Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Олар сенен олжалар жайында сұрайды. «Олжалар Аллаға және елшіге тиесілі. Ендеше, Алладан сақсыныңдар, араларыңдағы қарым-қатынасты түзетіңдер, Аллаға және Оның елшісіне бағыныңдар, егер сенуші болсаңдар!» – деп жауап бер. |
1. |
Расында, сенушілердің Алла еске алынған кезде жүректері сескенеді, оларға Оның белгілері оқылған кезде, сенімдері артылады және олар Иелеріне тәуекел етеді, |
2. |
олар сиынуды орындайды және Біз оздеріне ризық еткен нәрселерден шығындайды! |
3. |
Солар – шынайы сенушілер! Иелерінің алдында оларға дәрежелер, кешірім мен асыл ризық! |
4. |
Солай Иең сені үйіңнен ақиқатпен шығарды. Расында, сенушілердің бір бөлігі еріксіз істеуші ғой. |
5. |
Ақиқат айқындалғаннан кейін олардың ол жайында сенімен дауласатыны олар көре тұра өлімге қуылатындай! |
6. |
Алла сендерге екі топтың бірі сендердікі болады деп уәде бергенде, сендердікі қуатсыз болғанын қаладыңдар, бірақ Алла Өз сөздерімен ақиқатты ақиқат қылуды және жабылушыларды түбірімен жоқ қылуды қалайды, |
7. |
ақиқат ақиқат болуы үшін, ал бос нәрсе бос нәрсе болуы үшін, қылмыскерлер жеккөрсе де! |
8. |
Иелеріңді көмекке шақырған кездеріңде, Ол сендерге: «Расында, Мен сендерді біріне-бірі ілескен мың басқарушымен Қолдаушымын!» – деген жауап берді. |
9. |
Алла бұны қуанту және ол арқылы жүректерің тынышталуы үшін орнатты. Жәрдем тек Алланың қасынан ғана! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
10. |
Сонда Ол сендерді ұйқыға батырып, Өзінің тарапынан қауіпсіздік берді де сендерге аспаннан су түсірді, ол арқылы сендерді тазартып, сендерден тыңдамаушының кірін алып тастау үшін және жүректеріңді бекітіп, ол арқылы табандарыңды нығайту үшін! |
11. |
Сонда Иең басқарушыларға былай уахи етті: «Расында, Мен сендермен біргемін! Ендеше, сенім келтіргендерді нығайтыңдар! Мен жабылғандардың жүректеріне қорқыныш тастаймын, ендеше, оларды мойындарынан жоғары және әр саусақтарынан ұрыңдар!» |
12. |
Бұл, олардың Алла мен Оның елшісіне қарсы келгендіктерінен. Кімде-кім Алла мен Оның елшісіне қарсы келсе, онда, расында, Алла қатты азаптаушы! |
13. |
Міне сендерге! Оны татыңдар, расында, жабылушыларға от азабы! |
14. |
О сенім келтіргендер! Шабуыл жасаған жабылғандармен кездескен кезде, олардан сырт айналмаңдар! |
15. |
Сол күні кімде-кім олардан шайқас манёврі үшін емес немесе топқа қосылу үшін емес, басқа түрде сырт айналса, онда ол Алланың наразылығына ұшырайды! Оның панасы тозақ! Бұл жаман нәтиже! |
16. |
Оларды сендер өлтірген жоқсыңдар, алайда оларды Алла өлтірді. Атқан кезіңде сен атпадың, алайда Алла атты, сенім келтіргендерді Өзінің тарапынан жақсы сынақпен сынау үшін. Расында, Алла – Естуші, Білуші! |
17. |
Бұл – сендерге! Расында, Алла жабылушылардың айлакерлігін Әлсіретуші! |
18. |
Егер жеңіс тілесеңдер, онда сендерге жеңіс келді! Егер тыйылсаңдар, бұл өздеріңе жақсы. Егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз! Көбейсе де, топтарың сендерге ешқандай пайда әкелмейді. Расында, Алла сенушілермен бірге! |
19. |
О сенім келтіргендер! Алла мен Оның елшісіне бағыныңдар, және естіп тұрып теріс бұрылмаңдар! |
20. |
Естімесе де: «Естідік!» – дегендер сияқты болмаңдар. |
21. |
Расында, Алла алдында жануарлардың жаманы – ақылға келмейтін керең, мылқаулар! |
22. |
Егер Алла оларда жақсылық бар деп білсе, онда оларға естіртер еді. Егер олар естісе, онда теріс бұрылар еді. Олар – бас тартушылар! |
23. |
О сенім келтіргендер! Сендерді өздеріңді тірілтетін нәрсеге шақырған кезде, Алла мен Оның елшісіне жауап беріңдер! Алла еркек пен оның жүрегі арасында тұрып алатынын біліңдер. Расында, Оның алдына жиналасыңдар! |
24. |
Азғырудан сақсыныңдар, ол арнайы тек араларындағы зұлымдық жасағандарға ғана тиіп қоймайды. Алла қатты азаптаушы екенін біліңдер! |
25. |
Еске алыңдар, сендер аз болып, жерде әлсіз саналушы едіңдер, адамдардың сендерді ұстап алуынан қорыққан едіңдер. Сонда ол сендерге пана беріп, сендерді жәрдемімен қолдады және салауатты нәрселермен ризықтандырды, бәлкім, алғыстылық білдірерсіңдер! |
26. |
О сенім келтіргендер! Алла мен елшіге опасыздық жасамаңдар! Біле тұра аманаттарыңа опасыздық жасамаңдар! |
27. |
Мүліктерің мен балаларың азғыру екенін және Аллада зор сый бар екенін біліңдер! |
28. |
О сенім келтіргендер! Егер Алладан сақсынсаңдар, Ол сендерге Ажырату орнатады, жаман істеріңді жабады және сендерді кешіреді. Расында, Алла – зор артықшылықтың Иесі! |
29. |
Міне, жабылғандар саған қарсы айла жасайды, сені қимылсыздандыру немесе өлтіру немесе қуып шығару үшін. Олар айла жасайды, бірақ Алла да айла жасайды. Алла айла жасаушылардың ең жақсысы! |
30. |
Оларға белгілеріміз оқылған кезде, олар: «Біз бұны естіп қойған едік. Егер қаласақ, біз де бұл тәріздіні айтатын едік. Бұл – көнелердің ертегілері ғана!» – деді. |
31. |
Сонда олар: «О Алла! Егер бұл Өзіңнен келген ақиқат болса, онда бізге аспаннан тастарды жаудыр немесе бізге ауыр азаппен кел!» – деді, |
32. |
Бірақ Алла сен араларында болған кезде оларды азаптайтындай емес және Алла олар кешірім сұраған кезде оларды азаптаушы емес. |
33. |
Бірақ олар (шайқасуға) тыйым салынған сәжде жасайтын орыннан итерген кезде, неге Аллаға оларды азаптамасқа? Олар оның (сәжде жасайтын орынның) жебеушілері емес, оның жебеушілері сақ болушылар ғана, алайда олардың көбісі білмейді! |
34. |
Олардың үй маңындағы сиынулары тек ысқыру мен шапалақтау ғана болды! Ендеше, жабылған болғандарың үшін азап татыңдар! |
35. |
Жабылғандар Алланың жолынан итеру үшін мүліктерін шығындайды, сосын олар оны шығындап бітіреді, содан соң бұл олар үшін қасірет болады, содан соң олар жеңіліске ұшырайды! Жабылғандар тозаққа жиналады, |
36. |
Алланың нашарды салауаттыдан айырып, нашарларды бір-бірінің үстіне орнатып, олардың бәрін үйіндіге жинап, тозақтың ішіне орнатуы үшін! Солар – қасірет шегушілер! |
37. |
Жабылғандарға, егер олар тыйылса, бұрын болған нәрселері кешіріледі, ал егер олар қайталаса, онда көнелердің заңы жалғасты деп айт. |
38. |
Азғыру жоқ болмайынша және бүкіл борыш Аллаға тиесілі болмайынша олармен шайқасыңдар! Ал егер олар тыйылса, онда, расында, Алла олардың істеген нәрселерін Көруші! |
39. |
Егер олар теріс бұрылса, онда Жебеушілерің Алла екенін біліңдер! Керемет Жебеуші және керемет Жәрдемші! |
40. |
Біліңдер, олжа ретінде алған нәрселеріңнен бестен бір бөлігі Аллаға, елшіге, туысқандарға, жетімдерге, кедейлерге және жолаушыға тиесілі, егер Аллаға және ажырату күні, екі жиын кездескен күні Біз қызметшімізге түсірген нәрсемізге сенім келтірген болсаңдар! Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
41. |
Сонда сендер бергі жағада, ал олар арғы жағада болған еді. Ал керуен сендерден төменірек еді. Егер уағдаласқан болсаңдар, онда белгіленген мерізмде кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, бұл, жүзеге асқан істі Алла шешуі үшін, мерт болғандар айқын дәлел бойынша мерт болулары үшін, тірі қалғандар айқын дәлел бойынша тірі қалулары үшін! Расында, Алла – Естуші, Білуші ғой! |
42. |
Алла түсіңде оларды саған аз етіп көрсетті, егер Ол оларды саған көп етіп көрсетсе, онда еңселерің түсетін еді және іс жөнінде таласатын едіңдер. Алайда, Алла сендерді құтқарды. Расында, Ол – көкіректегілерді Білуші! |
43. |
Сонда кездесулеріңде Ол оларды көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне азайтты, жүзеге асқан істі Алла шешуі үшін! Істер Аллаға оралады! |
44. |
О сенім келтіргендер! Егер топпен кездессеңдер, табанды болыңдар әрі Алланы еске көп алыңдар, бәлкім, жетістікке жетерсіңдер! |
45. |
Алла мен Оның елшісіне бағыныңдар және дауласпаңдар, әйтпесе еңселерің түседі және күштерің кетіп қалады. Сабырлық танытыңдар, расында, Алла – сабырлылармен бірге! |
46. |
Баспаналарынан менменсініп әрі адамдардың алдында екіжүзділік танытып шыққандар сияқты болмаңдар! Олар Алланың жолынан итереді, бірақ Алла олардың істейтін нәрселерін Қамтушы! |
47. |
Тыңдамаушы олардың амалдарын өздеріне бояңқырап: «Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында, мен сендердің жақындарыңмын!» – деді, бірақ екі топ бірін-бірі көргеннен кейін ол айнып қалып: «Расында, менің сендерге қатысым жоқ. Расында, мен сендер көрмейтін нәрсені көремін. Расында, мен Алладан қорқамын. Алла – қатты азаптаушы!» – деді. |
48. |
Міне, сатылғыштар мен жүректерінде ауру барлар: «Осыларды борыштары алдады» – дейді. Кімде-кім Аллаға тәуекел етсе, онда, расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
49. |
Басқарушылар жабылғандарды қалай тыныштандыратынын көрсең. Олар оларды беттері мен арқаларынан ұрып, (былай дейді): «Күйдіруші азапты татыңдар! |
50. |
Бұл өз қолдарыңның алдын-ала дайындап қойғандықтарынан! Расында, Алла қызметшілерге зұлымдық жасаушы емес!» |
51. |
Перғауынның жақындары мен оларға дейінгілердің әдеті сияқты. Олар Алла белгілерінен жабылған, сонда Алла оларды айыптары себепті ұстап алды! Расында, Алла – Қуатты, қатты азаптаушы! |
52. |
Бұл Алланың халық өзін өзгертпейінше оған берген жарылқауын өзгертуші еместігінен. Расында, Алла – Естуші, Білуші! |
53. |
Перғауынның жақындары мен оларға дейінгілердің әдеті сияқты. Олар Иелерінің белгілерін өтірік деп санады, сонда Біз оларды айыптары себепті жойдық және перғауынның жақындарын батырдық. Бүкілі залым болды! |
54. |
Расында, Алла алдында жануарлардың жаманы – жабылғандар, олар сенім келтірмейді. |
55. |
Сенімен міндеттеме жасасқаннан кейін міндеттемелерін әрдайым бұзатындар, олар – сақсынбайды. |
56. |
Ендеше, егер олармен соғыста ұшырассаң, онда олар арқылы артындағыларын қашуға мәжбүрле, бәлкім, олар естерін жияр, |
57. |
Егер халықтың опасыздығынан қорықсаң, онда сен де тең жағдай болу үшін оларға кері лақтыр. Расында, Алла опасыздық жасаушыларды сүймейді! |
58. |
Жабылғандар өздері туралы озамыз деп есептемесін. Расында, олар – әлсірете алмайды! |
59. |
Шамаларың келгенше оларға қарсы күш-қуат пен атты әскер дайындаңдар! Ол арқылы сендер Алланың қарсыластарын, өздеріңнің қарсыластарыңды және одан бөлек басқаларды үрейлендіресіңдер! Сендер оларды білмейсіңдер, Алла оларды біледі! Алла жолында нені шығындасаңдар да сендерге толығымен өтеледі! Сендерге зұлымдық жасалынбайды! |
60. |
Егер олар бейбітшілікке қарай бейімділік танытса, онда сен де оған қарай бейімділік таныт. Аллаға тәуекел ет! Расында, Алла, Ол – Естуші, Білуші! |
61. |
Егер олардың сені алдағысы келсе, онда, расында, саған Алла жеткілікті! Ол сені Өз жәрдемі мен сенушілер арқылы қолдады! |
62. |
Ол жүректерін келісімге келтірді! Егер сен жердегі барлық нәрсені шығындасаң да олардың жүректерін келісімге келтіре алмайтын едің, алайда Алла жүректерін келісімге келтірді! Расында, Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
63. |
О хабарландырушы! Саған әрі өзіңе ерген сенушілерге Алла жеткілікті! |
64. |
О хабарландырушы! Сенушілерді шайқасқа құлшындыр! Егер араларыңнан жиырма сабырлы болса, онда олар екі жүзді жеңеді. Егер араларыңнан жүз болса, онда олар жабылғандардан мыңды жеңеді, бұл олардың түсінбейтін халық болғандықтарынан! |
65. |
Қазір Алла сендерге жеңілдетті. Ол сендерде әлсіздік бар екенін білді, егер араларыңнан жүз сабырлы болса, олар екі жүзді жеңеді. Егер араларыңнан мың болса, олар Алланың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Алла сабырлылармен бірге! |
66. |
Хабарландырушының жер жүзінде әлсіретпейінше тұтқынға алғаны болған емес. Сендер бергі өмірдің ұсынысын қалайсыңдар, Алла ақырғынікін қалайды! Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
67. |
Бұрын болған Алланың Кітабы болмаса, сендерге алған нәрселерің себепті зор азап тиер еді! |
68. |
Ендеше, олжа ретінде алған нәрселеріңнің рұқсаттысынан, салауаттысынан жеңдер және Алладан сақсыныңдар. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
69. |
О хабарландырушы! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер Алла жүректеріңде жақсылық бар деп білсе, онда Ол сендерге өздеріңнен алынғаннан да жақсырақ нәрсе береді. Ол сендерді кешіреді, Алла – Кешіруші, Рақымды!» – де. |
70. |
Егер олар саған опасыздық жасағысы келсе, онда олар алдын Аллаға да опасыздық жасаған. Сондықтан сені оларға ықпалды етті, Алла – Білуші, Дана! |
71. |
Расында, сенім келтіргендер, қоныс аударғандар, мүліктерімен және өз-өздерімен Алла жолында ынталанғандар, және пана бергендер, жәрдемдескендер, солар – біріне-бірі жебеуші! Сенім келтіріп, қоныс аудармағандарға қоныс аудармайынша жебеушілік жоқ. Егер олар борыш жайында сендерден жәрдем сұраса, онда сендер жәрдемдесуге тиіссіңдер, бірақ сендермен араларыңда келісімшарт болған халыққа қарсы емес қана болса. Алла – істеген нәрселеріңді Көруші! |
72. |
Жабылғандар біріне-бірі жебеуші. Егер бұны істемесеңдер, онда жерде ылаң мен үлкен бүлінушілік болады. |
73. |
Сенім келтіргендер, қоныс аударғандар, Алла жолында ынталанғандар және пана бергендер, жәрдемдескендер, солар – шынайы сенушілер! Оларға кешірім мен асыл ризық! |
74. |
Кейін сенім келтіргендер, қоныс аударғандар, сендермен бірге ынталанғандар, міне солар – сендерден. Алланың Кітабы бойынша туыстық иелері біріне-бірі тағы жақын. Расында, Алла әр нәрсені Білуші! |
75. |