Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
О адамдар! Сендерді жалғыз тұлғадан жаратқан Иелеріңнен сақсыныңдар. Ол одан жұбын жаратып, ол екеуінен көп ер мен әйелді таратты! Бір-бірлеріңнен Ол арқылы сұрайтын Алладан және туыстық байланысынан сақсыныңдар! Расында, Алла сендерді Бақылаушы! |
1 |
Жетімдердге өздеріне тиесілі мүлктерін беріңдер және нашарды жақсыға айырбастамаңдар! Және олардың мүлкін өз мүліктеріңе қосып, жемеңдер. Расында, бұл үлкен теріс қылық! |
2 |
Жетімдер жайында мөлшерлестік сақтамаудан қорықсаңдар, онда өздеріңе жағымды екі, үш, төрт әйелмен некелесіңдер. Ал егер әділеттік сақтамаудан қорықсаңдар, онда бір әйелмен немесе өздеріңе тәуелді әйелмен ғана қанағаттыныңдар. Бұл әділетсіз болмауға жақынырақ! |
3 |
Әйелдерге қалыңмалдарын сый ретінде беріңдер. Егер олар өздері сендерге кеңшілік танытып, сендерге одан бір нәрсе берсе, онда оны жеңдер, ас болсын! |
4 |
Алла өздеріңе күнелтулерің үшін орнатқан мүліктеріңді ақылсыздарға бермеңдер. Оларды одан ризықтандырып, киіндіріңдер. Оларға мақұлданған сөздер айтыңдар. |
5 |
Жетімдерді балиғатқа толмайынша сынаңдар. Егер де олардан естілікті байқасаңдар, онда оларға мүліктерін беріңдер. Олар үлкейіп қалады деп олардың мүліктерін ысыраптап, асығып жемеңдер. Кім бай болса, сол ұстамдылық танытсын, ал кім кедей болса, сол мақұлдаудан кейін жесін. Мүліктерін өздеріне бергендеріңде, олар үшін куәгер тартыңдар. Есеп жүргізуші ретінде Алла жеткілікті! |
6 |
Әке-шешелері мен жақындары қалдырған нәрселерден ерлер үшін несібе бар. Әке-шешелері мен жақындары қалдырған нәрселерден әйелдер үшін де несібе бар. Аз болсын немесе көп болсын, несібе міндетті түрде берілуі тиіс. |
7 |
Бөліс кезінде жақындар, жетімдер, жарлылар болса, онда оларды одан ризықтандырыңдар да оларға мақұлданған сөздерді айтыңдар. |
8 |
Олар, егер өздері әлсіз ұрпақ қалдырғанда қалай қорықса, солай жетімдер үшін де қорықсын. Ендеше олар Алладан сақсынып, дұрыс сөз айтсын! |
9 |
Расында, жетімдердің мүлігін жеп, зұлымдық қылатындар, олар, расында – іштерін отпен толтыруда! Олар отта жандырылады! |
10 |
Алла балаларға қатысты келесіні өсиет етеді: бір ердің үлесі екі әйелдің үлесіндей болуы тиіс. Егер әйелдер екіден көп болса, онда оларға қалдырылғанның үштен бір бөлігі, ал егер әйел жалғыз болса, онда оған жартысы. Егер мұра қалдырушыда бала болса, онда оның әке-шешесінің әрқайсысына алтыдан бір бөлігі. Егер ода бала болмай, оның мұрагерлері әке-шешесі болса, онда шешесіне үштен бір бөлігі. Егер ода бауырлары болса, онда шешесіне алтыдан бір бөлігі. Бұл бөліс ол қалдырған өсиет немесе борыш өтелгеннен кейін орындалады. Әкелерің мен ұлдарың – олардың қайсысы өздеріңе пайда тұрғысынан жақынырақ екенін білмейсіңдер. Алланың парызы осындай. Расында, Алла – Білуші, Дана! |
11 |
Сендерге жұбайыларың қалдырғанның жартысы тиесілі, егер оларда бала жоқ болса. Ал егер оларда бала болса, онда сендерге олар қалдырғанның төрттен бір бөлігі. Бұл бөліс те олар (жұбайыларың) қаллдырған өсиет немесе борыш өтелгеннен кейін орындалады. Оларға (жұбайыларыңа) сендер қалдырғанның төрттен бір бөлігі тиесілі, егер сендерде бала жоқ болса. Егер сендерде бала болса, онда оларға (жұбайыларыңа) сендер қалдырғанның сегізден бір бөлігі. Бұл бөліс те сендер қалдырған өсиет немесе борыш өтелгеннен кейін орындалады. Егер мұра қалдырған ер немесе әйелдің әке-шешесі мен балалары жоқ болса, бірақ ол кісіде ағасы (інісі) немесе әпкесі (қарындасы; сіңлісі) болса, онда ол екеуінің әрқайсысына қалдырылғанның алтыдан бір бөлігі тиесілі. Егер олар бұдан көп болса, онда олар қалдырылғанның үштен бір бөлігінде серіктес. Алланың өсиеті зиян келтірмейді! Расында, Алла – Білуші, Жұмсақ! |
12 |
Алланың шектеулері сондай! Кімде-кім Аллаға және Оның елшісіне бағынса, Ол соны төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтарға кіргізіп, сол жерде қалдырады! Бұл зор жетістік! |
13 |
Кім Аллаға немесе Оның елшісіне бағынбаса, Оның шектеулерінен асса, Ол соны отқа кіргізіп, сол жерде қалдырады! Ол үшін қорлаушы азап болады! |
14 |
Әйелдеріңнің арасынан шектен шығушылыққа еретіндерге қарсы өздеріңнің араларыңнан төртеуі куәлік берсін. Олар куәлік берсе, онда оларды (әйелдерді) үйлерде ұстаңдар, өздерін өлім тыныштандырмағанша немесе Алла өздеріне жол орнатпағанша. |
15 |
Ал егер өздеріңнің араларыңнан екеуі шектен шығушылыққа ерсе, онда екеуіне де жапа шеккізіңдер. Ал егер олар тәубе қылып, түзелсе, онда екеуінен де шеттеніңдер. Расында, Алла – тәубені қабылдаушы, Рақымды! |
16 |
Расында, жамандықты надандығынан жасап, сосын тез арада тәубесіне келгендердің тәубесін Алла қабыл етеді. Сондайлардың тәубесін Алла қабылдайды! Расында, Алла – Білуші, Дана! |
17 |
Бірақ өздеріне өлім келмейінше жаман істер жасап: «Енді мен тәубеге келдім!» – дейтіндердің тәубесі қабылданбайды. Жабылған бойда қайтыс болғандардың да тәубесі қабылданбайды. Сондайларға Біз ауыр азап дайындадық. |
18 |
О сенім келтіргендер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуға рұқсат етілмейді. Сендер оларға берген нәрселеріңді олар алып кеткісі келсе, онда оларға кедергі жасамаңдар. Бірақ олар анық шектен шығушылыққа ерсе, ол басқа. Олармен бірге мақұлдасқаннан кейін тұрыңдар. Егер сендер оларды қаламасаңдар, онда мүмкін сендер қаламаған нәрселеріңде Алла көп жақсылық орнатқан шығар? |
19 |
Егер бір жұбайдың орнына басқа жұбай алғыларың келсе, әрі біреуіне жиналған мүлікті берген болсаңдар, онда одан өздеріңе ешнәрсе алмаңдар. Бұны жала жабу және айқын күнә арқылы алайын деп пе едіңдер?! |
20 |
Бір-бірлеріңмен жақындасқаннан кейін және әйелдер сендерден толық құқықты келісімшарт алғаннан кейін сендер бұны қалайша аласыңдар?! |
21 |
Сендердің әкелеріңмен сырластық қарым-қатынасқа түскен әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түспеңдер, бірақ ақиқатқа дейін болғанның жөні бөлек. Расында, бұл шектен шығушылық, жеркенішті нәрсе әрі жамандық жолы! |
22 |
Сендерге келесі әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады: аналарыңмен, қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әке жақтан тәтелеріңмен, шеше жақтан тәтелеріңмен, аға-іні әрі әпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, сүттес әпке-сіңлілеріңмен, әйелдеріңнің аналарыңмен, сендер кірген әйелдеріңнің өгей қыздарыңмен, ал кірмеген болсаңдар, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды, белдеріңнен шыққан ұлдарыңның әйелдерімен. Сендерге екі әпке-сіңлілерді бірге біріктіруге болмайды, бірақ ақиқатқа дейін болғанның жөні бөлек. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
23 |
Келісімшартсыз қолжетпес әйелдер де тыйым, бірақ Алла сендер үшін ұйғарған өздеріңе тәуелді әйелдердің жөні бөлек. Сырластық қарым-қатынасқа, азғындық жасамай, келісімшартсыз қолжетпес бола тұра, мүліктеріңмен ұмтылуларың үшін бұдан басқалар сендерге рұқсат. Олардың мүлкінен пайдаланғандарың үшін әйелдеріңе тағайындалған сыйларын беріңдер. Тағайындалған сыйдан кейін өздерің өзара ризалассаңдар, онда бұл сендерге теріс қылық болмайды. Расында, Алла – Білуші, Дана! |
24 |
Араларыңнан кімнің, келісімшартсыз қолжетпес сенуші әйелдермен некелесу үшін ауқат жағынан мүмкіндігі жоқ болса, өздеріңе тәуелділердің арасындағы қызметші сенуші әйелдермен бірге тұрсын. Расында, Алла сенімдеріңді ең жақсы біледі! Біреулерің басқаларыңнан шықтыңдар. Ендеше, олардың арасынан азғындық жасамайтын, өзіне көңілдес ретінде ешкімді алмайтын, келісімшартсыз қолжетпестерімен мақұлданған сыйларын беріп, иерлерінің рұқсатымен некелесіңдер, олар келісімшартсыз қолжетпес кезде. Ал егер олар шектен шығушылыққа ерсе, онда оларға келісімшартсыз қолжетпес әйелдерге ұйғарылған азаптың жартысы беріледі. Бұл күнә жасап қоямын деп қорқатындарың үшін. Ал егер сабырлық танытсаңдар, бұл өздерің үшін жақсырақ. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
25 |
Алла сендерге түсіндіруді, өздеріңнен бұрын болған заңдарға сендерді бағыттауды әрі тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Расында, Алла – Білуші, Дана! |
26 |
Алла тәубелеріңді қабылдауды қалайды, ал құмарлықтарға еретіндер сендерді зор ауытқумен ауытқытуды қалайды! |
27 |
Алла сендер үшін жеңілдетуді қалайды, адам әлсіз болып жаратылған ғой! |
28 |
О сенім келтіргендер! Мүліктеріңді өзара бекерге жемеңдер, бірақ бұл араларыңдағы келісілген сауда болса, ол басқа! Өздеріңді өлтірмеңдер! Расында, Алла сендерге Мейірімді! |
29 |
Ал кім қарсыластық пен зұлымдық күйде бұны жасаса, соны Біз отта жандырамыз! Расында, бұл Алла үшін оңай! |
30 |
Егер сендер өздеріңе тыйым салынған үлкен бұзушылықтардан аулақ болсаңдар, Біз жаман істеріңді жауып, сендерді құрметті кірумен кіргіземіз! |
31 |
Алла ол арқылы біреулеріңді басқаларыңнан артық еткен нәрсені қаламаңдар. Ерлерге өздері тапқан несібелері тиесілі, әйедерге де өздері тапқан несібелері тиесілі. Алладан Өз артықшылығынан беруді сұраңдар, расында, Алла әр нәрсені Білуші! |
32 |
Әр адамды Біз әке-шешесі мен жақындары қалдырған нәрсенің иегері қылдық. Антпен байласқандарыңа несібелерін беріңдер. Расында, Алла әр нәрсеге Куә! |
33 |
Ерлер әйелдерден жоғары тұр. Себебі Алла біреулеріне басқаларының алдында артықшылық берді және олар мүліктерінен шығындайды. Түзелтуші әйелдер – бағынушы, Алла сақтаған құпияны қорғаушы. Әйелдердің бағынбаушылығынан қорықсаңдар, онда оларды насихаттаңдар, оларды төсектерінде тастап кетіңдер, оларды қалдырыңдар. Ал егер олар сендерге бағынса, онда оларға қарсы жол іздемеңдер. Расында, Алла – Жоғары, Ұлы! |
34 |
Екеулерінің арасының үзілуінен қорықсаңдар, онда ердің жанұясынан және әйелдің жанұясынан бір төрешіден жіберіңдер. Егер олар түзетуді қаласа, Алла ол екеуінің арасын бітістіреді. Расында, Алла – Білуші, Хабардар! |
35 |
Аллаға қызмет етіңдер және Оған ешкімді серік ретінде қоспаңдар. Әке-шешелеріңе, туысқандарыңа, жетімдерге, жарлыларға, туысқан көршілерге, бөтен көршілерге, қастарыңдағы жолсеріктеріңе, жолаушыларға және өздеріңе тәуелділерге жақсылық жасаңдар. Расында, Алла өркөкірек пен мақтаншақты сүймейді! |
36 |
Сараңдық қылатындарға, адамдарға сараңдықты әмір ететіндерге, Алла Өзінің артықшылығынан өздеріне бергенін жасыратындарға Біз ауыр азап дайындап қойдық! |
37 |
Өз мүлігін адамдардың алдында екіжүзділігінен жұмсайтындарға, Алла мен Ақырғы Күнге сенім келтірмейтіндерге! Жақыны тыңдамаушы болғанға! Ол нендей жаман жақын! |
38 |
Неліктен оларға Аллаға, Ақырғы Өмірге сенім келтіріп, Алла өздерін ризықтандырғаннан шығындамасқа?! Расында, Алла оларды Білуші! |
39 |
Расында, Алла тіпті тозаңның салмағындай да зұлымдық қылмайды, ал егер бұл жақсылық болса, Ол оны көбейтеді де Өзінің тарапынан зор сый береді! |
40 |
Әр басшылықтан куәгерді келтіргенімізде әрі сені осыларға қарсы куәгер ретінде келтіргенімізде қалай болар екен?! |
41 |
Жабылғандар әрі елшіні тыңдамағандар сол Күні жермен жексен болуды қалайтын болады, бірақ олар әңгімелерін Алладан жасыра алмайтын болады! |
42 |
О сенім келтіргендер! Сиыну байланысына айтқан сөздеріңді өздерің түсінбегендеріңше мастық күйде жақындамаңдар, және жуып тазартпағандарыңша жыныстық арамдалу күйінде де, бірақ жол жүрудің жөні бөлек! Ал ауырсаңдар, немесе сапарда болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсе, немесе әйелдерге тисеңдер, сонымен қатар су таппасаңдар, онда таза бетке бағыт алып, жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Расында, Алла – Кешуші, Кешіруші! |
43 |
Сен Кітаптың бөлігі берілгендер жайында ойламадың ба? Олар адасушылықты сатып алады және сендерді жолдан жаңылдыруды қалайды! |
44 |
Алла қарсыластарыңды бәрінен жақсы біледі. Жебеуші ретінде Алла жеткілікті! Жәрдемші ретінде де Алла жеткілікті! |
45 |
Яһудилердің арасында сөздердің орнын ауыстыратындары және тілдерімен қисайтып әрі міндетті қаралап: «Біз естідік те қарсы шықтық!», «Естімегенді тыңда!», «Бізді бақ!» – дейтіндері бар. Егер олар: «Біз естідік те бағындық!», «Бізді есті!» әрі «Бізге қара!» – десе, бұл өздері үшін жақсы және турарақ болар еді. Алайда жабылғандары үшін Алла оларды лағынеттеді! Олардың азы ғана сенім келтіреді! |
46 |
О Кітап иелері! Біз бейнелерді жойып тастауымыздан бұрын сендердегіні растау үшін Біз түсірген нәрсеге сенім келтіріңдер! Біз оларды арттарына қайтарамыз немесе сенбіні бұзушыларды лағынеттегеніміздей лағынеттейміз! Расында, Алланың әмірі орындалады! |
47 |
Расында, Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді, бірақ қалағанына басқасының бәрін кешіреді! Кім Аллаға серік қосса, сол зор күнәні ойдан құрастырды! |
48 |
Өздерін ақтайтындар жайлы ойламадың ба? Керісінше, Алла қалағанды ақтайды, оларға қылдай да зұлымдық қылынбайды! |
49 |
Олар Алла жөнінде өтірікті қалай ойдан құрастыратындарына назар аудар! Бұл айқын күнә ретінде жеткілікті! |
50 |
Кітаптың бөлігі берілгендер жайында ойламадың ба? Олар сәуегей мен озбырлыққа сенеді де жабылғандар жайында: «Осылар сенім келтіргендерден гөрі жолға бағытталғанырақ!» – дейді. |
51 |
Сондайларды Алла лағынеттеді! Ал кімді Алла лағынеттесе, оған жәрдемші табылмайды! |
52 |
Немесе оларда биліктен бір несібе бар ма? Солай болса, олар адамдарға түк бермес еді! |
53 |
Әлде олар адамдарды Алла оларға Өз артықшылығынан бергені үшін күндей ме? Біз Ибраһимнің жақындарына Кітап пен даналық берген едік. Оларға зор билік бердік. |
54 |
Олардың арасында Оған сенім келтіргендері де болды, Одан бас тартқандары да болды. Жалынды Тозақ жетерлікті! |
55 |
Расында, белгілерімізден жабылғандарды Біз отпен өртейміз! Терілері күйген сайын Біз оны басқа терілерге ауыстыратын боламыз, азапты татулары үшін. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
56 |
Сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандарды Біз төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтарға кіргіземіз! Олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Олар үшін сол жерде таза жұбайылар болады! Біз оларды қою көлеңкеге кіргіземіз! |
57 |
Расында, Алла сендерге аманатқа берілген нәрсені иесіне қайтаруды және адамдардың арасына төрелік етсеңдер, әділдікпен төрелік етуді әмір етеді. Расында, Алла бұл арқылы сендерге қандай тамаша үгіт айтуда! Расында, Алла – Естуші, Көруші! |
58 |
О сенім келтіргендер! Алланы, елшіні және араларыңдағы әмір иелерін тыңдаңдар! Бір-нәрсе үшін даулассаңдар, онымен Аллаға әрі елшіге жүгініңдер, егер Аллаға және Ақырғы Күнге сенсеңдер. Бұл түсінік беру жағынан жақсырақ әрі көркемірек болады! |
59 |
Саған түсірілгенге және саған дейін түсірілгенге сенім келтірдік деп жариялайтындар жайлы ойламадың ба? Үкім берілуі үшін олар озбырлыққа жүгінеді, оларға одан жабылу әмір етілгенге қарамастан. Тыңдамаушы оларды әбен адастырғысы келеді! |
60 |
Оларға: «Алла түсірген нәрсеге және елшіге келіңдер» – делінсе, онда сатылғыштар сенен дереу бас тартқаның көресің. |
61 |
Олар алдын өз қолдарымен істеген нәрселері үшін бақытсыздыққа ұшыраса қалай болар екен? Олар саған келіп: «Алламен ант етеміз, біз тек жақсылық пен келісім болуын ғана қалаған едік!» – дейді. |
62 |
Осылардың жүректерін Алла біледі. Ендеше олардан шеттен, оларға үгітте және оларға маңызды сөз айт! |
63 |
Әрбір елшіні Алланың рұқсатымен бағынулары үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне зұлымдық қылғаннан кейін саған келсе, сосын Алладан кешірім сұраса және олар үшін елші де кешірім сұраса, онда олар Алла – тәубені қабылдаушы, Рақымды екенін міндетті түрде сезер еді! |
64 |
Жо-жоқ, Иеңмен ант етемін, олар өз араларындағы даулы мәселеде сені төреші етіп қоймайынша сенбейді. Сосын олар сен шығарған шешімнен қиындық таппайды да мойындауға келіседі. |
65 |
Егер де Біз оларға: «Не өздеріңді өлтіріңдер, не өз баспаналарыңнан шығыңдар!» – деп ұйғарсақ, тек аздары ғана соны істейтін еді. Егер олар өздеріне уағыздалған нәрсені жасаса, бұл олар үшін жақсырақ және дәлел жағынан мықтырақ болар еді. |
66 |
Сонда Біз оларға Өзіміздің тарапымыздан үлкен сый беретін едік |
67 |
және түзу жолға бағыттайтын едік! |
68 |
Кім Алла мен Оның елшісіне бағынса, сол Алла жарылқаған хабарландырушылармен, шыншылдармен, куәгерлермен әрі түзелгендермен бірге болады. Бұлар неткен керемет жолдастар! |
69 |
Бұл Алладан артықшылық! Білуші ретінде Алла жеткілікті! |
70 |
О сенім келтіргендер! Абай болыңдар! Жасақ болып немесе барлықтарың жиналып бірге аттаныңдар! |
71 |
Расында, араларыңда міндетті түрде кешігетін біреу болады. Егер сендер бақытсыздыққа үшырасаңдар, ол: «Алла мені жарылқады, себебі мен олармен бірге куәгер болған жоқпын!» – дейді. |
72 |
Ал егер сендерге Алладан артықшылық тисе, ол сендер мен өзінің арасында еш достық болмағандай міндетті түрде: «Еһ, егер мен сендермен бірге болғанымда зор табысқа жетер едім!» – дейді. |
73 |
Ақырғы өмір үшін бергі өмірді сатқандар Алла жолында шайқассын! Кім Алла жолында шайқасып, қайтыс болса немесе жеңіске жетсе, оған Біз зор сый береміз! |
74 |
Неліктен сендер: «Иеміз! Бізді тұрғындары зұлым осы елді мекеннен шығар! Бізге Өзіңнен жебеуші мен көмекшіні орнат!» – дейтін әлсіз ерлер, әйелдер мен балалар үшін Алла жолында шайқаспайсыңдар? |
75 |
Сенім келтіргендер Алла жолында шайқасады, ал жабылғандар озбырлықтың жолында шайқасады. Ендеше тыңдамаушының жақындарымен шайқасыңдар, расында тыңдамаушының қастығы әлсіз! |
76 |
Өздеріне: «Қолдарыңды тыйыңдар, сиыну байланысына шығыңдар және ақтайтын шығын шығарыңдар» – делінгендер жайлы ойламадың ба? Оларға шайқасу ұйғарылғаннан кейін олардың бір бөлігі адамдардан Алладан қорыққандай қорқады немесе одан да қатты қорқады! Олар: «Иеміз! Неліктен Сен бізге шайқасуды ұйғардың? Неге Сен бізге жақын мерзімге дейін мұрса бермедің?» – дейді. «Бергі өмірдің пайдаланымы аз ғана, Ақырғы Өмір сақ болушылар үшін жақсырақ, сендерге қылдай да зұлымдық қылынбайды!» – деген жауап бер. |
77 |
Сендер қайда болсаңдар да өлім сендерге жетеді, тіпті тұрғызылған мұнараларда болсаңдар да! Өздеріне жақсылық тисе, олар: «Бұл Алладан!» – дейді, ал егер өздеріне жамандық тисе, олар: «Бұл сенен!» – дейді. «Бәрі Алладан!» – деп жауап бер. Неліктен бұл халық әңгімені мүлдем түсіне алмай жүр? |
78 |
Саған жақсылық тисе, ол Алланың арқасында болды, ал саған жамандық тисе, ол өзіңнің кесірінен. Біз сені адамдарға елші қылып жібердік. Куә ретінде Алла жеткілікті! |
79 |
Кім елшіге бағынса, сол Аллаға да бағынды, ал кім теріс бұрылса, Біз сені оларға бақылаушы етіп жібермедік. |
80 |
Олар: «Бағындық» – дейді, ал қасыңнан кеткен кезде олардың бір тобы сен айтқаннан басқа нәрсені ойластырады. Алла олардың ойластырғанын жазады. Олардан шеттеніп, Аллаға тәуекел ет, уәкіл ретінде Алла жеткілікті! |
81 |
Олар Құран жайында ойланып-толғанбайды ма? Егер ол Алладан болмаса, онда олар оның ішінен көптеген қарама-қайшылықтар табар еді! |
82 |
Оларға не қауіпсіз, не қауіпті әмір келсе, олар оны жұртқа жаяды. Егер олар оны елшіге әрі араларындағы әмір иелеріне қайтарса, онда араларындағы зерттеушілер оны міндетті түрде түсінер еді. Алланың сендерге деген артықшылығы мен мейірімі болмаса, аздарыңнан басқаларың тыңдамаушыға еретін едіңдер! |
83 |
Алла жолында соғыс! Бұл өзіңе ғана жүктелген және сенушілерді құлшындыр, мүмкін, Алла жабылғандардың күшін әлсіретер! Расында, Алланың күші ең мықты әрі қатаң жазасы да ең мықты! |
84 |
Кім жақсы шапағатпен шапағат етсе, оған одан бір несібе болады, ал кім жаман шапағатпен шапағат етсе, онда оның өзі соған жауапты болады. Алла әр нәрсені қамтамасыз етеді! |
85 |
Сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ сәлеммен сәлемдесіңдер немесе оның өзін қайтарыңдар. Расында, Алла әр нәрсені есептейді! |
86 |
Алла! Тәңірі тек қана Ол! Ол келетініне күмән жоқ Қиямет Күні сендерді міндетті түрде жинайды! Әңгімелеуде Алладан гөрі кім шыншылырақ? |
87 |
Неліктен сендер сатылғыштар жайында екі топқа бөліндіңдер?! Алла оларды тапқандары үшін кері қайтарды! Алла жаңылдырған біреуді бағыттауды қалайсыңдар ма? Алла кімді жаңылдырса, ол үшін жол таппайсың! |
88 |
Олар өздері қалай жабылса, сендердің де солай жабылғандарыңды көксейді, сендер бірдей болуларың үшін. Ендеше, олар Алла жолында қоныс аудармайынша оларды өздеріңе жебеуші қылып алмаңдар. Ал егер олар теріc бұрылса, онда оларды тапқан жерлеріңде ұстап, өлтіріңдер! Оларды өздеріңе жебеуші, көмекші қылып алмаңдар! |
89 |
Сендермен жасасқан келісімшарты бар халықпен байланысқандардың не сендермен шайқасудан немесе өз халқымен шайқасудан кеуделері қысылып сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Алла қаласа, оларды сендерге қарсы айдап салар еді, және олар сендермен шайқасар еді. Егер олар сендерден аулақтанып, сендермен шайқаспай, сендерге бейбітшілік келісімін ұсынса, онда Алла сендер үшін оларға қарсы жол орнатпайды! |
90 |
Сендер тағы өз халықтарынан да қауіпсіздік кепілдігін алғысы келетін, және сендерден де қауіпсіздік кепілдігін алғысы келетін басқа біреулерді табасыңдар. Оларды бүлікке қайтарыған сайын, олар оған қайтадан түсе береді. Олар сендерден аулақтанбаса, сендерге бейбітшілік келісімін ұсынбаса, сендерден қолдарын тыймаса, онда оларды тапқан жерлеріңде ұстап, өлтіріңдер! Біз сендер үшін оларға қарсы анық бұйрық орнаттық! |
91 |
Сенуші сенушіні өлтіре алмайды, қателіктің кесірінен ғана болмаса! Кімде-кім сенушіні қателікпен өлтірсе, онда ол құқықсыз сенушіні босатып, оның отбасына құн төлеуі тиіс, бірақ егер олар құнды садақаға айналдырса, ол басқа! Ал егер өлтірілген сенуші сендерге дұшпан халықтан болса, құқықсыз сенушіні босату тиіс. Егер ол сендермен келісімшарт жасасқан халықтан болса, онда құқықсыз сенушіні босатып, оның отбасына құн төлеу тиіс. Ал кімде-кім құнның төлеуін таба алмаса, онда ол Алланың алдындағы тәубесі ретінде екі ай үзбей ораза ұстауы тиіс. Расында, Алла – Білуші, Дана! |
92 |
Кімде-кім сенушіні әдейі өлтірсе, онда оның жазасы Тозақ болады! Ол сол жерде қалады! Алла оған наразы болады, оны лағынеттеп, оған зор азап дайындайды! |
93 |
О сенім келтіргендер! Алланың жолында аттанған кездеріңде, анықтаңдар және сендерді бейбітшілікпен қарсы алған кісіге, бергі өмірдің ұсынысына ұмтылып: «Сен сенуші емессің» – демеңдер. Аллада көптеген олжа бар. Сендер бұрын сондай болғансыңдар, бірақ Алла сендерге жақсылық танытты, анықтаңдар, расында, Алла істейтін нәрселерің жайлы Хабардар! |
94 |
Зарар шекпей, отырушы сенушілер Алла жолында өз мүліктерімен және өз-өздерімен ынталанатын сенушілермен бірдей емес! Алла өз мүліктерімен және өз-өздерімен ынталанушыларға отырушылардың алдында артықшылық беріп, бір дәрежеге көтерді! Алла бәріне жақсылықты уәде етті, бірақ Алла ынталанушыларға отырушылардың алдында артықшылық берді: зор сыйда, |
95 |
Оның тарапынан берілетін дәрежелерде, кешірімде және мейірімде! Алла Кешіруші, Рақымды! |
96 |
Расында, өздеріне зұлымдық жасап, тыныштанғандарға басқарушылар: «Сендер қандай (күйде) болдыңдар?» – деген сауал қояды. Олар: «Біз жерде әлсіз болдық!» – дейді. Басқарушылар: «Алланың жері қоныс аудару үшін кең болған емес пе еді?!» – деген сауал қояды. Осындайлардың баспанасы Тозақ болады, ал бұл болса жаман нәтиже! |
97 |
Шығуға шамасы болмаған және жолға бағытталмаған әлсіз ерлер, әйелдер мен балалардың жөні бөлек! |
98 |
Осындайларды Алла мүмкін кешеді! Расында, Алла – Кешуші, Кешіруші! |
99 |
Кімде-кім Алла жолында қоныс аударса, онда ол міндетті түрде жерде көп кеңістік табады. Кімде-кім өз үйінен шығып, Алла мен Оның елшісіне қоныс аударса, сонан соң өлім құшса, онда Аллаға оған сый беру міндеті түседі! Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
100 |
Жер кезіп жүрген кездеріңде, жабылғандардың сендерге қарсы азғыруынан қорықсаңдар, сиыну байланысын қысқартуларың теріс қылық болмайды. Расында, жабылғандар сендер үшін айқын қарсыластар! |
101 |
Сенушілердің арасында болған кезіңде, олар үшін сиыну байланысына шық. Сенімен бірге бір топ тұрсын және қаруларын алсын. Олар сәжделерін жасаған кезде, сендердің арт жақтарыңа барсын. Сиынбаған басқа топ келіп, сенімен бірге сиынсын, олар сақ әрі қарулы болсын. Жабылғандар сендердің қару мен заттарыңа ұқыпсыз болғандарыңды қалайды, сендерге бір ұмтылыспен ұмтылу үшін. Жаңбырдан қиналып кеткеннің немесе ауырғандарыңның себебінен қаруларыңды қоя тұруларың теріс қылық болмайды, бірақ сақ болыңдар! Расында, Алла жабылушыларға қорлайтын азап дайындады! |
102 |
Сиыну байланысын аяқтасаңдар, Алланы тұрған, отырған және бүйірлерінде жатқан бойда еске алыңдар. Тыныштықта болсаңдар, сиыну байланысына шығыңдар. Расында, сенушілер үшін сиыну байланысы ұйғарылған уақытта. |
103 |
Халықтың қысымшылығынан әлсіремеңдер. Сендер қиналсаңдар, расында, олар да сендер қиналғандай қиналуда, бірақ сендер олар үміт етпейтін нәрсені Алладан үміт етесіңдер! Расында, Алл – Білуші, Дана! |
104 |
Біз саған Кітапты ақиқатпен түсірдік, Алла өзіңе көрсеткендей адамдардың арасына үкім беруің үшін. Опасыздық жасаушыларға бәсекелесуші болма! |
105 |
Алладан кешірім сұра, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
106 |
Өздеріне опасыздық жасайтындар үшін дауласпа. Расында, Алла опасыздық жасаушылар мен күнәһарларды сүймейді! |
107 |
Олар адамдардан жасырынса да, Алладан жасырына алмайды! Алла, олар түнде Ол разы болмайтын сөздерді айтқан кезде, олармен бірге. Алла олардың істеген нәрселерін Қамтушы! |
108 |
Міне сендер олар үшін бергі өмірде дауласып жүрсіңдер, ал Қиямет Күні олар үшін Алламен кім дауласады екен немесе олар үшін кім кепіл болады екен?! |
109 |
Кім жамандық жасаса немесе өзіне зұлымдық қылса, бірақ сосын Алладан кешірім сұраса, ол Алла Кешіруші, Рақымды екенін көреді! |
110 |
Кім күнә тапса, онда, расында, ол оны өзіне қарсы тапты! Алла – Білуші, Дана! |
111 |
Кім қате немесе күнә тапса, сосын оны айыпсызға жапса, ол жала жабушылықты және айқын күнәні арқалаған болады! |
112 |
Алланың саған деген артықшылығы мен мейірімі болмаса, онда олардан бір топ сені адастыруды көздейтін еді, алайда олар тек өз-өздерін ғана адастырады және саған ешқандай зиян келтіре алмайды. Алла саған Кітап пен даналықты түсірді, саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Алланың саған деген артықшылығы зор! |
113 |
Құпия әңгімелеріңнің көбісінде жақсылық жоқ, бірақ кім садақа беруді немесе мақұлданғанды жасауды немесе адамдардың арасын жақсартуды әмір етсе, оның жөні бөлек. Кім бұны Алланың ризалығына ұмтылып, жасаса, оған Біз зор сый береміз! |
114 |
Кімде-кім, өзіне Нұсқау түсінікті болғаннан кейін елшіге қарсы келсе және сенушілердің емес, басқа жолға ерсе, Біз оны өзі бет бұрған жаққа жіберіп, Тозақта өртейміз! Бұл жаман нәтиже! |
115 |
Расында, Алла Өзіне серік қосуды кешірмейді, бірақ қалағанына басқасының бәрін кешіреді! Кім Аллаға серік қосса, ол ұзаққа адасып кетті! |
116 |
Расында, олар Оған емес, әйел атаулырмен аталған нәрселерге ғана үндейді! Расында, олар қасарысқан тыңдамаушыға ғана үндейді! |
117 |
Алла оны лағынеттеді, ал ол болса былай деген: «Мен міндетті түрде қызметшілеріңнің белгілі бір бөлігін өзіме ергіземін! |
118 |
Оларды міндетті түрде жаңылдырамын және міндетті түрде босқа үміттендіремін! Оларға малдардың құлақтарын кесуді міндетті түрде әмір етемін! Оларға Алланың жаратқанын өзгертуді міндетті түрде әмір етемін!» Кім өзіне Алланың орнына тыңдамаушыны жебеуші қылып алса, сол айқын қасіретке ұшыраған болады! |
119 |
Ол оларға уәде етіп, босқа үміттендіреді, бірақ тыңдамаушы тек азғырылуды ғана уәде етеді! |
120 |
Осындайлардың баспанасы Тозақ болады, олар одан құтылу жолын таппайды! |
121 |
Сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандарды Біз төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтарға кіргіземіз! Олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Алланың уәдесі хақ, сөйлегенде кім Алладан асқан шыншыл бола алады? |
122 |
Бұл не сендердің тілектерің бойынша емес, не Кітап иелерінің де тілектері бойынша емес. Кім жамандық жасаса, оған сол жамандық жаза ретінде беріледі, және ол өзіне Алладан басқа жебеушіні де, көмекшіні таба алмайтын болады! |
123 |
Еркектен немесе әйелден кімде-кім сенуші болып, түзелсе, ондайлар бақтарға кіреді және оларға түктей болсын зұлымдық қылынбайды! |
124 |
Кейіпімен Аллаға бойұсынып, жақсартушы болып, иілген Ибраһимнің қауымына ерген кісіден міндет тұрғысынан кім жақсы? Расында, Алла Ибраһимді досы қылып алды! |
125 |
Аллаға аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі! Расында, Алла әр нәрсені Қамтушы! |
126 |
Олар сенен әйелдер жөніндегі шешіміңді сұрайды. «Олар жөнінде Алланың сендерге берген шешімі: сендер оларға тиісті ұйғарылған нәрселерін бермей, олармен некелесуді қалайтын жетім әйелдер жайлы сендерге Кітаптан оқылатында, әрі жетімдерге мөлшерлестік қылыңдар деп әлсіз балалар жайлы оқылатында. Қандай да бір жақсы іс жасасаңдар да, расында, Алла ол жайлы біледі!» – деп жауап бер. |
127 |
Егер әйел күйеуінің жақтырмауынан немесе кері бұрылуынан қорықса, онда өзара қарым-қатынастарын түзетулері өздеріне теріс қылық болмайды, жағдайды түзету жақсы іс. Тұлғада сараңдық қасиеті бар, бірақ сендер жақсылық жасаушы әрі абай болушы болсаңдар, онда, расында, Алла амалдарыңнан Хабардар! |
128 |
Бар ынтамен тырыссаңдар да, әйелдердің арасында әділ бола алмайсыңдар. Ендеше олардың біреуіне мүлде ауып кетіп, басқасын ілулі сынды түрде қалдырмаңдар. Бірақ жағдайды түзетіп, сақ болсаңдар, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
129 |
Егер ол екеуі айырылысса, онда Алла әрқайсысын Өз кеңшілігінен байытады. Расында, Алла – Қамтушы, Дана! |
130 |
Аспандардағы мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі! Біз сендерден бұрын Кітап берілгендерге де және сендерге де Алладан сақсыныңдар деп өсиет еттік. Егер жабылған болсаңдар, онда, расында, аспандардағы мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі! Алла – Беймұқтаж, Даңқты! |
131 |
Аспандардағы мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі! Уәкіл ретінде Алла жеткілікті! |
132 |
Егер Ол қаласа, онда Ол сендерді кетіріп, о адамдар, басқаларды келтіреді! Расында, Алла бұған Құдіретті! |
133 |
Кім бергі өмірдің сыйын қаласа, онда Аллада бергі өмірдің де, Ақырғы Өмірдің де сыйы бар! Расында, Алла – Естуші, Көруші! |
134 |
О сенім келтіргендер! Алланың алдында мөлшерлестікте нық тұратын куәгерлер болыңдар, тіпті өздеріңе де, немесе әке-шешелеріңе, немесе жақындарыңа қарсы болса да, не бай, не кедей болсын, ал Алла болса екеуіне де жақын! Құмарлықтарға ермеңдер, бұл – әділдікті бұзбас үшін! Қисайтсаңдар немесе жалтарсаңдар, онда Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы Хабардар! |
135 |
Иә сенім келтіргендер! Аллаға, Оның елшісіне, Ол Өзінің елшісіне түсірген Кітапқа, Ол алдын түсірген Кітапқа сенім келтіріңдер! Кім Алладан, Оның басқарушыларынан, Оның Кітаптарынан, Оның елшілерінен әрі Ақырғы Күннен жабылса, сол қатты адасты! |
136 |
Расында, сенім келтіріп, сосын жабылып, сосын қайтадан сенім келтіріп, сосын тағы жабылып, сосын жабықтығын арттырғандарды Алла кешірмейді де, жолға бағыттамайды да! |
137 |
Сендерге ауыр азап деп сатылғыштарды қуант, |
138 |
сенушілердің орнына жабылғандарды жебеуші қылып алатындарды! Олар олардың (жабылғандардың) көмегімен атаққа ие болғысы келеді ме? Расында, атақ толығымен Аллаға тиесілі! |
139 |
Алла Кітапта сендерге келесіні түсірді: Алланың белгілерін олардан жабылғандармен әрі оларды тәлкектейтіндермен бірге тыңдасаңдар, олардың басқа әңгімеге көшпейінше, олармен бірге отырмаңдар. Кері жағдайда сендер олар тәрізді боласыңдар ғой! Расында, Алла бүкіл сатылғыштар мен жабылғандарды Тозақта жинайды! |
140 |
Сендермен не болатынын күтетіндер, сендер жеңіске жетсеңдер: «Біз сендермен бірге болмадық па?» – дейді. Ал несібе жабылғандарға болса: «Біз сендермен бірге болмадық па? Біз сендерді сенушілерден қорғамадық па?» – дейді. Алла Қиямет Күні араларыңа үкім береді! Алла жабылғандар үшін сенушілерге қарсы жол орнатпайды! |
141 |
Расында, сатылғыштар Алланы алдап жіберуге тырысады, бірақ Алла олардың өздерін алдап жіберуде! Олар сиыну байланысына шыққан кезде, адамдардың алдында екіжүзділік танытып, ерініп тұрады. Алланы аз ғана еске алады, |
142 |
олар екі арада тербеліп тұрады, не бұларға, не басқаларға қосылмай. Расында, Алла кімді жаңылдырса, оған сен жол таппайсың! |
143 |
О сенім келтіргендер! Жабылғандарды сенушілердің орнына жебеуші қылып алмаңдар! Алла өздеріңе қарсы анық бұйрық орнатсын деп қалаймысыңдар? |
144 |
Расында, сатылғыштар оттың ең астыңғы қабатына жетеді! Олар үшін сен көмекші таппайсың, |
145 |
бірақ тәубелеріне келіп, түзеліп, Алладан мықтап ұстанып, Алла алдындағы міндеттерінде шынайылық танытқандардың жөні бөлек! Міне, осылар – сенушілермен бірге, Алла сенушілерге зор сый беретін болады! |
146 |
Сендер алғысты болып, сенім келтірсеңдер, Алла азаптарыңмен не істейді? Расында, Алла – Алғысты, Білуші! |
147 |
Алла жариялы түрде жамандауды сүймейді, бірақ зұлымдыққа дұшар болғанның жөні бөлек. Расында, Алла – Естуші, Білуші! |
148 |
Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер, не оны жасырсаңдар, не жамандықты кешсеңдер, онда расында, Алла – Кешуші, Құдіретті! |
149 |
Расында, Алладан, Оның елшілерінен жабылғандар және Алланы Оның елшілерінен ажыратқысы келетіндер: «Біз біреулеріне сенім келтіріп, басқаларынан жабылдық!» – дейді, олар бұның арасынан жол тапқысы келеді, |
150 |
олар – шынымен жабылып қалғандар! Біз жабылып қалғандарға қорлайтын азап дайындап қойдық! |
151 |
Біз, Алла мен Оның елшілеріне сенім келтіргендерге әрі елшілердің арасын ажыратпағандарға, сыйларын беретін боламыз, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
152 |
Кітап иелері сенен аспаннан Кітап түсіруіңді сұрайды. Олар әлдеқашан Мұсадан одан артығын сұраған еді: «Бізге Алланы ашық көрсет!?» – деп. Сонда зұлымдықтары себебінен оларды найзағай соқты. Сонан соң олар, өздеріне айқын дәлелдер келгеннен кейін «бұзауды» қызмет ету нысаны қылып алды, сонан соң да Біз оларды кештік. Мұсаға Біз анық бұйрық бердік. |
153 |
Олармен келісімшарт жасасқан кезде, Біз олардың үстінен тауды көдердік те оларға: «Қақпадан кіріп, сәждеге жығылыңдар» – деп айттық, сонымен қатар Біз оларға: «Сенбіні бұзбаңдар» – деп айттық. Біз олармен зор келісімшарт жасастық. |
154 |
Олар өз келісімшарттарын бұзғандары, Алла белгілерінен жабылғандары, хабарландырушыларды құқықсыз өлтіргендері және: «Жүректеріміз қаптаулы» – дегендері үшін! Керісінше, Алла олардың жүректерін жабықтықтары үшін мөрледі! Тек азы ғана сенім келтіреді! |
155 |
Жабықтықтары мен Мәриямға зор жала жапқандары үшін, |
156 |
әрі: «Расында, біз Мәриям ұлы Исаны, Алланың елшісін, өлтірдік!» – деген cөздері үшін. Олар оны керіп шегелеп тастап, өлтірген емес, (өлімге дейін) керіп шегелеп тастаған жоқ, алайда, бұл олар үшін (өлімге) ұқсас болды. Расында, ол жөнінде пікірталасатындар болған оқиғаға күмәнмен қарайды, оларда ол туралы білім жоқ, олар тек жорамалдарға ереді. Олар оны көздерін жеткізіп өлтірген жоқ. |
157 |
Керісінше, Алла оны Өзіне көтерді, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
158 |
Расында, Қиямет Күні ол Кітап иелеріне қарсы куәгер болады, бірақ оған оның өліміне дейін сенім келтіргендердің жөні бөлек! |
159 |
Біз яһудилерге өздеріне бұрын рұқсат етілген салауатты нәрселерді тиым еттік, зұлымдықтары мен көпті Алланың жолынан бездіргендері үшін, |
160 |
өздеріне бұрын тиым салынған өсімді алғандары үшін, адамдардың мүлігін босқа жегендері үшін. Біз олардың арасындағы жабылғандар үшін ауыр азап дайындап қойдық! |
161 |
Алайда, олардың арасындағы іргелі білім иелері мен сенушілер саған түсірілгенге және саған дейін түсірілгенге сенім келтіреді, сиыну байланысына шығады, ақтайтын шығын шығарады, Аллаға және Қиямет Күніне сенеді – осыларға Біз зор сый береміз! |
162 |
Біз, расында, саған Нұхқа және одан кейінгі хабарландырушыларға уахи еткеніміздей уахи еттік. Біз Ибраһимге, Исмаилға, Исхаққа, Яқубқа, буындарға, Исаға, Әйюбке, Йунусқа, Һарұнға және Сүлейменге уахи еткен едік. Даудқа Біз Жазбаны бердік. |
163 |
Саған дейін де елшілер болған еді, кейбіреулері жайлы Біз саған баяндадық, ал кейбіреулері жайлы Біз саған баяндамадық. Ал Мұсамен Алла сөйлесті. |
164 |
Елшілер қуантушы әрі алдын-ала ескертуші болып келеді, елшілерден кейін адамдарда Аллаға қарсы сылтаулары болмас үшін! Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
165 |
Алайда, Алла, саған түсірген нәрсесін Өзінің білімі бойынша түсіргеніне куәлік береді, әрі басқарушылар да куәлік береді. Куәгер ретінде Алла жеткілікті! |
166 |
Расында, жабылып, Алла жолынан безгендер қатты адасты! |
167 |
Расында, жабылғандарды және залымдарды Алла кешірмейді де, жолға бағыттамайды да, |
168 |
Тозақтың жолына болмаса ғана, олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Бұл Алла үшін оңай! |
169 |
О адамдар! Сендерге Иелеріңнің тарапынан ақиқатпен елші келді! Сенім артуларың өздеріңе жақсы болады! Ал егер жабылсаңдар, онда, расында, аспандардағы мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі! Расында, Алла – Білуші, Дана! |
170 |
О Кітап иелері! Өз міндеттеріңде шектен шықпаңдар және Алла жайлы тек қана шындықты айтыңдар! Расында, Мәриям ұлы, майланған Иса Алланың елшісі және Оның сөзі! Ол оны (сөзді) және Өзінің тарапынан Рухты Мәриямға берді. Ендеше, Аллаға және Оның елшілеріне сеніңдер! Үштік демеңдер! Тыйылуларың өздеріңе жақсы болады! Расында, Алла – Жалғыз Тәңір! Ол – баласы болудан пәк! Аспандардағы мен жердегі нәрселер Оған тиесілі! Уәкіл ретінде Алла жеткілікті! |
171 |
Майланған да, жақын басқарушылар да Оның қыметшісі болуды менсінбейтіндей емес. Оның қызметшісі болуды менсінбей, тәкаппарланатындарды Ол Өз алдында жинайды! |
172 |
Сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандарға келер болсақ, Ол оларға сыйларын толығымен береді әрі Өз артықшылығынан арттырады. Менсінбей, тәкаппарланғандарға келер болсақ, Ол оларды ауыр азаппен азаптайды! Олар өздеріне, Алладан басқа, жебеуші мен көмекшіні таппайды! |
173 |
О адамдар! Сендерге Иелеріңнің тарапынан дәлелдеме келді, әрі Біз сендерге Анық Нұр түсірдік! |
174 |
Аллаға сенім келтіріп, Одан мықтап ұстанғандарға келер болсақ, Ол оларды Өз мейірімі мен артықшылығына кіргізеді! Ол оларды Өзіне жақындататын түзу жолға бағыттайды! |
175 |
Олар сенен шешіміңді сұрайды. «Алла сендерге әке-шешесі мен балалары жоқ кісі жайында шешім береді. Егер ер қайтыс болып, баласы болмай, әпкесі (қарындасы) болса, онда оған ағасы (інісі) қалдырған нәрсенің жартысы тиесілі. Ағасы да (інісі де) әпкесінің (қарындасының) мұрагері болады, егер ода (әпкесінде; қарындасында) баласы жоқ болса. Егер ерде екі әпкесі (қарындасы) болса, онда оларға ол қалдырған нәрсенің үштен екі бөлігі тиесілі болады. Ал егер бауырлары көп болып, олардың арасында ерлер де, әйелдер де болса, онда бір ердің үлесі екі әйелдің үлесіндей болуы тиіс» – деген жауап бер. Сендер адаспауларың үшін Алла сендерге түсіндіреді. Алла әр нәрсені Білуші! |
176 |