Құран етеккір жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Барлық уақытта әйелдің етеккір кезіндегі күйі оларға деген алдан пішілген қарым-қатынас тудыратын. Кейде олар сол кезеңінде үйден қуып шығарылатын. Алла тарапынан ақиқат келгеннен соң әйелдің қоғамдағы жағдайы жақсарылатын, алайда уақыт өте келе Аллаға деген толық қызмет етуге бөгеттері қайтадан пайда бола бастады. Өз сенімін Исламда белсенді танытатын әйелдерге, етеккір кезінде Алламен байланысуға тыйым салады, әрі сол кезінде ұстаған оразасы бұзылған саналады. Алланың Кітабына бет аударғаннан кейін біз мүлде басқа көрініс көре аламыз.
Әйел үшін етеккір не екенін қарап шығайық.
Олар сенен етеккір жайлы сұрайды.
«Ол – қиналыс (әзән)!» – деп жауап бер.
Әйелдермен, олардың етеккір кезінде, жыныстық жақындасудан шеттеніңдер. Олар тазарылмағанша, оларға жақындамаңдар. Олар тазарылғаннан кейін, оларға, сендерге Алла бұйырғандай, келіңдер. Расында, Алла тәубеге келушілерді әрі тазаланатындарды сүйеді! (2:222)
Әйелдеріңнің қайсысы етеккірге деген үмітін жоғалтса әрі қайсысының етеккірі жоқ болса, күмәндансаңдар, үш ай санасын. Жүкті әйелдердің мерзімі – босанған кездері. Кім Алладан сақсынса, Алла соның ісіне жеңілдік жасайды. (65:4)
Бүкіл Құран бойынша бұл құбылысқа тек екі аят қана арналған. Көзге түсетін алғашқы нәрсе, бұл осы күйдің сипаты – қиналыс. Қиналыс деген сөз араб нұсқасында «изән» деп естіледі, және «ауырсыну, қиналу, реніш, жағымсыздық, зиян, зарар» деген мағыналарды береді. 2с222а тура cөйтіп баяндалады. Әйелдің ауырсыну, қиналыс әрі жағымсыздық күйінде, еркек онымен жыныстық жақындасудан тартынуы керек. Тартыну мезгілі бұл күйдің аяқталынуына дейін, яғни қанның шығуының тоқталуына дейін, созылады. Аят тек қана жұбайлардың арасындағы сырластық қарым-қатынастың ережесін баяндайды. Алайда «… Олар тазарылмағанша…» деген сөйлемше көп адамдарды қымсындырады, себебі бұны, Алламен байланысуға тыйым салғызатын, ритуалдық тазалықтың жоқтығы деп түсінеді. Бұл мәселені алдын ала пішпей зерттесек, Құранда тазарылу сөзі Алламен байланысуға ғана емес, киімге де, садақаға да қатысты қолданылатының көре аламыз:
Иә оранушы!
Тұр әрі алдын ала ескерт!
Иеңді ұлықта!
Киімдеріңді тазарт! (74:1-4)
Олардың мүліктерінен, онымен сен олардың өздерін тазартып, ақтайтын, садақа ал. Олар үшін байланысқа шық, себебі сенің байланысың – олар үшін жұбаныш! Алла – Естуші, Білуші! (9:103)
Әңгіме байланыс алдындағы ритуалдық тазалық жайлы болып отыр деп долбарласақ, бұнымыз қате болады. Барлық жерде белгілі бір әрекет кезінде болып қалатын адамның күйі көрсетілген. 2с222а-қа оралсақ, әңгіме, жұбаймен жыныстық жақындасуға мүмкіндік беретін, қаннан тазартылу жайлы болып отырғанының көре аламыз.
4с43а баяндалған, байланысуға бөгет жасайтын, арамдалу күйі, күмән тударатын талаптарының тағы да бірі болып келеді:
Иә сенім артқандар! Байланысқа, айтқан сөздеріңді өздерің түсінбегендеріңше, мастық күйде шықпаңдар әрі, жуып тазартпағандарыңша, жыныстық арамдалу күйінде шықпаңдар, саяхаттауды санамаса ғана! Ал ауырсаңдар, немесе жолаушы болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсе, немесе сырластықта әйелдерге тисеңдер, сонымен қатар су таппасаңдар, таза бетке бет алып, жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Расында, Алла – Кешуші, Кешіруші! (4:43)
Әйел етеккір кезінде арамдалады деген ой бар. Арамдалу арабша «джунубун» деп естіледі әрі «арам, жат» деп аударылады. Бұның түбір сөзі «джәнәбә» – «шетке алып қою, бүйір, борт, жақ» деген мағыналарды береді.
Біріншіден, бұл термин ерлерге қатысты қолданылады, себебі оларда жыныстық байланыстан тыс ұрық шашуы болуы мүмкін.
Екіншіден, байланысуға, арамдалған жердің жуып тазартпағанынша ғана, болмайды. Бұл, таза бетпен жүз бен қолды ритуалды сүрту жолымен ғана оңай жойылатын әр-түрлі «кірленулер» жайлы хабарлайтын жалғасында дәлелденеді. Арамдау мен қиналыс – мағыналары әр-түрлі сөздер екендігін айтып өткім келіп тұр. Бұл тезисті күшейту үшін «қиналыс» сөзі қолданылатын іріктеп алынған аяттар ұсынылады:
Өздерінің мүліктерін Алланың жолында тарататындарды, сонан соң азарлап, ренжімейтіндерді (әзән), Иелерінің сыйы күтуде. Олар қорқыныш пен қайғыны білмейтін болады. Мақұлдау мен кешірімділік сөздері, артынан реніш еретін садақадан артығырақ. Расында, Алла – Бай, Жұмсақ!
Иә сенім артқандар! Садақаларыңды азарлау мен реніштеріңмен (әзән) бекер қылмаңдар. Бұл, Алла мен Ақырғы өмірге сенім артпай, мүлігін адамдардың алдында көрініп тарататынға ұқсас. Бұл топыраққа жабылған жартастың мысалына ұқсас. Жартасқа нөсер жауды да оны жалаңаш қалдырды. Тапқандарының бір нәрсесімен де қолданыла алмайтын болады. Расында, Алла жабылған адамдарды бағыттамайды! (2:262-264)
Олар сендерге тек реніш (әзән) арқылы ғана зиян келтіре алады. Егер олар сендермен соғысса, олар сендерден теріс айналып қашады.
Сонан соң оларға жәрдем етілмейді! (3:111)
Сендер міндетті түрде мүліктеріңмен әрі өздеріңменен сыналасыңдар. Сендерге дейін Кітап берілгендерден әрі Аллаға серік қосатындардан міндетті түрде көп жағымсыз (әзән) сөз естисіңдер. Сабырлы әрі абай болсаңдар, бұл – істің табандылығы! (3:186)
Сенушілердің арасында болған кезіңде, олармен бірлесіп байланысқа шық. Сенімен бірге бір топ тұрсын, ал басқа топ қарулы болсын. Олар сәжделерін аяқтаған кезде, сендердің арт жақтарында тұрсын. Байланысқа шықпаған басқа топ келіп, сенімен бірлесіп байланысқа шықсын. Олар абай әрі қарулы болсын. Жабылғандар сендердің қаруға әрі заттарға деген елемеулеріңді қалайды, сендерге бір ұмтылыспен ұмтылу үшін. Жаңбырдан ыңғайсыздықтың (әзән) немесе ауырғандарыңның (мәрда) себебінен қаруларыңды қоя тұрғандарың теріс қылық болып саналмайды, алайда абай болыңдар! Расында, Алла жабылғандарға қорлайтын азап дайындады! (4:102)
Келтірілген үзіндіде сипатталған күйлер байланысқа шығуға деген тыйымды ешқалай ұйғармайды. Оның үстіне, хабарландырушы мен оның серіктестері қиналыс пен ауырсыну күйінде байланысқа шыққан. Іспеттес жағдайларда байланысқа шығудың ережелері 4с102а-та баяндалған. Жауынгерлік істер кезінде жарақаттан аулақ болудың мүмкін еместігімен келесетін шығарсыздар, жарақаттан әдетте қан ағады. Бұнымен бірге іріңдеу ілеседі, бұның бәрі бірлескенде етеккір кезінде шығатын нәрселерден артық емес. Яғни жарақаттану күйі (ауырсыну, қиналыс) және әйелдің етеккір кезіндегі күйі «изән»деген бір сөзбен сипатталады, бұл оларға деген қарым-қатынас бірдей деген сөз (сиыну тұрғысында).
Етеккірдің себебінен оразаның бұзылуы жайлы пікірдің дәрменсіздігін келесі аяттар көрсетеді:
Шыжыған (рамазан) айда адамдарға нұсқау ретінде Құран түсті. Нұсқауда айқын дәлелдер мен ажырату бар.
Араларыңнан қайсысы осы айдың куәсі болса, ораза ұстасын. Кім ауырса (мәриидән) немесе саяхатта болса, сол басқа санаулы күндерде ораза ұстасын. Алла сендерге жеңілдетуді қалайды, алайда, сендердің санаулы кезеңді аяқтауларың үшін әрі Алланы, сендерді бағыттағаны үшін, ұлықтауларың үшін сендерге қиындатуды қаламайды! Мүмкін, алғысты боларсыңдар! (2:185)
Жоғарыда келтірілген үзінді екі күйде ғана оразаны көшіруге болатындығын айтты, бұл – ауру мен саяхат. Алайда ауру сөзі «мәриидән» деп айтылады. Көргеніміздей, ауру мен ауырсыну – әр-түрлі ұғымдар. Оның үстіне, Үстемнің Өзі бұл ұғымдарды ажыратады:
Қажылықты әрі Алланың келіп шығуын аяғына дейін жеткізіңдер. Қаражаттан қысылсаңдар, сендерге қолжетімді жануарларды құрбандыққа шалыңдар. Біреулерің ауырса (мәриидән) немесе басында ауырсыну (әзән) сезімі болса, оразамен, немесе садақамен, немесе таупиық істерімен құтылсын. Амандықта болған кездеріңде, кім келуін қажылыққа арнаса, сол өз мүмкіншілігінше жануарды құрбан ете алады. Кім таппаса, сол қажылық кезінде үш күн және үйіне оралған кезінде жеті күн ораза ұстасын. Жиынтығы тұтас он күн. Бұл жанұясы шайқасуға тыйым салынған сәжде жасайтын орнының жанында тұрмайтындарға. Алладан сақсыныңдар әрі Алла қатты жазалайтының біліңдер! (2:196)
Расында, Құраннан тыс алынған тыйымдар, әйелдерді Алладан, Оның алдындағы міндеттерді орындаудан (байланысу, ораза), алыстатады әрі үзеді. Біз, Алла тарапынан тыйым салынбаған нәрсеге, Алланың атынан тыйым сала аламыз ба?!