Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Әлиф. Ләм. Мим |
1 |
Алла, тәңірі тек қана Оның Өзі – Тірі, Бар Болушы! |
2 |
Ол саған өзіңе дейін болғанды растайтын Кітапты ақиқатпен түсірді. Ілгеріде Ол Тәурат пен Інжілді түсірді |
3 |
адамдарға Нұсқау ретінде. Ажыратуды түсірді! Расында, Алланың белгілерінен жабылғандарға қатты азап болады! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, кек Иесі! |
4 |
Расында, Алладан не аспанда, не жерде болсын ешнәрсе жасырына алмайды. |
5 |
Ол сендерге құрсақтарда Өзінің қалаған пішінін береді. Тәңірі тек қана Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
6 |
Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде ашық мағыналы белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барлар оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және бүлік шығаруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді! Іргелі білім иелері: «Біз оған сенім келтірдік, барлығы – Иеміздің тұсынан!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! |
7 |
«Иеміз! Сен бізді бағыттағаннан кейін жүректерімізді ауытқытпа, әрі бізге Өзіңнен мейірім бер, расында, Сен – Берегенсің ғой! |
8 |
Иеміз! Расында, болатынына күмән жоқ Күні Сен адамдарды жинайсың ғой. Расында, Алла уәдесін бұзбайды!» |
9 |
Расында, жабылғандарға өз мүліктерінен де, балаларынан да Алла алдында пайда болмайды! Сондайлар тозақтың отындары! |
10 |
Сондай қасиет перғауынның жақындарында және олардан бұрынғыларда болатын. Олар белгілерімізді өтірік санады және Алла оларды айыптары үшін ұстап алды! Расында, Алла қатты азаптайды! |
11 |
Жабылғандарға: «Сендер жеңіліске ұшырап, тозақта жиналасыңдар! Бұл даярланған орын нендей жаман!» – деп айт. |
12 |
Бір-бірімен кездескен екі топта сендер үшін белгі болды. Бір топ Алла жолында шайқасқан, ал екіншісі жабылған болды. Жабылғандарға олар өздерінен екі есе көп болып көрінді. Расында, Алла өз көмегімен қалағанын қолдайды! Расында, бұда көргіштер үшін ғибрат бар! |
13 |
Адамдар үшін қалауларға деген сүйіспеншілік бояңқыралған: әйелдерге, балаларға, алтын мен күмістен жиналған байлыққа, жайылымдағы жылқыларға, мал мен егіндерге деген. Бұл – бергі өмірдің пайдалануы, ал Аллада – жақсы баспана! |
14 |
«Сендерге осыдан жақсы нәрсе жайлы хабар берейін бе? Сақ болушылар үшін Иелерінің тұсында: төменгі жақтарынан өзендер ағатын, олар сол жерде қалатын бақтар, таза жұбайлар мен Алла разылығы болады!» – деп айт. Расында, Алла қызметшілерін Көруші: |
15 |
«Иеміз! Біз сенім келтірдік! Айыптарымызды кешір және бізді от азабынан қорға!» – дейтін, |
16 |
сабырлы, шыншыл, бағынатын, шығындайтын және сәріде кешірім сұрайтын (қызметшілерін)! |
17 |
Алла, тәңірі тек қана Өзі екеніне куәлік береді! Басқарушылар да, мөлшерлестікте нық тұратын білім иелері де куәлік береді! Тәңірі тек Ол ғана – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
18 |
Расында, Алла алдындағы міндет – бойсұну. Бірақ Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін ғана бірін бірі қыспақтап, келіспеушілікке түсті. Кімде-кім Алла белгілерінен жабылса, онда расында, Алла тез есептеуші! |
19 |
Егер де олар сеніменен дауласса, онда: «Мен және өзіме ергендер өз бейнемізбен Аллаға бойсұндық!» – деп айт. Кітап берілгендерден және тәжірбиесіздерден: «Ал сендер бойұсындыңдар ма?» – деп сұра. Егер олар бойұсынса, онда олар бағытталғандар, ал егер олар теріс бұрылса, онда саған арттырылғаны тек хабарландыру ғана ғой. Алла – Өз қызметшілерін Көруші! |
20 |
Расында, Алла белгілерінен жабылғандарды, хабарландырушыларды құқықсыз өлтіретіндерді, адамдар арасында мөлшерлесті болуды әмір ететіндерді өлтіретіндерді ауыр азаппен қуант! |
21 |
Сондайлардың істері осы өмірде де, Ақырғы Өмірде де құрыды! Оларға жәрдемшілер жоқ! |
22 |
Сен Кітап бөлігі берілгендер жайында ойламбап па едің? Олар араларына үкім берілуі үшін Алла Кітабына шақырылады. Сонан соң олардың бір тобы теріс бұрылады, олар – бас тартушылар! |
23 |
Бұл олардың: «От бізге тек санаулы күнге ғана тиеді!» – дегендіктерінен. Олардың ойлап тапқан нәрселері өз міндеттері жайында алдады. |
24 |
Келетініне күмән жоқ Күні оларды жинағанымызда және әр тұлғаға төлемі толығымен берілген кезде қалай болар екен? Оларға зұлымдық қылынбайды! |
25 |
Айт: «О Тәңірім, биліктің Билеушісі! Сен қалағаныңа билік бересің және қалағаныңды биліктен айырасың! Сен қалағаныңа ұлықтық бересің және қалағаныңды кемсітесің! Жақсылық Сенің «қолыңда»! Расында, Сен әр нәрсеге Құдіреттісің! |
26 |
Сен түнді күндізге кіргізесің және күндізді түнге кіргізесің! Сен тіріні өліден шығарасың және өліні тіріден шығарасың! Сен қалағаныңды есепсіз ризықтандырасың!» |
27 |
Сенушілер, сенушілердің орнына жабылғандарды жебеуші қылып алмасын. Кім бұны істесе, сода Алламен еш нәрседе байланысы жоқ, ал егер де олардан сақтансаңдар, ол басқа. Алла сендерді Өзінен алдын-ала сақтандырады. Аллаға қайтасыңдар! |
28 |
«Көкіректеріңдегіні жасырсаңдар да, немесе оны жария етсеңдер де, Алла соны біледі! Ол аспандардағы мен жердегі нәрселерді біледі. Алла әр нәрсеге Құдіретті!» – деп айт. |
29 |
Сол Күні, әрбір тұлғаға істеген жақсы амалдары мен жаман амалдары алдына келеді, сол кезде ол өзі мен жаман амалдарының арасында ұзақ қашықтық болуын қалайды. Алла сендерді Өзінен алдын-ала сақтандырады! Алла қызметшілеріне Есіркеуші! |
30 |
«Алланы сүйсеңдер, маған еріңдер, сонда Алла сендерді де сүйеді және айыптарыңды кешіреді! Алла – Кешіруші, Рақымды!» – деп айт. |
31 |
«Алла мен елшіге бағыныңдар» – деп айт. Ал егер де олар теріс бұрылса, онда расында, Алла жабылғандарды сүймейді! |
32 |
Расында, Алла әлем халықтарынан Адамды, Нұхты, Ибраһимнің жақындарын және Ғимранның жақындарын таңдады! |
33 |
Олардың бірі басқаларының ұрпағы болды. Алла – Естуші, Білуші! |
34 |
Ғимранның әйелі: «Ием! Құрсағымдағыны Саған ғана арнаймын деп серт бердім. Менен қабыл ет, Сен – Естуші, Білушісің ғой!» – деп айтты. |
35 |
Туғаннан кейін ол: «Ием! Расында, мен қыз тудым!» – деп айтты. |
36 |
Сосын Иесі оны жақсы қабылдаумен қабылдап, жақсы өсірумен өсірді және оны Зәкәрияға тапсырды. Зәкәрия оны көру үшін ғибадатханаға кірген сайын, оның қасында азық табатын. Ол (Зәкәрия): «О Мәриям! Бұл саған қайдан келді?» – деп сұрағанда, ол (Мәриям): «Алладан! Расында, Алла қалағанын есепсіз ризықтандырады!» – деп жауап беретін. |
37 |
Сол жерде Зәкәрия Иесіне: «Ием! Маған Өзің тарапынан салауатты ұрпақ бер. Расында, Сен – үндеуді Естушісің!» – деп үндеді. |
38 |
Сосын оған, ол ғибадатханада тұрып, сиынғанда басқарушылар: «Расында, Алла сені мырза, ұстамды, түзелтушілер арасынандағы хабарландырушы және Алла Сөзімен растаушы Яхиямен қуантуда!» – деп дауыстады. |
39 |
Ол: «Ием! Қалайша менде ұл болмақ, менің жасым келді, ал әйелім болса бедеу?» – деп сұрағанда, оған: «Осылайша Алла қалағанын істейді» – деген жауап берілді. |
40 |
Ол: «Ием! Маған бір белгі орнат!» – дегенде, оған: «Сенің үш күн бойы адамдармен тек ыммен сөйлесетінің белгі болады! Иеңді көп еске ал және кеш пен таңда мадақта!» – деген жауап берілді. |
41 |
Сонда басқарушылар былай деді: «О Мәриям! Расында, Алла сені таңдап, тазартты. Сені әлем халықтарының әйелдерінен таңдады! |
42 |
О Мәриям! Иеңе бағын! Сәждеге жығыл және тізеде тұрушылармен бірге тізеде тұр!» |
43 |
Бұл ғайып хабарлардан. Біз оны саған уахи еттік. Олар, араларынан қайсысы Мәриямға қамқор болатынын шешу үшін таяқтарын берген кезде олардың қасында болған емессің. Олар дауласқан кезде олардың қасында болған емессің. |
44 |
Сонда басқарушылар былай деді: «О Мәриям! Расында, Алла сені Өзінің Сөзімен қуантады. Оның есімі – Мәриям ұлы майланған Иса. Ол бұл өмірде атақты болады, ал Ақырғы Өмірде жақындатылғандардан болады |
45 |
Ол бесікте болған кезінде де, ересек болған кезінде де адамдармен сөйлесетін болады. Және ол түзелтушілерден болады» |
46 |
Ол: «Ием! Маған адам тиіспесе, менде қалайша бала болады?!» – деп сұрағанда, оған келесідей жауап берілді: «Осылайша Алла қалағанын жаратады! Іс шешілсе, Ол оған: «Бол!» – дейді, сонда ол бола қалады. |
47 |
Ол оған Кітап, даналық, Тәурат, Інжілді үйретеді |
48 |
де Исраилдің балаларына хабармен жібереді: «Мен сендерге Иелеріңнің белгісімен келдім! Мен, Алланың рұқсатымен, сендерге саздан құстың бейнесін жасап, оған үрлеймін, сонан соң ол құсқа айналады! Мен, Алланың рұқсатымен, соқыр, алапесті сауықтырамын әрі өліні тірілтемін! Үйлеріңде не жейтіндеріңді және не жинайтындарыңды өздеріңе хабарлаймын! Расында, бұда сендерге белгі бар, сенуші болсаңдар! |
49 |
Өздеріңе тыйым салынғанның бір бөлігін сендерге рұқсат ету үшін өзімнен бұрын болған Тәуратта бар нәрселерді растаймын! |
50 |
Расында, Алла менің де Ием, сендердің де Иелерің! Оған қызмет етіңдер, бұл – түзу жол!» |
51 |
Иса олардан жабықтықты сезген кезде: «Алла алдында менің көмекшілерім кім?» – деп сұрады. Ізбасарлар келесідеу жауап берді: «Алла алдында көмекшілер бізбіз! Біз Аллаға сенім келтірдік, бойұсынушы екенімізге куә бол! |
52 |
Иеміз! Біз Сен түсіргенге сенім келтірдік! Біз елшінің артынан ердік, бізді куәгерлермен бірге жаза гөр!» |
53 |
Олар айла жасады, және Алла да айла жасады, Алла айла жасаушылардың ең жақсысы! |
54 |
Сонда Алла былай деді: «О Иса! Мен сені тыныштандырамын, Өзіме көтеремін және жабылғандардан тазартамын! Қиямет Күнінде саған ергендерді жабылғандардан жоғары қыламын! Сонан соң Маған қайтасыңдар, және Мен араларыңда болған келіспеушілікке қатысты үкім беремін! |
55 |
Жабылғандарға келер болсақ, онда Мен оларды бергі өмірде де, және Ақырғы өмірде де қатты азаппен азаптаймын! Олар үшін көмекші жоқ! |
56 |
Сенім келтіріп, түзелту амалдарын істегендерге келер болсақ, онда оларға сыйлары толық беріледі! Расында, Алла зұлымдарды сүймейді!» |
57 |
Осыны Біз саған белгілерден және ашық Ескертуден оқудамыз. |
58 |
Расында, Исаның мысалы Алла алдында Адамның мысалы сияқты. Ол оны тозаңнан жаратты, сосын оған: «Бол!» – дегенде, ол бола қалды. |
59 |
Ақиқат – Иеңнің тарапынан! Күмәнданушылардан ешқашан болма! |
60 |
Өзіңе білім келгеннен кейін кімде-кім сенімен дауласса, онда: «Келіңдер, біздің балаларымызды және сендердің балаларыңды, біздің әйелдерімізді және сендердің әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырайық, сосын: «Алланың лағынетін өтірікшілерге тисін!» – деп қарғыстайық» – деп айт. |
61 |
Расында, бұл – шын әңгіме! Тәңірі тек қана Алла! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
62 |
Ал егер олар теріс бұрылса, расында, Алла бүлдіргіштерді Білуші! |
63 |
«О Кітап иелері! Біздің Алладан басқа ешкімге қызмет етпеуіміз, Оған ешкімді серік ретінде қоспауымыз әрі арамыздан біреуіміз басқаларымызды Алламен қатар ие қылып алмауымыз үшін біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер!» – деп айт. Олар теріс айналса: «Біз бойұсынушы екенімізге куәлік беріңдер!» – деп айт. |
64 |
О Кітап иелері! Неліктен сендер Ибраһим жайында дауласасыңдар? Тәурат пен Інжіл одан кейін ғана түсті ғой. Ақылға келмейсіңдер ме? |
65 |
Міне сендер өздерің білетін нәрсе жайында дауластыңдар, ал енді неге сендер өздерің білмейтін нәрсе жайында дауласасыңдар? Расында, Алла біледі, ал сендер білмейсіңдер! |
66 |
Ибраһим яһуди де, мәсіхші де болған емес, ол иілуші, бойұсынушы болған және ол Аллаға серік қосушылардан болмаған! |
67 |
Расында, Ибраһимге ең жақын адамдар, бұл – оның артынан ергендер, осы елші және сенім келтіргендер. Расында, Алла – сенушілердің Жебеушісі! |
68 |
Кітап иелерінің бір қатары сендерді жаңылдыруды қалады, бірақ олар тек өздерін жаңылдырды, бірақ олар бұны сезбейді. |
69 |
О Кітап иелері! Неліктен сендер Алла белгілерінің куәгерлері бола тұра, олардан жабыласыңдар? |
70 |
О Кітап иелері! Неліктен сендер, біле тұра, ақиқатты бос нәрсеге жамылдырып, ақиқатты жасырасыңдар? |
71 |
Кітап иелерінің бір қатары былай деген: «Сенім келтіргендерге түсірілген нәрсеге күндіздің басында сенім келтіріңдер, ал күндіздің соңында одан жабылыңдар, мүмкін, олар қайта оралатын шығар. |
72 |
Сендердің міндеттеріңе еретін кісіге ғана сенім келтіріңдер!», «Расында, нағыз Нұсқау – Алланың Нұсқауы! Бір кісіге берілген нәрсе сендерге берілген тәрізді!» – деген жауап бер, немесе олар сендермен Иелеріңнің алдында дауласады ма? Айт: «Расында, артықшылық Алла «қолында»! Ол оны қалағанына береді! Алла – Қамтушы, Білуші! |
73 |
Ол қалағанын мейіріміне ерекше бөлейді! Алла – зор артықшылықтың Иесі». |
74 |
Кітап иелерінің арасында жиналған мүлікті аманат етсең, оны саған қайтарып беретіндері бар, бірақ олардың арасында бір тиын аманат етсең, олардың үстінен ұдайы тұрмайынша оны саған қайтарып бермейтіндері бар. Бұл олардың: «Тәжірбиесіздер үшін бізге қарсы ешқандай жол жоқ» – дейтіндері үшін. Олар біле тұра Алла жайында өтірік айтады. |
75 |
Әрине, кімде-кім өз міндеттемесін орындаса, сол сақ болушы. Расында, Алла сақ болушыларды сүйеді! |
76 |
Расында, Алла алдындағы міндеттемелерін және анттарын болмашы құнға сататындардың Ақырғы Өмірде сыбағасы жоқ! Алла Қиямет Күні олармен сөйлеспейді, оларға назар аудармайды және оларды ақтамайды! Оларға ауыр азап болады! |
77 |
Расында, олардың арасында өз тілдерімен Кітапты бұрмалайтындары бар, сендер бұны Кітап деп санауларың үшін, бірақ ол Кітап емес. Олар: «Бұл – Алладан, ал бұл – Алладан емес» – дейді, олар біле тұра Алла жайында өтірік айтады! |
78 |
Алла адамға Кітап, үкім әрі хабарландырушылық берген соң, ол басқа адамдарға: «Алланың емес, менің қызметшілерім болыңдар», – деп айтқаны болған емес, алайда [ол]: «Кітапты үйреткендерің әрі зерттегендерің үшін тәрбиелеуші болыңдар!» [– деп айтатын]. |
79 |
Ол сендерге басқарушылар мен хабарландырушыларды ие тұтыңдар деп әмір етпейді! Бойұсынушы болғандарыңнан кейін Ол сендерге жабықтықты әмір ете ме? |
80 |
Алла хабарландырушылардан: «Кітап пен даналықтан сендерге беретінім осы. Сонан соң сендерге сендердегіні растайтын елші келеді. Сендер оған міндетті түрде сенім артып, көмектесесіңдер», – деп келісімшарт алғаннан кейін: «Бұны мойындап, міндеттемемді өздеріңе аласыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Біз мойындаймыз!» – деп жауап берді. Ол былай деді: «Куә болыңдар, Мен де сендермен бірге куә боламын! |
81 |
Кім осыдан кейін теріс айналса, сондайлар – шегінушілер!» |
82 |
Олар Алланың алдындағы міндетке емес, өзге міндетке ұмтыла ма? Оған ерікті түрде және еріксіз түрде аспандағылар мен жердегілер бой ұсынды. Оған қайтасыңдар. |
83 |
«Біз Аллаға, бізге түсірілгенге, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб және буындарға түсірілгенге, Мұса, Иса және хабарландырушыларға Иелері тарапынан берілгенге сенім келтірдік! Біз олардың арасын айырмаймыз. Біз Оған бойұсынушымыз!» – деп айт. |
84 |
Кім бойұсыну міндетіне емес, өзге міндетке ұмтылса, онда одан қабылданбайды әрі ол Ақырғы Өмірде қасіретке ұшыраушылардан болады! |
85 |
Сенім келтіріп, елші хақ екеніне куә болғаннан кейін жабылған халықты Алла қалайша бағыттайды?! Оларға айқын дәлелдер келді. Расында, Алла зұлым халықты бағыттамайды! |
86 |
Сондайларға жаза ретінде Алланың, басқарушылардың және барлық адамдардың лағынеті болады! |
87 |
Олар оның ішінде қалады, ал азаптары оларға жеңілдетілмейді және оларға мұрса берілмейді, |
88 |
бірақ тәубе етіп, сонан соң түзелгендердің жөні бөлек! Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
89 |
Расында, сенім келтіргеннен кейін жабылып, сосын жабықтықтары арттырылғандардың тәубелері қабылданбайды, сондайлар – жаңылғандар! |
90 |
Расында, жабылғандар және жабылған күйде өлгенер алтынға толы жерге ие болып, соны өздерін босату үшін құн ретінде төлегісі келсе де, олардың ешқайсысынан ол қабылданбайтын болады! Олар үшін ауыр азап және оларға жәрдемшілер жоқ! |
91 |
Сүйетін нәрселеріңді жұмсамайынша сендер игі болуға жете алмайсыңдар! Нені жұмсасаңдар да, Алла бұны Білуші! |
92 |
Тәурат түсірілгенге дейін Исраил өз-өзіне тыйым салғаннан басқа барлық тағам Исраил балаларына рұқсат болған еді. Былай де: «Енді Тәуратты әкеліп оқыңдар, егер шыншыл болсаңдар! |
93 |
Бұдан кейін кімде-кім Алла жөнінде өтірік ойлап шығарса, сондайлар – залымдар!» |
94 |
«Алланың шындығы! Иілген Ибраһимнің қауымына еріңдер! Ол серік қосушылардан болған жоқ!» – деп айт. |
95 |
Расында, адамдар үшін ең алғаш салынған үй – Беккедегі үй. Ол берекелі және әлем халықтары үшін Нұсқау! |
96 |
Сол жерде адамдар үшін Ибраһим орнының айқын дәлелдері бар. Кімде-кім соның ішіне кірсе, сол қауіпсіздікте болады. Оған жол жүруге шамасы бар адамдар үшін үйге қажылық ету Алла алдындағы міндет. Кім жабық болса, онда, расында Алла әлем халықтарына мұқтаж емес. |
97 |
«О Кітап иелері! Неліктен сендер Алланың белгілерінен жабыласыңдар? Алла амалдарыңа Куәгер ғой!» – деп айт. |
98 |
О Кітап иелері! Неліктен сендер, куә бола тұра, Алла жолын қисайтуға ұмтылып, одан сенім келтіргендерді бездіресіңдер? Расында, Алла амалдарыңнан ғапыл емес!» – деп айт. |
99 |
О сенім келтіргендер! Егер де Кітап берілгендердің бір тобының тілін алсаңдар, онда олар сендерді сенімдеріңнен кейін жабылушылыққа қайтарады! |
100 |
Өздеріңе Алланың белгілері оқылып тұрған кезде әрі араларыңда елші тұрған кезде, сендер қалайша жабыласыңдар? Кім Алладан ұстанса, сол түзу жолға бағытталған! |
101 |
О сенім келтіргендер! Алладан шынайы сақсынумен сақсыныңдар да бойұсынушы болған күйде ғана өліңдер! |
102 |
Барлықтарың Алланың жібінен мықтап ұстаныңдар да бөліңбеңдер! Алланың сендерге берген жарылқауын еске алыңдар – сендер қарсылас болғандарың кезде, Ол жүректеріңді жарастырды ғой! Оның жарылқауы арқылы сендер бауырлас болып кеттіңдер! Сендер отты ордың шетінде едіңдер, ал Ол болса сендерді одан құтқарды! Осылайша Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, бағытталарсыңдар! |
103 |
Араларыңда жақсылыққа шақыратын, мақұлданғанды әмір етететін, жағымсыздан тыятын бір басшылық болсын. Сондайлар – жетістікке жетушілер! |
104 |
Өздеріне айқын дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, келіспеушілікке түскендер сияқты болмаңдар. Сондайлар үшін – зор азап! |
105 |
Сол Күні бір жүздер ағарады, ал басқа жүздер қараяды. Жүздері қараятындарға келер болсақ, онда оларға: «Сендер сенімдеріңнен кейін жабылдыңдар ма? Ендеше жабылған болғандарың үшін азапты татыңдар!» – делінеді. |
106 |
Жүздері ағаратындарға келер болсақ, онда олар Алланың мейірімінде, олар онда қалады! |
107 |
Алланың белгілері сондай. Біз оларды саған ақиқатпен оқимыз. Расында, Алла әлем халықтарына зұлымдық қаламайды! |
108 |
Аллаға аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі! Істер Аллаға қайтарылады! |
109 |
Сендер адамдар үшін шығарылған ең жақсы басшылық едіңдер. Сендер мақұлданғанды әмір етіп, жағымсыздан тыйып, Аллаға сенетінсіңдер. Егер Кітап иелері сенім келтірсе, бұл өздері үшін жақсы болатын еді. Олардың арасында сенушілер бар, бірақ олардың көбісі шегінушілер. |
110 |
Олар сендерге ренжітуден басқа зиян келтіре алмайды. Егер олар сендермен шайқасса, онда олар сендерден теріс бұрылып, шегінеді, сосын оларға жәрдем етілмейді! |
111 |
Өздері қай жерде болса да, олар қорлыққа ұрынған, бірақ Алламен және адамдармен байланыстырушы жіп бар болса, ол басқа! Олар Алланың наразылығына ұшырап және жарлылыққа ұрынып қайтып бара жатыр! Бұл олардың Алла белгілерінен жабылғандары және хабарландырушыларды құқықсыз өлтіргендері үшін! Бұл олардың бағынбағандары және шектен асушы болғандары үшін! |
112 |
Олар бірдей емес. Кітап иелерінің арасында табанды басшылық бар. Олар Алланың белгілерін түннің уақытында оқиды және олар – сәжде етушілер! |
113 |
Олар Аллаға және Ақырғы Күнге сенім келтіреді, мақұлданғанды әмір етеді, жағымсыздан тыяды және жақсылық етуге асық. Сондайлар – түзелтушілерден. |
114 |
Олар қандай да бір жақсылық істесе, ол Одан жасырын болмайды. Алла сақ болушыларды Білуші! |
115 |
Расында, жабылғандарға өз мүліктерінен де, балаларынан да Алла алдында пайда болмайды! Олар отқа қосылып, сол жерде қалады! |
116 |
Олардың бергі өмірде жұмсайтын нәрселерінің мысалы суық желдің мысалы тәрізді. Ол өздеріне зұлымдық танытқан адамдардың егініне тиіп, оны құртты. Алла оларға зұлымдық танытқан жоқ, бірақ олар өздеріне зұлымдық танытты! |
117 |
О сенім келтіргендер! Айналаларыңа өздеріңнен басқаларды алмаңдар. Олар сендерге кедергі жасаудың мүмкіндігін жібермейді және бәлеге ұрынғандарыңды қалайды. Олардың ауыздарынан жеккөрушілік көрінді, ал көкіректерінде жасыратындары одан да үлкен. Біз сендерге белгілерімізді түсіндірдік, егер ақылды болсаңдар! |
118 |
Сендер осыларды сүйесіңдер, ал олар болса сендерді сүймейді. Сендер Кітапқа толығымен сенесіңдер. Олар сендерді кездестірген кезде: «Біз сенім келтірдік!» – дейді, ал оңаша қалғанда сендерге деген ашулары үшін саусақтарының ұштарын тістейді. «Ашуларыңнан өліңдер! Расында, Алла көкіректегіні Білуші!» – деп айт. |
119 |
Егер сендерге жақсылық тисе, бұл оларды күйіндіреді, ал егер сендер жамандыққа ұшырасаңдар, олар соған қуанады. Сабырлы және сақ болсаңдар, олардың қастықтары сендерге еш зиянын тигізбейді. Расында, Алла олардың істеген нәрселерін Қамтушы! |
120 |
Сенушілерді шайқас үшін орындарына орналастыруың үшін сен таң ертең отбасыңнан шыққан едің. Алла – Естуші, Білуші! |
121 |
Сонда сендерден екі топ жолымыз болмайды деп алаңдады, бірақ ол екі топтың Жебеушісі Алла! Сенушілер Аллаға тәуекел етсін! |
122 |
Сендер қорланған кездеріңде Ол сендерге Бәдірде жәрдемдесті ғой. Ендеше Алладан сақсыныңдар, мүмкін, алғысты боларсыңдар! |
123 |
Сонда сен сенушілерге: «Иелерің сендерді үш мың басқарушымен қолдағаны сендерге жеткіліксіз бе?!» – деген едің. |
124 |
Әрине, егер сендер сабыр етсеңдер және сақ болсаңдар, онда олар сендерге дереу келеді. Бұл Иелеріңнің сендерді белгілеулі бес мың басқарушымен қолдауы. |
125 |
Алла оларды сендер үшін қуанышты хабар ғана қылды, жүректерің міндетті түрде тынштану үшін! Жәрдем тек әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана Алладан ғана! |
126 |
Жабылғандардың бір тарабын шауып тастау үшін, немесе оларды талқандатып, түңілткізіп қайтару үшін. |
127 |
Бұл істе саған ешнәрсе жоқ. Немесе Ол олардың тәубесін қабыл етеді, немесе Ол оларды азаптайды, расында олар залымдар! |
128 |
Аллаға аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі! Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды! Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
129 |
О сенім келтіргендер! Көп еселенген өсімнен жемеңдер де Алладан сақсыныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! |
130 |
Жабылғандарға әзірленген оттан сақтаныңдар! |
131 |
Аллаға және елшіге бағыныңдар, мүмкін мейірімге бөленерсіңдер! |
132 |
Иелеріңнің кешіріміне және кеңдігі аспандар мен жердей баққа асығыңдар, ол сақ болушылар үшін әзірленген, |
133 |
олар қуанышта да, қайғыда да шығындайды, ашуларын басады, адамдарды кешеді! Алла жақсылық істеушілерді сүйеді! |
134 |
Шектен шығушылық істесе немесе өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, айыптары үшін кешірім сұрайды – айыптарды Алладан басқа кім кешіреді? – істеген істерінде біле тұра қасарыспайды. |
135 |
Сондайларға сый ретінде Иелерінің кешірімі мен төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтар болады! Олар сол жерде қалады! Істеушілердің сыйы қандай тамаша! |
136 |
Сендерден бұрын да заңдар өткен! Жер жүзін кезіп, өтірік санаушылардың нәтижесі қандай болғанына назар аударыңдар! |
137 |
Бұл адамдар үшін түсіндірме, сақ болушылар үшін Нұсқау және үгіт! |
138 |
Босаңсымаңдар және қайғырмаңдар, сендер жоғарысыңдар, егер сенуші болсаңдар! |
139 |
Сендерге жарақат тисе, сол халыққа да сондай жарақат тиді! Сенім келтіргендерді айырып білуіміз және сендерден куәгерлерді алу үшін осы күндерді Біз адамдардың арасында кезегімен ауыстырамыз. Алла залымдарды сүймейді! |
140 |
Сенушілерді тазарту үшін және жабылғандарды қирату үшін! |
141 |
Немесе сендер Алла араларыңнан ынталанушыларды айырып білмейінше және сабырлыларды айырып білмейінше баққа кіресіңдер деп есептейсіңдер ме? |
142 |
Өліммен кездесуден бұрын сендер оны тілеген едіңдер. Енді оны көргенде сендер қарап тұрдыңдар. |
143 |
Мухаммад елші ғана. Одан бұрын да елшілер өткен. Ол өлсе немесе өлтірілсе сендер кері бұрыласыңдар ма? Кім кері бұрылса, сол Аллаға еш зиян келтірмейді. Алла алғыстыларды жақын арада сыйға бөлейді! |
144 |
Әр тұлға ұйғарылған мерзімде Алла рұқсатымен ғана өледі. Кім бергі өмірдің сыйын қаласа, онда оған одан береміз. Ал кім Ақырғы Өмірдің сыйын қаласа, онда оған одан береміз. Алғыстыларды жақын арада сыйға бөлейміз! |
145 |
Қаншама хабарландырушы көптеген құдайшыл адамдармен бірге бірлесіп шайқасқан еді! Олар Алла жолында бастарына келген бәлелерге босаңсымады, олар әлсіремеді және бағынбады! Алла сабырлыларды сүйеді! |
146 |
Олар тек: «Иеміз! Біздің айыптарымызды әрі ісіміздегі ысыраптарымызды кешір, табандарымызды бекіт және бізге жабылған халыққа қарсы жәрдем бер!» – дейтін. |
147 |
Алла оларға бергі өмірде сый берді және Ақырғы Өмірде керемет сый берді. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді! |
148 |
О сенім келтіргендер! Егер сендер жабылғандарға бағынсаңдар, онда олар сендерді артқа шегіндіреді, сосын сендер қасіретке ұшыраушыларға айналасыңдар! |
149 |
Бірақ Жебеушілерің Алла! Ол ең жақсы Жәрдемші! |
150 |
Біз жабылғандардың жүректеріне қорқу тастаймыз, Алла олар жайында ешбір бұйрық түсірмеген нәрселерді Оған серік ретінде қосқандары үшін! Баспаналары от болады! Залымдардың тұрағы нендей жаман! |
151 |
Алла уәдесін растады, сонда сендер Оның рұқсатымен оларды жойдыңдар, еңселерің түсіп, әмір жайында дауласпағандарыңша. Ол сендерге сүйетін нәрселеріңді көрсеткеннен кейін сендер қарсы келдіңдер. Араларыңда бергі өмірді қалайтындары бар және араларыңда Ақырғы Өмірді қалайтындары бар. Сосын Ол сендерді сынау үшін беттеріңді олардан қайтарды. Сендерді кештік қой! Алла – сенушілер үшін артықшылық Иесі! |
152 |
Сонда сендер ешкімге қарамай үсті жаққа көтерілідіңдер, ал елші болса сендерді арттарыңда тұрып шақырды, сосын Ол сендерге мұң үстіне мұң берді. Бұл сендердің қолдарыңнан кеткенге де, бастарыңа келген бәлеге де қайғыланбауларың үшін. Алла істейтін нәрселеріңнен Хабардар! |
153 |
Сосын Ол сендерге мұңнан кейін алаңсыз ұйқы түсірді, сендердің бір бөлігің сол ұйқыға батты, ал басқа бір бөлігі өзі үшін алаңдады. Олар Алла жөнінде ақиқат емес надандық ой ойлады. Олар: «Бұл істе бізге тиесілі бір нәрсе бар ма?» – деді. «Расында, бүкіл іс Аллаға тиесілі!» – деп айт. Олар іштерінде жасырған нәрселерін саған көрсетпейді. Олар: «Егер де бізге бұл істе бір нәрсе тиесілі болса, онда біз бұл жерде өлтірілмес едік!» – дейді. «Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да өлтірілуі ұйғарылғандар тынышталу жерлеріне міндетті түрде барар еді! Бұл – Алла көкіректегілеріңді сынау үшін әрі жүректеріңдегіні анықтау үшін!» – деп жауап бер. Расында, Алла көкіректегіні Білуші! |
154 |
Расында, екі топ кездескен күні, араларыңнан теріс айналған бөлікті тыңдамаушы тапқандары үшін сүріндірді. Алла оларды кешті, Алла – Кешіруші, Жұмсақ қой! |
155 |
О сенім келтіргендер! Жер кезіп жүрген немесе жорыққа шыққан бауырлары жайында: «Егер олар біздің қасымызда болғанда, олар өлмес еді және өлтірілмес еді!» – деп айтқан жабылғандар сияқты болмаңдар. Алла бұны жүректеріне орнатты, ол қасірет болуы үшін. Алла тірілтеді әрі өлтіреді. Алла амалдарыңды Көруші! |
156 |
Егер сендер Алла жолында өлтірілсеңдер немесе өлсеңдер, онда расында Алланың кешірімі мен Оның мейірімі олардың жиғандарынан жақсы. |
157 |
Егер сендер өлсеңдер немесе өлтірілсеңдер, онда расында Алла алдында жиналасыңдар. |
158 |
Алланың мейірімі бойынша сен оларға жұмсақтық таныттың. Егер сен дөрекі, қатал жүректі болсаң, олар маңыңнан таралып кететін еді. Оларды кешір, олар үшін кешірім сұра және олармен іс жөнінде кеңес. Ал егер шешім қабылдасаң, онда Аллаға тәуекел ет, расында, Алла тәуекел етушілерді сүйеді! |
159 |
Егер Алла сендерге көмектессе, онда сендерді ешкім жеңбейді, ал Ол сендерді көмексіз қалдырса, онда Одан кейін сендерге кім көмектеседі? Сенушілер Аллаға тәуекел етсін! |
160 |
Ашуға булыққан хабарландырушы болған емес. Кімде-кім ашуға булықса, сол ашумен Қиямет Күні келеді, сосын әр тұлғаға тапқан нәрсесі толығымен беріледі. Оларға зұлымдық қылынбайды! |
161 |
Алла разылығына ерген біреу Алланың наразылығына ұшырататын күйге қайтқан біреу тәрізді ме? Оның баспанасы тозақ, ол нендей жаман нәтиже! |
162 |
Олардың дәрежесі Алла алдында әр түрлі. Алла олардың істерін Көруші! |
163 |
Алла сенушілерге Оның белгілерін оқитын, оларды ақтайтын және оларды Кітап пен даналыққа үйрететін елшіні өздерінен жібергенімен оларға рақымшылық танытты. Расында, бұрын олар айқын адасушылықта еді ғой! |
164 |
Сендер ұшыраған бақытсыздық сендер ұшыратқан бақытсыздықтың жартысы, сонда сендер: «Бұл қайдан?» – деп сұрадыңдар. «Бұл өздеріңнен. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті» – деп айт. |
165 |
Екі топ кездескен Күні сендердің басына келген бәле Алланың рұқсатымен болды, Ол сенушілерді айырып білуі үшін |
166 |
және де сатылғыштарды айырып білуі үшін. Оларға: «Келіңдер, Алла жолында шайқасыңдар немесе қорғаныңдар!» – делінгенде, олар: «Біз шайқасу білсек, біз міндетті түрде сендерге еретін едік!» – дейді. Сол күні олар сенімнен гөрі жабықтыққа жақынырақ болды. Олар ауыздарыменен жүректерінде жоқ нәрсені айтады, бірақ Алла олардың не жасыратынын жақсы біледі! |
167 |
Өздері отырып алып, бауырлары жайында: «Егер олар бізді тыңдағанда өлтірілмес еді!» – дейтіндерге: «Өздеріңнен өлімді шеттетіңдер, егер шыншыл болсаңдар!» – де. |
168 |
Алла жолында өлтірілгендерді өлік демеңдер! Керісінше, олар тірі! Олар Иелерінің тұсында ризаққа бөленуде! |
169 |
Олар, Алла өздеріне Өз артықшылығынан берген нәрселеріне шаттануда! Олар өздеріне әзірше қосылмай, арттарында қалғандар үшін оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды деп қуануда. |
170 |
Олар Алланың жарылқауы мен артықшылығына қуануда! Расында, сенушілердің сыйын жоғалтпайды! |
171 |
Олар өздеріне жарақат тигеннен кейін де Алла мен елшіге жауап бергендер. Олардың арасынан жақсылық істейтіндерге және сақ болғандарға зор сый болады! |
172 |
Оларға адамдар: «Расында, адамдар сендерге қарсы жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар!» – дегенде, бұл олардың сенімдерін арттыратын және олар: «Алла бізге жеткілікті! Ол қандай жақсы Қорғаушы!» – деп жауап беретін. |
173 |
Сосын олар Алланың жарылқауымен және артықшылығымен оралды. Оларға жамандық тиген жоқ және олар Алланың разылығына ерді. Алла зор артықшылық Иесі! |
174 |
Расында, бұл тыңдамаушы сендерді өзінің жақындарымен қорқытуда. Бірақ олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, еге сенуші болсаңдар! |
175 |
Жабықтыққа асыққандар үшін қайғырма, расында олар Аллаға еш зиян келтірмейді. Алла олар үшін Ақырғы Өмірде сыбаға орнатуды қаламайды, олар үшін зор азап болады! |
176 |
Расында, сенімнің орнына жабықтыққа иеленгендер Аллаға еш зиян келтірмейді, олар үшін ауыр азап болады! |
177 |
Жабылғандар Біз өздеріне берген ұзақ өмір жақсылыққа деп санамасын. Ұзақ өмірді Біз оларға күнәларын арттырулары үшін береміз! Расында, олар үшін қорлайтын азап болады! |
178 |
Алла нашарды салауаттыдан айырмайынша сенушілерді сендердің күйінде қалдыратындай емес. Алла сендерді ғайыппен таныстыратындай емес, алайда Алла Өз елшілерінен қалағанын таңдайды. Аллаға және Оның елшілеріне сенім келтіріңдер. Сенім келтіріп, сақ болсаңдар, онда сендер үшін – зор сый болады! |
179 |
Алла артықшылығынан өздеріне берген нәрселеріне сараңдық қылатындар бұл қылықтары өздері үшін жақсы деп санамасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман. Қиямет Күні сараңдық қылған нәрселері оларды қоршап алады! Аспандар мен жердің мирасы Аллаға тиесілі. Алла амалдарыңнан Хабардар! |
180 |
Алла: «Алла кедей, ал біз баймыз!» – дегендердің сөзін естіді. Біз олардың айтқан сөздерін және хабарландырушыларды құқықсыз өлтіргендерін жазып қоямыз. Біз былай дейміз: «Күйдіретін азапты татыңдар! |
181 |
Бұл қолдарың істеген нәрселерің үшін!» Расында, Алла қызметшілеріне зұлымдық қылмайды! |
182 |
«Алла бізден: «Елші сендерге от жеп кететін құрбандықты келтірмейінше, оған сенбеңдер» – деп міндеттеме алған» – дейтіндердің (де сөзін Алла естіген), оларға: «Сендерге менен бұрын да айқын дәлелдермен және сендер айтқан нәрселеріңмен елшілер келген еді, егер шыншыл болсаңдар, неліктен сендер оларды өлтірдіңдер?» – деп айт. |
183 |
Егер олар сені өтірікші деп санаса, онда айқын дәлелдермен, Жазбалармен және нұрлы Кітаптармен келген сенен алдынғы елшілер де өтірікші саналды ғой. |
184 |
Әр тұлға өлім татады. Расында, Қиямет Күні сендерге сыйларың толықтай беріледі. Кім оттан алшақтатылып, баққа кіргізілсе, сол табысқа жетті! Ал бергі өмір тек алдамшы нәрсе ғана! |
185 |
Сендер міндетті түрде мүліктеріңмен және өз-өздеріңменен сыналасыңдар. Сендерге дейін Кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан міндетті түрде көп жағымсыз сөз естисіңдер. Сабырлы әрі сақ болсаңдар, расында бұл – істе танытылған табандылық! |
186 |
Алла Кітап иелерінен: «Сендер Кітапты адамдарға түсіндіресіңдер әрі оны жасырмайсыңдар» – деп келісімшарт алғаннан едік, сосын олар оны арт жақтарына лақтырды да оны болмашы құнға сатты. Сатып алған нәрселері қандай жаман! |
187 |
Істеген нәрселеріне шаттанатындар және істемеген нәрселері үшін өздерін даңқтағанды сүйетіндер азаптан құтыламыз деп есептемесін! Сен де олай есептеме! Оларға ауыр азап болады! |
188 |
Аспанадр мен жердің билігі Аллаға тиесілі! Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
189 |
Расында, аспандар мен жердің жаратылуында және түн мен күндіңздің кезектесуінде – иелері үшін белгілер бар, |
190 |
олар тұрып та, отырып та, бүйірлерінде жатып та Алланы еске алады. Олар аспан мен жердің жаратылуы жайында толғанады: «Иеміз! Сен бұны бостан–босқа жаратпадың! Мадақ Саған! Бізді от азабынан қорға! |
191 |
Иеміз! Кімді сен отқа кіргізсең, соны сен масқараладың! Зұлымдарда жәрдемшілері жоқ! |
192 |
Иеміз! Расында, Біз: «Иелеріңе сенім келтіріңдер!» – деп, сенімге шақырған шақырушыны естіп, сенім келтірдік. Иеміз! Айыптарымызды кешіріп, жаман істерімізді жауып, бізді игілермен бірге тыныштандыр! |
193 |
Елшілерің арқылы бізге еткен нәрсеңді бер және Қиямет Күні бізді масқаралама, расында, Сен уәдеңді бұзбайсың! |
194 |
Олардың Иесі: «Мен бірде бір амал істеушілеріңнің амалын құртпаймын, не ер, не әйел болсын! Біреулерің басқаларыңнан шыққансыңдар. Мен қоныс аударғандардың, өз баспаналарынан қуылғандардың, Менің жолымда жапа шеккендердің, әрі соғысқандардың, әрі өлтірілгендердің жаман істерін міндетті түрде жабамын да өздерін төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтарға міндетті түрде кіргіземін, Алла тарапынан сый ретінде, ал Алланың сыйы болса керемет!» – деп жауап берді. |
195 |
Жабылғандардың елдегі құбылмалылығы сені алдандырмасын! |
196 |
Олар аз пайдаланады, сосын олардың баспанасы тозақ болады, бұл нендей жаман жатақ! |
197 |
Алайда Иелерінен сақсынғандарға төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтар болады! Олар сол жерде қалады! Алла тарапынан қонақ үй ретінде! Алла тұсындағы нәрселер игілер үшін жақсы! |
198 |
Расында, Кітап иелерінің арасында Аллаға, сендерге түсірілгенге және өздеріне түсірілгенге сенім келтіретіндері бар. Олар Алланы қастерлейді. Алла белгілерін болмашы құнға сатпайды. Бұларға Иелерінің алдында сыйлары болады! Расында, Алла есепте жылдам! |
199 |
О сенім келтіргендер, сабырлы болыңдар, шыдамдылық танытыңдар, төзімділік танытыңдар және Алладан сақсыныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! |
200 |