Құран сырластық қарым-қатынастар жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Оның белгілерінен – Оның сендерге, олармен бірге тұруларың үшін, өздеріңнен жұптарды жаратқаны. Ол араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім орнатты. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгі бар ғой! (30:21)

Қазіргі заманда ер мен әйелдің арасындағы сырластық қарым-қатынастар көбінесе екі түрге саяды – міндеттемемен әрі міндеттемесіз. Белгілі бір міндеттемелері бар қарым-қатынастар сырластық қарым-қатынастардың ең қолайлы түрі болып келеді.
Құранда осы қарым-қатынастар «никәхун» деген терминмен белгіленеді, бұл сөздің түбірі «нәкәхә» сөзі болып келеді, бұның мағынасы «сырластық қарым-қатынастар, некелесу, жыныстық қатынас».
Міндеттемелі қарым-қатынастарға түсу үшін Алланың Кітабында белгілі бір ережелер алдын ала қарастырылған:

1) құдалыққа дейінгі жасырын (оңаша түрде) кездесуге тыйым салынады

Сол әйелдермен атастырылсаңдар да, не оны іштеріңде жасырсаңдар да, бұл сендерге теріс қылық болмайды. Оларды еске алатыңдарыңды Алла біледі, бірақ мақұлданған атастыру сөздерін айтпағандарыңша, олармен жасырын кездесу уақытын тағайындамаңдар. Ұйғарылған азалау мерзімі бітпегенше, олармен некелесуге (‘уқдәтән никәәхи) бел бумаңдар. Біліңдер, Алла сендердің іштеріңде не бар екенін біледі. Одан сақсыныңдар, әрі Алла Кешіруші, Рақымды екенін біліңдер! (2:235)

2) толық құқықты шарт

Бірі бірілеріңе тиесілі бола тұра, сендер бұны қалайша аласыңдар?! Ал әйелдер болса сендерден толық құқықты шарт алды ғой. (4:21)

3) шартпен алдын-ала қарастырылған сый (әджр)

Араларыңнан кімнің, шартсыз қолжетпес сенуші әйелдермен сырластық қарым-қатынаспен байланысуға (әнкихә) мүмкіндігі мен күші жоқ болса, сендерге тәуелді малай әйелдермен бірге тұрсын. Расында, Алла сенімді жақсырақ біледі!
Бірілерің бірілеріңе тиесілісіңдер. Шартсыз қолжетпес, ойнасқор емес болып тұрған, шартсыз қолжетпес бола тұрып, өздеріне біреуді досжар қылып алмай тұрғандармен, олардың иегерлерінің рұқсатымен, сырластық қарым-қатынасқа түсіңдер, әрі оларға мақұлданған сыйын беріңдер. (4:25)

Иә хабарландырушы, расында, Біз саған келесі әйелдерді жұбайы ретінде алуға рұқсат бердік: сенің тарапыңнан сыйға (уджуурәһуннә) ие болғандарды… (33:50)

… Сыйларын (уджуурәһуннә) берсеңдер, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің (тәнкихууһуннә) теріс қылық болмайды … (60:10)

Құранда сенушілер үшін сырластық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынған адамдар жайлы айтылған:

Аллаға серік қосатын әйелдермен, олар Алланың жалғыздығына сенбегенше, сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Аллаға серік қосатын әйелден, оны ұнатсаңдар да, сенуші малай әйел артық қой. 
Аллаға серік қосатын ерлермен, олар Алланың жалғыздығына сенбегенше, сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Аллаға серік қосатын ерден, оны ұнатсаңдар да, сенуші малай ер артық қой. Аллаға серік қосушылар отқа шақырады, ал Алла болса, баққа әрі, Оның рұқсатына сәйкес, кешірімге шақырады! Ол адамдарға Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, олар ойланар! (2:221)

Зинақор ер тек зинақор әйелмен немесе Аллаға серік қосатын әйелмен ғана сырластық қарым-қатынасқа түсуге (иәнкиху) құқығы бар.
Зинақор әйел тек зинақор ермен немесе Аллаға серік қосатын ермен ғана сырластық қарым-қатынасқа түсуге (иәнкихуһәә) құқығы бар. Бұл сенушілер үшін тыйым салынған! (24:3)

Сендердің әкелеріңмен сырластық қарым-қатынасқа түскен (нәкәхә) әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түспеңдер (тәнкихуу), ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, бұл шектен тысқарылық, жеркенішті нәрсе әрі жамандықтың жолы! 
Сендерге келесі әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады: аналарың, қыздарың, әпке-қарындастарың, әке әрі аналарың жақтарынан тәтелерің, аға-іні әрі әпке-қарындастарыңның қыздары, сүт емізген аналарың, сүттес әпке-сіңлілерің, әйелдеріңнің аналарың, сендер кірген әйелдеріңнің өгей қыздарыңмен, ал кірмеген болсаңдар, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды, қандас ұлдарыңның қыздарымен. Сендерге екі әпке-сіңлілерді біріктіруге болмайды, ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! Шартсыз қолжетпес әйелдер тыйым салынған, Алла тарапынан ұйғарылған сендерге тәуелділерді санамаса. (4:22-24)

Ер мен әйелдің арасындағы сырластық қарым-қатынастарды түсіну үшін Құранның 4 сүресінің 24 аяты мұсылмандарға кедергі тас болып тұр.

Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер тоқтасылғанан кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп, әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында) сендерге оқасы жоқ. Расында Алла толық білуші, хикмет иесі. (Халифа Алтайдың аудармасы, 4:24)

Осы үзіндіге сүйіне тұра, кейбір мұсылмандар әйелден алған ләззат үшін оған сый беру сырластық қарым-қатынастардың ең басты шарты деген қорытынды шығарады. Бірақ бұл түбінен бұрыс болып келеді, себебі бұның жүзікшіліктен айырмашылығы жоқ. «Истәмтә’тум биһи» деген сөздердің мағынасын ашу адамдарды адастырады. Бұл сөз тіркеске дәстүр бойынша «олармен (әйелдермен) пайдалану, олармен (әйелдермен) ләззаттану» деген түсінік береді. Бұл мағынаны кейбір мұсылмандар әйелдермен міндеттемесіз сырластық қарым-қатынастарға түсуге болады, ал ләззат алғаннан кейін оған жай сый беру керек деген түсінік береді. Алайда бұл түсінік түбінде дұрыс емес. «Истәмтә’тум биһи» деген сөз тіркестің мағынасы «онымен пайдалану» деп аударылады, әрі грамматикалық тұрғыда аталық текті затқа қатысты қолданылады, сонымен, үзіндінің мәнмәтінінде бұл сөз тіркес «мүлікке» қатысты қолданылып тұр. Сондықтан бұл сөйлемшені әйелдерге қатыстыруға тіпті болмайды. Келтірілген дәлелдің тұрғысында 4с24а келесі аудармасы ұсынылады:

Сырластық қарым-қатынастарға, ойнас жасамай, шартсыз қолжетпес бола тұра, мүліктеріңмен ұмтылуларың үшін осы тізімдегі нәрселер сендерге рұқсат. Мүлікті пайдаланғандарың үшін әйелдерге белгіленген сыйға құқығын беріңдер. Белгіленген сыйға құқығынан кейін өзара бір нәрсеге қанағаттанғандарың теріс қылық болып саналмайды. Расында, Алла – Кешіруші, Аяушы, Білуші, Дана! (4:24)

Міндеттемелі қатынастар 22 аяттан бастап 25 аятқа дейін ашылады:

Сендердің әкелеріңмен сырластық қарым-қатынасқа түскен әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түспеңдер, ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, бұл шектен тысқарылық, жеркенішті нәрсе әрі жамандықтың жолы! 
Сендерге келесі әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады: аналарың, қыздарың, әпке-қарындастарың, әке әрі аналарың жақтарынан тәтелерің, аға-іні әрі әпке-қарындастарыңның қыздары, сүт емізген аналарың, сүттес әпке-сіңлілерің, әйелдеріңнің аналарың, сендер кірген әйелдеріңнің өгей қыздарыңмен, ал кірмеген болсаңдар, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды, қандас ұлдарыңның қыздарымен. Сендерге екі әпке-сіңлілерді біріктіруге болмайды, ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! Шартсыз қолжетпес әйелдер тыйым салынған, Алла тарапынан ұйғарылған сендерге тәуелділерді санамаса. Сырластық қарым-қатынастарға, ойнас жасамай, шартсыз қолжетпес бола тұра, мүліктеріңмен ұмтылуларың үшін осы тізімдегі нәрселер сендерге рұқсат. Мүлікті пайдаланғандарың үшін әйелдерге белгіленген сыйға құқығын беріңдер. Белгіленген сыйға құқығынан кейін өзара бір нәрсеге қанағаттанғандарың теріс қылық болып саналмайды. Расында, Алла – Кешіруші, Аяушы, Білуші, Дана! 
Араларыңнан кімнің, шартсыз қолжетпес сенуші әйелдермен сырластық қарым-қатынаспен байланысуға мүмкіндігі мен күші жоқ болса, сендерге тәуелді малай әйелдермен бірге тұрсын. Расында, Алла сенімді жақсырақ біледі!
Бірілерің бірілеріңе тиесілісіңдер. Шартсыз қолжетпес, ойнасқор емес болып тұрған, шартсыз қолжетпес бола тұрып, өздеріне біреуді досжар қылып алмай тұрғандармен, олардың иегерлерінің рұқсатымен, сырластық қарым-қатынасқа түсіңдер, әрі оларға мақұлданған сыйын беріңдер. (4:22-25)

Естен жаңылдыратын тағы бір нәрсе, бұл әйелге сый – «уджур» беру керек деген ұйғарым. Алайда бұған жоғарыда, 3-ші пунктте, түсініктеме берілді, бұл пунктте сый беру ажырамас процедурасы екендігі көрсетілді.
Мұсылман әлемінде шексіз санды кәнизак алуға болады деген рұқсат бар. Бұл ереже күңмен, нағыз некеге тұрмай, сырластық қарым-қатынасқа түсуге болады дейді. Алайда бұл тақырыпқа бүкіл Құран бойынша мұқият қарасақ, алдымызға басқа көрініс шыға келеді.

Араларыңнан кімнің, шартсыз қолжетпес сенуші әйелдермен сырластық қарым-қатынаспен байланысуға мүмкіндігі мен күші жоқ болса, сендерге тәуелді малай әйелдермен бірге тұрсын. Расында, Алла сенімді жақсырақ біледі!
Бірілерің бірілеріңе тиесілісіңдер. Шартсыз қолжетпес, ойнасқор емес болып тұрған, шартсыз қолжетпес бола тұрып, өздеріне біреуді досжар қылып алмай тұрғандармен, олардың иегерлерінің рұқсатымен, сырластық қарым-қатынасқа түсіңдер, әрі оларға мақұлданған сыйын беріңдер. (4:25)

Малай әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуден бұрын оларға алдын-ала сый беру керектігі үзіндіде анық әрі түсінікті ұйғарылды. Күңдермен толық құқықты қарым-қатынасқа түсу керектігінің басқа дәлелі келесі үзіндіде:

Аллаға серік қосатын әйелдермен, олар Алланың жалғыздығына сенбегенше, сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Аллаға серік қосатын әйелден, оны ұнатсаңдар да, сенуші малай әйел артық қой. 
Аллаға серік қосатын ерлермен, олар Алланың жалғыздығына сенбегенше, сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Аллаға серік қосатын ерден, оны ұнатсаңдар да, сенуші малай ер артық қой. Аллаға серік қосушылар отқа шақырады, ал Алла болса, баққа әрі, Оның рұқсатына сәйкес, кешірімге шақырады! Ол адамдарға Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, олар ойланар! (2:221)

Азат әйел мен малай әйелдің айырмашылығы тек олардың қоғамдық мәртебесінде. Мәртебеге ие болу адамға деген қарауға түк әсерін тигізбейді, сырластық қарым-қатынасқа тіпті де тигізбейді. Қожайын мен күңнің арасындағы сырластық қарым-қатынаста еркіндік болса, келесі үзінді қисынсыз болар еді:

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер әрі есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:
— сәрідегі байланысқа дейін;
— түсте, киімдеріңді шешкен кездеріңде;
— түнгі байланыстан кейін.
Сендерде жалаңаштықтың үш уақыты бар. Осыдан кейін, бір-бірілеріңе барсаңдар, бұл сендерге де, оларға да теріс қылық болмайды.
Сөйтіп Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана!
Балаларың есейген кезде, олар сендерден рұқсат сұрасын, оларға дейінгілер сұрағандай. Алла сендерге Өз белгілерін осылай түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:58-59)

Еркін қарым-қатынасқа түсуге рұқаст етілген адамнан неліктен ұялу керек? Осындай өзара жүріс-тұрыс жұбайларға тән емес, ал тәуелді әйел дәстүр бойынша жұбайды толық ауыстыра алады. Бұдан басқа, Алла тәуелді әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуге тыйым салады:

Сырластық өмірге мүмкіндік таппағандар, Алла оларды Өз молшылығынан байытпағанша, ұстамды болсын. 
Сендерге тәуелділердің қайсысы шығарылғысы келсе, ол жайлы жақсы нәрсе білсеңдер, оны шығарыңдар. Оларға Алланың мүлігінен, Ол Өз тарапынан сендерге берген нәрсені беріңдер. 
Таяу өмірдің оқиғасына ұмтылу үшін малай әйелдеріңді, олар қолжетпес болғылары келсе, азғындыққа мәжбүрлемеңдер. Мәжбүрленгендерге, расында, Алла, олардың мәжбүрлікке ұшырағаннан кейін – Кешіруші, Аяушы! (24:33)

Бір сенімдес әйелдерден басқа, мұсылмандарға Құранға дейін түсірілген Кітаптардың – Таурат, Забұр және Інжілдің иелерімен некелесуге болады.

Бүгін сендерге жағымдының бәрі рұқсат етілді; Кітапқа иеленгендердің тағамдары сендерге рұқсат, әрі сендердің тағамдарың оларға рұқсат; сенушілерден шартсыз қолжетпес әйелдер әрі сендерге дейін Кітапқа иеленгендерден шартсыз қолжетпес әйелдер, оларға, шартсыз қолжетпес бола тұрып, ойнас жасамай әрі досжар қылып алмай, сыйларын берсеңдер. (5:5)

Бірақ бұл үзіндінің себебінен келесі сұрақ туындайды. Кітап иелеріне жататын қай әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге болады? Себебі мәсіхшіліктің өкілдерінің көбісі Алланың екі,-үшбірлігін мойындайды ғой, ал бұл догмадан Алла Құранда үзілді-кезілді бас тартып, бұны көпқұдайшылық деп санайды.

Расында:
«Расында, Алла – бұл майланған, Мәриямнің ұлы!» – деп айтқандар жабылған болды.
Бірақ майланған:
«Иә Исраилдің балалары! Менің Иеме әрі сендердің Иелеріңе, Аллаға, қызмет етіңдер! Расында, кім Аллаға серік қосса, Алла соны бақтан тыяды! От сол үшін баспана болады, ал зұлымдар үшін көмекшілер жоқ!» – деп айтты. (5:72)

Аллаға серік қосатындармен некелесуге тыйым бар емес пе, ал бұл бірінші рет қарағанда Құрандағы қайшылық болып көрінеді. Бұның жауабы қарапайым, Алланың тұлғасын бөлмейтін Құранға дейінгі Кітаптарға иеленгендермен некелесуге болады. Бұл тамақты ішіп-жегенмен ұқсас. Шошқа еті, қан әрі өлімтіктен басқа барлық жануар мен өсімдіктерді жеуге рұқсат берілген. Бірақ бұларды Алладан басқа тағы біруге арнаса болды, бұл тағам сол сәтте жеуге арам болып саналады. Алланың екі,-үшбірлігін мәсіхшілердің барлығы қабылдай бермейді.Барлық яһуди әйелдер тәрізді Алланың бөлінбес бір тұлғасына сенетін мәсіхші әйелдер аз емес. Бұл жағдай мұсылмандарды Кітап иелерінің доктриналарына қызығушылық танытуға итермелейді, ал бұл болса сенушілерден білімпаздықты талап етеді. Басқа ибраһимдік діндердін өкілдеріне қызығушылықты шынымен таныту, мүмкін, үшкір бұрыштарды әрі көзқарастағы түсініктерді тегістейді.

Полигамия

Полигамия тақырыбы қызу жарыссөздерге себепшіл болады. Полигамияны легитимизациялау мәселесі мемлекеттік деңгейде талқыланады. Мұсылмандарға бірнеше әйелмен некелесуге болады деген рұқсат жалғыз ғана үзіндіде бар:

Жетімдерге мөлшерлесті болмай қаламын деп қорықсаңдар, өздеріңе ұнайтын екі, үш, төрт жетім-әйелмен сырластық өмірмен өмір сүріңдер. Бірақ әділ болмайымын деп қорықсаңдар біреуімен немесе өздеріңе тәуелдімен қанағаттаныңдар. Бұл әділетсіздіктен қашқақтауға жақынырақ!
Әйелдерге қалың малдарын сый ретінде беріңдер. Олар сендерге құрмет көрсетіп, одан бір нәрсе бергісі келсе, соны пайдаларыңа жеңдер. (4:3-4)

Бұл қағиданың, жетім әйелдердің мәселесін шешуге талап ететін, әлеуметтік бағыты бар. Жетім әйелдер көбінесе соғыстан кейінгі қоғамдарда пайда болады, әрі бірнеше жетіммен міндеттемелерді қамтитын сырластық өмір сүру әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Алла Құранда жетімдерге ерекше назар аударады ғой:

Олар сенің әйелдер жөніндегі шешіміңді сұрайды.
«Олар жөніндегі Алланың шешімі, олармен сырластық өмір сүруді қалап, оларға тиісті ұйғарылған нәрселерді сендер бермейтін жетім әйелдер жайлы сендерге Кітаптан оқылатында, әрі әлсіз балалар жайлы, оларға мөлшерлестік жасаңдар. Қандай да бір жақсы іс жасасаңдар да, Алла ол жайлы біледі ғой!» – деп жауап бер. (4:127)

Келесі дерек қызық болып келеді. Алла бірнеше әйелмен әділетті болуға мүмкін еместігін айтады әрі оларды ілулі жағдайда қалдырмауға шақырады:

Қанша тырыссаңдар да, әйелдердің арасында әділ бола алмайсыңдар. Олардың біреуін ілулі сияқты түрде қалдырып, одан ауытқып кетпеңдер. Бірақ жағдайды түзетіп, абай болсаңдар, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (4:129)

Бұл жерде әйелге қатысты әділетсіздіктен қашқақтау әдісі көрсетіліп тұр. Бұл іске асырылмаса, әділетсіздік қалпына келмейді. Әркімнің өзі қорытынды шығарсын.

Ажырасу

Өкінішке орай, адамдар әрқашан бір бірімен сыйыса бермейді. Сондай жағдайды Үстем Құранда келесідей суреттейді:

Олар ажырасуды шешсе, расында, Алла – Естуші, Білуші! (2:227)

Ажырасқан әйелдер үш етеккір циклін күту керек. Оларға, Алла олардың құрсағында жаратқанды, жасыру рұқсат берілмеген, олар Алла мен Ақырғы күнге сенім артса. Сонымен бірге әйелдердің оралу құқығы бар, олар түзетуді тілесе. Әйелдерде мақұлдағаннан кейін болған тәрізді құқықтары мен міндеттері өздерінде қалады, алайда ерлердің дәрежесі олардікінен жоғарырақ. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (2:228)

Ажырасуға екі рет жол беріледі. Сонан соң – не ұстап қалу, не жақсылықпен босату керек. Бірақ, екеулеріңнің Алланың шектеулерінде тұрмай қалудан қорқыныштарыңды санамаса, сендерге әйелдерге берген нәрселеріңнен ештеңені де алуға болмайды. Екеуі де Алланың шектеулерінде тұрмай қалудан қорықса, ерге өтеу екеулеріне де теріс қылық болып саналмайды.
Алланың шектеулері осындай. Олардан аттамаңдар! Кімдер Алланың шектеулерінен аттап өтсе, солар – зұлымдар! (2:229)

Ол онымен үшінші рет ажырасса, осыдан кейін әйел, оның басқа жұбайымен жыныстық қатынасқа түспегеніше, еркекке рұқсат болмайды. Ал енді басқа жұбайы онымен ажырасса, оның бірінші жұбайына оралуы екеуіне де теріс қылық болып саналмайды, олар Алланың шектеулерінде қала алады деп ойласа. Алланың шектеулері осындай! Ол оларды білетін адамдарға түсіндіреді! (2:230)

Сендер әйелдеріңмен ажырасқаннан кейін, олар тиісті мерзімін күтсе, оларға жұбайларымен жыныстық қатынасқа түсуіне бөгет жасамаңдар, екеуінің келісуін мақұлдаған кезде.
Бұл – араларыңнан Алла мен Ақырғы күнге сенім артқандар үшін үгіт!
Бұл – сендер үшін тазарақ әрі сендерді ақтайды! Расында, Алла біледі, ал сендер білмейсіңдер! (2:232)

Әйелдермен, оларға тимей немесе өздеріңе міндеттеме алып, ажырасқандарың теріс қылық болмайды. Ауқатты оларға өз мүмкіншілігіне қарай беруі тиіс, ал кедей – өз мүмкіншілігіне қарай. Оларға жақсылық істеушілер үшін құқықтың мақұлдауыменен беріңдер. Сендер оларға тимей, олардың үлесін белгілеп, ажырассаңдар, оларға белгілегеннің жартысын беріңдер, оның (әйелдің) тарапынан төлемнен босатуын немесе қолында неке шарты бар адамдар тарапынан босатуларын санамаса. Сендер төлемнен босатсаңдар, бұл абай болушылыққа жақынырақ. Бір біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Расында, Алла сендердің істеген нәрселеріңді көріп тұр! (2:236-237)

Бір жұбайыңды басқаға алмастырғыларың келсе, әрі біреуіне жиналған мүлікті берген болсаңдар, одан ешнәрсе алмаңдар. Бұны жала жабу арқылы әрі айқын күнәмен алайын деп пе едіңдер?! (4:20)

Иә сенім артқандар! Сенуші әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге ниеттенсеңдер, бірақ оларға тимей, айырылыссаңдар, олардың сендердің алдында күту мерзімі жоқ болады. Оларды әдемі босатып, пайдалануға мүмкіндік беріңдер. (33:49)

Неке қию орны

Қазіргі күнде мұсылмандармен неке қиюдың екі түрі қолданылады: АХАЖ және мешіт (ал кейде жай ғана сенушілер тобымен дәстүр бойынша «никәх» рәсімі өткізіледі). Бұлардың қайсысы Алланың алдында заңды болып танылады? Келесі үзіндіні қарастырайық:

Сендер оларға тимей, олардың үлесін белгілеп, ажырассаңдар, оларға белгілегеннің жартысын беріңдер, оның (әйелдің) тарапынан төлемнен босатуын немесе қолында неке шарты бар адамдар тарапынан босатуларын санамаса. Сендер төлемнен босатсаңдар, бұл абай болушылыққа жақынырақ. Бір біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Расында, Алла сендердің істеген нәрселеріңді көріп тұр! (2:237)

Әйел мен ердің арасында шарт жасалған кезде, неке шартын орындауға мәжбүрлейтін өкілеттігі бар үшінші жақ керек. Қазіргі уақытта осындай мүмкіндік тек, өз өкілеттігін АХАЖ-ға тапсырған, мемлекетте ғана бар. Оның үстіне, АХАЖ-да тіркелмей сырластық қарым-қатынасының себебінен бала туылса, әйел мен баланың алимент алуға құқығы болады. Мемлекет АХАЖ-да тіркелусіз де ата-аналарға алимент төлеткізе алады. Мешіт немесе жай сенушілер ешбір жаққа ықпалын тигізу тұтқасына ие емес. Яғни некелескендердің арасында мәселе туындаса, молда болсын, не басқа бір сенуші болсын, олардың алимент төлеткізу, мүлік бөлу, тараптардың құқығын қорғауға және т.б. әрекеттер жасауға заңды күші жоқ. Шынында, «никәх» рәсімінің тек атаулы мәні бар, ал ақиқатында ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты заң арқылы мемлекет реттейді. Айырмашылығы тек мынада, қарым-қатынастарды тіркеген кезде, әйелдің де, балаларымен бірге, күйеуінің мүлігіне құқығы болады, ал тіркеусіз ол мұраға талаптана алмайды.
Тіркеусіз қарым-қатынастар жесірлерге немесе тәуелді, құқықтары шектелген адамдарға жақын келеді:

Сырластық қарым-қатынасқа, араларыңдағы жесірлер және түзелген малай ерлер мен малай әйелдер, түседі. Олар кедей болса, Алла оларды Өз молшылығынан байытады. Алла – тегіс қамтушы, Білуші! (24:32)

Бұл жерде келесі қисын байқалады: жесірлер көп жағдайда өз мүлкіне ие, әрі жиі жағдайларда балалары да бар. Олар көбінесе өз жалғыздығын ажарлауға ұмтылады. Олар үшін бір бірінің мүлігіне талаптанудың әрі қосымша бала табудың мәні жоқ. Сол себептен оларға АХАЖ-да тіркелудің қажеттілігі жоқ. Әрине, жұп әлі жас болып, бала табуға ниеттенсе, олар үшін тіркелу артығырақ болады. Тәуелді, құқықсыз адамдар дәл сондай. Әдетте, оларда мүлік пен жылжымайтын мүлік мүлде жоқ болады, сондықтан әйел ештеңеге талаптана алмайды. Ал туылған балалар автоматты түрде мемлекет тарапынан қорғалады.