6 тарау
Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Аспандар мен жерді жаратқан, түнектер мен нұрды орнатқан Аллаға мадақ! Содан соң жабылғандар Иелеріне (басқаларды) теңестіреді! |
1. |
Ол сендерді саздан жаратты, содан соң Ол мерзімді шешті. Белгілі мерзім Оның иелігінде! Содан соң сендер күмәнданасыңдар! |
2. |
Ол аспандарда да, жерде де Алла! Ол сендердің сырларыңды да, жарияларыңды да біледі! Және ол сендердің нені иеленетіндеріңді біледі! |
3. |
Оларға Иелерінің белгілерінен қандай да бір белгі келсе, олар одан бас тартушы! |
4. |
Өздеріне ақиқат келгеннен кейін олар оны өтірік санаған еді! Мазақ қылған нәрселерінің хабарлары өздеріне келетін болады. |
5. |
Өздерінен бұрын қаншама буынды жойғанымыз жайында олар ойламады ма?! Біз оларды жер бетінде мықты етіп орнаттық, сендерді олай мықты етіп орнатпадық. Біз оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік те астыларынан ағатын өзендерді орнаттық, бірақ Біз оларды айыптары себепті жойдық. Олардан кейін Біз басқа буындарды өсірдік. |
6. |
Егер Біз саған Кітапты қағазда жазулы түрде түсіріп, олар оны қолдарымен ұстап көрсе де, жабылғандар міндетті түрде: «Расында, бұл айқын сиқыр ғана!» – дейтін еді, |
7. |
және: «Неліктен оған басқарушы түсірілген жоқ?» – дейтін еді. Егер Біз басқарушыны түсірсек, онда іс шешіліп қоятын еді, содан соң оларға мұрсат берілмес еді! |
8. |
Егер Біз оны басқарушы қылып орнатсақ, онда оны ер қылып орнататын едік те түсініксіз ететін нәрселерін өздеріне түсініксіз ететін едік. |
9. |
Шынында, өзіңнен бұрыңғы елшілер де мазақталған. Келеке еткендерге мазақ қылған нәрселері ақиқат болып шықты! |
10. |
«Жер кезіңдер, содан соң өтірік деп санаушылардың соңы қандай болғанына назар аударыңдар!» – деп айт. |
11. |
«Аспандардағы мен жердегі нәрсе кімге тиесілі?» – деп сұра. «Аллаға тиесілі!» – деп жауап бер. Ол Өзіне мейірімділікті ұйғарды! Ол сендерді келуіне күдік жоқ Қиямет Күні жинайды! Өздеріне қасірет шеккізгендер, олар – сенбейді! |
12. |
Оған түнде және күндіз мекендейтін нәрселер тиесілі. Расында, Ол – Естуші, Білуші! |
13. |
«Мен аспандар мен жердің Жаратушысы Алладан өзгені жебеуші қылып аулым керек пе? Ол тамақтандырады, бірақ оны тамақтандырмайды!» – деп айт. «Расында, маған бірінші бойұсынушы болу әмір етілді және [маған]: «Серік қосушылардан ешқашан болма!» [– деп әмір етілді]» – деп айт. |
14. |
Былай де: «Мен Иеме бағынбасам, Зор Күннің азабынан қорқамын! |
15. |
Ол Күні [азап] кімнен алыстатылса, онда оған рақымшылық етілгені. Бұл айқын табыс!» |
16. |
Кімге Алла зиянмен тисе, онда оны тек Оның Өзі ғана құтылдыра алады! Егер Ол жақсылықпен тисе, онда Ол әр нәрсеге Құдіретті!» |
17. |
Ол Еңсерілмеуші, қызметшілерінен жоғары. Ол – Дана, Хабардар! |
18. |
«Қай нәрсе ең үлкен куәлік?» – деп сұра. «Мені мен сендердің араларыңдағы куәгер – Алла! Ол маған осы Құранды уахи еттті, онымен сендерді және ол кімге жетсе, оларды алдын-ала ескертуім үшін! Сендер Алламен қатар басқа тәңірілердің барлығына шынымен куәлік етудесіңдер ме?» – деп жауап бер. «Мен куәлік етпеймін!» – де. «Расында, Ол – Тәңір, Жалғыз! Расында, мен cендердің серік қосуларыңа қатысты емеспін!» – де. |
19. |
Біз өздеріне Кітап бергендер оны өз балаларын танығандай таниды. Өздеріне қасірет шеккізгендер, олар – сенбейді! |
20. |
Алла жайында өтірікті ойдан құрастырғаннан немесе Оның белгілерін өтірік санағаннан кім залымырақ?! Расында, Ол залымдарға жетістік бермейді! |
21. |
Сол Күні Біз олардың бәрін топтаймыз! Содан соң Біз серік қосқандардан: «Олар жөнінде пайымдаған серіктерің қайда?» – деп сұраймыз. |
22. |
Сосын олардың: «Алламен ант етеміз! Иеміз! Біз серік қосушылардан болған емеспіз!» – дегеннен басқа өтіріктері болмайды. |
23. |
Олар өздері жайында қалай өтірік айтқанына назар аудар! Ойдан құрастырған нәрселері оларды тастап, жоғалып кетті! |
24. |
Олардың арасында саған құлақ асатындары бар, бірақ оны түсінбеулері үшін Біз олардың жүректеріне қалқалар, құлақтарына кереңдік орнаттық. Олар қандай да бір белгіні көрсе де оған сенбейді. Тіпті саған келген кезде сенімен дауласады. Жабылғандар: «Бұл көне халықтардың ертегілері ғана!» – дейді. |
25. |
Олар одан тыяды және одан алшақтайды. Олар тек өздерін ғана құртуда, бірақ олар сезбейді! |
26. |
Оларды оттың алдында тұрғызғанда көрсең! Олар: «Шіркін-ай! Қайта оралсақ қой! Онда біз Иеміздің белгілерін өтірік деп санамас едік! Біз сенушілерден болар едік!» – деді. |
27. |
Керісінше, олардың бұрын жасырған нәрселері көрінді! Егер олар қайта оралса, онда оларға тыйым салынған нәрселерді [істеуді] қайта бастар еді! Расында, олар – өтірікшілер! |
28. |
Олар: «Біздің бергі өміріміз ғана бар! Біз қайта тірілмейміз!» – деді. |
29. |
Оларды Иелерінің алдында тұрғызғанда көрсең! Ол: «Бұл ақиқат емес пе?!» – деп сұрады, олар: «Әрине! Иемізбен ант етеміз!» – деп жауап берді. Ол: «Ендеше, жабылған болғандарың үшін азап татыңдар!» – деді. |
30. |
Алламен кездесуді өтірік санағандар қасіретке ұшырады! Сағат оларға кенеттен келген кезде, олар: «Онда (бергі өмірде) қапылық жібергеніміз үшін қасіретке ұшырадық!» – деді. Олар өз жүктерін арқалайды! О, жүктеген нәрселері нендей жаман! |
31. |
Бергі өмір тек ермек пен ойын ғана, бірақ ақырғы баспана сақ болушылар үшін жақсырақ қой! Ақылға келмейсіңдер ме?! |
32. |
Расында, олардың айтатындары сені қайғыландыратынын білеміз. Расында, олар сені өтірікші деп санамауда, алайда залымдар Алланың белгілерін теріске шығаруда! |
33. |
Сенен бұрынғы елшілер де өтірікші саналған. Сосын олар өздеріне Біздің жәрдеміміз келмейінше өтірікші саналғандарына және шеккен жапаларына сабыр ететін. Алла сөздерін өзгертуші жоқ! Шынында, жіберілгендердің хабары саған келген еді! |
34. |
Расында, олардың бас тартулары саған ауыр келеді. Егер шамаң келіп, жер астында жол немесе аспанға апаратын баспалдақ таба алсаң, оларға белгі келтір! Егер Алла қалағанда, олардың бәрін Нұсқау үстінде жинар еді. Ендеше, надандардан болма! |
35. |
Алла тыңдайтындарға жауап береді! Алла өлілерді тірілтеді, содан соң олар Оған оралады! |
36. |
Олар: «Неге оған Иесі тарапынан белгі түсірілген жоқ?» – дейді. «Расында, Алланың белгі түсіруге құдіреті жетеді!» – де. Алайда олардың көбісі білмейді! |
37. |
Жердегі жануар мен қанатымен ұшатын құс сендер тәрізді қауымдастықтар ғана. Біз Кітапта қапылық жібермедік, содан соң олар Иелерінің алдына жиналатын болады! |
38. |
Біздің белгілерімізді өтірік санағандар – керең және мылқау болып түнектерде жүргендер. Алла қалағанды адастырады және қалағанды түзу жолға орнатады! |
39. |
Былай де: «Өздерің туралы ойладыңдар ма? Өздеріңе Алланың азабы келсе немесе Сағат келсе, егер шыншыл болсаңдар, Алладан өзгелерге жалбарынасыңдар ма? |
40. |
Керісінше, сендер Оған жалбарынасыңдар! Сосын Ол қаласа, жалбарынуларыңа [себеп болған] нәрседен құтқарады! Және қосқан серіктеріңді ұмытасыңдар!» |
41. |
Сенен бұрын да қауымдастықтарға жіберген едік. Біз оларды бақытсыздық пен зиянға ұшыратқанбыз, мүмкін, олар бағынар! |
42. |
Бізден бақытсыздық өздеріне келгенде неге олар бағынған жоқ?! Алайда, олардың жүректері қатыгез болып кетті, тыңдамаушы амалдарын өздеріне бояңқыратты! |
43. |
Олар өздеріне ескертілген нәрсені ұмытқаннан кейін, Біз олар үшін әр түрлі нәрселерге есіктер аштық, Біз берген нәрсеге шаттанып отқан кезде оларды күтпеген жерден ұстап алу үшін! Сонда олар өкінуші болды! |
44. |
Залым халық түбірімен жоқ қылынды! Әлем халықтарының Иесі Аллаға даңқы! |
45. |
«Алла есту, көру қабілеттеріңді тартып алып, жүректеріңді мөрлесе, бұны сендерге Алладан басқа қандай тәңірі береді? [Бұл туралы] ойладыңдар ма?» – деп сұра. Біз белгілерімізді қалай сарп ететінімізге назар аудар, содан соң олар бас тартады! |
46. |
«Өздерің туралы ойладыңдар ма? Алланың азабы сендерге кенеттен немесе ашық келсе, Ол залым халықтан басқа біреулерді жояды ма?» – деп сұра. |
47. |
Біз елшілерді тек қуантушы әрі алдын ала ескертуші ретінде ғана жібереміз. Кім сенім келтіріп, түзелсе, онда оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды! |
48. |
Белгілерімізді өтірік санағандарды шегінуші болғандары себепті азап тиеді! |
49. |
«Мен сендерге менде Алланың қазыналары бар, ғайыпты білемін деп тұрғаным жоқ! Мен сендерге мен басқарушымын деп тұрғаным жоқ! Мен тек өзіме уахи етілгенге ғана еремін!» – деп айт. «Соқыр мен көре алатын тең бе?! Ойланбайсыңдар ма?!» – деп сұра. |
50. |
Иелерінің алдына жиналудан қорқатындарды онымен алдын-ала ескерт! Оларда Одан басқа жебеуші де, шапағатшы да жоқ! Мүмкін, олар сақ болар! |
51. |
Иелерінің «бейнесін» іздеп, таңсәрі мен кеште Оған жалбарынатындарды қума! Сен үшін олардың есебінен ешнәрсе жоқ, олар үшін де сенің есебінен ешнәрсе жоқ! Ендеше, оларды қума, әйтпесе сен залымдардан боласың! |
52. |
Осылайша Біз олардың біреулерін басқаларымен сынаймыз, олардың: «Алла арамыздан осыларды мейірміне бөлеген бе?» – деулері үшін. Алла алғыстыларды ең жақсы біледі емес пе? |
53. |
Саған белгілерімізге сенім келтіргендер келген кезде, оларға: «Сендерге бейбітшілік болсын!» – деп айт. Иелерің Өзіне мейірімділікті ұйғарды! Араларыңнан кімде-кім надандығынан жаман амал істесе, содан соң артынан тәубе қылып, түзелсе, онда Ол – Кешіруші, Рақымды ғой! |
54. |
Осылайща Біз белгілерді егжей-тегжейлі түрде түсіндіреміз, қылмыскерлердің жолы айқын болуы үшін! |
55. |
«Расында, маған Алладан басқаларға жалбарынатындарыңа қызмет етуге тыйым салынған!» – де. «Мен сендердің құмарлықтарыңа ермеймін, әйтпесе мен жаңылған болатын едім және бағытталғандардан болмайтын едім!» – де. |
56. |
«Расында, менде Иемнен келген айқын дәлелдің үстіндемін, бірақ сендер оны өтірік санадыңдар. Менде сендер асықтыратын нәрсе жоқ. Үкім Аллаға ғана тиесілі! Ол шындық айтады, Ол егжей-тегжейлі түрде түсіндірушілердің ең жақсысы!» – деп айт. |
57. |
«Сендер асықтыратын нәрселерің менде болса, онда мен мен сендердің арамыздағы іс шешілетін еді. Алла залымдарды ең жақсы біледі!» – де. |
58. |
Ғайыптың кілттері Оған тиесілі! Оларды тек Оның Өзі ғана біледі! Ол құрлықтағы мен теңіздегі нәрселерді біледі! Ол жапырақтың түсуі туралы да біледі! Жердің қараңғылығындағы әр дән, әр ылғал нәрсе мен әр құрғақ нәрсе Айқын Кітапта [жазылған]! |
59. |
Ол сендерді түнде тыныштандырады және күндіз не жасағандарыңды біледі. Содан соң ол сендерді күндіз тірілтеді, белгілі мерзімді аяқтау үшін. Содан соң Оған ораласыңдар, ал содан соң Ол сендерге жасаған амалдарың туралы хабарлайды! |
60. |
Ол Еңсерілмеуші, қызметшілерінен жоғары! Біреулеріңе өлім келмейінше Ол сендерге қорғаушыларды жібереді. Оны Біздің елшілеріміз тыныштандырады, олар қапылық жібермейді! |
61. |
Содан соң олар өздерінің шынайы Жебеушісі Аллаға қайта оралады! О, үкім Оған ғана тиесілі! Ол есептеуде ең жылдам! |
62. |
«Құрлық пен теңіздің зұлматтарынан сендерді кім құтқарады?» – деп сұра. Сендер Оған жалынған және құпиялы күйде: «Егер Сен бізді бұдан құтқарсаң біз міндетті түрде алғыстылардан боламыз!» – деп жалбарынасыңдар. |
63. |
«Алла сендерді бұдан және барлық мұңнан құтқарады, бірақ содан соң сендер серік қосасыңдар!» – де. |
64. |
«Оның сендерге үстілеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді жікке бөлумен шатастырып, біріңе біріңнің күшін татқызуға құдіреті жетеді!» – деп айт. Біз белгілерімізді қалай сарп ететінімізге назар аудар, мүмкін олар түсінер! |
65. |
Бұл ақиқат болса да, халқың оны өтірік санады. Айт: «Мен сендер үшін уәкіл емеспін! |
66. |
Әр хабардың өз орны бар екенін білетін боласыңдар!» |
67. |
Белгілеріміз жайында бос әңгімеге кіріскендерді көргеніңде олар одан басқа әңгімеге кіріспейінше олардан шеттен. Ал егер тыңдамаушы саған ұмыттырса, онда есіңе түскеннен кейін залым халықпен бірге отырма! |
68. |
Сақсынатындар үшін олардың есебінен ешнәрсе жоқ. Алайда ескерту – мүмкін олар сақсынар! |
69. |
Өз міндетін ойын мен ермек қылып алатындарды таста! Бергі өмір оларды алдады! Әр тұлға өзі иеленген нәрсесіне дұшар болатынын бұл арқылы оларға ескерт! Оған Алладан басқа жебеуші де, шапағатшы да жоқ! Тіпті ол бәрін тең бағалы нәрсемен теңгерейін десе де одан алынбайды! Осылар – өздері иеленген нәрсесіне дұшар болғандар! Жабылған болғандары үшін оларға қайнаған судан ішімдік және ауыр азап болады! |
70. |
«Алланый былай қойып, бізге пайда да, зиян да келтірмейтін бірнәрсеге үндейік пе?! Жолдастары: «Бізге кел!» – деп Нұсқауға шақырып тұрғанда, жерде тыңдамаушылардың азғыруына түсіп, абыржыған біреу сияқты Алла бізді бағыттағаннан кейін кері қайтайық па?» – деп айт және былай де: «Расында, Алланың Нұсқауы – [шынайы] Нұсқау! Бізге әлем халықтарының Иесіне бойсұну әмір етілді |
71. |
және сиыну, Одан сақсыну (әмір етілді)!» Оның алдына жиналасыңдар! |
72. |
Ол аспандар мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Ол: «Бол!» – деген кезде сол нәрсе бола қалады. Оның Сөзі ақиқат. Керней үрленетін күні билік Оныкі. Ғайыпты және куәландырылғанды Білуші! Ол – Дана, Хабардар! |
73. |
Ибраһим әкесі Әзарға: «Сонда сен пұттарды тәңір тұтасың ба?! Расында, мен сені де, халқыңды да айқын адасуда деп ойлаймын!» – деген. |
74. |
Осылайша Біз Ибраһимге аспандар мен жерге жүргізетін билігімізді көрсеттік, ол иланушылардан болуы үшін. |
75. |
Оны түн басқан кезде, ол бір жұлдызды көріп: «Менің Ием осы» – деді, бірақ [жұлдыз] батқаннан кейін, ол: «Бататындарды сүймеймін» – деді. |
76. |
Туған айды көрген кезде, ол: «Менің Ием осы» – деді, бірақ [ай] батқаннан кейін, ол: «Егер де Ием мені бағыттамаса, онда, әлбетте, мен жаңылған халықтан боламын» – деді. |
77. |
Көтерілген күнді көрген кезде, ол: «Менің Ием осы, ол – ең үлкен!» – деді, бірақ [күн] батқаннан кейін, ол былай деді: «О халқым! Мен серік қосуларыңа қатысты емеспін! |
78. |
Расында, мен иілуші болып, бейнемді аспандар мен жерді жаратқанға аудардым. Мен серік қосушылардан емеспін!» |
79. |
Оның халқы онымен дауласты. Ол былай деді: «Сендер менімен Алла жайында дауласасыңдар ма?! Алла мені бағыттады, мен Оған серік ретінде қосатын нәрселеріңнен қорықпаймын, бірақ егер Ием бірнәрсе қалайтын болса, ол басқа. Ием барлық нәрсені білімімен қамтыған! Естеріңді жимайсыңдар ма?! |
80. |
Сендер, Алла ол жайлы еш бұйрық түсірмеген нәрсені Оған серік ретінде қосудан қорықпағанда, серік ретінде қосқан нәрселеріңнен мен қалайша қорқамын?! Ендеше, осы екі топтың қайсысы қауіпсіздікте болуға лайықтырақ? Егер білетін болсаңдар. |
81. |
Сенім келтіріп, сенімдерін зұлматпен жамылдырмағандар, олар қауіпсіздікте және олар бағытталғандар! |
82. |
Ибраһимге өз халқына қарсы [қолдансын деп] берген дәлеліміз осы. Біз қалағандарымыздың дәрежелерін көтереміз. Расында, сенің Иең – Дана, Білуші! |
83. |
Біз оған Исхақ пен Яқубты бердік. Әрқайсысын Біз бағыттадық. Одан бұрын Біз Нұхты бағыттадық. Және оның ұрпақтарынан: Дауд, Сүлеймен, Әйюб, Йусуф, Мұса және Һарұнды [да бағыттадық]. Жақсылық істеушілерге Біз осылайша сый береміз! |
84. |
Зәкәрия, Яхия, Иса және Ілиясты [да бағыттадық]. Барлығы түзелтушілерден! |
85. |
Исмаил, Әлясағ, Йунус және Лұтты [да бағыттадық]. Барлығына әлем халықтарының алдында артықшылық бердік! |
86. |
Әкелерінен, ұрпақтарынан, бауырларынан таңдап, түзу жолға бағыттадық! |
87. |
Бұл Алланың Нұсқауы! Онымен Ол қызметшілерінің арасынан қалағанды бағыттайды! Егер олар серік қосса, онда істері сәтсіз аяқталатын еді! |
88. |
Осыларға Біз Кітап, даналық және хабарландырушылық бердік! Егер осылар бұдан жабылса, онда Біз бұны бұдан жабылмайтын халыққа тапсырғанбыз! |
89. |
Осыларды Алла бағыттады. Ендеше, олардың Нұсқауына ер! «Мен бұл үшін сендерден сыйақы сұрамаймын! Расында, бұл әлем халықтарына Ескерту ғана!» – деп айт. |
90. |
Олар: «Алла адамға ешнәрсе түсірген емес!» – деген кезде Алланы лайықты бағамен бағалаған жоқ. «Мұса адамдарға Нұр әрі Нұсқау ретінде әкелген Кітапты кім түсірді? Сендер оны қағаздарға орнатып, көрсетесіңдер, бірақ көбісін жасырасыңдар. Сендерге [ол арқылы] өздерің және әкелерің білмеген нәрселер үйретілді!» – деп айт та: «Алла [түсірді]!» – де. Содан соң оларды ойнауға кіріскен күйлерінде таста! |
91. |
Бұл Кітапты Біз берекелі, өзінен алдынғыны растаушы түрде және елді мекендердің «анасын» әрі оның айналасындағы жұртты алдын-ала ескертуің үшін түсірдік. Ақырғы Өмірге сенім келтіргендер оған да сенім келтіреді. Олар – сиынуларын сақтайды! |
92. |
Алла турасында өтірікті ойдан құрастырғаннан немесе өзіне ешқандай уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді!» – дегеннен және «Алла түсірген тәріздіні мен де түсіремін!» – дегеннен кім залымырақ?! Залымдар өлім алдындағы арпалыста қалай [қиналатынын] көрсең! Басқарушылар өз қолдарын созып: «Тұлғаларыңды шығарыңдар! Бүгін сендер Алла туралы құқықсыз сөйлегендерің үшін және Оның белгілеріне қатысты тәкаппар болғандарың үшін қорлаушы азаппен жазаланасыңдар!» [– дейді] |
93. |
Расында, алғаш рет сендерді қалай жаратқан болсақ, солай Бізге жеке-жеке келдіңдер де берген нәрселерімізді арт жақтарыңда қалдырдыңдар! Сендермен бірге шапағатшыларыңды көріп тұрғанымыз жоқ! Оларды араларыңдағы серіктер деп шамалайтынсыңдар. Араларың үзілді және шамалаған нәрселерің өздеріңнен жоғалып кетті! |
94. |
Расында, ол дәнек пен дәнді Жарушы, Ол тіріні өліден шығарады және Ол – өліні тіріден Шығарушы! Бұл – Алла! Ендеше, қалайша ғайбаттайсыңдар? |
95. |
Ол – тәңсәріні Жарушы. Ол түнді тыныштық үшін, ал күн мен айды есептеу үшін орнатты. Бұл – шамасы әр нәрсеге жетуші, Білушінің белгілеуі! |
96. |
Ол сендер үшін жұлдыздарды орнатты, сендердің түнектер кезде олар арқылы құрлықта және көлде бағытталуларың үшін! Біз белгілерді білетін халық үшін егжей-тегжейлі түрде түсіндірдік! |
97. |
Ол сендерді Бір Түлғадан тұрғызды! Және ол орналасу орны мен сақтау орнын [тұрғызды]! Біз түсінетін халық үшін белгілерді егжей-тегжейлі түрде түсіндірдік! |
98. |
Ол аспаннан су түсірді. Біз онымен әртүрлі өсімдік шығардық. Одан көкті шығардық. Одан Біз тығыз орналасқан дәнек шығарамыз. Пальмадан, оның түйінінен салбырап тұратын шоқтар [шығарамыз]. Жүзім, зәйтүн, ұқсас және ұқсамайтын анар бақтарын [шығарамыз]. Олар жеміс берген кезде, жемістеріне назар аударыңдар және олардың піскендеріне [назар аударыңдар]. Расында, бұда сенім келтірген халық үшін белгілер бар! |
99. |
Олар көрінбейтіндерді Аллаға серік ретінде орнатты, оларды да Ол жаратқанына қарамастан! Олар Оған ұлдар мен қыздарды білімсіздіктен орынсыз теліді! Ол олардың сипаттауларынан ада және жоғары! |
100. |
Аспандар мен жерді Ойлап шығарушы! Оның жолдасы болмаса, Ода баласы қалай болмақ? Ол әр нәрсені жаратты және Ол әр нәрсені Білуші! |
101. |
Бұл – Алла, сендердің Иелерің! Оның Өзі ғана Тәңір, әр нәрсені Жаратушы! Оған қызмет етіңдер. Ол әр нәрсеге Уәкіл! |
102. |
Көздер Оған жетпейді, бірақ Ол көздерге жетеді! Ол – Ізгі, Хабардар! |
103. |
«Сендерге Иелеріңнің тарапынан көрегендік келді! Кім көрсе – өзі үшін. Кім соқыр болса – өзіне қарсы. Мен сендерге бақылаушы емеспін!» |
104. |
Осылайша Біз белгілерді сарп етеміз, олардың: «Сен дәріс алдың!» – деп айтулары үшін және бұны білетін халыққа түсіндіруіміз үшін! |
105. |
Өзіңе Иең тарапынан уахи етілгенге ер: «Тәңірі тек қана Оның Өзі!». Серік қосушылардан шеттен! |
106. |
Егер Алла қаласа, олар серік қоспас еді. Біз сені оларға бақылаушы етіп орнатпадық және сен оларға уәкіл емессің! |
107. |
Олардың Алладан өзге жалбарынатын нысандарын балағаттамаңдар, әйтпесе олар қарсыластықпен, білімсіздіктен Алланы балағаттайды. Осылайша Біз әр басшылыққа амалдарын әшекейлендірдік. Содан соң олар Иелеріне оралады! Сонда Ол оларға өздері жасаған амалдары туралы хабарлайды! |
108. |
Олар өздеріне белгі келсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне өздерінің ауыр антымен – Алла атымен ант етті. «Расында, белгілер Аллада!» – деп айт. Оларға олар (белгілер) келсе де, олардың сенім келтірмейтіндігін сезбейсіңдер ме? |
109. |
Әуел баста қалай сенбеген болса, дәл солай ақыл-ойлары мен көздерін аударып қоямыз. Оларды озбырлықта адасып жүруінде қалдырамыз! |
110. |
Егер Біз оларға басқарушыларды түсірсек те, өлілер олармен сөйлессе де және әр нәрсені олардың алдына жинасақ та олар сенім келтірмейтін еді. Егер Алла [басқаны] қаласа, оның жөні бөлек. Алайда, олардың көбісі надан! |
111. |
Осылайша Біз әр хабарландырушыға адам мен көрінбейтіннің тыңдамаушыларын қарсылас етіп орнатық. Олар азғыру үшін бір-біріне әсерлеңкіренген сөздерді уахи етеді. Егер Иең қаласа, олар бұны жасамас еді! Ендеше, оларды және олардың ойдан құрастырған нәрсесін таста, |
112. |
Ақырғы Өмірге сенім келтірмейтіндердің ақыл-ойлары оған ауып, оған қанағаттансын және олардың жасайтын жаман әрекеттерін жасай берсін! |
113. |
«Алладан өзге төрешіге ұмтылайын ба? Ол сендерге егжей-тегжейлі түрде түсіндірілген Кітапты түсірді». Бізден Кітапқа иеленгендер оның Иең тарапынан ақиқатпен түсірілгенін біледі! Ендеше, күмәнданушылардан болма! |
114. |
Иеңнің Сөзі шындықпен және әділеттікпен тамамдалды. Оның сөздерін өзгертуші жоқ! Ол – Естуші, Білуші! |
115. |
Егер сен жердегілердің көбісіне бағынсаң, онда олар сені Алланың жолынан жаңылдырады! Олар тек жорамалға ереді! Олар тек ойдан шығарады! |
116. |
Расында, сенің Иең Оның жолынан жаңылғанды ең жақсы біледі және де Ол бағытталғандарды ең жақсы біледі! |
117. |
Ендеше, үстінен Алланың аты ескерілген нәрсені жеңдер, егер Оның белгілеріне сенуші болсаңдар! |
118. |
Үстінен Алланың аты ескерілген нәрсені жемей, сендерге не болды? Мәжбүр болмаған жағдайда өздеріңе тыйым нәрселер сендерге егжей-тегжейлі түрде түсіндірілген! Расында, көпшілік құмарлықтарымен, білімсіздікпен жаңылдырады! Расында, сенің Иең шектен асушыларды ең жақсы біледі! |
119. |
Ашық күнәні де, жасырын [күнәні] де тастаңдар! Расында, күнә иеленетіндер жаман әрекет жасағандары үшін жазаланатын болады! |
120. |
Үстінен Алланың аты ескерілмеген нәрсені жемеңдер! Расында, бұл – шегінушілік қой! Расында, тыңдамаушылар өз жақындарына сендермен даулассын деп уахи етеді. Егер оларға бағынсаңдар, онда расында сендер серік қосушылардан боласыңдар ғой! |
121. |
Біз өлі біреуді тірілттік және оған адамдардың арасында онымен бірге жүретін Нұрды орнаттық, ендеше ол, түнектерде қалып, олардан шыға алмайтын біреуге ұқсас па? Жабылғандарға істеген амалдары осылайша әшекейлендірілген! |
122. |
Осылайша Біз әр елді мекенде тәкаппарларды қылмыскер етіп орнаттық, олардың онда айлакерлік істеулері үшін. Бірақ олар тек өз-өздеріне ғана айлакерлік істейді, бірақ олар сезбейді! |
123. |
Оларға белгі келген кезде, олар: «Алла елшілеріне берілген тәрізді нәрсе бізге берілмейінше біз сенім келтірмейміз!» – деді. Алла Өз елшілігін қайда орнататынын бәрінен жақсы біледі. Қылмыс жасағандар,айлакерлік істегендері себепті Алла тарапынан қорлық пен қатты азапқа ұшырайды! |
124. |
Алла кімді бағыттағысы келсе, оның көкірегін бойұсынушылық үшін кеңейтеді! Ал кімді жаңылдырғысы келсе, оның көкірегін, ол аспанға көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысады! Осылайша Алла сенім келтірмейтіндер үшін жексұрындық орнатады! |
125. |
Бұл – Иеңнің түзу жолы! Біз еске түсіретін халық үшін белгілерімізді егжей-тегжейлі түрде түсіндіргенбіз! |
126. |
Олар үшін Иелерінде бейбітшілік баспанасы болады! Олардың амалдары себепті Ол олардың Жебеушісі! |
127. |
Сол Күні Ол олардың барлығын жинап: «О көрінбейтіндердің қоғамы! Сендер адамдардың көбін [жаңылдырдыңдар]!» [– дейді]. Олардың жебеушілігінде болған адамдар: «Иеміз! Біріміз-бірімізді пайдаландық. Енді біз Сен бізге белгілеген мерзімімізге жеттік!» – деді. Ол: «Тұратын орындарың от болады! Сол жерде қаласыңдар, бірақ Алла [басқаны] қаласа, оның жөні бөлек!» – деді. Расында, сенің Иең – Дана, Білуші! |
128. |
Осылайша Біз иеленгендері үшін залымдардың бірін басқаларына жақын қыламыз! |
129. |
«О көрінбейтіндер мен адамдардың қоғамы! Сендерге өздеріңнен белгілерімізді баяндап, осы күндеріңнің кездесуі туралы алдын-ала ескертетін елшілер келмеп пе еді?» Олар: «Біз өзімізге қарсы куәлік бердік!» – деп жауап берді. Оларды бергі өмір еліктірді және олар өздерінің жабылған болғандарына өздеріне қарсы куәлік берді! |
130. |
Себебі сенің Иең тұрғындары ғапыл елді мекенді зұлымдықпен жоюшы емес! |
131. |
Әркімнің жасаған амалдарына сәйкес дәрежелері бар. Және сенің Иең олардың жасаған амалдарынан ғапыл емес! |
132. |
Сенің Иең Бай, мейірім Иесі! Егер Ол қаласа, Ол сендерді кетіріп, сендерді басқа халықтың ұрпағынан өсіргендей сендерден кейін қалағанын наменгер етіп қояды! |
133. |
Расында, өздеріңе уәде етілген нәрсе міндетті түрде келеді, сендер оның бетін қайтара алмайсыңдар! |
134. |
«О халқым! Жағдайларыңа қарай амал етіңдер. Расында, мен де амал етушімін! Соңғы баспана кімдікі болатынын білетін боласыңдар! Расында, Ол залымдарды жетістікке жеткізбейді!» – деп айт. |
135. |
Олар Алла жаратқан егін шаруашылығы өнімдері мен малдардан Оған несібе орнатып: «Бұл – Алланікі, ал бұл – серіктеріміздікі» – деп пайымдап, айтты. Серіктеріне тиесілі нәрсе Аллаға жетпейді, Аллаға тиесілі нәрсе серіктеріне жетеді. Үкім берулері нендей жаман! |
136. |
Осылайша серік қосушылардың көбісіне серіктері, оларды құрту және міндеттерін шатастыру үшін өз балаларын өлтіруді «зейнеттеді». Егер Алла қаласа, олар бұны жасамас еді. Оларды және олардың ойдан құрастыратын нәрселерін таста! |
137. |
Олар: «Бұл малдар мен егін шаруашылығы өнімдері тыйым! Олардан біз қалағандар ғана тамақтанады!» – деп пайымдап, айтты. Олар Ол жөнінде ойдан құрастырып, (бір) малдардың арқасына тыйым салып, (басқа) малдардың үстінен Алланың атын ескермейді. Ол оларды ойдан құрастырғандары себепті жазалайды! |
138. |
Олар: «Бұл малдардың қарнындағылар ерлерімізге ғана тиесілі, ал жұбайыларымызға тыйым! Егер өлі болса, онда олар бұда серіктес» – деді. Сипаттары үшін Ол оларды жазалайтын болады, расында, Ол – Дана, Білуші! |
139. |
Алла жөнінде ойдан құрастырып, балаларын ақылсыздық, білімсіздікпен өлтіргендер және Алланың өздеріне берген ризықтарына тыйым салғандар қасіретке ұшыраған! Олар жаңылған және бағыт тапқан жоқ! |
140. |
Ол аспалы және аспасыз бақтарды, пальмаларды, әртүрлі жемісті өсімдіктерді, зәйтүн ағаштарын, ұқсас және ұқсамайтын анарларды өсірді. Олар жеміс берген кезде, жемістерінен жеңдер. Оларды жинаған күні тиістіні беріңдер және ысырап қылмаңдар, расында Ол ысырапқорларды сүймейді! |
141. |
Малдар тасымалдау үшін және үйде қолдану үшін [пайдаланады]. Алла өздеріңді ризықтандырғаннан жеңдер де тыңдамаушының соңынан ермеңдер! Расында, ол сендерге айқын қарсылас! |
142. |
Сегіз жұп: екі қой және екі ешкі. «Ол екі еркекке тыйым салды ма әлде екі ұрғашыға ма? Екі ұрғашының жатырларының іштеріндегілеріне келер болсақ, олар ше? Егер шыншыл болсаңдар, маған біліммен хабар беріңдер!» – деп айт. |
143. |
Екі түйе және екі сиыр. «Ол екі еркекке тыйым салды ма әлде екі ұрғашыға ма? Екі ұрғашының жатырларының іштеріндегілеріне келер болсақ, олар ше? Әлде Алла сендерге бұны өсиет етіп, сендер куәгер болып па едіңдер? Адамдарды білімсіздікпен жаңылдыру үшін Алла жөнінде өтірікті ойдан құрастырғаннан кім залымырақ?» – деп сұра. Расында, Алла залым халықты бағыттамайды! |
144. |
«Маған уахи етілгеннен тамақтанушы үшін өлімтік, не төгілген қан, не шошқа еті, не Алладан өзгеге бағыталғаннан басқа тыйым тағамды тауып тұрған жоқпын! Расында, бұл – жексұрындық не шегінушілікБірақ кімде-кім қасақана жасаушы емес және шектен асушы емес болып, мәжбүрленген болса, онда расында, сенің Иең – Кешіруші, Мейірімді!» – деп айт. |
145. |
Яһудилерге Біз тырнаққа ие барлық [жануарларды] тыйым қылдық, сиыр мен қойдың майларын тыйым қылдық, бірақ ол екеуінің өз арқаларында, не ішек-қарындарында таситын [майларынан], не сүйекпен араласқан [майларынан] басқа. Ойнастықтары үшін Біз оларды солай жазаладық! Расында, Біз Шыншылмыз ғой! |
146. |
Ал егер олар сені өтірікші санаса, онда: «Иелерің кең мейірімнің Иегері! Оның күші қылмыскер халықтан ауытқымайды!» – деп айт. |
147. |
Серік қосқандар: «Егер Алла қалағанда, біз де, әкелеріміз де серік қоспайтын едік және ешнәрсеге тыйым салмайытын едік!» – дейтін болады. Олардан бұрынғылар да күшімізді татпайынша осылайша өтірік айтатын! «Сендерде білімнен бірнәрсе бар болса, оны бізге шығарыңдар! Сендер тек жорамалдарға ғана ересіңдер! Сендер тек ойдан шығарасыңдар ғана!» – деп айт. |
148. |
«Жетілген дәлел Аллаға тиесілі және Ол қалағанда, Ол барлықтарыңды бағыттар еді!» – деп айт. |
149. |
«Қане, Алла бұны тыйым қылды деп куәлік ететін куәгерлеріңді әкеліңдер!» – деп айт. Егер олар куәлік етсе, онда сен олармен бірге куәлік етпе. Белгілерімізді өтірік санайтын, Ақырғы Өмірге сенбейтін, Иелеріне теңдес қосатындардың құмарлықтарына ерме! |
150. |
Былай де: «Келіңдер! Сендер Иелеріңе ешнәрсені серік ретінде қоспауларың үшін мен сендерге Ол нені тыйым еткенді оқып берейін: «Әке-шешелеріңе жақсылық жасаңдар! Мүшкіл жағдай үшін балаларыңды өлтірмеңдер! Біз сендерді де, оларды да ризықтандырамыз! Ашық және жасырын шектен шығушылықтарға жақындамаңдар! Құқықтарың болмаса, Алла тыйым қылған тұлғаны өлтірмеңдер! Алла сендерге осыны өсиет етті, мүмкін, ақылға келерсіңдер! |
151. |
Жетім есеймегенше оның мүлкіне тек жақсы ниетпен ғана жақындаңдар! Өлшем мен таразыны мөлшерлестік бойынша толықтай орындаңдар! Біз еш тұлғаға шамасынан тыс міндет жүктемейміз! Сөйлеген кездеріңде, тіпті туысқандарың болса да, әділ болыңдар! Алла алдындағы міндеттемелеріңді толықтай орындаңдар! Алла сендерге осыны өсиет етті, мүмкін, естеріңе аларсыңдар! |
152. |
Расында, бұл Менің түзу жолым! Енді оған еріңдер де басқа жолдарға ермеңдер, әйтпесе олар сендерді Алла жолынан ажыратады! Алла сендерге осыны өсиет етті, мүмкін, сақ боларсыңдар!»» |
153. |
Содан соң Біз Мұсаға, жақсылық жасаушы үшін тамамдалған Кітапты әр нәрсенің егжей-тегжейлі түсіндірмесі, Нұсқау және мейірім ретінде бердік! Мүмкін, олар Иелерімен кездесетіндігіне сенім келтірер! |
154. |
Біз бұл Кітапты берекелі қылып түсірдік! Ендеше, оған еріңдер де сақ болыңдар, мүмкін, мейірімге бөленерсіңдер! |
155. |
Сендердің: «Расында, Кітап бізге дейін екі топқа түсірілді, расында Біз олардың зерттеулерінен ғапыл болдық!» – демеулерің үшін. |
156. |
Немесе: «Егер бізге Кітап түсірілгенде, біз міндетті түрде олардан гөрі бағытталғанырақ болатын едік!» – демеулерің үшін. Сендерге Иелерің тарапынан айқын дәлел, Нұсқау және мейірім келген еді! Алла белгілерін өтірік санап, олардан бас тартқаннан кім залымырақ?! Белгілерімізден бас тартатындарды бас тартқандары үшін Біз жаман азаппен жазалаймыз! |
157. |
Олар басқарушылардың өздеріне келуін, немесе Иеңнің келуін, немесе Иеңің кей белгілерін келуін күтуде ме? Иеңнің кей белгілерінің келген күні тұлғаға оның сенімі пайда әкелмейді, егер одан бұрын сенім келтірмесе немесе сенімінде жақсылыққа иеленбесе. «Күтіңдер, расында, біз де күтудеміз!» – деп айт. |
158. |
Расында, өз міндеттерін бөліп, жікке бөлінгендермен сенің еш қатысың жоқ. Расында, олардың ісі Аллаға тиесілі, содан соң Ол оларға өздері істеген нәрселері туралы хабарлайды! |
159. |
Кім жақсы іспен келсе, оған соның он есесі беріледі, ал кім жаман іспен келсе, оған соның ғана жазасы беріледі де оларға зұлымдық жасамайды! |
160. |
«Расында, Ием мені түзу жолға, дұрыс міндетке, иілген Ибраһимнің қауымына бағыттады! Ол серік қосушылардан болған жоқ!» – деп айт. |
161. |
Былай де: «Расында, менің сиынуым, құрбан шалуым, өмірім мен өлімім әлем халықтарының Иесі Аллаға тиесілі! |
162. |
Оның серігі жоқ! Маған бұл әмір етілді және мен бойұсынушылардың алғашқысымын!» |
163. |
«Ол – әр нәрсенің Иесі болса да, басқа иеге ұмтылайын ба? Әр тұлға өзіне ғана қарсы иеленеді! Ауырлық көтеруші басқаның ауырлығын көтермейді! Содан соң Иелеріңе ораласыңдар, сосын Ол сендерге дауласқан нәрселерің туралы хабарлайды!» – деп айт. |
164. |
Ол сендерді жерде наменгер етіп орнатып қойды және өздеріңе берген нәрседе сендерді сынау үшін біреулеріңді басқаларыңнан дәрежелер бойынша жоғары қылды. Расында, сенің Иең жазалауда жылдам, бірақ расында, Ол – Кешіруші, Рақымды! |
165. |