Құран Алланың Нұры жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

 

Адамзат нұрды айқындық, тазалық әрі игілікпен ассоциацияланады. Аналогияны жүргізсек, халықтардың көсемдері, нұрдың көзі ретінде өзінің идеяларын ұсынып, барлық замандарда адамдарды жарқын болашаққа жетелеуге тырысатын. Тарихи тәжірибие бұндай ұсыныстың дәрменсіздігін көрсетті. Адамзат тәжірбиесінің логикасы жалғыз шынайы Рухани Нұр ретінде тек жаратылыс болмысынан тыс пәлен біреу ғана бола алатындығын айтады. Алла Өзін Нұрмен бекерге салыстырған жоқ.

 

Алла – аспандар мен жердің Нұры!
Оның Нұрының мысалы – ішінде жарықшам орналасқан текше тәрізді. Жарықшам шынының ішінде, ал шыны – жарық жұлдыз тәрізді. Ол шығысқа да, батысқа да жатпайтын берекелі зәйтүн ағашынан жағылады. Оның майы отқа тимесе де, жарқырауға дайын. Нұр үстінен нұр! Кім қаласа, Алла соны Өзінің Нұрына бағыттайды! Алла адамдарға мысал келтіреді, Алла әр нәрсені біледі ғой! (24:35)

 

Зұлмат пен надандық кезінде адамдар Иенің Нұрына қатты мұқтаж болған. Түнектің ішінде етілген кез келген әрекет міндетті түрде жағымсыздықтарменен соқтығысқа әкеледі, бұны тек «жарық түскен» кезде ғана болдырмауға болады. Жасаушы Мухаммад арқылы Өзінің Мейірімімен адамзатты жарықтандырды.

… Біз оны саған сен онымен адамдарды Иелерінің рұқсатымен түнектен нұрға, Үстемнің, Даңқты Алланың жолына шығаруың үшін түсірдік. (14:1)

 

Ол, сендерді түнектен нұрға шығаруы үшін, Өзінің қызметшісіне белгілерді айқын дәлелдер түрінде түсірді! Расында, Алла сендерге Есіркегіш, Рақымды ғой! (57:9)

 

Алла, сенім артып, түзелгендерді түнектен Нұрға шығару үшін, Оның белгілерін түсіндірілген түрде оқитын елшімен бірге, ескертуді жіберді. Кім Аллаға сеніп, түзеліп жатса, соны Алла төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді, сол жерде оны тұрақты түрде қалдыру үшін! Соған Алла ең жақсы ризықты берді! (65:10-11)

 

«Жарықтандыруға» қатты мұқтаж болса да, адамзаттың көбісі бүкіл тарих бойы Жаратушының Нұрына қарсы қасарып күресетін, оны қалай болса да сөндіруге тырысатын.

Олар ауыздарыменен Алланың нұрын өшіргісі келеді, бірақ Алла Өз нұрын аяғына дейін міндетті түрде жеткізуді қалайды, бұл жабылғандарға жеккөрінішті болса да! (9:32)

 

Олар ауыздарыменен Алланың нұрын сөндіргісі келеді, бірақ Алла Өз нұрын аяғына дейін міндетті түрде жеткізеді, бұл жабылғандарға жеккөрінішті болса да! (61:8)

 

Адам жарықсыз тура мағынада да, ауыспалы мағынада да көре алмайды. Көру мүмкіндігінің жоқтығы соқырлық деп аталады. Үстемнің Нұрын қабыл алмаған адамдардың рухани соқырлығына таңғалуымыз керек пе?!

Олар от жаққанға тәрізді. Ол бүкіл айналасын жарықтандырған кезде, Алла олардың нұрын тартып алды да, оларды түнекте көрмейтін түрде қалдырды. (2:17)

 

Алла сенім артқандардың жебеушісі. Ол оларды түнектен нұрға шығарады. Ал жабылғандардың жебеушілері болып шектен шығушылықты жақтаушылар келеді. Олар соларды нұрдан түнекке шығарады. Сондайлар отқа қосылады әрі оның ішінде қалады! (2:257)

 

Немесе олар толқыны қатты теңіздегі түнек тәрізді. Оны толқын бүркейді, оны тағы бір тоқын бүркейді, ал оның үстін бұлт жауып тұр. Бір түнектің үстінен басқасы! Ол өз қолын созса, оны көрей алмайды да. Кімге Алла Нұр бермесе, соған Нұр болмайды! (24:40)

 

Түнектің адасып жүрген өкілдері, ақиқат пен ақылға қарамастан, өз қөзқарасын қасарысып қорғайды. Бірақ олар тірелу нүктесі ретінде Алланың ұйғарымдарын емес, өздерінің бір пәлен дәлелдерін алады.

Адамдардың арасында Алла жайлы білімсіз, Нұсқаусыз, нұрландырушы Кітапсыз ерегесетіндері бар, (22:8)

 

Алла сендерге аспандардағы мен жердегі нәрселерді бағындырғанын көрмей тұрсыңдар ма? Ол сендерді айқын мен көрінбейтін жарылқаулармен бөледі! Адамдардың арасында Алла жайлы білімсіз, Нұсқаусыз, нұрландырушы Кітапсыз ерегесетіндері бар! (31:20)

 

Нұрды қабылдаған адамдар, одан бас тартқандарға қарағанда, сөзсіз жақсырақ жағдайда болып шығады.

Бойұсынушылық үшін Алла кімдердің жүректерін ашты? Иесінің Нұры барлардың! Алланы еске алуға жүректері қаталдарға қайғы болады! Олар айқын адасушылықта! (39:22)

 

Адамдардың есінде емес, тек Кітапта ғана белгіленген Құдайдың нұсқауларына бұлжытпай ерушілік қана ең жақсы ахуалға лайық болуға көмектеседі.

Біреу өлі болса, ал Біз оны тірілтсек, әрі оған ол онымен адамдарға келетін Нұрды орнатсақ, сол, түнекте жүріп, одан шыға алмай жүрген басқаға ұқсас па?! Жабылғандар үшін өздерінің істері осылайша бояңқыралған! (6:122)

 

Ол әрі Оның басқарушылары, сендерді түнектерден Нұрға шығару үшін, сендерді сүйемелдейді. Ол сенушілерге рақымшылық танытады! (33:43)

 

Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар, Оның елшісіне сенім артыңдар, әрі Ол сендерге Өз мейірімінің екі еселік кепілін береді!
Ол сендерге сендер сонымен жүретін Нұрды орнатады, әрі сендерді кешіреді! Алла – Кешіруші, Рақымды! (57:28)

 

Иенің Нұрына тек қана көпқұдайшылар мұқтаж болды деп ойлау қате болатын еді. Бұрын түскен Кітаптардың иелері өкінішке орай Нұрлы жолдан бұрған, сондықтан пайғамбардың миссиясы оларды да қамтитын.

Иә Кітап иелері! Көп нәрсенің жанынан өтіп, Кітаптан жасырғандарыңның көбісін түсіндіру үшін сендерге Біздің елшіміз келді. Сендерге Алладан Нұр әрі айқын Кітап келді! Алла, бойұсыну жолдарымен Оның разылығына ергендерді, онымен бағыттайды! Ол Өзінің рұқсатымен оларды түнектен нұрға шығарады әрі оларды тура жолға бағыттайды! (5:15-16)

 

Құранның түсірілуіне дейін Жасаушының Нұры болған жоқ деп айтуға болмайды. Үстемнің барлық Кітаптары Оның Нұрын тарататын, бұны бір мағыналы түрде Құран растайды.

Расында, Біз Тауратты түсірдік, оның ішінде – Нұсқау мен Нұр! Ол бойынша хабарландырушылар үкім шығарады. Бой ұсынған яһудилер, раввиндер әрі кітапшылдар Алла Кітабынан сақтаған нәрселері әрі куә болған нәрселері бойынша үкім шығарады.
Адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар! Менің белгілеріммен шағын құндылықтарды сатып алмаңдар! Кім Алла түсірген нәрсе бойынша үкім шығармаса, сол – жабылған!
Біз оның ішінде келесідей жазалауды ұйғардық: тұлғаға тұлға, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс әрі жарақат үшін. Ал кім ақталса, содан жаза жабылады. Кім Алла түсірген нәрсе бойынша үкім шығармаса, солар – зұлымдар!
Олардың ізімен Біз Мәриямның ұлы Исаны жібердік, ол өзінен бұрын Таураттан болған нәрсені ақтады. Біз оған Інжілді бердік, оның ішінде өзінен бұрын Таураттан болған нәрсені ақтайтын Нұсқау мен Нұр, абай болушылар үшін Нұсқау мен үгіт болды. (5:44-46)

 

Алайда, алдағы өткендердің Жаратушы Кітабының мағынасын бұрмалау қылмысты әрекеті, Алланың ақиқатынан ауытқушылық оларды Нұр аясынан шығарып жіберді.

Олар: «Алла адамға ешқандай хабарды түсірген жоқ!» – деп айтқан кезде, Алланы шынайы бағамен бағалаған жоқ. Мұсаға келген Кітапты, адамдар үшін Нұр мен Нұсқауды кім түсірді? Сендер оны қағазға орналастырасыңдар, бірақ көбісін жасырасыңдар. Әкелерің де, өздерің де білмеген нәрсені сендерге кім үйретті?» – деп сұра. «Алла!» – жауап бер. Сонан соң оларды ойынға көшкен күйлерінде қалдыр! (6:91)

 

Кітап иелері абыздарының жүректерінің ішіндегі тиілген «алтын жас бұқалары» Үстемнің елшісінің миссиясын қабылдауға жол берген жоқ, себебі конға Құранмен айқын түрде әшкереленген өздері құрған мықты жүйесі тігілген болды ғой. Олардың бұндай қылығы жаңалық болған жоқ.

Олар сені өтірікші санаса, саған дейін де айқын дәлелдермен, Жазбалармен әрі нұрландырушы Кітаппен келген елшілер өтірікшілер деп жарияланды ғой. (3:184)

 

Олар сені өтірікші санаса, оларға дейін де айқын дәлелдермен, Жазбамен әрі нұрландырушы Кітаппен келген елшілер өтірікшілер деп жарияланды ғой! (35:25)

 

Былай жалпы алғанда, Алланың Кітабының иелерінде басқа адамдарға қарағанда артықшылық болды ғой, себебі Мухаммадтың келуі туралы ақпаратты олар Таурат пен Інжілден жиып ала алатын еді ғой. Оларға негізгі идеологиядан бас тартпай, тек Иелерінің елшісіне еру мен өз жүріс-тұрысын соңғы Кітапқа сәйкес түзету ғана қалған.

… тәжірбиесіз елшіге, хабарландырушыға еретіндер, сол туралы Таурат пен Інжілде жазбалар бар, ол мақұлданғанды әмір етеді әрі жағымсыздан тыяды, жағымдыны рұқсат етеді әрі жаман қылыққа тыйым салады, олардан ауыртпалық пен шынжырларды шешеді. Оған сенім артқандар, оны қолдағандар, оған көмектескендер әрі онымен бірге жіберілген Нұрға ергендер, олар – жетістікке жеткендер! (7:157)

 

Борыш Күні келмей тұрғанда, адамзатта надандық түнегінің құшағынан шығудың мүмкіншілігі бар. Бұл мүмкіншілікті ішінде Жасаушының Нұры бар Құран береді.

Иә хабарландырушы, Біз сені куәгер, қуандырушы әрі алдын ала ескертуші, Оның рұқсатымен Аллаға шақырушы, жарықтандыратын шамшырақ ретінде жібердік! (33:45-46)

 

Осылайша Біз саған әміріміз арқылы Рухты уаһи еттік! Сен Кітап туралы да, сенім туралы да хабардар болған жоқсың! Алайда Біз Кітапты Нұр етіп орнаттық! Біз онымен қалаған қызметшімізді бағыттаймыз! Расында, сен тура жолға бағыттайсың ғой, (42:52)

 

Аллаға, Оның елшісіне, әрі Біз түсірген Нұрға сенім артыңдар! Істеп жүрген нәрселерің жайлы Алла хабардар! (64:8)

 

Нұрдың ықпалы осы өмірмен шектелмейді. Адамдар оны небәрі қабылдап, оның иеленушісі болса ғана болды, сонда трансценденттік «жарықтың» ықпалы өзіне ерушілерді Борыш Күнінде де сүйемелдейді.

Сол Күні сен сенуші ерлер мен сенуші әйелдердің алдарынан, әрі оң жақтарынан нұр өтіп таралатынын көресің! Сендерге бүгін қуанышты хабар бар – ішінде қалуларың үшін төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтар бар! Бұл – үлкен жетістік! (57:12)

 

Алайда өз-өзін бойұсынушы мен сенушілер категориясына жай-ғана жатқызушылық Борыш Күнінде жетістікке кепіл бермейді. Алланың алдында тұру Күні адамдардың жүріс-тұрысы мен Иенің Кітабына деген көзқарастарына мән беріледі.

Сол күнде, сатылғыш ерлер мен сатылғыш әйелдер сенім артқандарға:
«Бізді күтіңдер! Біз сендердің нұрларыңды алып пайдаланайық!» – дегенде, оларға:
«Кері қайтыңдар да нұрды іздеңдер!» – делінеді.
Олардың арасында қақпасы бар қабырға тұрғызылған. Оның ішінде – мейірім, ал сыртқы жағында – азап.
Солар: «Біз сендермен болмадық па?» – деп оларға сөйлейді.
Олар: «Әрине, бірақ сендер, Алланың әмірі келмегенше, өздеріңді азғыртатыңсыңдар, күтіп тұратыңсыңдар, күмәнданатыңсыңдар әрі армандарыңа елігіп кеткенсіңдер! Сендерді Алладан еліктіруші еліктірді. Бүгін сендерден де, жабылғандардан да өтемақы қабылданбайды! Баспаналарың – от! Ол – сендердің жебеушілерің! Бұл жаман нәтиже!» – деп жауап береді. (57:13-15)

 

Тек шынайы сенушілер әрі Жасаушының Нұрына сәйкес өмір сүргендер ғана Үстемнің Ұлы Мейіріміне үміттене алады.

Алла мен Оның елшілеріне сенім артқандар, бұлар, – турашыл адамдар, Иелерінің алдындағы куәгерлері. Олар үшін – сый мен Нұр!
Жабылып, Біздің белгілерімізді өтірік санағандар, – оттың тұрғындары! (57:19)

 

Иә сенім артқандар! Алланың алдында жүректен тәубе етіңдер! Мүмкін, Иелерің жаман істеріңді жауып, ішінде өзендер ағатын бақтарға кіргізеді! Сол Күні Алла хабарландырушы мен онымен бірге сенім артқандарды қорламайды. Олардың нұрлары алдылары мен оң жақтарынан өтіп таралады. Олар: «Иеміз! Біздің нұрымызды аяғына дейін жеткізші әрі бізді кешірші! Расында, Сен әр нәрсеге Құдіреттісің!» – деп айтады. (66:8)