқығым жоқ нәрсені айтуым болған емес! Мен айтсам, Сен білесің. Сен менің тұлғамда не бар екенін білесің, ал мен Сенің Тұлғаңда не бар екенін білмеймін, Сен сырлыны білушісің ғой! Мен тек маған әмір еткеніңді ғана айттым:
«Аллаға, менің Иеме әрі сендердің Иелеріңе қызмет етіңдер!»
Мен олардың араларында болғаным кезде, олар жайлы куә болдым, ал Сен мені тыныштандырған кезде, Сен олардың бақылаушысы болдың, Сен – әр нәрсенің куәсісің ғой! Оларды азаптасаң, олар Сенің қызметшілерің ғой, ал оларды кешірсең, Сен – Ұлы, Данасың ғой!» – деп жауап берді. (5:116-118)

Иса жайлы көптеген аңыздар мен мифтер пайда болды. Құран ол жайлы пікірлерге тек түзету енгізеді:

Расында, ол – тек қана қызметші, Біз оны жарылқап, Исраил балаларына үлгі етіп қойдық. (43:59)

Исаның Мухаммад келуі жайлы айтқаны Құранда ескеріледі:

Мәриям ұлы Иса:
«Иә Исраил балалары! Расында, мен – бұған дейін Таураттан болғанды ақтау үшін әрі менен кейін келетін Ахмад есімді елшімен қуандыру үшін сендерге келген Алланың елшісімін!» – деп айтқаннан кейін, оларға айқын дәлелдерді көрсетті, бірақ олар:
«Бұл – айқын сиқыр!» – деді. (61:6)

Исраил балаларының көпшілігі Мухаммадтың елшілік тапсырмасын қабылдамуына қарамастан, олардың арасында ол жайлы куәлік ететін әділ адамдар болатын:

Оны Исраил балаларының ғалымдары білетіндігі олар үшін белгі болмап па еді? (26:197)

Исраил балаларының арасынан Кітап жайлы хабардар адамдар, хабарландырушы жайлы ғана емес, Құран жайлы да куәлік етті:

«Бұл Алладан болса ше деп ойладыңдар ма? Ал сендер одан жабылдыңдар, Исраил балаларының арасындағы куәгер оған тәрізді нәрсені куәландырып, сенім артқанға қарамастан, ал сендер болсаңдар тәкаппарландыңдар» – деп айт.
Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (46:10)

Исраил балаларының арасындағы бұндай хабардар адамдар, оларға Құранды қабылдаушылық беретін, сенімдегі ортақ пікір қажеттілігін түсінетін:

Расында, Бұл Құран Исраил балаларының келіспеушілігіне себеп болған нәрселерінің көбісін баяндайды! (27:76)

Исраил балаларына Кітаптан мұра ретінде келген нәрсенің бәрінен бас тартуға қажеті жоқ. Оларға тек кейбір қағадаларды түзеп, Құран ескертулерін қабылдау ғана қажет.