Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен

 

Әлиф. Ләм. Мим. Сод.

1.

Саған Кітап түсірілді. Ендеше, көкірегін одан қысылмасын, бұл арқылы алдын-ала ескертуің үшін, ол сенушілерге Ескертпе болуы үшін!

2.

Өздеріңе Иелерің тарапынан түсірілгенге еріңдер және Одан өзге жебеушілерге ермеңдер! Еске аз аласыңдар!

3.

Біз қаншама елді мекенді жойдық! Біздің күшіміз оларға түнемелікте немесе олар күндіз демалып жатқан кезде келетін!

4.

Оларға күшіміз келген кезде олардың үндеуі тек: «Расында, біз залым болдық!» – деп айтқандары ғана болатын.

5.

Біз өздеріне елші жіберілгендерге міндетті түрде сұрақ қоямыз және жіберілген елшілерге міндетті түрде сұрақ қоямыз! 

6.

Біз оларға біліммен міндетті түрде баяндап береміз! Расында, Біз жоқ болған жоқпыз!

7.

Сол Күні салмақ ретінде хақ болады. Сонда кімнің таразылары ауыр болса, бұлар – жетістікке жетушілер!

8.

Ал кімнің таразылары жеңіл болса, бұлар – белгілерімізге қатысты залым болғандықтары себепті өздерін қасіретке ұшыратушылар!

9.

Біз сендерді жер бетінде мықты етіп орнатқан едік және сендерге күнкөріс қаражаттарын орнаттық. Алғыстылықты аз білдіресіңдер!

10.

Сендерді жаратқан едік, содан соң сендерге пішін бердік, содан соң басқарушыларға: «Адамның алдында сәждеге жығылыңдар!» – дедік. Сонда  олар сәждеге жығылды, бірақ түңілуші (Ібіліс) сәждеге жығылушылардан болған жоқ.

11.

Ол (Алла): «Мен саған әмір еткенде, саған сәждеге жығылуға не кедергі болды?» – деген сұрақ қойды. Ол (Ібіліс): «Мен одан артықпын. Сен мені оттан жараттың, ал оны болса саздан жараттың!» – деген жауап қайтарды.  

12.

Ол (Алла): «Бұл жерден кет! Бұл жерде тәкаппарлануыңа болмайды! Шық енді! Расында, сен кемсітілгендерденсің!» – деді.

13.

Ол (Ібіліс): «Маған олардың қайта тірілу Күніне дейін мұрсат бер!» – деп сұрады.

14.

Ол (Алла): «Расында, сен мұрсат берілгендерденсің!» – деді.

15.

Ол (Ібіліс) былай деді: «Мені адастырғаның үшін мен оларға қарсы Сенің түзу жолында міндетті түрде отырып аламын!

16.

Содан соң мен олардың алдынан, артынан, оң жағынан және сол жағынан міндетті түрде келемін. Олардың көбісін алғысты болушылардан таппайсың!»

17.

Ол (Алла): «Бұл жерден кінәратталған, күйретілген күйде шық! Олардан кімде-кім саған ерсе, онда Мен міндетті түрде сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын!» – деді

18.

және [былай деді]: «О Адам! Жұбайыңмен бірге бақта орналас, оның қалаған жерлеріңнен жеңдер, бірақ осы ағашқа жақындамаңдар, әйтпесе залым боласыңдар!»

19.

Ол екеуінен жасырылған ұяттылықтарын өздеріне білдіру үшін тыңдамаушы ол екеуіне сыбырлады. Ол (Ібіліс): «Екеулерің басқарушы болмауларың үшін немесе тұрақты түрде қалушылардан болмауларың үшін ғана Иелерінің осы ағашты екеулеріңе тыйым қылды!» – деді.

20.

Ол: «Расында, мен екеулеріңе адал кеңесшімін!» – деп, оларға ант етті.

21.

Ол, ол екеуін алдаумен түсірді. Ол екеуі ағаштан татқан кезде, өздеріне ұяттылықтары білінді. Олар үстілерін бақтың жапырақтарымен жаба бастады. Иелері оларға: «Екеулеріңе бұл ағашты тыйым қылмап па едім және тыңдамаушы екеулеріңе айқын қарсылас деп айтпа па едім?!» – деп үндеді.

22.

Ол екеуі: «Иеміз! Біз өзімізге зұлымдық жасадық! Егер сен бізді кешірмесең және бізге мейірім танытпасаң, онда біз міндетті түрде қасірет шегуішілерден боламыз!» – деді.

23.

Алла: «Кетіңдер! Бір-біріңе қарсылассыңдар. Сендер үшін жерде бір уақытқа дейін тұрақ пен пайдаланым болады!» – деді.

24.

Алла: «Ол жерде тіршілік ететін боласыңдар, ол жерде өлесіңдер және ол жерден шығарыласыңдар!» – деді.  

25.

О Адам балалары! Біз сендерге ұяттылықтарыңды жасыратын киім түсірдік және қауырсын [түсірдік]. Бірақ сақ болушылықтың киімі жақсырақ. Бұл Алланың белгілерінен, мүмкін, олар еске түсірер!

26.

О Адам балалары! Тыңдамаушы сендерді ылаңға салмасын, кезінде әке-шешелеріңнің ұяттылықтарын өздеріне көрсету үшін олардың киімдерін шешіп, бақтан шығарғандай. Расында, ол және оның тайпасы сендер оларды көрмейтін жерден сендерді көреді. Расында, Біз тыңдамаушыларды сенім келтірмейтіндерге жебеуші қылып орнаттық!

27.

Олар шектен шығушылық істегенде: «Әкелерімізді осының үстінде таптық!» және: «Алла бізге бұны әмір етті!» – деді. «Расында, Алла шектен шығушылықты әмір етпейді! Алла жайында білмейтін нәрселеріңді айтып жатырсыңдар ма?» – де.

28.

«Менің Ием мөлшерлестікті әмір етті. Әрбір сәжде жасайтын орында бейнелеріңмен тік тұрып, Оған үндеңдер. Оның алдындағы міндетте шынайылық танытыңдар. Ол сендерді бастапқыда жаратқанындай жаңартыласыңдар!» – деп айт.

29.

Олардың бір бөлігі бағытталған, ал басқа бөлігі шынайы жаңылған. Расында, Алладан бөлек олар тыңдамаушыларды жебеуші қылып алып, өздерін бағытталған деп есептейді!

30.

О Адам балалары! Әрбір сәжде жасайтын орында зейнеттеріңді киіңдер де жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Расында, Ол ысырапшылдарды сүймейді!

31.

«Алланың Өз қызметшілеріне арнап шығарған зейнеттеріне және жақсы ризыққа кім тыйым салды?!» – деп айт. «Бұл Қиямет Күніне шынайы түрде сенім келтіргендерге арналған!» – деп айт. Білетін халыққа белгілерді Біз осылайша егжей-тегжейлі түрде баяндаймыз!  

32.

«Расында, менің Ием ашық және жасырын шектен шығушылықтарға, күнәға, құқықсыз қысымшылыққа, Алла ол жайында ешбір бұйрық түсірмеген нәрсені Оған серік ретінде қосуларыңа және білмейтін нәрселеріңді Аллаға теліп айтуларыңа тыйым салды!» – де.

33.

Әр басшылықта өз мерзімі бар. Олардың мерзімі келгенде олар оны бір сағатқа болсын кешіктіре де, алға жылжыта да алмайтын болады.

34.

О Адам балалары! Сендерге белгілерімізді баяндайтын елшілер өздеріңнен келген кезде кімде-кім сақ болып, түзелсе, онда оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды!

35.

Белгілерімізді өтірік санап, оларға қатысты тәккапарланғандар, олар – от тұрғындары, олар оның ішінде қалушы!

36.

Алла жайында өтірікті ойдан құрастырғаннан немесе Оның белгілерін өтірік санағаннан кім залымырақ?! Біздің елшілеріміз оларды тыныштандыру үшін келіп: «Алладан өзге шақыратындарың қайда?» – деп сұрамайынша оларға Кітапта [жазылған] несібелері жеткен болатын. Олар: «Олар бізден жоғалып кетті!» – деп жауап берді. Олар жабылушы болғандықтарына өздеріне қарсы куәлік берді!  

37.

Ол: «Сендерден бұрын өткен көрінбейтін мен адамдар басшылықтарының арасына, отқа кіріңдер» – деді. Барлықтары оның ішінде бір-бірін қуып жетпейінше әр кірген басшылық өзінің бауырласын (өзіне тәріздіні) лағынеттеді. Ақырғылары әуелгілеріне: «Иеміз! Осылар бізді жаңылдырды, сондықтан оларға екі есе азап бер!» – деді. Ол: «Әркімге екі есе, алайда сендер білмейсіңдер!» – деді.

38.

Әуелгілері ақырғыларына: «Ендеше, сендерде біздің алдымызда артықшылықтарың жоқ! Ендеше, иеленген нәрселерің үшін азап татыңдар!» – деді.

39.

Расында, түйе иненің көзінен өтпейінше белгілерімізді өтірік деп санағандарға және оларға қатысты тәкаппарланғандарға аспанның қақпалары ашылмайды және олар баққа кірмейді. Қылмыскерлерді Біз осылайша жазалаймыз!

40.

Олар үшін тозақтық төсек болады, олардың үстінде жамылғылар болады! Оылайша Біз залымдарды жазалаймыз!

41.

Сенім келтіргендер және түзелту амалдарын жасағандар – ал Біз болсақ еш тұлғаға шамасы келмейтінді жүктемейміз – олар бақтың тұрғыны болып, сол жерде қалушы болады,

42.

– Біз көкіректеріндегі ашуларын алып тастаймыз – астыларынан ағатын өзендер (болады)! Олар: «Даңқ бізді осыған бағыттаған Аллаға тиесілі! Егер Алла бізді бағыттамаса, біз бағытталмайтын едік! Шынында, бізге Иеміздің елшілері ақиқатпен келген еді!» – дейді. Және: «Сендерге амалдарың себепті мирас ретінде берілген бақ осы!» – деген үн тасталады.  

43.

Бақ тұрғындары от тұрғындарына: «Біз Иеміз бізге уәде еткен нәрсені тура таптық. Сендер де Иелеріңнің уәде еткен нәрсесін тура таптыңдар ма?» – деп үндейді. Олар: «Иә!» – дейді. Олардың арасындағы үндеуші былай дауыстайды: «Алланың лағынеті залымдарға,

44.

олар Алла жолынан тосады және оны қисайтуға ұмтылады, олар Ақырғы Өмірден жабылушы!»

45.

Ол екі [топтың] арасында шымылдық болады, ал «айдарларда» барлықтарын белгілерінен танитын ерлер болады. Олар бақ тұрғындарына: «Сендерге бейбітшілік болсын!» – деп үндейді. Олар оның ішіне кірмегендер және [кіруді] аңсайтындар.

46.

Олардың көздері от тұрғындарына қарай бұрылған кезде, олар: «Иеміз! Бізді залым халықпен бірге орнатпа!» – дейді.

47.

«Айдарда» тұратындар белгілерінен танитын ерлеріне былай үндейді: «Топтарың және тәкаппарланғандарың сендерге пайда берген жоқ!

48.

Осылар жайында: «Алла оларға мейірімімен тимейді» – деп ант еткен бе едіңдер?» Баққа кіріңдер, сендерге қорқыныш жоқ және сендер қайғырмайсыңдар!

49.

От тұрғындары бақ тұрғындарына: «Бізге судан немесе Алла сендерге ризық еткен нәрселеріңнен төгіңдер!» – деп үндейді. Олар былай жауап береді: «Расында, Алла ол екеуін де жабылушылар үшін тыйым қылды,

50.

олар өз борышын ермек пен ойын қылып алып, бергі өмірге алданғандар!» Олар сол Күндерінің кездесуін қалай ұмытса және белгілерімізді қалай теріске шығарса, Біз де сол Күні оларды солай ұмытамыз.

51.

Біз оларға Кітаппен келген едік және оны біліммен егжей-тегжейлі баяндадық, ол сенім келтірген халыққа Нұсқау әрі мейірім.

52.

Олар оның түсініктемесінен басқаны күтеді ме? Оның түсініктемесі келетін Күні оны алдын ұмытқандар: «Иеміздің елшілері ақиқатпен келген еді! Бізге шапағат ететін шапағатшылар бар ма? Немесе қайтарыламыз ба? Сонда біз істеген істерімізден басқаны істер едік»  – дейді. Олар өздеріне қасірет шеккіздірді және олардың ойдан құрастырған нәрселері олардан жоғалып кетті!

53.

Расында, Иелерің – Алла, Ол аспандар мен жерді алты күнде жаратты да (осы) құрылымға тоқталды. Ол (Алла) түнмен күндізді орайды, ол оны асығыс іздейді. Күн де, ай да, жұлдыздар да Оның әмірі бойынша жұмыс жасауға мәжбүрленген! О, жаратылыс пен әмір Оған тиесілі! Берекелі Алла, әлем халықтарының Иесі!

54.

Иелеріңе жалынған әрі құпиялы түрде үндеңдер! Расында, Ол шектен асушыларды сүймейді!

55.

Жер түзетілгеннен кейін оның жүзінде бүлдірмеңдер. Оған қорқу және көксеу [сезімдерімен] жалбарыныңдар! Расында, Алланың мейірімі жақсылық істеушілерге жақын!  

56.

Ол мейірімі алдын қуантушы желдерді жібереді! Олар ауыр бұлтты көтерген кезде Біз оны өлі елге апарамыз да ол арқылы су түсіреміз. Cосын Біз ол арқылы әр түрлі жемістерді шығарамыз. Өлілерді Біз осылайша шығарамыз, бәлкім, естеріңді жиарсыңдар!

57.

Салауатты елдің өсімдігі Иесінің рұқсатымен шығады. Ал нашар елдің [өсімдігі] зорға шығады! Белгілерді алғысты халыққа Біз осылайша жеткіземіз!

58.

Нұхты өз халқына жіберген едік. Сонда ол: «О халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Расында, мен сендер үшін Зор Күннің азабынан қорқамын!» – деді.

59.

Оның халқының шонжарлары: «Расында, біз сені анық адасуда көреміз!» – деді.

60.

Ол былай деді: «О халқым! Менде адасушылық жоқ! Алайда мен әлем халықтарының Иесі тарапынан елшімін!

61.

Мен сендерге Иемнің жолдауларын жеткізіп тұрмын және сендерге кеңес беріп тұрмын! Мен Алладан сендер білмейтін нәрсені білемін!

62.

Немесе сендерді алдын-ала ескертуі үшін және сақсынуларың үшін, бәлкім мейірімге бөленерсіңдер, Иелерің тарапынан Ескертпе араларыңдағы ерге келгеніне ғажаптанасыңдар ма?»

63.

Бірақ оны өтірікші деп санады. Біз оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқардық та белгілерімізді өтірік деп санағандарды батырдық. Расында, олар соқыр халық болды!

64.

Ғад [халқына] олардың бауырын Һұдты [жібердік]. Ол: «О халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Сақсынбайсыңдар ма?» – деді.

65.

Оның халқының жабылған шонжарлары: «Расында, біз сені ақымақтықта көреміз! Расында, біз сені өтірікші деп жорамалдаймыз!» – деді. 

66.

Ол былай деді: «О халқым! Менде ақымақтық жоқ! Алайда мен әлем халықтарының Иесі тарапынан елшімін!

67.

Мен сендерге Иемнің жолдауларын жеткізіп тұрмын және мен сендерге сенімді кеңесшімін!

68.

Немесе сендерді алдын-ала ескертуі үшін Иелерің тарапынан Ескертпе араларыңдағы ерге келгеніне ғажаптанасыңдар ма? Ол сендерді Нұх халқынан кейін наменгер етіп орнатқанын және сендер үшін жаратылыстағы кеңдікті арттырғанын еске алыңдар! Алланың жақсылығын еске алыңдар! Бәлкім, жетістікке жетерсіңдер!»

69.

Олар: «Сен бізге Жалғыз Аллаға қызмет етуіміз және әкелеріміз қызмет еткен нәрсені қалдыруымыз үшін келдің бе? Егер шыншылдардан болсаң, бізге уәде еткен нәрсеңді келтір!» – деді.

70.

Ол: «Сендерге Иелерің тарапынан жексұрындық пен наразылық құлады! Сендер, Алла оларға қатысты ешбір бұйрық түсірмеген, өздерің және әкелерің атаған есімдер жайлы менімен дауласасыңдар ма? Ендеше күтіңдер, расында, мен де сендермен бірге күтушілерденмін!» – деді.

71.

Біз оны және онымен бірге болғандарды мейірімімізбен құтқардық. Белгілерімізді өтірік деп санап, сенуші болмағандарды Біз түбірімен жоқ қылдық!

72.

Сәмүд [халқына] олардың бауырын Салихты [жібердік]. Ол былай деді: «О халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Сендерге Иелерің тарапынан айқын дәлел келген еді. Бұл Алланың інгені сендер үшін белгі. Оны еркіне қойыңдар, Алла жерінде оттасын. Оған жамандықпен тиіспеңдер, әйтпесе сендерді ауыр азап ұстап алады!

73.

Ол сендерді Ғад [халқынан] кейін наменгер етіп орнатқанын және жерде орналастырғанын еске алыңдар! [Жердің] жазық жерлерінен сендер сарайлар жасап аласыңдар, ал тауларды ойып, үйлер жасап аласыңдар! Алланың жақсылығын еске алыңдар да бүлдіруші болып жерде заңсыз әрекет етпеңдер!»

74.

Оның халқының тәкаппар болған шонжарлары әлсіз деп саналғандарға, олардың арасындағы сенім келтіргендерге: «Сендер Салих Иесінен жіберілген екенін білесіңдер ме?» – деген сауал қойды. Олар: «Расында, біз ол арқылы жіберілген нәрсеге сенушіміз!» – деп жауап берді.

75.

Тәкаппар болғандар: «Расында, біз сендер сенім келтірген нәрседен жабықпыз!» – деді.

76.

Бірақ олар інгенді жаралап, Иелерінің әміріне бағынған жоқ. Олар: «О Салих! Егер жіберілгендерден болсаң, бізге уәде еткен нәрсеңді келтір!» – деді.

77.

Олар сілкініске ұшырады да, таңертесін олар баспаналарында қозғалмай жатқан күйде болып қалды!

78.

Ол олардан теріс бұрылып: «О халқым! Мен сендерге Иемнің жолдауын жеткіздім және кеңес бердім, алайда сендер кеңесшілерді сүймейсіңдер!» – деді.

79.

Лұтты [жібердік]. Сонда ол өз халқына былай деді: «Сендер шектен шығушылыққа ересіңдер ме? Бұда сендерді әлем халықтарынан ешбіреуі озбаған.

80.

Расында, сендер әйелдерді былай қойып, құмарлықпен ерлерге келесіңдер ме? Дұрысы, сендер шектен шығушы халықсыңдар!»

81.

Оның халқының жауабы: «Оларды елді мекендеріңнен шығарыңдар! Расында, олар өздерін таза ұстайтын адамдар!» – деу ғана болды.

82.

Біз оны және оның отбасын құтқардық. Бірақ оның зайыбы артта қалып кеткендерден болды!

83.

Біз оларға жаңбыр жаудырдық, қылмыскерлердің соңы қалай болғанына назар аудар!

84.

Мәдйан [халқына] олардың бауыры Шұғайыпты [жібердік]. Ол былай деді: «О халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Сендерге Иелерің тарапынан айқын дәлел келген еді. Өлшем мен таразыны толықтай орындаңдар! Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер! Жер түзетілгеннен кейін оның жүзінде бүлдірмеңдер! Бұл өздерің үшін жақсы, егер сенуші болсаңдар!

85.

Аллаға сенім келтіргендерді Оның жолынан итеріп, оны қисайтуға ұмтылып, қорқытып әрбір жолда отырмаңдар! Сендер аз болған едіңдер, Ол сендерді көбейтті, соны еске алыңдар! Бүлдірушілердің соңы қалай болғанына назар аударыңдар!

86.

Егер араларыңнан бір топ мен арқылы жіберілген нәрсеге сенім келтірген болса, ал басқа топ сенім келтірмеген болса, онда Алла арамызға үкім бермейінше сабыр етіңдер. Ол үкім берушілердің ең жақсысы!»

87.

Оның халқының тәкаппар болған шонжарлары: «Біз сені, о Шұғайып, және сенімен бірге сенім келтіргендерді елді мекенімізден міндетті түрде шығарып жібереміз немесе сендер біздің қауымымызға ораласыңдар!» – деген жауап берді. Ол былай деді: «Біз жиіркенсек те ме?

88.

Алла бізді қауымдарыңнан құтқарғаннан кейін оған қайта оралсақ, онда біз Алла жөнінде өтірікті ойдан құрастырған болған едік! Біз оған қайта оралмаймыз, бірақ Алла қалайтын болса, ол басқа! Иеміз біліммен әр нәрсені қамтыды! Аллаға тәуекел етеміз! Иеміз! Біз бен халқымыздың арасын ақиқат бойынша аш! Сен ашушылардың ең жақсысысың!»

89.

Оның халқының жабылған болған шонжарлары: «Егер Шұғайыпқа ерсеңдер, онда, расында, міндетті түрде қасірет шегуші боласыңдар!» – деді.

90.

Олар сілкініске ұшырады да, таңертесін олар баспаналарында қозғалмай жатқан күйде болып қалды!

91.

Шұғайыпты өтірікші деп санағандар ол баспаналарында тұрмағандай болып қалды. Шұғайыпты өтірікші деп санағандар қасірет шегуші болып қалды!

92.

Ол олардан теріс бұрылып: «О халқым! Мен сендерге Иемнің жолдауларын жеткіздім және кеңес бердім. Ендеше, жабылған халыққа мен қалайша көңіл айтамын?» – деді.

93.

Біз, бәлкім бағынар деп, елді мекеннің тұрғындарын бақытсыздық пен зиянға ұшыратып қана хабарландырушы жібердік!

94.

Содан соң Біз жамандықты жақсылыққа ауыстыратынбыз, бірақ олар оңалып: «Әкелерімізге де бақытсыздық пен қуаныш тиген еді!» – демейінше ғана. Сонда олар сезбей тұрғанда Біз оларды кенеттен ұстап алатынбыз!

95.

Егер елді мекендердің тұрғындары сенім келтіріп, сақсынса, онда Біз оларға аспан мен жердің берекеттерін ашатын едік! Бірақ олар өтірік санады, сондықтан оларды иеленгендері себепті ұстап алдық!

96.

Елді мекендердің тұрғындары оларға Біздің күшіміз олар түнде ұйықтап жатқанда келуінен өзін қауіпсіздікте сезіне ме?

97.

Немесе елді мекендердің тұрғындары оларға Біздің күшіміз олар таңертең ойнап жатқанда келуінен өзін қауіпсіздікте сезіне ме?

98.

Олар Алланың айласынан өзін қауіпсіздікте сезіне ме? Қасірет шегуші халық қана Алланың айласынан өзін қауіпсіздікте сезінеді!

99.

Немесе жерді бұрынғы тұрғындарынан кейін мирас ретінде алғандар үшін, егер қалаған болсақ, оларға айыптары себепті сазайын беретіндігіміз нұсқау болған жоқ па? Біз олардың жүректерін мөрлейміз, сондықтан олар естімейді.

100.

Біз саған бұл елді мекендер туралы хабарды баян етеміз. Оларға елшілер айқын дәлелдермен келген еді, бірақ олар алдын өтірік деп санаған нәрсеге сенім келтірген емес. Алла жабылғандардың жүрегін осылайша мөрлейді!

101.

Олардың көбісінен міндеттеме таппадық және көбісін шегінуші түрде таптық!

102.

Содан соң олардан кейін Біз перғауын мен оның шонжарларына Мұсаны белгілерімізбен жөнелттік. Бірақ олар белгілерге қатысты залымдық қылды. Ендеше, бүлдірушілердің соңы қалай болғанына назар аудар!

103.

Мұса былай деді: «О перғауын! Расында, мен әлем халықтарының Иесі тарапынан елшімін!

104.

Мен Алла жайында тек ақиқатты ғана айтуға құқылымын. Мен сендерге Иелеріңнен айқын дәлелмен келген едім. Ендеше, менімен бірге Исраилдің балаларын жібер!»

105.

Ол: «Егер сен белгімен келген болсаң, онда оны келтір, егер шыншыл болсаң!» – деді.

106.

Сосын ол асасын тастады, сонда асасы айқын жылан болып кетті.

107.

Әрі ол қолын шығарды, сонда қолы қараушыларға ақ болып көрінді.

108.

Перғауын халқының шонжарлары былай деді: «Расында, бұл білімді сиқыршы!

109.

Ол сендерді жерлеріңнен шығарғысы келеді! Ендеше, қандай әмір бересіңдер?»

110.

Олар былай деді: «Оны және оның бауырын тоқтатып қойып, қалаларға жинаушыларды жібер,

111.

олар саған бүкіл білімді сиқыршыларды келтіреді!»

112.

Перғауынның сиқыршылары келіп: «Егер біз жеңуші болсақ, онда, расында, бізге сый болуы тиіс!» – деді.

113.

Ол: «Жақсы, және расында, сендер жақындатылғандардан боласыңдар» – деді.

114.

Олар: «О Мұса! Не сен тастайсың, не біз тастаушы боламыз!» – деді.

115.

Ол: «Тастаңдар!» – деді. Олар тастағаннан кейін, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды үрейлендіріп, зор сиқырмен келді!

Содан кейін Біз Мұсаға асаңды таста деп уахи еттік, сонда аса олардың ойлап шығарған нәрсесін жұтып қойды!

117.

Ақиқат келіп, олардың істеген нәрсесі бекер болды.

118.

Сол жерде олар жеңіліске ұшырап, кемсітілген болып қалды.

119.

Сиқыршылар сәждеге құлап,

120.

былай деді: «Әлем халықтарының Иесіне сенім келтірдік!

121.

Мұса мен Һарұнның Иесіне!»

122.

Перғауын былай деді: «Сендер оған мен рұқсат еткеннен бұрын сенім келтірдіңдер. Расында, бұл сендердің қалада ойластырған айлакерліктерің, қаладан тұрғындарын шығару үшін! Бірақ сендер білетін боласыңдар!

123.

Мен сендердің қолдарың мен аяқтарыңды қарама-қарсы жақтарынан шауып тастаймын, содан соң барлықтарыңды керіп тастаймын!»

124.

Олар былай деді: «Расында, біз Иемізге ораламыз!

125.

Сен, Иеміздің белгілері келгеннен кейін оларға сенім келтіргеніміз үшін ғана бізден кек алып отырсың! Иеміз, бізге сабырлық төгіп, бізді бойұсынушылармен бірге тыныштандыр!»

126.

Перғауын халқының шонжарлары: «Мұса мен оның халқын, жер жүзінде бүлдірсін деп және сені мен тәңірлеріңді қалдырсын деп еркіне жібересің бе?» – деп сұрады. Ол: «Біз олардың ұлдарын өлтіріп, әйелдерін тірі қалдырамыз. Біз олардан үстембіз!» – деп жауап берді.

127.

Мұса өз халқына: «Алладан жәрдем сұраңдар да сабыр етіңдер! Расында, жер Алланікі, Ол оны қалаған қызметшілеріне мирас ретінде береді! Нәтиже сақ болушылардікі!» – деді.

128.

Олар: «Біз, сен бізге келуден бұрын да, [сен келгеннен] кейін де қиналдық!» – деді. Ол: «Мүмкін, Иелерің қарсыластарыңды жойып, сендерді жерде наменгер етіп қояр! Сонда Ол амалдарың қандай болатынына назар аударады!» – деді.  

129.

Біз перғауынның жақындарын жылдармен және жемістердің жеткіліксіздігімен қолға алған едік, бәлкім, олар естерін жияр [деп]!

130.

Оларға жақсылсық келгенде, олар: «Бұл бізге тиесілі!» – деді, ал егер оларға жамандық тисе, ол жамандықты Мұса мен онымен бірге болғандардан көреді! О, расында, олардың жамандығы Аллада! Алайда, олардың көбі білмейді!

131.

Олар: «Бізді ол арқылы сиқырлау үшін қандай да белгі келтірсең де, саған сенуші болмаймыз!» – деді.

132.

Біз оларға егжей-тегжейлі түрде баяндалған белгілер ретінде топан су, обыр шегіртке, биттер, құрбақа және қан жібердік. Бірақ олар тәкаппарланып, қылмыскер халық болды!   

133.

Олардың үстіне жаза құлағаннан кейін, олар: «О Мұса! Иеңе, саған берген міндеттемесі бойынша біз үшін жалбарын! Егер де бізден жазаны шешсең, онда біз саған сенуші боламыз да сенімен бірге Исраилдің балаларын жібереміз!» – деді.

134.

Олар жеткен бір мерзімге дейін олардан жазаны шешкенімізден кейін олар уәдесін бұзды!

135.

Олар белгілерімізді өтірік деп санап, олардан ғапыл болғандары себепті Біз олардан кек алып, оларды теңізге батырдық!

136.

Әлсіз деп саналған халыққа Біз береке беркен бір жердің шығысы мен батысын мирас ретінде қалдырдық. Исраилдің балалары сабыр еткендері себепті Иеңнің Сөзі олар үшін ең жақсы түрде тамамдалды. Біз перғауын мен оның халқының жасаған нәрселерін және көтеріп тұрғызған нәрселерін құрттық!

137.

Исраилдің балаларын теңізден өткіздік. Сосын олар пұттарына берілген бір халыққа келді. Олар: «О Мұса! Біз үшін олардың тәңірлеріндей тәңір орнат!» – деді. Ол былай деді: «Расында, сендер надан халықсыңдар!

138.

Расында, оларға келсек, олар соның ішінде жүрген нәрсесі қиратылып, істеген нәрселері бекер болып жатыр!»

139.

Ол: «Алла сендерге әлем халықтарының алдында артықшылық берсе де, сендер үшін Одан басқа тәңірілерді іздейін бе?» – деді.

140.

Сонда Біз сендерді перғауынның жақындарынан құтқардық. Олар ұлдарыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі қалдырып, сендерді жаман азаппен қинады. Бұда сендер үшін Иелерің тарапынан зор сынақ болды!

141.

Біз Мұсаға отыз түн уәде етіп, оны онмен тамамдадық. Сонымен, Иесінің белгіленген уақыты қырық түнмен тамамдалды. Мұса бауыры Һарұнға: «Халқымның ішінде менің орнымда бол, түзелт және бүлдірушілердің жолына ерме!» – деді.

142.

Мұса белгіленген уақытымызға келіп, Иесі оған сөйлегеннен кейін, ол: «Ием! Маған [Өзіңді] көрсет, Саған қарайын» – деді. Ол: «Сен мені көрмейсің, алайда тауға назар аудар, егер ол өз орнында қимыл-қозғалыссыз тұрса, онда сен Мені көретін боласың!» – деп жауап берді. Оның Иесі тауға [құдыретін] көрсетіп, оны қиратылған қылды. Мұса есеңгіреп құлап қалды. Ол өзіне келгеннен кейін: «Мадақ Саған! Мен Саған тәубе еттім! Мен сенушілердің алғашқысымын!» – деді.     

143.

Ол: «Ол Мұса! Мен сені жолдауым мен сөзім арқылы адамдардан таңдадым. Саған бергенімді алып алғыстылардан бол!» – деді.

144.

Біз оған тақталарда әр нәрсенің Үгітін және егжей-тегжейлі баяндамасын жазып [былай дедік]: «Бұны мықтап ұста да халқыңа ондағы ең жақсы нәрселерді ұстансын деп әмір ет!» Мен сендерге шегінушілердің баспанасын көрсетемін!

145.

Мен жерде құқықсыз тәкаппарланатындарды белгілерімнен тойтарамын! Егер олар кез келген белгіні көретін болса, олар оған сенім келтірмейді! Егер олар парасаттылықтың жолын көрсе, оны жол ретінде алмайды! Егер олар адасушылықтың жолын көрсе, оны жол ретінде алады! Бұл – олардың белгілерімізді өтірік деп санап, олардан ғапыл болғандықтары себепті!

146.

Белгілерімізді және Ақырғы Өмірдің кездесуін өтірік деп санағандардың істері сәтсіз аяқталды! Олар істеген нәрселері емес, басқа нәрсе үшін жазаланады ма?

147.

Мұсаның халқы одан кейін әшекейлерінен өзіне мөңірейтін бұзау мұсінін жасап алды. Олар, ол өздерімен сөйлесе алмағандығын және өздерін жолға бағыттай алмағандығын көрмеді ме? Олар оны алып, залым болды!

148.

Олар не істерін білмей, өздерінің жаңылғандығын көргеннен кейін: «Егер Иеміз бізді аямаса және кешірмесе, онда біз міндетті түрде қасірет шегушілерден боламыз!» – деді.

149.

Мұса өз халқына ашулы және күйінген күйде оралғаннан кейін: «Мен жоқ болғанда істеген нәрселерің нендей жаман! Сендер Иелеріңнің әмірін асықтырдыңдар ма?» – деп, тақталарды лақтырды да бауырының басынан ұстап, өзіне қарай тартты. Ол: «О анамның ұлы! Расында, халық мені әлсіз деп санап, мені өлтіре жаздады! Ендеше, менің қарсыластарым мені табаламасын және мені залым халыққа жатқызба!» – деді.

150.

Ол: «Ием! Мені және бауырымды кешір! Бізді мейіріміңе кіргіз, Сен рақымдылардың ең Рақымдысысың!» – деді.

151.

Расында, өздеріне бұзауды алғандарға бергі өмірде Иелерінің наразылығы мен қорлық тиеді. Ойдан құрастырушыларды Біз осылайша жазалаймыз! 

152.

Егер кімде-кім жаман істер істеп, содан кейін тәубе етіп, сенім келтірсе, онда, расында, сенің Иең осыдан кейін Кешіруші, Рақымды! 

153.

Мұсаның ашуы басылғаннан кейін ол тақталарды алды, олардың көшірмесінде Иелерінен қорқатындар үшін Нұсқау мен мейірім бар!

154.

Мұса өз халқынан Біздің белгіленген уақытымызға жетпіс ерді таңдады. Олар сілкініске ұшырағаннан кейін, ол былай деді: «Ием! Егер сен қалаған болсаң, онда Сен оларды мен мені бұдан бұрын жоятын едің! Бізді арамыздағы ақымақтардың істеген нәрсесі үшін жоясың ба? Бұл Сенің азғыруың ғана! Сен ол арқылы қалағанды жаңылдырып, қалағанды бағыттайсың! Сен біздің Жебеушімізсің! Ендеше, бізді кешір және ая! Сен кешірушілердің ең жақсысысың!

155.

Бізге осы бергі өмірде және Ақырғы Өмірде жақсы іс жаз. Расында, біз Саған бағытталдық!» Ол былай деді: «Мен азабымды қалағаныма тигіземін, бірақ Менің мейірімім әр нәрсені қамтыды!» Сондықтан Мен оны сақ болып, ақтайтын шығын шығарып, белгілерімізге сенім келтіретіндерге жазамын,

156.

елші, хабарландырушы, тәжірбиесізге еретіндерге [жазамын], олар оны өздерінің қасындағы Тәурат пен Інжілде жазулы табады. Ол оларға мақұлданғанды әмір етіп, мақұлданбағаннан тыяды, оларға салауаттыларды рұқсат етіп, нашарларға тыйым салады. Ол олардан үстерінде болған ауыртпалықтарын және шынжырларды шешеді. Енді оған сенім келтіріп, оны құрметтеп, оған жәрдемдесіп, онымен бірге түсірілген Нұрға ергендер, солар – жетістікке жетушілер!      

157.

«О адамдар! Расында, мен барлығыңа жіберілген Алланың елшісімін. Оған аспандар мен жердің билігі тиесілі, тәңірі тек Ол ғана! Ол тірілтеді және өлтіреді. Ендеше, Аллаға сенім келтіріңдер және Аллға әрі Оның Сөзіне сенетін Оның хабарландырушы, тәжірбиесіз елшісіне [сенім келтіріңдер]! Оған еріңдер, бәлкім, бағытталарсыңдар!» – де.  

158.

Мұсаның халқынан басшылық бар. Олар ақиқатпен бағыттайды және ол арқылы әділдік қылады.

159.

Біз оларды басшылық ететін он екі руға бөлдік. Мұсадан оның халқы су сұраған кезде, Біз оған: «Асаңмен тасты ұр!» – деп уахи еттік. Сонда одан он екі қайнар көз атқылап шықты. Барлық адамдар өздерінің ішетін орындарын білді. Біз оларды бұлтпен көлеңкеледік, оларға мәнна мен бөдене түсірдік. Біз сендерге ризық ретінде берген салауытты нәрселерден жеңдер! Олар Бізге залымдық қылған жоқ, алайда олар өздеріне залымдық қылды!

160.

Оларға: «Осы елді мекенге орналасып, қалаған жерінен жеңдер де: «Жалбарынамыз!» – деп, қақпадан кіріп, сәждеге жығылыңдар. Біз қателеріңді кешіріп, жақсылық істеушілерге арттыратын боламыз!» – делінгенде,

161.

араларындағы залымдар өздеріне айтылған сөзді басқаға ауыстырды. Сондықтан Біз оларға залым болғандықтары себепті аспаннан жаза жібердік.

162.

Олардан теңіздің жағасында болған елді мекен туралы сұра. Олар сенбіде шектен асты. Үлкен балықтары сенбі күндерінде оларға тура келіп, сенбісіз күні келмейтін. Шегінуші болғандықтары себепті Біз оларды осылайша сынаймыз!

163.

Араларындағы бір басшылық: «Алла жоятын немесе қатты азаппен азаптайтын халықты неліктен үгіттейсіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Иелеріңнің алдында ақталу үшін, бәлкім, олар сақсынар!» – деп жауап берді.   

164.

Олар өздеріне ескертілген нәрсені ұмытқаннан кейін Біз жаманнан тыятындарды құтқардық та залымдық қылғандарды шегінуші болғандықтары себепті қатты азаппен ұстап алдық!

165.

Өздерін тыйған нәрседе бағынбағаннан кейін Біз оларға: «Қуылған маймыл болыңдар!» – дедік.

166.

Иең рұқсат еткен кезде, Ол Қиямет Күні оларды жаман азаппен қинайтын біреуді міндетті түрде жөнелтеді! Расында, сенің Иең жазалауда жылдам! Және, расында, Ол – Кешіруші, Рақымды!

167.

Біз оларды жерде басшылықтарға бөлдік. Олардың арасында түзелтушілер бар және басқалар да бар. Біз оларды жақсылықтар арқылы да, жамандықтар арқылы да сынадық, бәлкім, олар оралар!

168.

Олардан кейін олардың орнын Кітапты мирас етіп алған наменгерлер басты. Олар бұл ең төмен өмірдің ұсынысын қабылдап: «Біз кешірілетін боламыз!» – дейді. Егер оларға тағы сол сияқты ұсыныс берілсе, олар оны ала береді. Олармен, олар Алла жайында тек ақиқатты ғана айтады деп және ондағы нәрселерді зерттейді деп Кітаптың келісімшарты жасалынбады ма? Ақырғы баспана сақ болушылар үшін жақсырақ! Ендеше, ақылға келмейсіңдер ме?

169.

Расында, Кітапты ұстанып, сиынуды орындайтын түзелтушілердің сыйын Біз жоғалтпаймыз!

170.

Біз тауды жұлып алып, олардың үстіне қалқа сияқты төндіріп қойған кезде, олар оны үстілеріне құлайды деп ойлады. «Біз сендерге бергенді мықтап ұстаңдар және ондағыны еске алыңдар, бәлкім сақ боларсыңдар!»

171.

Иең Адам балаларының арқаларынан ұрпақтарын алып, оларды өздеріне қарсы куә қылып: «Мен сендердің Иелерің емеспін бе?» [– деген кезде], олар: «Әрине, біз куәлік етеміз!» – деп жауап берді. Бұл сендердің Қиямет Күні: «Расында, біз бұдан ғапыл болғанбыз!» – демеулерің үшін, 

172.

немесе: «Расында, бізге дейін әкелереміз серік қосты, ал біз олардан кейін келген ұрпақтарымыз. Бекерлік қылушылардың істеген нәрсесі үшін бізді жоймықшысың ба?» – демеулерің [үшін].

173.

Біз белгілерді осылайша егжей-тегжейлі түрде баяндаймыз, бәлкім, олар оралар!

174.

Біз өзіне белгілерімізді берген біреу жайында хабарды оқы. Ол оны лақтырып тастады, сонда тыңдамаушы оны өзінің ерушісі қылды да ол адасушылардан болды.

175.

Егер Біз қалаған болсақ, оны олар арқылы жоғарылататын едік, алайда ол жерге еңкейіп, құмаралығына ерді. Оның мысалы иттің мысалы сияқты: егер оны қусаң да тілін салақтатып тұрады, оны қалдырсаң да салақтатып тұрады. Бұл белгілерімізді өтірік деп санаған халықтың мысалы. Ендеше, баяндаманы баянда, бәлкім, олар ойланар!

176.

Белгілерімізді өтірік деп санап, өздеріне залымдық қылған халықтың мысалы жаман!

177.

Алла кімді бағыттаса, сол бағытталған, ал кімді жаңылдырса, солар – қасірет шегушілер!

178.

Тозақ үшін Біз көп көрінбейтін мен адамды жараттық. Оларда жүректері бар, бірақ онымен түсінбейді, көздері бар, бірақ онымен көрмейді, құлақтары бар, бірақ онымен естімейді. Солар – малдар сияқты, бірақ тіпті олардан ары адасқанырақ! Солар – ғапыл болушылар!

179.

Аллаға ең жақсы есімдер тиесілі. Ендеше, Оған олар арқылы жалбарыныңдар да Оның есімдеріне қатысты ауытқитындарды қалдырыңдар. Олар істеген нәрселерінің жазасын алатын болады!

180.

Біз жаратқандардан басшылық бар. Олар ақиқатпен бағыттайды және ол арқылы әділдік қылады.

181.

Белгілерімізді өтірік деп санағандарға Біз олар білмейтін жерден бірте-бірте жақындаймыз!

182.

Мен оларға ұзақ өмір беремін! Расында, Менің айлакерлігім берік!

183.

Немесе олар жолдастарында естен адасушылық жоқ екені туралы ойланбайды ма? Расында, ол айқын алдын-ала ескертуші!

184.

Немесе олар аспандар мен жердің патшалығын, Алла жаратқан нәрсені, өз мерзімдерінің жақындалу мүмкіндігін қарастырмайды ма? Ендеше, олар одан кейін қандай әңгімеге сенеді?

185.

Алла кімді жаңылдырса, оған бағыттаушы жоқ. Ол оларды озбырлықтарында адасып жүруінде қалдырады!

186.

Олар сенен Сағат жөнінде сұрайды: «Ол қашан зәкір тастайды?» [– деп]. «Расында, ол жайлы білім Иемде, уақыты келгенде оны Оның Өзі ғана жариялайды. Ол аспандар мен жерге ауыр нәрсе. Ол сендерге кенеттен ғана келеді!» – деп жауап бер. Олар сенен сен ол жайлы хабардар сияқты сұрайды, былай де: «Расында, ол жайлы білім Аллада, бірақ адамдардың көпшілігі білмейді!»

187.

«Менің өзіме пайда әкелуге және зиян келтіруге билігім жоқ, бірақ Алла қаласа, ол басқа. Егер ғайыпты білген болсам, мен жақсылықты көбейтетін едім, сонда маған жамандық тимейтін еді. Мен сенім келтіретін халықты алдын-ала ескертуші және қуантушы ғанамын!» – деп айт.    

188.

Ол сендерді жалғыз тұлғадан жаратты да одан жұбын жаратты, ол онымен бірге тұруы үшін. Ол жұбымен қатынаста болғаннан кейін жұбы жеңіл жүк көтеріп, онымен жүрді. Жүк ауырлағаннан кейін ол екеуі Иелері Аллаға: «Егер Сен бізге салиқалыны берсең, біз міндетті түрде алғыстылардан боламыз!» – деп жалбарынды.

189.

Ол оларға салиқалыны бергеннен кейін олар Алла өздеріне бергенінің турасында Оған серік қосты. Алла олардың қосқан серіктерінен жоғары!

190.

Олар ешнәрсені жаратпайтын және өздері жаратылатын нәрсені серік ретінде қосады ма?!

191.

Және олар оларға да жәрдем ете алмайды, өздеріне де жәрдем ете алмайды.

192.

Егер оларды Нұсқауға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Сендерге бәрібір, оларды шақырасыңдар ма әлде үндемейсіңдер ме.

193.

Расында, Алладан өзгелерге жалбарынатындарың өздерің сияқты қызметшілер. Ендеше, оларға жалбарыныңдар, олар сендерге жауап берсін, егер шыншыл болсаңдар!

194.

Оларда жүретін аяқтары бар ма? Әлде оларда ұстайтын қолдары бар ма? Әлде оларда көретін көздері бар ма? Әлде оларда еститін құлақтары бар ма? Былай де: «Серіктеріңді шақырыңдар да содан кейін маған қарсы айлакерлік етіңдер және маған мұрсат бермеңдер!

195.

Расында, менің Жебеушім – Кітап түсірген Алла! Ол түзелтушілерге жебеушілік етеді!

196.

Одан өзгелерге жалбарынатындарың сендерге де жәрдем ете алмайды, өздеріне де жәрдем ете алмайды!»

197.

Егер оларды Нұсқауға шақырсаң, олар естімейді. Олардың саған назар аударатынын байқайсың, бірақ олар көрмейді.

198.

Кешушілікті таңда, мақұлданғанды әмір ет және надандардан шеттен!   

199.

Егер сені тыңдамаушыдан жаман ой нұқыса, онда Аллаға жүгін, расында, Ол – Естуші, Білуші!

200.

Расында, сақ болғандар, егер оларға тыңдамаушыдан айналым тисе, олар еске түсіреді, сосын міне – олар (анық) көріп тұр!

201.

Бауырлары оларды адасушылықта қолдап, доғармайды!

202.

Оларға белгі келтірмеген кезіңде, олар: «Неге оны таңдамадың?» – деді. «Расында, мен өзіме Иемнің тарапынан уахи етілгенге еремін. Бұл сенім келтіретін халыққа Иелеріңнің тарапынан көрегендік, Нұсқау және мейірім!» – деп айт.

203.

Құран оқылған кезде оны үн шығармай тыңдаңдар, бәлкім, мейірімге бөленерсіңдер!

204.

Иеңді жалынған әрі қорыққан түрде ішіңнен есіңе ал, таңертең мен кештерде қатты дауыстама және ғапылдардан болма!

205.

Расында, Иеңнің алдындағылар Оған қызмет етуден тәкаппарланбайды, олар Оны мадақтап, Оған сәжде етеді!

206.