Құран орамал жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Діннің қоғамға деген өскелең ықпалының себебінен зайырлық пен діни символизмнің арасында қарсыластық өсуде. Қазіргі күнімізде зайырлы билік пен дәстүрлі Ислам адепттерінің арасындағы келіспеушіліктің себебі мұсылмандардың киім түрінде. Сондай-ақ, батыс истеблишментінде мұсылман әйелдердің орамалы мен паранжыларын өткір қабылдамаушылық пайда болуда. Жауап ретінде сенушілердің, олардың «дана» жетекшілері тарапынан қыздырылған, кертартпа жүріс-тұрысының өсуі байқалады. Екі жақ та өз мүдделерін белсенді қорғауда. Мұсылман әйелдердің басқа тартатын жамылғыштарына қарсы шығатындардың дәлелдемелеріне тимей, бұл тақырыпты Исламның БАСТЫ заңнамалық жинағы – Құран арқылы түсінуге тырысайық.

Әйел басындағы орамалды мұсылмандар дәстүр бойынша «хиджәб» деп атайды, бұның араб тілінен аудармасы: «жамылғы, шымылдық, перде». Осы термин қолданылатын үзінділерді қарап шығайық.

Араларында – шымылдық (хиджәәбун), ал айдарда барлығын олардың белгілерінен танитын адамдар бар. Баққа қосылғандар: «Бейбітшілік сендерге!» – деп, оған кіруді қаласа да, кірмегендерге айғайлайды. (7:46)

Сен Құранды декламациялаған кезіңде, Біз сенің әрі ақырғы өмірге сенбейтіндердің арасына жасыратын шымылдық (хиджәәбән) жасаймыз. (17:45)

(Мәриям) олардың алдында өзіне шымылдық (хиджәәбән) жасады. Солай, Біз оған Өзіміздің Рухымызды жібердік, әрі ол оның алдына адам бейнесінде келді. (19:17)

Иә сенім артқандар! Елшінің үйіне, тамақты күтпей, сендерді тамаққа шақырса ғана, кіріңдер. Бірақ шақырған кезде, кіріңдер, тамақтанғаннан кейін, тарқалыңдар әрі әңгімелесушілерден болмаңдар. Бұл хабарландырушыда жағымсыз сезімді тудырады, бірақ ол сендерден ұялады, ал Алла хақтан ұялмайды.
Оның әйелдерінен бір зат сұрасаңдар, олардан шымылдықтың (хиджәәбин) артынан сұраңдар. Бұл сендердің әрі олардың жүректеріне тазарақ болады. Алланың елшісінде жағымсыз сезімдерді тудырмаңдар әрі одан кейін оның әйелдерімен сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Расында, бұл сендердің тарапынан Алланың алдында үлкен! (33:53)

(Сүлеймен): «Расында, мен, Иемді еске алудан гөрі, жақсылыққа деген сүйіспеншілікке елігіп кеттім, олар шымылдықтың (бильхиджәәби) артынан жасырынып кетпегенше! Оларды маған қайтарыңдар» – деп айтты.
Әрі ол олардың аяқтары мен мойындарын сипай бастады. (38:32)

Алла адаммен тек уаһи арқылы ғана, не шымылдықтың (хиджәәбин) артынан жасырынып, не хабарландырушыны жіберіп әрі оған қалаған нәрсені, өзінің рұқсатымен, уаһи етіп, сөйлесетін! Расында, Ол – Үстем, Дана! (42:51)

Олар: «Біздің жүректеріміз сен шақыратын нәрседен жамылғыларда (әкиннәтин). Құлақтарымызда кереңдік, ал біз бен сенің арамызда шымылдық (хиджәәбун). Жаса, расында, біз де жасаймыз!» – деп айтады. (41:5)

Бұл жерде «әкиннәтун» термині қосымша қолданылған, бұның түбірі – «кинәәнун», «қалқа, таса» деген мағынаны білдіреді.

Келтірілген үзінділерді талдағаннан кейін, Құранда «хиджәәб» сөзі сенуші әйелдің орамалы ретінде қолданылмайтынын констатациялауға тура келеді.

Төмендегі үзінді әйелдердің сыртқы түріне қатысты Алланың нақты ұйғарымы болып келеді:

Сенуші әйелдерге, көздерін төмен түсірсін әрі жыныс мүшелерін қорғасын, деп айт. Үстілерінде көрініп тұратын әшекейлерін ғана көрсетсін. Көйлектерінің тіліктерін (джуюбиһиннә) жамылғылармен (бихумуриһиннә) жапсын. Олар өз әшекейлерін тек күйеулеріне, не әкелеріне, не күйеулерінің әкелеріне, не ұлдарына, не күйеулерінің ұлдарына, не бауырларына, не бауырларының балаларына, не әпке-сіңлілерінің балаларына, не өздерінің әйел адамдарына, не өздеріне тәуелділеріне, не құмарлықтары жоқ ерлерге, не әйелдердің жыныс мүшелеріне қызығушылық танытпаған балаларға көрсетсін. Жасырған әшекейлерін білдіру мақсатымен аяқтарымен соқпасын. Алланың алдында барлықтарың тәубеге келіңдер, иә сенушілер! Мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (24:31)

Бұл үзінді сенуші әйелдерді көйлектерінің тіліктерін жабуға шақырады. Жасаушының ұйғарымы, басқа тартатын орамалға емес, нақты жамылғыға қатыстығын айқын көрсету үшін, жақшада араб эквивалентінің транскрипциясы көрсетіліп тұр, бұл сөз «бүркеу, жасыру» деген мағыналарды беретін «хамара» деген түбірден жасалған. Бас киім жайлы, тіпті басты жабу бұйрығы жайлы сөз жоқ. Қазіргі уақытқа дейін арабтар бұл сөзбен әр-түрлі заттарды атайды: перде, материал, үстел немесе төсек жапқыш және тағы сол сияқтыларды. Үзіндіде жабу фунуциясы жайлы ақпарат жеткізілді, бұны кез келген жамылғы, шарф, орамал және т.б. заттармен орындауға болады.

Иенің келесі ұйғарымы болып келеді:

Иә хабарландырушы, өз әйелдеріңе, қыз-балаларыңа әрі сенушілердің әйелдеріне, үстілерінде көйлектерін жақындатсын деп айт. Бұл олардың танылуларына әрі жағымсыз сезімдерді тудырмауларына жақынырақ. Алла – Кешіруші, Рақымды! (33:59)

Бұл үзіндіде «джильбәб» сөзі қолданылған, бұның араб тілінен аудармасы – «ұзын көйлек, ұзын халат». Бұл жағдайда да басты жабу жайлы сөз жоқ.

Сенуші әйелдерге бастарына орамал тағудың міндеттемесі ерте заманнан бізге жеткен дәстүрге негізделеді.
Бұл дәстүр қалай пайда болды?

Құранның түсірілуіне дейін араб әйелдері көбінесе желке жақтан байланған орамал тағатын. Басқа тартатын орамал еркін әйелдің белгісі болатын. Күңдерге бастарына орамал тағу тыйым салынатын, тыйымды бұзушылық жазаланатын. Сенімді қабылдағаннан кейін араб әйелдерінің сыртқы түрі өзгеріске ұшырамады. Тек көйлек тіліктерінің жабу жайлы Алланың ұйғарымынан соң ғана, олар ең оңай жолмен орамалдың ұштарын көйлектерінің алдынғы тілігіне жай ғана түсірді. Нәтижесінде сыртқы түрлері қазіргімен сәйкес болып қалды.

Алланың ойластыруы бойынша Кітап ойлампаз, ойланып-толғанатын адамдарға бағытталған. Мухаммадтың замандастарының көбісіне, біздің заманымызға тәрізді, тура жолға еруге дәстүр бөгет болатын, Құран болса дәстүрге қарсы бағытталған. Таңғаларлық түрде қазіргі сенушілер, бізге жеткен бүкіл мұсылман дәстүрін Үстемнің бұйрығы санап, Құдайдікін адамдікінен айырмай, алдағы өткен буындардың қателігін қайталап жүр.

Әрине, орамал тағуына тиым салуға ешкімнің құқығы жоқ, бірақ бұл АЛЛАНЫҢ ҰЙҒАРЫМЫ деп айтуға да ешкімнің құқығы жоқ.