Құран әшекейлер жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамның ішінде, оның «саз» мазмұнымен себептелген, әдемілік сезімі бар. Бұл сезім әшекей заттарды жасау арқылы білдіріледі. Оларға деген қарым-қатынас уақыт өте келе әр-түрлі қалыптасты: тыйым салудан құдай деп санауға дейін.
Бұл тақырыпты дұрыс түсіну үшін Исламдағы ең басты заңнамалық актқа, яғни Құранға, сүйену керек.
Осы тақырыпты ашу үшін Алланың Кітабында «зәәнә» деген түбірі бар сөздер қолданылады, бұның мағынасы: «зейнеттеу, әшекейлеу, бояңқырау, жиыстыру, жақсы жағынан көрсету».
Расында, Біз аспанда шоқжұлдыздарды орнаттық. Біз оны назарлаушылар үшін әшекейледік! (15:16)
Расында, таяу аспанды Біз шырақтармен әшекейлендірдік, (37:6)
Жеті аспан екі күнде аяқталды әрі әр аспанға өзінің ісі уаһи етілді. Біз таяу аспанды әшекейлендірдік – жарықтандыратын әрі қорғайтын. Әр нәрсеге шамасы жетуші, Білушінің үлестірімі осындай! (41:12)
Олар үстілеріндегі аспанға қарамап па еді? Біз оны қалай құрастырғанымызды әрі әшекейлендіргенімізді, ал оның болса жырығы жоқтығын? (50:6)
Біз таяу аспанды шамшырақпен әшекейлендірдік әрі оларды тілазарларды қарғыстайтын етіп қойдық. Біз оларға алау азабын дайындадық! (67:5)
Қаралып отырылған термин Үстеммен тек тура мағынада ғана қолданылмай, бейнелі мағынада да қолданылады.
Алламен қатар басқаларды шақыратындарды балағаттама, әйтпесе олар, надандықтарынан, шектен шығып Алланы балағаттайтын болады. Сөйтіп Біз әр басшылыққа өз істерін бояңқырадық! Сонан соң олар Иелеріне қайтады, әрі Ол оларға өздері істеген нәрселері жайлы хабар береді! (6:108)
Расында, Біз ақырғы өмірге сенбейтіндердің істерін өздеріне бояңқырадық, әрі олар соқырлықта қаңғырып жүр! (27:4)
Араларыңда Алланың елшісі бар екендігін біліңдер. Егер ол істің көбінде сендерді тыңдаса, сендер бәлеге ұшырайтын едіңдер. Алайда Алла сендердің сенімге деген махаббат сезімін оятты, әрі оны жүректерінде бояңқырады. Ол сендер үшін жабықтық, жолдан таюшылық және бағынбаушылықты жеккөрінішті қылды. Осылар – парасаттылар, (49:7)
Әр адам сыртқы дүниені әр-түрлі түйсіктенеді. Бұл адамның көрінетін ортаны мағыналы толтыруына тәуелді. Кім бұ дүниені өз болмысының тірегі қылып алса, соған ол барлық алдағыш айбынымен көрінеді:
Осы өмір жабылғандар үшін әшекейлендірілген. Олар сенім артқандарды тәлкектейді.
Абай болып жүргендер қиямет күнінде олардан жоғары болады. Расында, Алла, қалағанына ризықты есепсіз береді! (2:212)
Бұл өмірмен соқырайтылған адамдар үшін, Алланың емес, жаратылыстың әсерінен жасаған істері, өздерінің түсініктеріне толық сәйкес келеді:
Біреу өлі болса, ал Біз оны тірілтсек, әрі оған ол онымен адамдарға келетін Нұрды орнатсақ, сол, түнекте жүріп, одан шыға алмай жүрген басқаға ұқсас па?! Жабылғандар үшін өздерінің істері осылайша бояңқыралған! (6:122)
Олардың жаман істері өздері үшін бояңқыралған, бірақ Алла жабылған адамдарды бағыттамайды! (9:37)
Адамға зиян тиген кезде, ол Бізді бүйіріне жатса да, отырса да, тұрса да шақырады. Біз оны зияннан құтқарғаннан кейін, ол Бізді өзіне тиген зиянның себебінен шақырмағандай жүреді. Сөйтіп ысырапқорлар үшін істеген нәрселері бояңқыралған! (10:12)
Олар: «Әр тұлғаның үстінен оның тапқанымен тұратын Сол ма?» – деп сұрайды. Олар Аллаға серік қосты!
«Оларды атаңдаршы, немесе Оған Оның жерде білмейтін, немесе айтылғаннан тыс нәрсе жайлы хабар беріңдерші!» – деп айт.
Әрине, жабылғандар үшін өздерінің қулығы бояңқыралған. Олар жолдан ауытқып кетті! Алла кімді жаңылдырса, соған бағыттаушы жоқ! (13:33)
Жаман ісін бояңқыралған түрде көрген тұлға, соны көркем көрді ме? Расында, кім қаласа, Алла соны жолдан жаңылдырады, әрі кім қаласа, соны бағыттайды! Олар үшін қайғырма. Расында, Алла олардың істеп жүрген нәрселерін біледі! (35:8)
… Сөйтіп перғауынға өзінің жаман істері бояңқыралды, әрі олар жолдан шеттеді. Перғауынның барлық қастандығы тек қана опат болуда! (40:37)
Иесінің айқын дәлелдерінде болған тұлға жаман істері бояңқыралған тұлғаға ұқсас па? Олар өз құмарлықтарына ереді! (47:14)
Әрине, сендер елші мен сенушілерді өз отбасыларына қайтпайды деп ойладыңдар! Бұл сендердің жүректерінде бояңқыралды, әрі сендер жаман ой ойлап жоғалған халық болдыңдар! (48:12)
Жасаушының ұйғарымынан бас тартқан адамдар өздерінің басты дұшпанының – түңілгеннің (ібілістің) әрі оның командасының ықпалына түсіп кетеді.
Біздің күшіміз оларға келмей тұрғанда, олар бой ұсынғанда! Алайда олардың жүректері қатыгезденіп кетті, олардың істерін тілазар бояңқырады ғой! (6:43)
Тілазар олардың істерін бояңқырап:
«Бүгін адамдардың арасынан сендерді жеңетін ешкім жоқ. Расында, мен сендерге қосыламын» – деп айтты. Сонан соң екі жасақ көрінген кезде, ол өз ерген жолынан шегінді де:
«Менің сендерге деген қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтін нәрсені көріп тұрмын. Мен Алладан қорқамын, ал Алла болса, жазалауға күшті!» – деп айтты. (8:48)
Алламен ант етемін, Біз саған дейін де болған жетекшілерге жібердік, бірақ тілазар олардың істерін бояңқырады. Сол күні ол олардың жебеушісі болады, әрі оларға – ауыр азап! (16:63)
Сол әйел әрі оның халқы, Алланың орнына, күннің алдында сәждеге жығылатынын көрдім. Тілазар олардың істерін бояңқырады әрі оларды жолдан бездірді. (27:24)
Ғад пен Самұд халықтары. Олардың тұратын жері сендерге белгілі. Тілазар олардың істерін бояңқырады, бірақ олар көргіш болған! (29:38)
Біз оларға, алды мен артыларындағын бояңқыраған, серіктестерді тағайындадық. Өздерінен бұрын, көрінбейтін мен адамдардың арасынан, келгендер жайлы сөз олар үшін расталды. Расында, олар зарар шегуде болып қалды! (41:25)
Жаратушы Кітабында, кейбір заттардың ақиқат құндылығы жайлы сенушілерді алдын-ала ескертеді. Жаңағы заттар адам тарапынан орынсыз шарықтатылды, бұл жағдай оны жиі түңілушілікке жетелейді.
Адамдар үшін қалауларға деген сүйіспеншілік бояңқыралған: әйелдер, балалар, алтын мен күмістен жиналған байлық, жайылымдағы жылқылар, мал мен егістерге. Бұл – таяу өмірдің пайдалануы, ал Аллада – жақсы баспана! (3:14)
Келтірілген үзіндіде, әйелдер, балалар, байлық және т. б. атап өтілген «объектілер» емес, ал тек адамның құмарлықтары бояңқыралған деп айқын айтылып тұр. Біреуге немесе бірдеңеге қатысты сезімге байыпсыз берілушілік адамдарды тұрақсыз тірекке тұрғызады.
Зиинәтун сөзі жеке термин болып, әшекейлерді материалды заттар ретінде сипаттайды. Ол жалпы мен нақты жағдайларда қолданыла беріледі:
Кімдер таяу өмірді әрі оның әшекейлерін қалап өмір сүрсе, Біз олардың істерін оның ішінде толық қанағаттандырамыз, әрі олар оның ішінде кемсітілмейді! (11:15)
Өзің, Иелеріне таң мен кеште үндейтіндермен бірге, Оның бейнесіне ұмтылып, шыда! Таяу өмірдің әшекейлерін қалап, оларға өз тағайындалуыңды қолдаңба! Жүрегін Бізді еске алуға бейқам қылғанымызды тыңдама! Өз құмарлықтарына еріп, ал оның ісі шамадан тысқарылық болып қалғанды! (18:28)
Таяу өмір – ермек, ойын, әшекей, өз араларыңда көп байлық пен баларыңмен мақтануларың екенін біліңдер – жабылғандарды таңғалдыратын өсімдікті өсіретін жаңбырдың мысалына тәрізді. Сонан соң ол солады, әрі сен оны сарғайған түрінде көресің. Сонан соң ол сабан болып кетеді. Ақырғы өмірде – қатты азап (57:20)
Біздің өмір әр-түрлі әшекейлерге қаныққан. Сенуші адам бұның бәрі бекер жаратылмағанына өз-өзіне есеп береді:
Расында, Біз, кімнің ісі жақсырақ болатынын сынау үшін, жер бетіндегіні оның әшекейі етіп қойдық! (18:7)
Сынақтардан сәтті өту үшін Иеміз сенушілерді жер әсемдігіне жан-тәнмен берілмеуге ынталандырады, себебі оларды шексіз әдемірек заттар күтуде ғой, ұсақ нәрсе үшін олардың бағасын түсіру утопия болар еді.
Сендерге берілген, бұл таяу өмірдің меншігі әрі әшекейі, ал Аллада – жақсырақ әрі төзімдірек! Ұғынбайсыңдар ма? (28:60)
Жерден жаратылған бола тұра, адам, қоршаған ортаның «жылтылын» сезетін белгілі бір сезімдермен иеленді. Мухаммадтың әйелдері ерекше болмады, сондықтан оларға таңдау берілді:
Иә хабарландырушы, әйелдеріңе: «Таяу өмірді әрі оның әшекейлерін қаласаңдар, келіңдер, мен сендерге пайдалануға беріп, көркем бостандық беремін…» – деп айт. (33:28)
Бұл өмірдің әшекейлеріне нақты не жатады?
Ол жылқы, қашыр әрі есектерді олармен салт жүрулерің үшін жаратты, әрі зейнет үшін. Ол сендер білмейтін нәрсені жаратады! (16:8)
Мүлік пен балалар – таяу өмірдің әшекейі, ал жетілдірілген тіршілік – Иеңнің ең жақсы сыйы әрі ең жақсы үміт! (18:46)
Үстемнің келтірілген белгілері біздің болмысымыздың негізгі әшекейлері жайында хабарлап отыр: мүлік пен ұрпақ.
Құран адам қолымен жасалған нақты әшекейлерді атап өтеді:
Ол зейнетке бөленіп, өз халқына шықты.
Таяу өмірді қалайтындар:
«Қарұн иеленген нәрселер бізде де болса ғой! Расында, ол – үлкен сыбағаның иегері!» – деп айтты. (28:79)
Мұса:
«Иеміз! Расында, Сен, жолыңнан жаңылдыру үшін, перғауын мен оның шонжарларына таяу өмірде әшекей мен мүлік бердің!
Иеміз! Олар ауыр азап көрмей, сенбеулері үшін, олардың мүліктерін жойып, жүректерін қаталдандыршы!» – деп айтты. (10:88)
Ол: «Сендерге уәде етілген мерзім – адамдардың таң ертең жинайтын әшекейлер күні» – деп жауап берді. (20:59)
Олар: «Сенімен жасаған шартымызды біз өз еркінімізбен бұзбадық. Бізді халқымыздың әшекейі арасындағы жүктерді әкелуге мәжбүрлетті, сөйтіп біз тастадық!» – деп жауап берді. (20:87)
Иә Адамның балалары! Сәжде жасайтын әр орынның маңында өздеріңді зейнеттеңдер. Жеп, ішіңдер, бірақ ысыраптамаңдар. Расында, Ол ысырапқорларды сүймейді!
«Ұнарлық ризық пен Алланың әшекейлеріне, оларды Ол қызметшілеріне арнап шығарған, кім тыйым салды?!» – деп сұра.
«Бұлар тек таяу өмірде қиямет күніне сенгендер үшін!» – деп айт.
Сөйтіп Біз белгілерді білетін адамдарға жете түсіндіреміз! (7:31-32)
Әшекейлердің сенушілерге арналғандығының қисыны бар, себебі олар бұны ең маңызды нәрсе деп санамайды, олардың өмірінің мәні бұда емес. Алайда әшекейлер өзінді жақсы жағынан көрсетуге, айналадағыларға ықпалын тигізуге, сенімнен бездіру емес оған тартуға көмектеседі.
Сенушіде әшекейлердің бар болғандығы, бұл табиғи және лайық құбылыс. Киімнен тыс орналасқан әшекейлерді жасыру деген сенуші әйелдерге талап Жаратушымыздың тарапынан жалғыз талап болып келеді.
Сенуші әйелдерге, көздерін төмен түсірсін әрі жыныс мүшелерін қорғасын, деп айт. Үстілерінде көрініп тұратын әшекейлерін ғана көрсетсін. Көйлектерінің тіліктерін жамылғылармен жапсын. Олар өз әшекейлерін тек күйеулеріне, не әкелеріне, не күйеулерінің әкелеріне, не ұлдарына, не күйеулерінің ұлдарына, не бауырларына, не бауырларының балаларына, не әпке-сіңлілерінің балаларына, не өздерінің әйел адамдарына, не өздеріне тәуелділеріне, не құмарлықтары жоқ ерлерге, не әйелдердің жыныс мүшелеріне қызығушылық танытпаған балаларға көрсетсін. Жасырған әшекейлерін білдіру мақсатымен аяқтарымен соқпасын. Алланың алдында барлықтарың тәубеге келіңдер, иә сенушілер! Мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (24:31)
Бұл үзінді жайында әр түрлі пікір бар. Кейбіреулер әшекейлерге әйел адамның дене мүшелері жатады деп ойлайды: шашы, құлақтары, беті. Бірақ Құранның ешқай жерінде дене мүшелері әшекейлермен теңдестірілмеген. Үзіндінің мәнмәтіні жасырын, яғни киімнің астында орналасқан әшекейлер жайында айтып тұр. Бұл жайлы дәйексөздің аяғы хабарлайды:
… Жасырған әшекейлерін білдіру мақсатымен аяқтарымен соқпасын …
Жан-жағынан алып қарағанда, көйлектің астындағы аяқта орналасқан әшекейлер жасырынған деген тұжырымға келуге болады.
Бұл тақырыпты келесі үзінді кесімді түрде айқындайды:
Сырластық қарым-қатынастарға түсуге үміттенбейтін әйелдерге арналған ереже, – олар әшекейлерін көрсетпей, киімдерін шешсе, оларға бұл теріс қылық болмайды. Расында, тартынғандары өздері үшін жақсырақ болады. Алла – Естуші, Білуші! (24:60)
Кітаптың келтірілген жерінде Алла жасырын әшекейлердін мағынасын және орнын нақтылы түрде анықтады. Яғни әшекейлер бұл адамдармен жасалған бұйымдар, әрі киімнің астында орналасқандарын ғана жасыру керек. Ал сыртта орналасқаандар: сақина, сырға, білезік, шаш қыстырғыш, бант және тағы сол сияқты заттар, – жасырылатын топқа кірмейді.