Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен

О сенім келтіргендер! Келісімдеріңді орындаңдар! Сендерге өздеріңе оқылатыннан басқа барлық мал рұқсат етілген. Сендерге тыйым кезде аңшылыққа рұқсат жоқ. Расында, Алла қалаған үкімін береді!

1

О сенім келтіргендер! Алла рәсімдерін, (шайқасқа) тыйым салынған айларды бұзбаңдар, құрбандық малдарға, алқаларға және Иелерінің артықшылығы мен разылығына ұмтылып, (шайқасқа) тыйым салынған үйге келушілерге қиянат жасауға рұқсат деп санамаңдар! Егер (тыйымнан) босатылсаңдар, онда аңшылық қылуға рұқсат. (Шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орынға баруларыңа кедергі жасаған халыққа деген қатты жеккөрушілік үшін қылмыскер болмаңдар! Игілікке және сақ болушылыққа жәрдемдесіңдер, бірақ күнәға және қарсыластыққа жәрдемдеспеңдер! Алладан сақсыныңдар, расында, Алла қатты азаптайды!

2

Сендерге өлімтік, қан, шошқа еті, Алладан өзгеге арналған, тұншықтырып өлтірілген, ауыр науқасты, құлап өлген, сүзіліп өлтірілген, аң жеген, бірақ өздерің өлтірген болсаңдар, ол басқа, пұтқа арналып құрбандыққа шалынған және бөлігі бал ашуға арналған жебелер арқылы анықталған тыйым! Бұл шегінушілік! Міндеттеріңнен жабылғандар бүгін күдерлерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар! Бүгін Мен міндеттеріңді сендер үшін кемеліне жеткіздім және сендерге деген жарылқауымды тамамдадым! Сендер үшін бойсұну міндетімен қанағаттандым! Ал кімде кім күнәға қарай ауытқымай, аштықта болғандықтан тыйымдыны жеуге мәжбүр болса, онда расында, Алла – Кешіруші, Рақымды ғой!

3

Олар сенен өздеріне не рұқсат екенін сұрайды. «Сендерге салауатты нәрселер және өздерің үйреткен жыртқыш құстарыңның ұстап әкелетіндері рұқсат, сендер оларды Алланың берген ілімі бойынша иттерді үйреткендей үйретесіңдер. Ендеше, Алланың атын ескеріп, олардың сендер үшін ұстап әкелгендерін жеңдер! Алладан сақсыныңдар, расында, Алла есепте жылдам!» – деп жауап бер.        

4

Бүгін сендерге салауатты нәрселер рұқсат етілді: Кітапқа иеленгендердің тағамдары, сендердің де тағамдарың оларға рұқсат; сендерге келісімшартсыз қолжетпес сенуші әйелдер мен сендерден алдын Кітапқа иеленген келісімшартсыз қолжетпес әйелдер рұқсат, егер де өздерің келісімшартсыз қолжетпес, азғындалмаған, өздеріңе көңілдес ретінде ешкімді алмаған болып, оларға сыйларын берсеңдер. Егер де кім сенімнен жабылса, онда оның амалы бекер, әрі ол Ақырғы Өмірде қасірет шегушілердің арасынан болады!

5

О сенім келтіргендер! Сиыну байланысына шықсаңдар, жүздеріңді әрі шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңды әрі тобықтарыңа дейін аяқтарыңды сүртіңдер. Жыныстық арамдалу күйінде болсаңдар, тазаланыңдар. Ал ауырсаңдар, немесе саяхатта болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсеңдер, немесе әйелдермен қатынаста болып келсеңдер, бірақ су таппасаңдар, онда таза бетке бет аударып, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Алла сендер үшін қиындық жасағысы келмейді, бірақ Ол сендерді тазартқысы әрі сендерге деген жарылқауын тамамдағысы келеді, мүмкін, алғысты боларсыңдар!

6

Алланың сендерге деген жарылқауын және сендер: «Естідік және бағындық!» – дегендеріңде сендермен жасасқан келісімшартты естеріңе алыңдар! Алладан сақсыныңдар, расында, Алла көкіректегіні Білуші!   

7

Алланың алдында мөлшерлестікте нық тұратын куәгерлер болыңдар! Халыққа деген қатты жеккөрушілік үшін қылмыскер болмаңдар, бұл – әділдікті бұзбас үшін! Әділ болыңдар, бұл сақ болушылыққа жақынырақ! Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла амалдарыңнан Хабардар!

8

Алла сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандарға кешірім мен зор сыйды уәде етті!

9

Жабылғандар және белгілерімізді өтірік санағандар, солар – от тұрғындары!

10

О сенім келтіргендер! Алланың сендерге деген жарылқауын еске алыңдар, халық сендерді жазалау үшін қолдарын созғанда, Ол оның қолдарын тыйды! Алладан сақсыныңдар, сенушілер Аллаға тәуекел етсін!

11

Алла Исраилдің балаларымен келісімшарт жасасты. Біз олардан он екі басшы көтердік. Алла: «Мен сендермен біргемін. Сиыну байланысына шықсаңдар, ақтайтын шығын шығарсаңдар, елшілеріме сенсеңдер, оларды бекітсеңдер әрі Аллаға жақсы қарыз берсеңдер, онда Мен жаман істеріңді жабамын да өздеріңді төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтарға кіргіземін! Осыдан кейін араларыңнан кім жабылса, сол тура жолдан жаңылған болады!» – деп айтты.

12

Келісімшартты бұзғандары себепті Біз оларды лағынеттеп, жүректеріне қатыгездік орнаттық. Олар сөздердің орындарын өзгертеді және олар өздеріне ескерткен нәрселердің бір бөлігін ұмытты. Сен олардың азынан басқасының тарапынан опасыздық көруді қоймайсың. Ендеше, оларды кеш және кешір. Расында, Алла жақсылық істеушілерді сүйеді!          

13

«Біз мәсіхшіміз» – дегендермен де Біз келісімшарт жасастық, бірақ олар да өздеріне ескерткен нәрселердің бір бөлігін ұмытты. Біз олардың арасында Қиямет Күніне дейін қарсыластық пен жеккөрушілікті өршіттік! Алла оларға істеп жүрген нәрселері жайында хабар беретін болады!     

14

О Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасыратындарыңның көбісін түсіндіретін және көп нәрседен тыйылатын Біздің елшіміз келді. Сендерге Алладан Нұр әрі айқын Кітап келді!

15

Ол арқылы Алла бойұсыну жолдарымен Оның разылығына ергендерді бағыттайды! Ол оларды Өзінің рұқсатымен түнектен нұрға шығарады әрі оларды түзу жолға бағыттайды!

16

«Расында, Мәриям ұлы майланған – Алла!» – деп айтқандар шынында әлдеқашан жабылған. «Егер де Алла Мәриям ұлы майланғанды, әрі оның анасын, әрі жердегі барлық тіршілікті жойғысы келсе, онда Оның алдында қандай да бір билікке болсын кім ие болады екен?» – деп сұра. Аспандардың, жердің және ол екеуінің арасындағы нәрсенің билігі Аллаға тиесілі. Ол қалаған нәрсесін жаратады! Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті!

17

Яһуди мен мәсіхшілер: «Біз Алланың балаларымыз әрі Оның сүйіктілеріміз!» – деді. «Онда неліктен Ол сендерді айыптарың үшін азаптайды? Керісінше, сендер Ол жаратқан адамдардың бірісіңдер. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды! Аспандардың, жердің және ол екеуінің арасындағы нәрсенің билігі Аллаға тиесілі. Нәтижесінде барар жер Оның алды!» – деп айт.

18

О Кітап иелері! Сендердің: «Бізге қуантушы да, алдын ала ескертуші де келген жоқ!» – деп айтпауларың үшін елшілерден кейін уақыт аралығы өткен соң сендерге елшіміз келді. Мінекей, сендерге қуантушы да, алдын-ала ескертуші де әлдеқашан келіп қойған. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті!

19

Кезінде Мұса халқына былай деген: «О халқым! Алланың сендерге берген жарылқауын естеріңе түсіріңдер! Ол араларыңа хабарландырушыларды орнатты, сендерді патшалар қылды. Ол сендерге әлем халықтарының ешбіріне бермегенді берді! 

20

О халқым! Алла сендерге ұйғарған киелі жерге кіріңдер де теріс айналып, шегінбеңдер, әйтпесе қасірет шегушілерге айналасыңдар!»

21

Олар: «О Мұса! Ол жерде қатыгез халық бар! Расында, олар ол жерден шықпайынша, біз ол жерге кірмейміз! Ал егер олар ол жерден шықса, онда, расында, біз ол жерге кіреміз!» – деді.

22

Оларға Алладан қорқатын және Алла жарылқаған екі ер (Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп): «Оларға қақпа арқылы кіріңдер! Оларға ол арқылы кірсеңдер, онда, расында, жеңімпаз боласыңдар! Аллаға тәуекел етіңдер, егер сенуші болсаңдар!» – деді.

23

Олар: «О Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз, расында, ол жерге ешқашан кірмейміз! Ендеше, Алла екеуің өздерің барыңдар да шайқасыңдар! Ал біз болсақ, расында, осы жерде қаламыз!» – деген жауап берді.  

24

Ол (Мұса): «Ием! Менің билігім тек өзіме және бауырыма ғана жүреді! Ендеше, бізді шегінуші халықтан ажыратшы!» – деді.

25

(Алла): «Расында, ол жер оларға тыйым болады! Олар жер бетінде қырық жыл бойы қаңғыратын болады! Шегінуші халық үшін қайғырма!» – деген жауап қайтарды.

26

Оларға Адамның екі ұлы туралы шынайы хабарды оқы. Екеуі құрбан еткен кезде, біреусінен (Әбілден) қабыл алынып, басқасынан (Қабылдан) қабыл алынған жоқ. Сонда (Қабыл Әбілге): «Мен сені міндетті түрде өлтіремін!» – деп айтты. (Әбіл Қабылға) былай жауап берді: «Расында, Алла сақ болушылардан қабыл алады!

27

Егер сен мені өлтіру үшін қолыңды созсаң, мен сені өлтіру үшін қолымды созбаймын. Мен әлем халықтарының Иесі Алладан қорқамын!

28

Расында, мен сенің өз күнәмді және өз күнәңді арқалағаныңды және отқа қосушылардан болуыңды қалаймын! Зұлымдардың жазасы осы!»

29

Оның (Қабылдың) тұлғасы өз бауырын өлтіруге жол берді. Ол оны өлтірді де қасірет шегушілерден болып қалды.  

30

Сосын Алла, оған бауырының жеркенішін қалай жасыру керектігін көрсету үшін жер қазған құзғынды жөнелтті. Ол (Қабыл): «Қайғы маған! Мен бауырымның жеркенішін жасырып, мына құзғын ғұрлы бола алмадым ба?» – деді де өкінушілерден болып қалды.     

31

Сол себепті Біз Исраил балаларына келесіні ұйғардық: кімде-кім тұлғаны тұлға өлтіргені үшін емес немесе жерде бүлінушілік таратқаны үшін емес өлтірсе, сол барлық адамды өлтірген сияқты, ал кімде-кім тұлғаны құтқарса, сол барлық адамды құтқарған сияқты! Оларға елшілеріміз анық дәлелдермен әлдеқашан келген еді, бірақ сонан соң, расында, олардың көбісі бұдан кейін жер бетінде ысырап қылушы ғой!     

32

Расында, Алламен және Оның елшісімен соғысатындарды және жерде бүлінушілік таратуға ұмтылатындарды жаза ретінде өлтіру немесе керу немесе қарама қарсы жақтарындағы қолдары мен аяқтарын шауып тастау немесе жерден қуып шығару тиіс. Бұл олар үшін бергі өмірдегі масқаралық, ал Ақырғы өмірде оларға зор азап болады,      

33

бірақ оларға биліктерің жүруден бұрын тәубе еткендер басқа! Ендеше, Алла Кешірімді, Рақымды екенін біліңдер!

34

О сенім келтіргендер! Алладан сақсыныңдар, Оның ықыласына бөленуге ұмтылыңдар әрі Оның жолында ынталаныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер!

35

Расында, егер жабылғандарда жердегі барлық нәрсе және оған қоса тағы соншамалықты болса әрі олар соның бәрін Қиямет Күні азаптан құтылу үшін өтеу ретінде берсе де, бұның бәрі олардан қабылданбайтын еді, оларға ауыр азап!

36

Олар оттан шығуды қалайтын болады, бірақ олар одан шыға алмайтын болады! Олар үшін тұрақты азап!

37

Ұры ер мен ұры әйелдің тапқандары үшін Алла тарапынан үлгілі жаза ретінде әр қайсысының бір қолын кесуге рұқсат! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана!

38

Ал кімде-кім зұлымдығынан кейін тәубе қылып, түзелсе, онда Алла оның тәубесін қабыл етеді. Расында, Алла – Кешірімді, Рақымды!

39

Аспандардағы мен жердегі билік Аллаға тиесілі екенін білмеп пе едің? Ол қалағанын азаптап, қалағанын кешіреді! Алла әр нәрсеге Құдіретті!

40

О елші! Ауыздарымен: «Сенім келтірдік!» – деп айтып, бірақ жүректерімен сенбейтіндердің арасынан жабылуға асығатындар үшін қайғырма. Яһудилердің арасында өтірікке құлақ асатындары бар. Олар саған келмеген басқа халыққа құлақ асады. Олар сөздердің орындарын өзгертіп: «Бұл сендерге берілсе, алыңдар, ал берілмесе – сақтаныңдар!» – дейді. Расында, Алла кімді ылаңға салғысы келсе, ол үшін сен Алла алдында еш билік жүргізе алмайсын! Алла олардың жүрегін тазартқысы келмейді. Оларға бергі өмірде – масқаралық, оларға Ақырғы Өмірде – зор азап!

41

Олар өтірікке құлақ асушылар, заңсызды жеушілер. Олар саған келсе, араларына үкім бер немесе олардан шеттен. Егер олардан шеттенсең, олар саған ешқандай зиян келтіре алмайтын болады. Егер оларға үкім берсең, араларына мөлшерлестікпен үкім бер! Расында, Алла мөлшерлестілерді сүйеді!

42

Бірақ олар сені үкім беруші қылып қалайша қояды, оларда ішінде Аллаһтың үкімі бар Таурат бар ғой? Содан соң олар теріс бұрылады, және осыдан кейін олар сенуші емес!

43

Расында, Біз Тауратты түсірдік, оның ішінде – Нұсқау мен Нұр! Ол бойынша бойұсынған хабарландырушылар яһудилер үшін үкім береді, ал раввиндер мен кітапшылдар Алла Кітабынан өздеріне сақтауға берілгенге сәйкес үкім береді. Олар оған куә. Адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар! Менің белгілеріммен болмашы құнды сатып алмаңдар! Кім Алланың түсіргені бойынша үкім бермесе, ондайлар – жабылғандар!

44

Біз оның ішінде олар үшін келесіні ұйғардық: тұлғаға – тұлға, көзге – көз, мұрынға – мұрын, құлаққа – құлақ, тіске – тіс, жарақатқа – сазай. Ал кімде-кім оны садақа қылса, онда оның (жаман істері) жабылады. Кімде-кім Алланың түсіргені бойынша үкім бермесе, ондайлар – зұлымдар!

45

Олардың ізімен Біз Мәриямның ұлы Исаны жібердік, ол өзіне дейін Таураттан болғанды растаушы. Біз оған Інжілді бердік, оның ішінде – Нұсқау мен Нұр! Ол өзінен бұрын Таураттан болғанды растаушы, ол сақ болушылар үшін Нұсқау мен Үгіт!

46

Інжіл иелері ондағы Алланың түсіргені бойынша үкім берсін. Кімде-кім Алланың түсіргені бойынша үкім бермесе, ондайлар – шегінушілер!

47

Біз саған Кітапты оған дейін болған Кітаптарды растаушы әрі қорғаушы ретінде хақпен бірге түсірдік. Араларына Алланың түсіргені бойынша үкім бер! Өзіңе келген ақиқаттың орнына олардың құмарлықтарына ерме! Біз барлықтарың үшін тура бағыт пен жоспар орнаттық. Алла қалағанда, Ол сендерді бір негізде орнататын еді, алайда, өздеріңе берілген арқылы сендерді сынау үшін (олай етпеді). Ендеше, жақсы істерде жарысыңдар! Барлықтарың Аллаға ораласыңдар, сонан соң Ол сендерге келіспейтін нәрселерің жайында хабар береді!

48

Олардың арасына Алланың түсіргені бойынша үкім бер. Олардың құмарлықтарына ерме және олардан сақтан, олардың сені Алла өзіңе түсіргеннің бір бөлігінен тайдырып жібермеулері үшін! Ал егер олар теріс бұрылса, онда біліп ал, Алла оларға айыптарының бір бөлігі үшін зардап шектіргісі келеді! Расында, адамдардың көбісі шегінуші!

49

Сендер надандық үкімін қалайсыңдар ма? Иланатын халық үшін Алладан жақсы үкім беруші кім?

50

О сенім келтіргендер! Яһудилер мен мәсіхшілерді өздеріңе жебеуші қылып алмаңдар! Олар бір-біріне жебеуші. Араларыңнан кім оларды өзіне жебеуші қылып алса, онда ол, расында, олардың арасынан болады! Расында, Алла зұлым халықты бағыттамайды!

51

Жүректерінде ауруы барлардың оларға асыққандарын көресің. Олар: «Бәлеге ұрынамыз деп қорқамыз!» – дейді. Мүмкін, Алла жеңіс берер немесе Өзінен әмір берер, сонда олар іштерінде жасырғандары үшін өкінуші болып қалар!  

52

Сенім келтіргендер: ««Расында біз сендермен біргеміз» – деп Алла атымен ауыр ант бергендер осылар ма еді?» – дейді. Амалдары сәтсіз аяқталды, олар қасірет шегушілерге айналды.

53

О сенім келтіргендер! Араларыңнан кім өз міндетінен қайтса, онда Алла басқа халық әкелетін болады: Алла оларды сүйетін, олар да Оны сүйетін болады. Олар сенушілерге кішіпейілдік танытып, жабылғандарға қарсы қатал келетін болады, Алла жолында ынталылық танытып, жазғырушының жазғыруынан қорықпайтын болады. Бұл Алланың артықшылығы! Ол оны қалағанына береді, Алла – Қамтушы, Білуші!

54

Расында, сендердің жебеушілерің – Алла, Оның елшісі, сиыну байланысына шығатын, ақтайтын шығын шығаратын және тізеде тұратын сенушілер!

55

Кім Алланы, Оның елшісін және сенім келтіргендерді жебеуші қылып алса, онда, расында, олар – Алланың партиясында! Олар – жеңімпаздар!

56

О сенім келтіргендер! Өздеріңнен бұрын Кітап берілгендердің арасынан міндеттеріңді мазақ пен ойын қылып алатындарды және жабылғандарды өздеріңе жебеуші қылып алмаңдар! Алладан сақсыныңдар, сенуші болсаңдар!

57

Сиыну байланысына шақырғандарыңда, олар бұны мазақ пен ойын қылып алады. Бұл олардың ақылға келмейтін халық болғандары үшін!

58

«О Кітап иелері! Сендер Аллаға, өзімізге түсірілгенге және бұрын түсірілгенге сенім келтіргеніміз үшін ғана бізден кек алмақшысыңдар ма? Расында, көбің шегінушісіңдер!» – де.   

59

«Алланың алдында сый ретінде осыдан да жаманы жайлы сендерді хабарландырайын ба? Алла біреуді лағынеттеп, оған наразы болды және олардан маймылдар, шошқалар, озбырлыққа қызмет ететіндер қылды, солар – жаман мекенде және тура жолдан ең жаңылғандар!» – деп айт.

60

Және олар сендерге келгенде: «Сенім келтірдік!» – дейді. Бірақ олар жабықтықпен кіріп, жабықтықпен шықты. Алла олар не жасыратынын ең жақсы Білуші!

61

Олардың көбісі күнәда, қарсыластықта және заңсызды жеуде жарысатынын көрудесің. Шынында, олардың амалдары нендей жаман!

62

Неге олардың раввиндері мен кітапшылдарына оларды күнәлі сөздерінен және заңсызды жеулерінен тыймасқа? Шынында, олардың жасайтын нәрселері нендей жаман!   

63

Яһудилер: «Алланың қолы байлаулы!» – деді. Өздерінің қолдары байлаулы. Олар осылай айтқандары үшін лағынеттелді. Керісінше, Оның екі қолы да жайылған! Ол қалай қаласа да солай шығындайды. Иең тарапынан өзіңе түсірілген нәрсе олардың көбісінде міндетті түрде озбырлық пен жабықтықты арттырады! Біз олардың араларына Қиямет Күніне дейін қарсыластық пен жеккөрушілік тастадық! Олар соғыс отын жаққан сайын Алла оны сөндіреді. Олар жер бетінде бүлінушілікпен ұмтылады, бірақ Алла бүлдіргіштерді сүймейді!

64

Егер Кітап иелері сенім келтірсе және сақ болса, Біз олардың жаман істерін жауап, өздерін жарылқанған бақтарға кіргізетін едік!

65

Расында, егер олар Тауратқа, Інжілге және өздеріне Иелерінің тарапынан түсірілгенге сүйенсе, олар үстіңгі жақтарынан және аяқтарының астынан тамақтанатын еді! Араларында орташа басшылық бар, бірақ олардың көбісінің амалдары жаман!

66

О елші! Иеңнің тарапынан өзіңе түсірілгенді жеткіз. Егер бұны атқармасаң, онда Оның жолдауын жеткізбеген боласың. Алла сені адамдардан қауіпсіздендіреді. Расында, Алла жабылған халықты бағыттамайды!

67

«О Кітап иелері! Сендер Таурат, Інжіл және Иелерің тарапынан өздеріңе түсірілгенге сүйенбегендеріңше сендердің астыларыңда еш негіз жоқ!» – деп айт. Иең тарапынан өзіңе түсірілген нәрсе олардың көбісінде міндетті түрде озбырлық пен жабықтықты арттырады! Жабылған халық үшін қайғырма!

68

Расында, (түсірілгенге) сенім келтіргендерден және яһуди, саби, мәсіхшілерден кімде-кім Аллаға және Ақырғы Күнге сенім келтіріп, түзелту амалын жасаса, онда оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды!

69

Шынында, Біз Исраил балаларынан келісімшарт алып, оларға елшілерді жіберген едік. Оларға елші тұлғалары ұнатпайтын нәрсемен келген сайын, олар бір бөлігін өтірікші санап, басқа бөлігін өлтіреді.

70

Олар азғыру болмайды деп есептеп, соқыр және керең болып қалды. Сосын Алла олардың тәубесін қабылдады. Сонан кейін де олардың көпшілігі соқыр және керең болып қалды. Алла олардың амалдарын Көруші!  

71

«Расында, Мәриям ұлы майланған – Алла!» – деп айтқандар шынында әлдеқашан жабылған. Бірақ майланған: «О Исраилдің балалары! Менің Иеме әрі сендердің Иелеріңе – Аллаға, қызмет етіңдер! Расында, кімде-кім Аллаға серік қосса, онда оған Алла бақты тиым қылды! Оның баспанасы от болады, зұлымдар үшін жәрдемшілер жоқ!» – деген.

72

«Расында, Алла – үштіктің үшіншісі!» – деп айтқандар шынында әлдеқашан жабылған. Жалғыз Тәңірден басқа тәңірі жоқ! Егер олар айтқандарынан тыйылмаса, онда, араларынан жабылғандарға ауыр азап тиеді!

73

Олар Аллаға тәубе етіп, Одан кешірім сұрамайды ма? Алла – Кешіруші, Рақымды!

74

Мәриям ұлы майланған – тек елші ғана. Одан бұрын да елшілер өткен, оның анасы шыншыл болған. Екеулері де тағам жейтін. Оларға белгілерді қалай түсіндіретінімізге назар аудар! Содан соң олар қалайша ғайбаттайтынына назар аудар!

75

«Сендер Алладан өзге өздеріңе зиян да, пайда да әкелуге билігі жоқ нәрсеге қызмет етесіңдер ме?» – деп айт. Алла – Естуші, Білуші!   

76

«О Кітап иелері! Міндеттеріңде құқықсыз шектен шықпаңдар! Өздеріңнен бұрын жаңылған халықтың құмарлықтарына ермеңдер! Олар көпті жаңылдырды және өздері тура жолдан жаңылды!» – де. 

77

Исраил балаларының арасындағы жабылғандар Дауд пен Мәриям ұлы Исаның тілімен лағынттелді! Бұл олардың бағынбаулары, шектен асулары үшін.   

78

Олар бір-бірін жағымсыздан тыймай, оны жасайтын! Шынында, істеген нәрселері нендей жаман!

79

Олардың көбісі өзіне жебеуші ретінде жабылғандарды алатынын көресің. Расында, өздеріне ұсынған нәрселері жаман. Расында, олар Алланың аушын шақырды әрі олар азапта қалады!

80

Егер де олар Аллаға, хабарландырушыға және оған түсірілгенге сенуші болса, онда олар оларды жебеуші ретінде алмас еді! Бірақ олардың көбісі шегінуші!

81

Сен сенушілерге ең қатты қарсыластық білдіретін адамдарды міндетті түрде кездестіресің – яһудилерді және серік қосушыларды. Және сен сенушілерге сүйіспеншілік бойынша ең жақын: «Біз мәсіхшілерміз! – дейтіндерді міндетті түрде кездестіресің. Бұл олардың арасында монастырь бастықтары мен монахтар болғандары үшін және олардың тәкаппарланбайтындары үшін.

82

Олар елшіге түсірілгенді естігенде ақиқатты танығандықтарынан көздері жасқа толатынын көресің. Олар былай дейді: «Иеміз! Біз сенім келтірдік! Бізді куәгерлермен бірге жаз!

83

Неге бізге Аллаға және өзімізге ақиқаттан келгенге сенім келтірмеске?! Иеміздің бізді түзелтуші халықпен бірге кіргізуін аңсаймыз!»

84

Осылай айтқандары үшін Алла оларға төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтарды сыйға тартты, олар онда қалады. Бұл жақсылық істеушілердің сыйы!

85

Жабылғандар әрі белгілерімізді өтірік санағандар, солар – от тұрғындары!

86

О сенім келтіргендер! Алла өздеріңе рұқсат еткен салауатты нәрселерге тыйым салмаңдар және шектен аспаңдар! Расында, Алла шектен асушыларды сүймейді!

87

Алла өздеріңді ризықтандырған рұқсатты, салауатты нәрселерді жеңдер. Өздерің сенім келтірген Алладан сақсыныңдар!

88

Алла сендерді анттарыңдағы желбуаздық үшін жазғырмайды, бірақ Ол сендерді анттарыңды ауырлатқандарың үшін жазғырады. Бұны жабу үшін он кедейді өз жанұяларыңды тамақтандыратындарыңның орташасынан тамақтандыру, немесе оларды киіндіру, немесе құқықсызды босату керек. Кім (мүмкіндік) таппаса, онда ол үш күн ораза ұстасын. Бұл ант еткен жағдайларыңда анттарыңды жабу үшін. Анттарыңды қорғаңдар! Осылайша Алла сендерге белгілерін түсіндіреді, мүмкін, алғысты боларсыңдар!

89

О сенім келтіргендер! Расында, ақыл жабатын заттектер, ақша тігіліп ойналатын ойындар, пұттар, бал ашуға арналған жебелер – тыңдамаушының жексұрын істерінен! Бұдан шеттеніңдер, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! 

90

Расында, тыңдамаушы араларыңа ақыл жабатын заттектер мен ақша тігіліп ойналатын ойындар арқылы қарсыластық пен жеккөрушілік түсіруді, Алланы еске алудан және сиыну байланысынан өздеріңді бездіруді қалайды! Ендеше, тыйыласыңдар ма?            

91

Аллаға бағыныңдар, елшіге бағыныңдар және абай болыңдар! Егер теріс бұрылсаңдар, онда біліп алыңдар, елшімізге ашық түрде жеткізу ғана жүктелген!

92

Сенім келтіріп, түзелту амалдалдарын жасандарға: сақ болмаған кездерінде жеген тағамдары үшін теріс қылық тағылмайды, содан кейін сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасаса, содан соң сақ болып, сенім келтірсе, содан соң сақ болып, жақсылық істесе. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді!

93

О сенім келтіргендер! Алла, кім Оны көрмей-ақ Одан қорқатынын білу үшін Алла қолдарың мен найзаларың жететін аңшылық олжа арқылы сендерді міндетті түрде сынайды. Ендеше, кімде-кім бұдан кейін шектен асса, онда оған ауыр азап болады!

94

О сенім келтіргендер! Сендерге тыйым кезде аңшылық олжаны өлтірмеңдер. Араларыңнан кімде-кім оны әдейі өлтірсе, онда оның жазасы – өзі өлтіргеніндей бір мал болсын. Ол жайында араларыңнан әділдікке ие екі кісі үкім берсін. Ол құрбандық куб пішінді құрылысқа (Қағбаға) дейін жетуі тиіс. Немесе бұны кедейлерді тамақтандырумен, не сайма-сай ораза ұстаумен жабуға болады. Бұл – жасаған ісіне сынақ тату үшін. Алла бұрын болғанды кешті, бірақ кімде-кім қайталаса, онда ол Алланың кегіне ұшырайды! Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, кек Иесі!

95

Сендерге теңіздегі олжа рұқсат етілген. Бұл тағам сендерге және жолаушыларға пайдалы. Тиым кезінде сендерге құрлықтың аңшылық олжасы тиым. Алладан сақсыныңдар, Оның алдында жиналасыңдар!

96

Алла куб пішінді ғимаратты (Қағбаны), (шайқасқа) тыйым салынған үйді адамдар үшін сүйеніш қылып орнатты. (Шайқасуға) тыйым айларды да, құрбандық малды да, алқаларды да. Бұл Алла аспандардағы мен жердегі нәрселерді білетінін білулерің үшін. Расында, Алла – әр нәрсені Білуші!    

97

Алла сазай беруде қатты екенін біліңдер! Расында, Алла – Кешірімді, Рақымды!

98

Елшіге жүктелгені – тек жеткізу ғана! Алла сендер нені жария ететіндеріңді және нені жасыратындарыңды біледі!   

99

«Нашар нәрсенің молшылығы сені ғажаптандырса да, нашар мен салауатты тең емес!» – де. О, ақыл иелері, Алладан сақсыныңдар!

100

О сенім келтіргендер! Ашылса сендерге жағымсыздық әкелетін нәрселер жайлы сұрастырмаңдар. Олар жайлы Құранның түсірілуі кезінде сұрастырсаңдар, онда олар сендерге ашылады. Алла оны кешті. Алла – Кешірімді, Жұмсақ!

101

Өздеріңнен бұрын бір халық олар жайлы сұраған, сонан соң олар олардан жабылған болып қалды!

102

Алла теңіз жануарын, үй жануарын, кенеп матаны, қолдайтынды орнатпаған, бірақ жабылғандар Алла турасында өтірікті ойдан құрастырады, олардың көбісі ақылға келмейді!

103

Оларға: «Алланың түсіргеніне және елшіге келіңдер!» – делінгенде, олар: «Әкелеріміз ерген нәрсе бізге жеткілікті!» – дейді. Әкелері ештеңе білмеген және бағытталмаған болса да ма?

104

О сенім келтіргендер! Өздерің өздерің үшінсіңдер. Бағытталған болсаңдар, жаңылған ешбіреу сендерге зиян келтірмейді! Аллаға барлықтарың ораласыңдар, сонда Ол сендерге істеген нәрселерің жайлы хабарлайды!

105

О сенім келтіргендер! Біреулеріңе өлім келіп, өсиет ету кезінде, өздеріңнен немесе басқалардан әділетікке ие екі ер кісі араларыңдағы куәлік болулары тиіс. Жер кезіп жүрген кездеріңде, өлім бәлекетіне ұшырасаңдар, ол екеуін сиыну байланысынан кейін ұстап қалыңдар. Егер күмәндансаңдар, онда ол екеуі: «Тіпті жақындар болса да, біз бұны ешқандай құнға сатпаймыз, әрі біз Алланың куәлігін жасырмаймыз. Әйтпесе, расында, біз күнәһарлардан боламыз ғой!» – деп Алланың атымен ант берсін.

106

Ал егер ол екеуінің күнәға лайықты болуына кезіксеңдер, онда әуелгі екеуінің орнына олардан лайықтырақ басқа екі кісі келсін. Олар: «Расында, біздің куәлігіміз ол екеуінің куәлігінен шынырақ және біз шектен аспаймыз. Әйтпесе, расында, біз зұлымдардан боламыз ғой!» – деп Алланың атымен ант берсін.

107

Бұл дұрыс куәлік беруге ең жақын жағдай немесе олар анттарынан кейін анттары қабыл алынбауынан қорқатын болады. Алладан сақсынып, тыңдаңдар, Алла шегінушілерді бағыттамайды!

108

Сол Күні Алла елшілерді жинайды да: «Сендерге не жауап берді?» – дейді. Олар: «Бізде білім жоқ, расында, ғайыпты Білуші – Сенсің!» – дейді.

109

Сонда Алла келесіні айтты: «О Мәриям ұлы Иса! Өзіңе әрі анаңа берген жарылқауымды есіңе ал! Сонда Мен сені Киелі Рух арқылы қолдадым. Сен бесікте болған кезіңде де, ересек болған кезіңде де адамдармен сөйлестің. Мен саған Кітапты, даналықты, Тауратты, Інжілді үйреттім! Сен Менің рұқсатыммен саздан құс пішініне ұқсас (мүсін) жасап, оның ішіне үрлегеніңде ол Менің рұқсатыммен (тірі) құсқа айналатын. Сен Менің рұқсатыммен соқырды, алапесті сауықтырғансың және Менің рұқсатыммен өліні шығарғансың! Кезінде сен Исраил балаларына айқын дәлелдермен келгенде, Мен оларды сенен ұстап қалған едім! Олардың арасындағы жабылғандар: «Бұл тек айқын сиқыр ғана!» – деген».

110

Кезінде Мен ізбасарларға: «Маған және елшіме сенім келтіріңдер!» – деп уахи еткенде, олар: «Сенім келтірдік! Біз бойұсынушы екенімізді куәландыр!» – деген жауап берген еді.

111

Кезінде ізбасарлар: «О Мәриям ұлы Иса! Сенің Иең бізге аспаннан тамаққа толы дастархан түсіре ала ма?» – деген еді, ол оларға: «Алладан сақсыныңдар, егер сенуші болсаңдар!» – деген жауап қатқан.

112

Олар: «Біз одан жеуді қалаймыз, сонда жүректерімізде тыныштық орнығады, сен бізге шындық айтқаныңды білетін боламыз және ол жайында куәгерлерден боламыз!» – деді.  

113

Мәриям ұлы Иса: «О Алла, Иеміз! Бізге аспаннан тамаққа толы дастархан түсір! Бұл әуелгіміз және ақырғымызға той және Өзіңнен бір белгі болсын! Бізді ризықтандыр, Сен ризықтандырушылардың ең жақсысысың!» – деп айтты.

114

Алла: «Расында, Мен сендерге оны түсіремін. Бірақ бұдан кейін араларыңнан кім жабылса, онда, расында, Мен оны әлем халықтарынан ешкімді азаптамаған азаппен азаптаймын!» – деген жауап берді.

115

Алла: «О Мәриям ұлы Иса! Сен адамдарға: «Мені және анамды Алладан өзге екі тәңірі етіп алыңдар!» – деп айтып па едің?!» – деп сұраған кезде, ол былай деді: «Мадақ Саған! Менің құқығым жоқ нәрсені айтуым болған емес! Егер мен олай айтсам, Сен оны білетін едің. Сен менің тұлғамда не бар екенін білесің, ал мен Сенің Тұлғаңда не бар екенін білмеймін. Расында, Сен – ғайыпты Білушісің!

116

Мен оларға Сен өзіме әмір еткенді ғана айттым: «Менің Ием және сендердің Иелерің Аллаға қызмет етіңдер!» (– дедім). Мен олардың арасында болғанымша ғана оларға куә болдым. Сен мені тыныштандырғаннан кейін олардың Бақылаушысы Өзің болдың! Сен – әр нәрсеге Куәгерсің!»

117

Егер оларды азаптасаң, онда олар Сенің қызметшілерің ғой, ал егер оларды кешірсең, онда Сен – әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың ғой!»

118

Алла: «Бұл күні шыншылдарға шыншылдықтары пайда әкеледі, оларға төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтар (беріледі), олар онда тұрақты түрде қалады! Алла да оларға разы, олар да Аллаға разы. Бұл – зор жетістік!» – деді.

119

Аллаға аспандардың, жердің және ол екеуінің ішіндегі нәрсенің билігі тиесілі! Ол әр нәрсеге Құдіретті!

120