Құран жыныс мүшелері жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Биологиялық рефлекстерді шектейтін жүріс-тұрыс ережелерін сақтаушылық, сенуші адамдардың жануарлардан айырмашылығының бірі. Мәселен, аса зор көбею түйсігі Құдайдың ұйғарымдарымен реттеледі.

Расында, бой ұсынған, сенуші, бағынған, шыншыл, сабырлы, қастерлеуші, турашыл, ораза тұтушы, жыныс мүшелерін қорғаушы әрі Алланы көп еске алатындарға Алла кешірім мен үлкен сый дайындады! (33:35)

Осы үзіндіде сенушілерге тән, ақыр аяғында Борыш Күнінде табысқа жетелейтін, қасиеттер аталып шығылды. Алла жақтырған қасиеттердің тізімінде жыныс мүшелерге деген қарым-қатынас атап өтілді. Әрине, жыныс мүшелерді қорғау дегеніміз сырластық қарым-қатынастарға түсуге болмайды деген сөз емес. Біздің жағдайымызда оларды белгілі бір аяда сақтау керектігі айтылып отыр:

жұбайлары немесе өздеріне тәуелділері үшін ғана жыныс мүшелерін қорғайтындар, расында, оларға сөгіс жоқ қой! (23:5-6)

жұбайлары немесе өздеріне тәуелділері үшін ғана жыныс мүшелерін қорғайтындар, расында, олар сөгілмейді, (70:29-30)

Көбею түйсігі аса зор әрі аяда ұсталынып тұру оңай емес екендігін бәріміз білеміз. Шектеуді бұзудан тартынуды оңайлату үшін, сенуші ерлер мен сенуші әйелдерге белгілі бір жүріс-тұрыс ережелері ұйғарылады:

Сенушілерге, көздерін төмен түсірсін әрі жыныс мүшелерін қорғасын, деп айт. Бұл оларды ақтайды. Расында, Алла сендердің істеген нәрселерің жайлы хабардар! (24:30)

Сенуші әйелдерге, көздерін төмен түсірсін әрі жыныс мүшелерін қорғасын, деп айт… (24:31)

Бұл ұйғарым қисынды, себебі дәл осы көздереміз арқылы біз жыныстық құмарлығымызды қоздырамыз ғой. Бұл, адамдар мен айналаны, көзбен шолуға болмайды деген сөз емес. Құмарлықпен қарау жайында айтылып тұрғаны анық.
Исаның анасы Мәриямнің мысалы адамзат үшін ең үлкен белгілердің бірі:

Өз жыныс мүшелерін қорғаған әйелді еске ал. Біз оған Өзіміздің Рухымыздан үрледік. Оны және оның ұлын халықтарға белгі етіп қойдық! (21:91)

Және де, өз жыныс мүшелерін қорғаған, Ғимранның қызы Мәриям!
Біз оған рухымыздан үрледік. Ол, Иесінің Сөздерін, Оның Кітаптарын шын деп санады әрі ол қастерлеушілердің бірі болды! (66:10-12)

Ерлер мен әйелдер арасындағы міндеттемесіз еркін қарым-қатынастың «жарнамасының» көбеюі кезінде, жыныстық мүшелерін сақтау тұрғысында Мәриямнің мысалы өзекті. Ойнас пен азғындық тот тәрізді әлемдік қауымдастықты жеп бара жатыр. «Тотты» жоймасақ, алдын ала шара қолданбасақ, біздің жануарлардан еш айырмашылығымыз болмайды.