Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Әлиф. Ләм. Мим. |
1 |
Бұл Кітап, онда күмән жоқ – сақ болушылар үшін Нұсқау, |
2 |
ғайыпқа сенетін, сиынуды орындайтын және Біз өздеріне ризық еткен нәрселерден шығындайтын үшін, |
3 |
саған түсірілген мен сенен бұрын түсірілгенге сенетін және Ақырғы Өмірге иланатындар үшін. |
4 |
Олар Иелері тарапынан бағытталғандар! Олар жетістікке жетушілер! |
5 |
Расында, жабылғандарға бәрі бір, оларды алдын-ала ескерттің бе, әлде ескертпедің бе – олар сенбейді. |
6 |
Алла олардың жүректері мен құлақтарын мөрледі, ал көздерінде перде бар. Олар үшін зор азап! |
7 |
Адамдырдың арасында: «Аллаға әрі Ақырғы Күнге сенім келтірдік!» – дейтіндері бар, бірақ олар сенуші емес. |
8 |
Олар Алла мен сенім келтіргендерді алдамақ, бірақ олар тек өз-өздерін ғана алдап жүргендерін сезбейді. |
9 |
Жүректерінде ауру бар, Алла ауруларын арттырды. Оларға өтірікші болғандары үшін ауыр азап! |
10 |
Оларға: «Жер жүзінде бүдірмеңдер!» – делінген кезде, олар: «Расында, біз түзелтушіміз!» – деп жауап берді. |
11 |
Расында, өздері бүлдіруші емес пе?! Алайда, олар сезбейді. |
12 |
Оларға: «Адамдар сенім келтіргендей сенім келтіріңдер!» – делінген кезде, олар: «Біз ақымақтар сенім келтіргендей сенім келтірейік пе?» – деп жауап берді. Расында, өздері ақымақ емес пе?! Алайда, олар білмейді. |
13 |
Олар сенім келтіргендерді кездестірген кезде: «Біз сенім келтірдік!» – деді, ал тыңдамаушыларымен оңаша қалған кезде: «Расында, біз сендермен біргеміз. Расында, біз мазақ қылушымыз!» – деді. |
14 |
Алла өздерін мазақ қылып, озбырлықтарында қаңғыруларын ұзартады. |
15 |
Олар адасушылықты Нұсқауға сатып алды, бірақ саудалары пайда әкелмеді әрі олар бағытталушы болған жоқ. |
16 |
Олардың мысалы от жаққанның мысалы сияқты. Ол өз айналасын жарықтандырған кезде, Алла олардың нұрын тартып алды да оларды түнектерде көргісіз қалдырды. |
17 |
Керең, мылқау, соқырлар – олар кері қайтпайды. |
18 |
Немесе түнектер, күннің күркіреуі мен найзағай кезінде аспаннан құйған жаңбыр сияқты. Олар өлімнен қорқып, күн күркіреуінен құлақтарына саусақтарын тығады. Алла жабылғандарды қоршап алады. |
19 |
Найзағай олардың көру қабілеттерін тартып ала жаздайды. Ол оларға жарық берген кезде, олар сол жарықта жүреді. Ал оларды түнек басса – тұра қалады. Алла қалағанда, оларды есту мен көру қабілеттерінен айыратын еді. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
20 |
О адамдар! Сендерді әрі сендерге дейінгілерді жаратқан Иелеріңе қызмет етіңдер, |
21 |
сендер үшін жерді төсеніш түрде, ал аспанды конструкция түрде қылған (Иелеріңе), мүмкін, сақ боларсыңдар. Ол аспаннан су түсірді әрі ол арқылы сендерге азық болсын деп жемістерді шығарды. Біле тұра Алламен ешкімді теңестірмеңдер! |
22 |
Біз қызметшімізге түсірген нәрсемізге күмән келтірген болсаңдар, онда осы тәрізді бір «тарау» (сүре) әкеліңдер, әрі Алладан өзге куәгерлеріңді шақырыңдар, шыншыл болсаңдар. |
23 |
Егер де сендер бұны жасамасаңдар, ал сендер бұны жасай алмайсыңдар, онда жабылғандарға әзірленген оттан қорқыңдар, оның отыны адамдар мен тастар болады. |
24 |
Сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандарды оларға төменгі жақтарынан өзендер ағатын бақтар болады деп қуандыр. Оларға бақ жемістері берілген сайын, олар: «Бұл бізге бұрын да берілген!» – дейді. Бірақ оларға ұқсасы берілген. Олар үшін сол жерде таза жұбайылар болады, әрі олар сол жерде қалады! |
25 |
Расында, Алла масаны әрі одан үлкен жаратылысты мысалға келтіруге ұялмайды. Сенім келтіргендер болса, бұл – Иелерінен ақиқат екендігін біледі. Жабылғандар болса: «Алла осы мысалмен не көрсеткісі келді?» – деп сұрайды. Онымен Ол көпті адасушылыққа апарады, ал көпті онымен Ол бағыттайды, алайда онымен тек шегінушілер ғана адасады! |
26 |
Келісімшарт жасалғаннан кейін Алла алдындағы міндеттемелерін бұзатындар, Алла байланыстырыңдар деп әмір еткен нәрсені ажырататындар, жерде бүлінушілікті тарататындар, олар – қасіретке ұшыраушылар! |
27 |
Сендер Алладан қалайша жабыласыңдар? Сендер өлі болғансыңдар, сосын Ол сендерді тірілтті. Сосын Ол сендерді өлтіреді, сосын тірілтеді, сосын Оған ораласыңдар. |
28 |
Ол сендер үшін жердегі барлық нәрсені жаратты, сосын Ол аспанға көңіл бөліп, оны жеті аспан қылды! Ол әр нәрсені Білуші! |
29 |
Иең басқарушыларға: «Расында, Мен жерде наменгерді орнатамын!» – деп айтқан кезде, олар: «Жерді бүлдіретінді әрі оның үстінде қан төгетінді қоясың ба? Біз Сені даңқпен мадақтаймыз әрі Сені пәктейміз!» – деген жауап қайтарды. |
30 |
Ол Адамға барлық атауларды үйретті, сонан соң Ол оларды басқарушыларға ұсынып: «Шыншыл болсаңдар, олардың атаулары жайлы хабар беріңдер!» – деді. |
31 |
Олар: «Мадақ Саған, біз тек Сен бізге үйреткен нәрсені ғана білеміз. Расында, Сен – Білуші, Данасың!» – деген жауап берді. |
32 |
Ол: «О Адам! Олардың атаулары жайлы хабар бер!» – деді. Ол оларды атағаннан кейін, Ол: «Мен, расында, аспан мен жердің сырын білетіндігімді сендерге айтпап па едім?! Мен сендердің көрнеу істейтіндеріңді де, жасыратындарыңды да білемін!» – деп айтты. |
33 |
Біз басқарушыларға: «Адамның алдында сәждеге жығылыңдар!» – дегенімізде, олардың барлығы сәждеге жығылды, түңілгеннен (ібілістен) басқа. Ол қарсылық көрсетті, әрі тәкаппарланып, жабылғандардан болды. |
34 |
Біз: «О Адам! Жұбайыңмен бірге бақта орналас, оның молшылығынан қалаған жерлеріңде жеңдер, бірақ осы ағашқа жақындамаңдар, әйтпесе зұлым боласыңдар!» – деп айттық. |
35 |
Тыңдамаушы ол екеуін оған сүріндірді де оларды тұрып жатқан жерлерінен шығарып жіберді. Біз: «Кетіңдер. Біреулерің басқаларыңа қарсылассыңдар. Жер сендерге мекендеулерің әрі уақытша қолдануларың үшін!» – деп айттық. |
36 |
Адам өз Иесінің Сөздерін қабылдады, ал Ол оның тәубесін қабыл алды. Расында, Ол – Тәубені қабыл алушы, Рақымды! |
37 |
Біз былай дедік: «Бақтан барлықтарың кетіңдер. Сендерге Менің тарапымнан Нұсқау келген кезде, кімде-кім сол Нұсқауға ерсе, соларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды. |
38 |
Ал кім жабылып, белгілерімізді өтірік санаса, онда олар отқа қосылып, оның ішінде қалады! |
39 |
О Исраилдің балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар! Менің алдымдағы міндеттеріңді орындаңдар, Мен де сендердің алдыңдағы міндетімді орындаймын. Менен сақсыныңдар! |
40 |
Сендердегіні растау үшін түсірілгенге сенім келтіріңдер және одан «алғаш жабылғандардан» болмаңдар! Менің белгілеріммен болмашы құнды сатып алмаңдар! Менен сақсыныңдар! |
41 |
Оны біле тұра, ақиқатты бос нәрсеге жамылдырмаңдар әрі ақиқатты жасырмаңдар. |
42 |
Сиыну байланысына шығыңдар, ақтайтын шығын шығарыңдар және тізеде тұрушылармен бірге тізеге тұрыңдар. |
43 |
Сендер адамдарға игі болуды әмір етіп, өздерің жайлы ұмытасыңдар ма?! Сендер Кітап оқисыңдар ғой, ақылға келмейсіңдер ме? |
44 |
Жәрдемді сабырлық пен сиыну байланысы арқылы іздеңдер, расында, ол ауыр, бірақ қастерлеушілер үшін емес, |
45 |
Иемізбен кездесеміз әрі Оған ораламыз деп ойлайтындар үшін. |
46 |
О Исраилдің балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар! Расында, Мен сендерге әлем халықтарының алдында артықшылық бердім. |
47 |
Бір тұлға басқа тұлға үшін еш жазаланбайтын, одан шапағат қабылданбайтын, одан тең өтемі де алынбайтын және оларға жәрдем көрсетілмейтін Күннен сақсыныңдар! |
48 |
Сонда Біз сендерді перғауынның жақындарынан құтқардық. Олар ұлдарыңды бауздап, әйелдеріңді тірі қалдырып, сендерді жаман азаппен қинады. Бұда сендер үшін Иелерің тарапынан зор сынақ болды! |
49 |
Біз теңізді жарып, сендерді құтқардық та перғауынның жақындарын батырдық, ал сендер қарап тұрдыңдар. |
50 |
Біз Мұсаға мерзімі қырық түн кездесуді тағайындаған кезде, сонда, сосын одан кейін сендер залым болып, бұзауға қызмет ете бастадыңдар. |
51 |
Сосын, сонан кейін Біз сендерді кештік, мүмкін, алғысты боларсыңдар. |
52 |
Және сонда Біз Мұсаға Кітап пен ажырату бердік, мүмкін, бағытталарсыңдар. |
53 |
Міне Мұса өз халқына: «О халқым! Расында, сендер бұзауды тұтып, өздеріңе зұлымдық қылдыңдар. Ендеше Жаратушыларыңа тәубе етіңдер және біреулерің басқаларыңды өлтіріңдер, бұл Жаратушыларыңның алдында өздерің үшін жақсы, сонда Ол тәубелеріңді қабыл етеді. Расында, Ол – тәубе қабылдаушы, Рақымды» – деді. |
54 |
Кезінде сендер: «О Мұса! Алланы ашық көрмейінше саған сенбейміз!» – деген едіңдер, сонда қарап тұрғандарыңда, сендерді найзағай соқты. |
55 |
Сосын өлімдеріңнен кейін Біз сендерді тірілттік, мүмкін, алғысты боларсыңдар. |
56 |
Үстілеріңе бұлтты көлеңке еттік те сендерге мәнна мен бөдене түсірдік. Сендерге Өзіміз берген салауатты нәрселерден жеңдер. Олар Бізге зұлымдық қылған жоқ, олар өздеріне зұлымдық қылды! |
57 |
Біз: «Бұл елді мекенге кіріп, қалаған жерінен емін-еркін жеңдер. Қақпадан кіргенде сәждеге жығылып, жалбарыныңдар. Біз қателеріңді кешіреміз де жақсылық істеушілерге арттырамыз!» – дегенде, |
58 |
сонда өзіне зұлымдық қылғандар өзіне айтылған сөзді басқаға ауыстырды. Өзіне зұлымдық қылғандарға Біз шегінгендері үшін аспаннан сазай түсірдік. |
59 |
Кезінде Мұса өз халқы үшін жаңбыр жаууды сұрағанда, Біз: «Асаңмен тасты ұр!» – дедік. Сосын одан он екі бұлақ жарып шықты, ал барлық адамдар өз ішетін жерін білді. «Алланың ризқынан жеп, ішіңдер де жерде бүлінушілік таратушы болмаңдар!» |
60 |
Сендер: «О Мұса! Біз бір-ақ түрлі тағамға шыдамаймыз. Иеңнен сұра, Ол бізге жерде өсетін нәрселерді шығарсын: көкөністі, қиярды, сарымсақты, жасымықты және пиязды» – деп айтқан кездеріңде, ол: «Сендер жақсы нәрсені одан төмен нәрсеге ауыстырмақшысыңдар ма? Мысырға барыңдар. Расында, сол жерде сұрап тұрған нәрселерің бар!» – деген жауап берді. Олар қорлық пен жарлылыққа ұрынды. Олар қайтып оралып, Алланың наразылығына тап болды. Бұл олардың Оның белгілерінен жабылғандары, хабарландырушыларды құқықсыз өлтіргендері үшін. Бұл олардың қарсы шығып, қылмыскер болғандары үшін. |
61 |
Расында, (түсірілгенге) сенім келтіргендерден және яһуди, мәсіхші, сабилерден кімде-кім Аллаға және Ақырғы Күнге сенім келтіріп, түзелту амалын жасаса, онда оларға Иелерінің тұсында сыйлары болады, оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды! |
62 |
Кезінде Біз сендермен келісімшарт жасасып, тауды төбелеріңнен жоғары көтеріп: «Өздеріңе Біздің тарапымыздан берілгенді мықты ұстаңдар да ондағыны еске алыңдар, мүмкін, сақ боларсыңдар» (– дедік), |
63 |
сосын кейін сендер теріс бұрылдыңдар. Сонда сендерге Алланың артықшылығы мен Оның мейірімі болмаса, сендер қасіретке ұшыраушылардан болатын едіңдер. |
64 |
Сендер араларыңнан сенбілік демалысты бұзғандарды білесіңдер ғой. Біз оларға: «Қуылған маймыл болыңдар!» – дедік. |
65 |
Біз ол жазаны сол кездегілер мен кейінгілерге үлгі әрі сақ болушыларға үгіт қылдық. |
66 |
Мұса өз халқына: «Расында, Алла сендерге бір сиыр бауздауды әмір етті!» – деген кезде, сонда олар: «Сен бізді келемеждеп тұрсың ба?» – деп жауап берді. Ол: «Надандардан болудан Аллаға жүгінемін!» – деді. |
67 |
Олар: «Біз үшін Иеңе үндеші, Ол бізге сол сиырдың қандай екенін түсіндіріп берсін» – деді. Ол: «Расында, Ол: «Ол кәрі де, (бұқа көрмеген) жас та емес, екеуінің арасындағы орташа жастағы сиыр!» – дейді. Ал енді әмір етілгенді орындаңдар!» – деді. |
68 |
Олар: «Біз үшін Иеңе үндеші, Ол бізге сол сиырдың түсі қандай екенін түсіндірсін» – деді. Ол: «Расында, Ол: «Расында, ол сиыр қанық сары түсті, оның өңі көрушілердің көздерін қуантады!» – дейді» – деді. |
69 |
Олар: «Біз үшін Иеңе үндеші, Ол бізге ол сиырдың қандай екенін түсіндіріп берсін. Расында, барлық сиырлар біз үшін ұқсас. Расында, Алла қаласа, біз бағытталамыз!» – деп айтты. |
70 |
Ол: «Расында, Ол: «Расында, ол сиыр жер айдауға әрі егістікті суаруға бағындырылмаған, оның денесі сау, онда дақ жоқ!» – дейді» – деді. Олар: «Міне енді сен ақиқатты айттың!» – деді. Сонда олар оны бауыздады, бірақ бұны істемеуге дайын болған. |
71 |
Сендер тұлғаны өлтіріп, ол жөнінде ұрысқандарыңда, сонда Алла жасырғандарыңды шығарды. |
72 |
Сонда Біз: «Оны сиырдың бір бөлшегімен ұрыңдар» – дедік. Осылайша Алла өлілерді тірілтіп, сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Мүмкін, ақылға келерсіңдер. |
73 |
Содан кейін жүректерің қатайып кетті, тастай немесе одан да қатты болып кетті. Бірақ, расында, тастардың арасында да ішінен өзендер атқылап шығатындары бар, және расында, олардың арасында бөлініп, ішінен су ағатындары бар, және расында, олардың арасында Алладан қорқып, құлайтындары бар. Алла амалдарыңнан ғапіл емес. |
74 |
Олар сендерге сенсін деп көксейсіңдер ме? Олардың бір бөлігі Алланың сөзін естіген. Сосын олар оны ақылға салғаннан кейін, біліп тұрып, оны өзгертті. |
75 |
Олар сенім келтіргендерді кездестірген кезде: «Біз сенім келтірдік!» – деп, ал өздері оңаша қалған кезде: «Алла сендерге ашқан нәрсені оларға айтпақшысыңдар ма?! Олар Иелеріңнің алдында сендермен сол жайлы даулассын деп пе?! Ақылға келмейсіңдер ме?!» – дейтін. |
76 |
Әлде олар Алла олардың жасырын түрде және жария етіп істейтін нәрселерін білетінін білмей ме? |
77 |
Олардың арасында тәжірбиесіздері бар. Олар Кітап білмейді, олар тек армандап, жорамалдайды. |
78 |
Кітапты өз қолдарымен жазып, бұл үшін болмашы құнға иелену мақсатында: «Бұл – Алладан!» – дейтіндерге қайғы. Оларға өз қолдарымен жазған нәрселері үшін қайғы! Оларға тапқан нәрселері үшін қайғы! |
79 |
Олар: «Бізге от тимейді, санаулы күндерге болмаса ғана!» – деп айтты. «Сендер Алладан міндеттеме алдыңдар ма? Ал Ол болса өз міндеттемесін бұзбайды! Немесе Алла жайлы білмейтін нәрселеріңді айтып тұрсыңдар ма?» – деп жауап бер. |
80 |
Әрине кімде-кім жамандық тапса әрі қателері өзін қамтып алса, солар отқа қосылады, олар сол жерде қалады! |
81 |
Ал сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандар баққа қосылады, олар сол жерде қалады! |
82 |
Біз Исраилдің балаларымен олар тек Аллаға қызмет етсін, ата-аналарына, жақындарына, жетімдерге, кедейлерге жақсылық етсін, адамдарға ең жақсысын айтсын, сиыну байланысына шықсын әрі ақтайтын шығын шығарсын деп келісімшарт жасасқаннан кейін, олардың азысынан басқасы теріс айналып, шеттенді. |
83 |
Біз сендер өздеріңнің қандарыңды төкпейсіңдер әрі бір-бірлеріңді үйлеріңнен қумайсыңдар деп сендермен келісімшарт жасасқан едік, сонан соң сендер бұны қабылдап, бұны куәландырдыңдар. |
84 |
Содан кейін сендер бір-біріңді өлтіре бастадыңдар да кейбіреулеріңді үйлерінен қуып жібердіңдер, күнә мен қарсыластық арқылы олардан үстем болдыңдар. Егер де олар сендерге тұтқын болып келсе, сендер оларды өтемақыға босатасыңдар, бірақ сендерге оларды қууға тыйым салынған. Сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, басқа бөлігін жасырасыңдар ма? Араларыңнан мұны істегендердің бергі өмірдегі жазасы болып масқаралық болады, ал Қиямет Күнінде олар қатты азапқа қайтарылады. Алла істеп жүрген нәрселеріңнен ғапыл емес. |
85 |
Осылар Ақырғы Өмірдің орнына бергі өмірді сатып алды. Оларға азап жеңілтілмейді әрі оларға жәрдемші болмайды. |
86 |
Расында, Біз Мұсаға Кітап бердік, одан кейін оның соңынан елшілерді жібердік. Біз Мәриям ұлы Исаға айқын дәлелдер бердік те оны Киелі Рух арқылы қолдадық. Өздеріңе тұлғаларың ұнатпайтын нәрсемен елші келген сайын, сендер тәкаппарланып, олардың бір бөлігін өтірікші санап, басқа бөлігін өлтіресіңдер ме? |
87 |
Олар: «Жүректеріміз қаптаулы!» – дейді. Алайда Алла оларды жабықтықтары үшін әрі аз сенгендері үшін лағынеттеді. |
88 |
Оларға өздеріндегіні растаушы Кітап Алла тарапынан келмейінше олар жабылғандарға қарсы көмек сұрайтын. Ал енді оларға өздері таныған нәрсесі келгенде, олар одан жабылды. Жабылғандарға Алланың лағынеті болсын! |
89 |
Осымен өздеріне сатып алған нәрселері жаман. Олар, Алла Өзі қалаған қызметшісіне түсірген артықшылықты қыспақтап, Алла түсірген нәрседен жабылды. Наразылық үстіне наразылыққа ұшырады. Жабылғандар үшін қорлаушы азап! |
90 |
Оларға: «Алладан түсірілгенге сенім келтіріңдер!» – делінгенде, олар: «Біз, бізге түсірілгенге сенім келтіреміз!» – деп жауап берді. Олар одан кейінгіден жабылды. Ал ол болса, олардағыны растаушы ақиқат қой. «Сенуші болсаңдар, неліктен бұрын Алланың хабарландырушыларын өлтірдіңдер?» – деп сұра. |
91 |
Расында, сендерге Мұса анық дәлелдермен келген еді, бірақ одан кейін сосын сендер «бұзауды» қызмет ету нысаны қылып алдыңдар. |
92 |
Біз сендермен келісімшарт жасасып, тауды төбелеріңнен жоғары көтеріп: «Біз сендерге берген нәрсені мықтап ұстаңдар да тыңдаңдар» – дегенімізде, сендер: «Біз тыңдадық, бірақ біз бағынбаймыз!» – деген жауап бердіңдер. Олардың жүректері жабықтық «бұзауымен» масайраған. «Сенімдерің жаман нәрсені әмір етті, егер де сенуші болсаңдар!» – де. |
93 |
«Егер де Ақырғы Өмір Алла алдында басқа адамдарға емес, толығымен сендерге ғана тиесілі болса, онда шыншыл болсаңдар, өздеріңе өлім тілеңдер!» – де. |
94 |
Бірақ алдын өз қолдары істеген нәрселері үшін олар өздеріне ешқашан өлім тілемейді. Расында, Алла залымдарды Білуші! |
95 |
Сен міндетті түрде оларды және серік қосушыларды осы өмірді ең қатты аңсаушылар ретінде табасың. Олардың біреуісі мың жыл өмір сүруді қалайды, бірақ ұзақ өмір оны азаптан алыстатпайды. Расында, Алла олардың амалдарын Көруші! |
96 |
«Жәбірәйілге кім қарсылас?» – деп сұра. Расында, ол оны (Құранды) сенің жүрегіңе түсірді, Алланың рұқсаты бойынша, алдынғыны растаушы ретінде және сенушілерге Нұсқау мен қуанышты хабар ретінде. |
97 |
Кімде-кім Алланың, Оның басқарушыларының, Оның елшілерінің, Жәбірейілдің, Микәйілдің қарсыласы болса, онда расында, Алла – жабылғандардың қарсыласы! |
98 |
Расында, Біз саған белгілерді айқын дәлелдер ретінде түсірдік, бірақ олардан тек шегінушілер ғана жабық. |
99 |
Олар міндеттеме берген сайын, арасынан бір бөлігі одан бас тарта бере ме? Бірақ олардың көбісі сенбейді! |
100 |
Оларға Алла тарапынан олардікін растайтын елші келгеннен кейін, Кітап иелерінің бір бөлігі білмейтіндей Алла Кітабын арт жақтарына лақытрып жіберді. |
101 |
Олар Сүлейменнің патшалығында тыңдамаушылар оқыған нәрсеге ерді. Сүлеймен жабылған болған жоқ, бірақ тыңдамаушылар жабылған болды. Олар ұмтыуша адамдарға сиқырды әрі Вавилондағы Харут пен Марут деген екі басқарушыға түскен нәрсені үйретті. Бірақ ол екеуі: «Расында, біз азғырып отырмыз. Жабылған болмасаңшы!» – деп айтпас бұрын ешкімді үйретпейтін. Олар ол екеуінен күйеу мен әйел арасын ажырататын нәрсені үйренетін. Олар бұл арқылы тек Алланың рұқсатымен ғана зиян келтіре алатын. Олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда әкелмейтін нәрсені үйренетін. Бұған ие болғандар, өздерінде Ақырғы Өмірде сыбағасы жоқ екендігін білетін. Расында, олар өздерін қандай жаман нәрсеге сатқан екенін білгенде! |
102 |
Олар сенім келтіріп, сақ болғанда, Алланың сыйы жақсырақ болар еді. Егер олар білгенде! |
103 |
О сенім келтіргендер! «Бізді бақ» – демеңдер, «Бізге қарап қойып жүр!» – деңдер және тыңдаңдар. Ал жабылғандарға – ауыр азап! |
104 |
Кітап иелері арасынан жабылғандар және Аллаға серік қосушылар сендерге Иелерің тарапынан ең жақсысы түсірілгенін қаламайды, бірақ Алла қалағанды Өз мейрімімен таңдайды. Алла – зор артықшылықтың Иесі! |
105 |
Қандай да бір белгі болсын, Біз оның күшін жоймаймыз әрі оны ұмытпаймыз. Біз одан жақсысын немесе оған ұқсасын келтіреміз. Алла әр нәрсеге Құдіретті екенін білмеп пе едің?! |
106 |
Аспандар мен жердің билігі Аллаға тиесілі екенін сен білмеп пе едің!? Сендерге Алладан басқа не жебеуші, не жәрдемші жоқ! |
107 |
Әлде сендер елшілеріңнен, бұрын Мұсадан сұрағандай сұрағыларың келе ме? Кім сенімді жабықтыққа айырбастаса, сол тура жолдан жаңылған. |
108 |
Өздеріне ақиқат түсінікті болғаннан кейін Кітап иелерінің көбісі көре алмаушылықтары себебінен сендерді сенімнен кейін жабылушылыққа қайтарғысы келеді. Алла Өз әмірімен келмейінше оларды кешіңдер әрі кешіріңдер. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
109 |
Сиыну байланысына шығыңдар және ақтайтын шығын шығарыңдар. Өздерің үшін қандай да бір жақсы нәрсені бағыштасаңдар, соны Аллада табасыңдар. Расында, Алла істеген нәрселеріңді Көруші! |
110 |
Олар баққа тек яһуди немесе мәсіхші болғандар ғана кіреді дейді. Бұл олардың армандары. «Шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер!» – де. |
111 |
Әрине, кімде-кім өз бейнесін Алла алдында бойұсындырса және жақсылық істесе, соған Иесінің тұсында сыйы болады! Оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды! |
112 |
Яһудилер: «Мәсіхшілерде ештеңе жоқ!» – деді және мәсіхшілер: «Яһудилерде ештеңе жоқ!» – деді, әйткенмен олар Кітап оқиды. Осылайша білмейтіндер айтады. Олардың сөздері ұқсас. Сонан соң Қиямет Күні Алла олардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған нәрсеге үкім береді. |
113 |
Аллаға сәжде жасайтын орындарда Оның атын ескеруге кесел келтіріп, оларды қиратуға ұмтылатыннан кім зұлымырақ?! Солар олардың ішіне қорқыныш сезімісіз кірмеулері керек. Оларға бергі өмірде масқаралық, ал Ақырғы Өмірде зор азап болады! |
114 |
Шығыс пен батыс Аллаға тиесілі. Сендер қай жаққа бет бұрсаңдар да, Алланың «бейнесі» сол жақта. Расында, Алла – Қамтушы, Білуші! |
115 |
Олар: «Алла Өзіне бала алды!» – деді. Оған мадақ! Керісінше, аспандардағы мен жердегі нәрселер Оған тиесілі! Барлықтары Оған бағынады! |
116 |
Аспандар мен жердің Жаратушысы. Егер Ол бір іс турасында шешім шығарса, сонда Ол: «Бол!» – дейді, сосын ол бола қалады. |
117 |
Білмейтіндер: «Неліктен Алла бізбен сөйлеспейді немесе бізге белгі бермейді?» – деп айтты. Оларға дейінгілер де сөйтіп айтқан. Олардың сөздері іспеттес, жүректері ұқсас. Біз иланған халыққа белгілерді түсіндірдік. |
118 |
Расында, Біз сені ақиқатпен бірге жібердік, қуантушы әрі алдын-ал ескертуші ретінде. Сен тозақ отына қосылғандар жайлы сұралмайсың. |
119 |
Яһудилер де, мәсіхшілер де сен олардың қауымына ерімейінше саған разы болмайды. Оларға: «Расында, Алланың нұсқауы Нұсқаудың өзі» – деп айт. Расында, егер сен өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, саған Алладан жебеуші де, көмекші де жоқ! |
120 |
Бізден Кітапқа иеленгендер оны шынайы оқумен оқиды, міне солар – оған сенушілер, ал одан жабылғандар, солар – қасіретке ұшыраушылар! |
121 |
О Исраил балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар. Мен сендерге халық әлемдерінің алдында артықшылық бердім! |
122 |
Бір тұлға басқа тұлға үшін еш жазаланбайтын, одан тең өтемі қабылданбайтын, өзіне шапағат пайда келтірмейтін және оларға жәрдем көрсетілмейтін Күннен сақсыныңдар! |
123 |
Иесі Ибраһимді сөздерімен сынаған кезде, ол оны толық орындады. Алла: «Расында, Мен сені адамдардың жетекшісі етіп тағайындаймын!» – деп айтты. Ибраһим: «Менің ұрпағымнан ше?» – деп сұрады. Алла: «Менің міндеттемем зұлымдарға берілмейді!» – деп жауап берді. |
124 |
Нық орнатылған үйді адамдардың кездесуіне қауіпсіз орын етіп тағайындаған кезімізде: «Ибраһимнің орнын сиыну байланысына арналған орын етіп қойыңдар!» – деп ұйғардық. Біз Ибраһим мен Исмаилге: «Менің үйімді, – айналып өтетіндер, арнайтындар, тізеде тұратындар және сәжде ететіндер үшін, – тазартыңдар!» – деп міндеттедік. |
125 |
Ибраһим: «Ием! Осы елді қауіпсіз қыл, және Аллаға әрі Ақырғы Күнге сенген тұрғындарды жемістермен ризықтандыр!» – деп айтқан кезде, Алла: «Кім жабылса, соған пайдалануға аз уақыт беремін, содан соң оны отта қинаймын. Бұл жаман нәтиже ғой!» – деген жауап берді. |
126 |
Ибраһим мен Исмаил үйдің іргетасын көтерген кезде: «Иеміз! Бізден қабыл ет! Расында, Сен – Естуші, Білушісің! |
127 |
Иеміз! Біз екеумізді Өзіңе бойұсынушы қыл, ал біздің ұрпақтарымыздан Өзіңе бойұсынушы басшылық орнат. Бізге құрбан шалу рәсімдерін көрсет әрі тәубемізді қабыл ет. Расында, Сен – тәубені қабылдаушы, Рақымдысың! |
128 |
Иеміз! Оларға Сенің белгілеріңді оқитын, Кітапты, даналықты үйрететін әрі оларды ақтайтын елшіні өздерінің арасынан жібер. Расында, Сен – әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың!» – деді. |
129 |
Өзіне ақымақтық істегеннен басқа, Ибраһимнің қауымынан кім қашқақтайды?! Біз оны бұл өмірде таңдадық қой, ал Ақырғы Өмірде ол түзелтушілердің арасында. |
130 |
Оған Иесі: «Бойұсын!» – деген кезде, сонда Ибраһим: «Әлем халықтарының Иесіне бойұсындым!» – деп жауап берді. |
131 |
Ибраһим бұны балаларына өсиет етті, ал Яқуб: «О балаларым! Расында, Алла сендер үшін бір міндет таңдады. Ендеше, бойұсынған болып қана өліңдер!» – деді. |
132 |
Немесе Яқубқа өлім келген кезде, ол балаларына: «Мен өткеннен кейін кімге қызмет етесіңдер?» – деп сұрағанда, олар: «Біз сенің тәңіріңе әрі Ибраһим, Исмаил, Исхақ әкелеріңнің тәңіріне қызмет етеміз. Жалғыз Тәңірге бойұсынамыз!» – деп жауап берген кезде, сендер бұған куә болдыңдар ма? |
133 |
Бұл – өткенде болған басшылық. Оның тапқаны өзіне тиесілі, ал сендерге өздеріңнің тапқандарың тиесілі, әрі сендер олардың істеріне жауап бермейсіңдер. |
134 |
Олар: «Яһуди немесе мәсіхші болыңдар, сонда бағытталған боласыңдар» – деп айтты. «Керісінше, иілген Ибраһимнің қауымы (болу тиіс). Ол серік қосушылардан болған жоқ!» – деген жауап бер. |
135 |
«Біз Аллаға, бізге түсірілгенге және Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб және кейінгі ұрпақтарға түсірілгенге, және Мұса мен Исаға берілгенге, және Иелері тарапынан хабарландырушыларға берілгенге сенім келтірдік! Біз олардың ешқайсысын ерекшелендірмейміз. Біз Оған бойұсынамыз!» – деп айтыңдар. |
136 |
Сендер сенім келтіргенге олар да сенім келтірсе, онда олар бағытталған болады! Ал егер олар теріс айналса, олар, расында, алауыздықта болады және Алла сені олардан құтқарады. Ол – Естуші, Білуші ғой. |
137 |
«Алланың пікірі сондай. Кімнің пікірі Алланікінен артық?! Біз Оған қызмет етеміз!» |
138 |
«Сендер бізбен Алла жайында дауласасыңдар ма? Ол біздің де Иеміз, сендердің де Иелерің. Біздің істегеніміз өзімізге, сендердің істегендерің өздеріңе. Біз Оған шынайы берілдік!» – деп айт. |
139 |
Немесе сендер Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб әрі кейінгі буындар яһуди немесе мәсіхші болды деп санайсыңдар ма? «Сендер артық білесіңдер ме немесе Алла ма?» – деп сұра. Ал Алланың куәлігін өзінде жасырғаннан гөрі кім зұлымырақ? Алла істеп жүрген нәрселеріңнен ғапыл емес. |
140 |
Бұл – өткенде болған басшылық. Оның тапқаны өзіне тиесілі, ал сендерге өздеріңнің тапқандарың тиесілі, әрі сендер олардың істеріне жауап бермейсіңдер. |
141 |
Адамдардың арасындағы ақылсыздар: «Оларды бағытынан не нәрсе теріс бұрды?» – дейтін болады. Оларға: «Шығыс пен батыс Аллаға тиесілі. Ол қалағанды түзу жолға бағыттайды!» – деген жауап бер. |
142 |
Сендер адамдар жайлы куәлік берулерің және елші сендер жайлы куәлік беруі үшін Біз сендерді осылайша басшылық ететін орталық етіп қойдық. Сен ұстанған жақты Біз елшіге ергендерді кері бұрылғандардан айырып білуіміз үшін ғана бағыт етіп орнаттық. Бұл әрине Алла бағыттағандардан басқаларға ауыр болды. Расында, Алла сенімдеріңді құртатындай емес! Расында, Алла адамдарға Есіркеуші, Рақымды! |
143 |
Біз көзіңді аспанға көтергеніңді көрдік. Біз міндетті түрде саған өзің ырза болатын бағытты артамыз. Бейнеңді (шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орын жаққа бұр. Қайда болсаңдар да, бейнелеріңді атап өтілген жаққа бұрыңдар. Расында, өздеріне Кітап берілгендер бұл Иесі тарапынан ақиқат екенін біледі. Алла істеп жүрген нәрселерінен ғапыл емес. |
144 |
Расында, егер сен Кітап иелеріне кез-келген белгімен келсең де, олар сенің бағытыңа ермейді және сен де олардың бағытына ермейсің. Олардың біреуілері басқаларының бағытына ермейді. Расында, егер сен өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, онда, расында, сен зұлымдардың бірі боласың! |
145 |
Бізден Кітапқа иеленгендер оны өздерінің балаларын білгендей біледі. Расында, олардың бір бөлігі, өздері оны білсе де, ақиқатты жасырады. |
146 |
Ақиқат – Иеңнің тарапынан! Күмәнданушылардан ешқашан болмаңдар! |
147 |
Әркімде өзі бетбұратын жағы бар. Ендеше, жақсы істермен озыңдар. Қайда болсаңдар да, Алла барлықтарыңды келтіреді. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
148 |
Қайдан шықсаң да, бейнеңді (шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орын жаққа аудар. Расында, ол Иең тарапынан ақиқат қой. Алла істеп жүрген нәрселеріңнен ғапыл емес! |
149 |
Қайдан шықсаң да, бейнеңді (шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орын жаққа аудар. Қайда болсаңдар да, бейнелеріңді атап өтілген жаққа аударыңдар, зұлымдардан басқа адамдарда сендерге қарсы дәлел болмас үшін. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, Мен сендерге деген жарылқауымды тамамдауым үшін, мүмкін, бағытталарсыңдар! |
150 |
Осылайша, сендерге белгілерімізді оқитын әрі сендерді ақтайтын елшіні өздеріңнің араларыңнан жібердік. Ол сендерге Кітап пен даналықты үйретеді. Ол сендерге бұрын білмеген нәрселеріңді үйретеді. |
151 |
Ендеше, Мені еске алыңдар, сонда Мен де сендерді еске аламын! Маған алғысты болыңдар және жабылмаңдар! |
152 |
О сенім келтіргендер! Жәрдемді сабырлық пен сиыну байланысы арқылы іздеңдер. Расында, Алла сабырлылармен бірге! |
153 |
Алла жолында өлтірілгендерді өлгендер деп атамаңдар. Керісінше, олар тірі, алайда сендер оны сезбейсіңдер. |
154 |
Расында, Біз сендерді қорқыту мен аштық арқылы және мүліктеріңді, жандарыңды, жемістеріңді кеміту арқылы аздап сынаймыз. Сабыр етушілерді қуант, |
155 |
олар бақытсыздыққа ұшыраса: «Расында, біз Аллаға тиесіліміз! Расында, біз Оған қайтамыз!» – дейді. |
156 |
Дәп осындайлармен Иесі тарапынан байланыс және мейірім болады. Олар бағытталғандар! |
157 |
Расында, Әс-Сафа мен Әл-Мәурә – Алланың нышандары. Кім үйге қажылық істесе немесе оған барса, екі тауды да айналып өтуі оған теріс қылық болмайды. Кім өз еркімен жақсылық істесе, онда, расында, Алла – Алғысты, Білуші! |
158 |
Расында, Біздің тарапымыздан түсірілген айқын дәлелдерді әрі Нұсқауды адамдарға түсіндіргендерімізден кейін оны жасыратындарды Алла лағынеттейді әрі лағынет етушілер лағынеттейді, |
159 |
бірақ тәубесіне келгендер, түзелгендер және түсіндіргендер басқа. Солардың тәубесін Мен қабылдаймын. Мен – тәубені қабылдаушы, Рақымды! |
160 |
Расында жабылғандарға әрі жабылған күйде өлгендерге Алланың, басқарушылардың әрі барлық адамдардың лағынеті болады! |
161 |
Олар лағынетте қалады! Оларға азаптары жеңілтілмейді және оларға мұрсат берілмейді! |
162 |
Тәңірілерің Жалғыз Тәңір! Тәңірі тек қана Ол – Мейірбан, Мейірімді! |
163 |
Расында, аспандар мен жердің жаратылысында, түн мен күннің кезектесуінде, адамдарға пайда әкеліп, теңізде жүзетін кемелерде; жердің өлімінен кейін, оны тірілткен суды Алла асапаннан түсіргенінде; әр-түрлі жануардың жерде таралуында, желдердің ауысуында және аспан мен жердің арасындағы бұлттардың жұмсалуында, ақылды халық үшін белгілер бар! |
164 |
адамдардың арасында Аллаға біреулерді теңестіріп, оларға қызмет ететіндер бар. Олар соларды Алланы сүйгендей сүйеді, ал сенім келтіргендер Алланы артық сүйеді! Зұлымдар азапты көрген кезде, бүкіл қуат Аллаға тән екенін түсінсе ғой! Расында, Алла қатты азаптайды! |
165 |
Сол кезде ертушілер артынан ерушілерден бас тартады. Олар азапты көреді әрі араларындағы қарым-қатынастары үзіледі! |
166 |
Ерушілер: «Егер де біз артқа қайтарылсақ, онда олар бізден бас тартқандай біз де олардан бас тартар едік!» – дейді. |
167 |
О адамдар! Жер бетіндегі рұқсат етілген, салауатты нәрселерді жеңдер, әрі тыңдамаушының ізіне ермеңдер! Расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! |
168 |
Расында, ол сендерге жамандық, шектен шығушылық және Алла жайлы өздерің білмейтін нәрселер айтуды әмір етеді! |
169 |
Оларға: «Алла түсіргенге еріңдер» – делінгенде, олар: «Керісінше, біз әкелеріміз ерген нәрсеге ереміз!» – дейді. Әкелері ешнәрсе түсінбеген және бағытталмаған болса да ма?! |
170 |
Жабылғандардың мысалы шақыру мен ұранды ғана еститінге айғайлайтынның мысалына ұқсас. Кереңдер, мылқаулар, соқырлар олар ешнәрсені түсінбейді! |
171 |
О сенім келтіргендер! Біз сендерді ризықтандырғаннан салауаттысын жеңдер, әрі Аллаға алғысты болыңдар, егер Оған қызмет етсеңдер! |
172 |
Расында, Ол сендерге өлімтікті, қанды, шошқа етін және Алладан өзгелерге бағышталғанды тиым етті. Бірақ кімде-кім қасақана жасаушы емес және шектен асушы емес болып, мәжбүрленген болса, оған күнә жоқ. Расында, Алла – Кешіруші, Мейірімді! |
173 |
Расында, Алла түсірген Кітапты жасырып, онымен болмашы құнды сатып алатындар, – ондайлар қарындарын тек отпен ғана толтыруда. Қиямет Күні Алла олармен сөйлеспейді де, оларды ақтамайды да. Олар үшін ауыр азап! |
174 |
Олар – Нұсқаудың орнына адасуды сатып алғандар әрі кешірімнің орнына азапты сатып алғандар. Олар отқа қалай шыдамды! |
175 |
Расында, саған Кітапты ақиқатпен түсірген, бұл – Алла! Расында, кімнің пікірі Кітапқа қайшы келсе, солар – ұзақ алауыздықта! |
176 |
Игілік шығыс не батыс жаққа қарағандарыңда емес. Кім Аллаға, Ақырғы Күнге, басқарушыларға, Кітапқа, хабарландырушыларға сенім келтірсе, кім өз мүлкін сүйсе де, оны: жықындарына, жетімдерге, кедейлерге, жолаушыларға, сұраушыларға, құқықсыздарға, – таратса, сиыну байланысына шықса әрі ақтайтын шығын шығарса, кім міндеттеме беріп, оны орындаса, бәле, зиянға ұшыраған кезде және мұқтаждық кезде сабырлы болса, сол игі. Сондайлар – шыншылдар, әрі солар – сақ болушылар! |
177 |
О сенім келтіргендер! Азат кісі басқа азат кісіні, малай – малайды, әйел – әйелді өлтірген жағдайларда, сендерге жазалау ұйғарылды. Ал кімді соның бауыры кешірсе, сол мақұлданғанға сәйкес жасасын әрі оған жақсылықпенен төлесін. Бұл Иелерің тарапынан сендерге деген жеңілдік пен мейірім. Кім осыдан кейін шектен асса, соны ауыр азап күтуде! |
178 |
Сендер үшін жазалауда тіршілік, о ақыл иелері! Мүмкін сақ боларсыңдар! |
179 |
Араларыңнан біреулеріңе өлім келген жағдайда, әке-шешелеріңе және жақындарыңа сақ болушылар үшін мақұлданған құқыққа сәйкес өсиет қалдыру абзал деп ұйғарылды. |
180 |
Расында, кім өсиетті естігеннен кейін оны өзгертсе, күнә оны өзгертушіге жатады. Расында, Алла – Естуші, Білуші! |
181 |
Кімде кім өсиет қалдырушының ауытқылығынан немесе күнәсінен қорқып, араларын түзететін болса, онда оған күнә болмайды. Расында, Алла – Кешіруші, Мейірімді! |
182 |
О сенім келтіргендер! Сендерге өздеріңнен алдын болғандарға ұйғарылғандай ораза ұйғарылды, бәлкім, сақ боларсыңдар, |
183 |
санаулы күндерде. Егер араларыңнан біреу ауру немесе сапарда болса, онда басқа бірнеше күндерде. Кімде оны төзуге шамасы болса, сол мұқтаждыны тамақтандырып өтесін. Кім өз еркімен жақсылық істесе, онда ол өзі үшін жақсы болмақ. Расында, ораза ұстау өздерің үшін жақсырақ, егер білетін болсаңдар! |
184 |
Шыжыған (рамазан) айда адамдарға Нұсқау ретінде Құран түсті. Нұсқауда айқын дәлелдер мен ажырату бар. Араларыңнан біреу осы айдың куәсі болса, сол айда ораза ұстасын. Кім ауырса немесе сапарда болса, сол басқа бірнеше күндерде ораза ұстасын. Алла сендерге жеңілдік қалайды, сендерге қиындық қаламайды, бірнеше күндерде аяқтауларың үшін, өздеріңді бағыттағаны үшін Алланы ұлықтауларың үшін! Бәлкім, алғысты боларсыңдар! |
185 |
Менің қызметшілерім сенен Мен туралы сұраса, расында, Мен жақынмын. Жалбарынушы жалбарынса, оның жалбарынуына жауап беремін! Ендеше олар да Маған жауап беріп, Маған сенім келтірсін, мүмкін, олар ақылға келер! |
186 |
Ораза түні сендерге әйелдеріңмен сырластық қатынасқа түсуге болады. Олар сендер үшін киім, ал сендер олар үшін киімсіңдер. Алла өз-өздеріңді алдағандарыңды білді де тәубелеріңді қабылдап, сендерді кешті. Олармен уақытында жыныстық қатынастықа түсіңдер әрі Алла сендерге ұйғарған нәрсеге ұмтылыңдар. Таңда (сәрінің) ақ жібін (түннің) қара жібінен ажыратпағандарыңша, жеп ішіңдер. Сонан соң түнге қарай оразаларыңды аяқтаңдар. Сәжде жасайтын орындарда үзіліссіз болған кездеріңде, олармен жыныстық қатынасқа түспеңдер. Алланың шектеулері осындай, оларға жақындамаңдар! Осылайша Алла белгілерін адамдарға түсіндіреді, мүмкін, олар сақ болар! |
187 |
Бір-бірлеріңнің мүліктеріңді босқа жұтпаңдар. Оны, біле тұра, адамдардың мүліктерінің бір бөлігін күнәмен иелену мақсатында шешім шығарушыларға бермеңдер. |
188 |
Олар сенен жаңа туған айлар жайында сұрайды. «Олар адамдар үшін қажылық уақытын белгілеу!» – деп жуап қат. Игілік үйлердің артынан кіруде емес, бірақ кім сақ болса, сол игі. Үйлерге есіктерінен кіріңдер. Алладан сақсыныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! |
189 |
Өздеріңмен шайқасатындармен Алла жолында шайқасыңдар, бірақ шектен аспаңдар. Расында, Алла шектен асушыларды сүймейді! |
190 |
Оларды көрген жерлеріңде өлтіріңдер әрі олар сендерді қай жерден қуып шығарса, сендер де оларды сол жерден қуып шығарыңдар. Расында, бүліктің күнәсі өлтіру күнәсінен үлкен. Бірақ олармен (шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орынның маңында шайқаспаңдар, егер де өздері сол жерде сендермен шайқасуды бастамаса ғана. Егер де олар сендермен шайқаса бастаса, онда оларды өлтіріңдер. Жабылғандар осылайша жазаланады. |
191 |
Ал егер олар шайқасты доғарса, расында, Алла – Кешірімді, Рақымды! |
192 |
Алланың алдындағы міндет болуы үшін және бүлік болмас үшін олармен шайқасыңдар. Егер де олар доғарса, агрессия тек зұлымдарға қарсы рұқсат етіледі! |
193 |
Тыйым ай тыйым аймен, алайда тиымды бұзушылық үшін – жаза! Ендеше біреулер сендерге қалай шабуыл жасаса, сендер де өздеріне солай шабуыл жасаңдар. Алладан сақсыныңдар және Алла сақ болушылармен бірге екенін біліңдер! |
194 |
Алла жолында шығындаңдар және өлімге қарай жүгірмеңдер. Жақсылық істеңдер! Расында, Алла жақсылық істеушілерді сүйеді! |
195 |
Қажылық пен барып келуді Алла үшін тамамдаңдар. Қысылсаңдар, өздеріңе қолжетімді жануарларды құрбандыққа шалыңдар. Құрбандық өз орнына жетпейінше бастарыңды қырмаңдар. Біреулерің ауырса немесе басында ауырсыну сезімі болса, оразамен немесе садақамен немесе игі істермен өтесін. Амандықта болған кездеріңде, кім келуін қажылыққа арнаса, сол өзіне қолжетімді жануарды құрбандыққа шалсын. Кім таппаса, сол қажылық кезде үш күн және үйіне оралған кезде жеті күн ораза ұстасын. Жиынтығы толық он күн. Бұл жанұясы (шайқасуға) тыйым салынған сәжде жасайтын орынның жанында тұрмайтындарға. Алладан сақсыныңдар әрі Алла азаптауда қатты екенін біліңдер! |
196 |
Қажылық мәлім айларда орындалады. Кімде кім сол айларда қажылық істеуге міндеттенсе, онда қажылық кезде сырластық қатынасқа, шегінушілікке және дауға тиым салынады. Қандай жақсылық істесеңдер де, Алла оны біліп тұрады. Азық алыңдар! Расында, сақ болушылық – ең жақсы азық. Менен сақсыныңдар, о ақыл иелері! |
197 |
Иелеріңнің артықшылығына ұмтылуларың теріс қылық емес. Ғарафат тауына келсеңдер, рәсімді әрі киелі жердің маңында Алланы еске алыңдар. Ол сендерді қалай бағыттаған болса, Оны да солай еске алыңдар. Расында, бұған дейін сендер адасқандардан едіңдер. |
198 |
Сонан соң адмдар шығатын жерден шығыңдар да Алладан кешірім сұраңдар. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! |
199 |
Рәсімдеріңді аяқтағаннан кейін, Алланы әкелеріңді еске алатындарыңдай немесе одан артық еске алыңдар. Адамдардың арасында: «Иеміз! Бізге осы өмірде бер!» – деп айтатындары бар, ал Ақырғы Өмірде оларға сыбаға жоқ. |
200 |
Бірақ олардың арасында: «Иеміз! Бізге осы өмірде де жақсылық және Ақырғы Өмірде де жақсылық бер әрі бізді от азабынан қорға!» – деп айтатындары да бар. |
201 |
Сондайларға тапқандарынан несібе болады. Расында, Алла тез есептеуші! |
202 |
Алланы санаулы күндерде еске алыңдар. Кім екі күнге тездетсе, оған күнә жоқ. Кім баяулатса, оған да күнә жоқ. Бұл – сақ болушылар үшін. Алладан сақсыныңдар және Оған жиналып келетіндеріңді біліңдер! |
203 |
адамдардың арасында бергі өмірдегі сөздері сені таңдандыратындары бар, әрі олар өз жүректеріндегісі жайлы Алланы атап куәлік береді, бірақ олар бітіспес қарсыластар. |
204 |
Теріс бұрылып кеткенде, егін мен ұрпақтарды құртып, жерді бүлдіруге ұмталады. Бірақ Алла бүлдіргіштерді сүймейді ғой! |
205 |
Оған: «Алладан сақсын!» – делінгенде, оны паңдық ұстап, күнәға батырды. Оған Тозақ жеткілікті! Расында, бұл жаман жатақ! |
206 |
адамдардың арасында Алланың разылығына ұмтылып, өзін сататындары бар. Расында, Алла қызметшілерін есіркейді! |
207 |
О сенім келтіргендер! Бойұсынушылыққа толықтай кіріңдер әрі тыңдамаушының ізіне ермеңдер! Расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! |
208 |
Сендерге айқын дәлел келгеннен кейін шалыс бассаңдар, онда Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана екенін біліңдер! |
209 |
Олар Алла мен басқарушылардың қара бұлт көлеңкесінде келуін күтуде ғана ма?! Іс шешілген. Істер Аллаға қайтады. |
210 |
Исраилдің балаларынан Біз оларға қаншама айқын белгі бергенімізді сұра. Расында, кім Алланың жарылқауы өзіне келгеннен кейін, оны алмастырса, онда, расында, Алла қатты азаптайды. |
211 |
Осы өмір жабылғандар үшін бояңқыралған. Олар сенім келтіргендерді тәлкектейді. Сақ болушылар Қиямет Күні олардан жоғары болады. Расында, Алла қалағанын есепсіз ризықтандырады! |
212 |
адамдар бір негізде болған еді. Алла қуантушы әрі алдын ала ескертуші хабарландырушыларды жіберді. Олармен бірге адамдардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған нәрсеге қатысты үкім беру үшін хақ Кітапты жіберді. Бір-бірін қыспақтап, сол нәрсеге қатысты келіспеушілікке өздеріне айқын дәлелдер келгеннен кейін оған (Кітапқа) иеленгендер ғана түсті. Олардың келіспеушіліктеріне Оның рұқсатымен себеп болған ақиқатқа сенім келтіргендерді Алла бағыттады. Расында Алла қалағанды түзу жолға бағыттайды! |
213 |
Немесе сендерден алдынғылармен болған нәрсе өздеріңе келмейінше баққа кіресіңдер деп санайсыңдар ма?! Елші мен онымен бірге сенушілер: «Алланың жәрдемі қашан келеді?» – демейінше олар мұқтаждық, бақытсыздық пен сілкініске ұшырайтын. О, расында, Алланың жәрдемі жақын! |
214 |
Олар сенен нені шығандау керектігін сұрайды. «Жақсы нәрседен нені шығындасаңдар, соны ата-аналарыңа, жақындарыңа, жетімдерге, кедейлерге, жолаушыларға шығындаңдар. Қандай жақсы іс жасасаңдар да, расында, Алла оны Білуші!» – деп жауап бер. |
215 |
Сендерге жиіркенішті болса да шайқасу ұйғарылды. Жиіркенетін нәрселерің сендерге жақсы болуы мүмкін. Сүйетін нәрселерің сендерге жаман болуы мүмкін. Расында, Алла біледі, ал сендер білмейсіңдер! |
216 |
Олар сенен тыйым салынған ай жайлы, сол ай ішінде шайқасу жөнінде сұрайды. «Сол уақытта шайқасу – үлкен күнә, бірақ Алланың жолына кедергі жасау, одан әрі (шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орыннан жабылу, ол жерден мекендеушілерді қуу – Алланың алдында одан үлкен күнә! Бүлінушілік күнәсі өлтіру күнәсінен үлкен!» – деген жауап бер. Егер олардың шамалары жетсе, сендерді міндеттеріңнен теріс айналдыртқызбағанша сендермен шайқасуды қоймайды. Араларыңнан кім Алланың алдындағы міндеттен теріс айналып, өлсе, сол – жабылған! Сондайлардың бергі өмірдегі істері құр бекер болады, ал Ақырғы Өмірде сондайлар отқа қосылып, сол жерде қалады! |
217 |
Расында, сенім келтіргендер, қоныс аударғандар және Алланың жолында ынталанғандар Алланың мейіріміне үміттенеді! Алла – Кешіруші, Рақымды! |
218 |
Олар сенен ақылды жабатын заттектер мен ақша тігіліп ойналатын ойындар жайлы сұрайды. «Олардың екеуінде де адамдар үшін үлкен күнә мен пайда бар, алайда екеулеріндегі күнә пайдаларынан артығырақ!» – деп жауап бер. Олар сенен нені жұмсаулары керектігін сұрайды. «Қалдықты» – деп жауап бер. Осылайша Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін ойланарсыңдар |
219 |
бергі өмір мен Ақырғы өмір жайлы. Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Олардың жағдайларын түзету – жақсы іс!» – деп жауап бер. Егер де олармен аралассаңдар, онда олар сендердің бауырларың. Расында, Алла бүлдіргішті түзетушіден айырып біледі. Егер де Алла қаласа, онда Ол сендерді қиын жағдайға қоятын еді. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
220 |
Аллаға серік қосатын әйелдермен олар Алланың жалғыздығына сенбейінше сырластық қарым-қатынасқа түспеңдер. Аллаға серік қосатын әйелді ұнатсаңдар да, сенуші малай әйел одан артық қой. Аллаға серік қосатын ерлермен олар Алланың жалғыздығына сенбейінше сырластық қарым-қатынасқа түспеңдер. Аллаға серік қосатын ерді ұнатсаңдар да, сенуші малай ер одан артық қой. Аллаға серік қосушылар отқа шақырады, ал Алла болса Өз рұқсатымен баққа әрі кешірімге шақырады! Ол адамдарға Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, олар ойланар! |
221 |
Олар сенен етеккір жайлы сұрайды. «Ол – қиналыс!» – деп жауап бер. Әйелдеріңмен етеккір кезінде жыныстық жақындасудан шеттеніңдер. Олар тазарылмағанша оларға жақындамаңдар. Олар тазарылғаннан кейін оларға Алла өздеріңе бұйырғандай келіңдер. Расында, Алла тәубеге келушілерді әрі тазаланушыларды сүйеді! |
222 |
Әйелдерің егіндіктерің. Ендеше, егіндіктеріңе қалаған жер мен уақытта келіңдер әрі өздерің үшін дайындаңдар. Алладан сақсыныңдар, Онымен кездесетіндеріңді біліңдер! Сенушілерді қуант! |
223 |
«Біз игіміз әрі сақ болушымыз!» – деп, Алланың атымен ант бермеңдер. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартыңдар. Расында, Алла – Естуші, Білуші! |
224 |
Алла сендерді анттарыңдағы былшыл үшін жазғырмайды, бірақ Ол сендерді жүректерің тапқан нәрселері үшін жазғырады. Расында, Алла – Кешіруші, Жұмсақ! |
225 |
Әйелдерімен ажырасуға ант еткендер төрт ай күту керек. Егер оларды қайтарып алса, онда расында Алла – Кешіруші, Рақымды! |
226 |
Егер олар ажырасуға бел буса, онда расында Алла – Естуші, Білуші! |
227 |
Ажырасқан әйелдер үш етеккір мерзімін күтулері керек. Алланың құрсақтарында жаратқанын жасыру оларға рұқсат емес, егер олар Алла мен Ақырғы Күнге сенім келтірсе. Ерлері оларды қайтарып алуға құқылы, егер олар түзетуді қаласа. Әйелдерде мақұлданған құқықтары өздерінде қалады, бірақ ерлердің дәрежесі олардікінен жоғарырақ. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
228 |
Ажырасуға екі рет жол беріледі. Сонан соң – не мақұлдаумен ұстап қалу, не жақсылықпен жіберу керек. Оларға берген нәрселеріңнен сендерге ешнәрсе алуға болмайды, бірақ ол екеуі Алланың шектеулерінде тұрмай қалудан қорықса, онда ол басқа. Екеуі де Алланың шектеулерінде тұрмай қалудан қорықса, онда әйелдің еріне бодау беруі екеуіне де теріс қылық болмайды. Алланың шектеулері осындай. Олардан аттамаңдар! Кімде-кім Алланың шектеулерінен аттап өтсе, солар – зұлымдар! |
229 |
Егер ол онымен үшінші рет ажырасса, онда бұдан кейін сол әйел оған рұқсат болмайды, ол әйел басқа жұбайымен жыныстық қатынасқа түспейінше. Ал енді өзге жұбайы онымен ажырасса, онда сол әйелдің бірінші жұбайына қайта оралуы екеуіне де теріс қылық болмайды, егер олар Алланың шектеулерінде тұра аламыз деп ойласа. Алланың шектеулері осындай! Ол оларды білетін халыққа түсіндіреді! |
230 |
Әйелдеріңмен ажырассаңдар әрі олар тиісті мерзімге дейін күтсе, оларды мақұлдауменен ұстап қалыңдар немесе оларды мақұлдауменен жіберіңдер. Оларды зарарына ұстап тұрмаңдар, әйтпесе шектен асасыңдар. Кім соны істесе, сол өзіне солайша зұлымдық қылады! Алланың белгілерін тәлкек қылмаңдар. Алланың сендерге берген жарылқауын және сендерге ол арқылы уағыздайтын Кітап пен даналықты түсіргенін есте ұстаңдар. Алладан сақсыныңдар, әрі Алла әр нәрсені Білуші екенін біліңдер! |
231 |
Әйелдеріңмен ажырассаңдар әрі олар тиісті мерзімге дейін күтсе, оларға екеуінің келісуін мақұлдаған кезде жұбайларымен сырластық қарым-қатынасқа түсулеріне бөгет жасамаңдар. Бұл – араларыңнан Алла мен Ақырғы күнге сенім келтіргендер үшін үгіт! Бұл – сендер үшін тазарақ әрі сендерді ақтайды! Расында, Алла біледі, ал сендер білмейсіңдер! |
232 |
Аналар балаларын толық екі жыл емізеді. Бұл емізуді тамамдағысы келетіндер үшін. Әке, балаларының аналарын мақұлданған азықпен әрі киіммен қамтамасыз етуі тиіс. Әркімге өз шамасына сай жүк артылады. Анасына баласы үшін әрі әкесіне де баласы үшін зиян келтіруге болмайды. Бұл тәрізді ұйғарым мирасқорға да қатысты. Егер де әке-шешесі ақылдасып баласын омыраудан шығаруды қаласа, онда бұл олар үшін теріс қылық болмайды. Егер де балаларыңды басқа әйелге емізгілерің келсе, онда келісіммен тапсыруларың теріс қылық болмайды. Алладан сақсыныңдар, Алла амалдарыңды Көруші екенін біліңдер! |
233 |
Араларыңнан қайтыс болған ерлердің артында қалған әйелдері төрт ай мен он күн күтсін. Олардың мерзімі бітсе, онда олардың мақұлдау бойынша өздеріне қатысты істеген істері сендерге теріс қылық болмайды. Расында, Алла амалдарыңнан Хабардар! |
234 |
Сол әйелдермен атастырылсаңдар да, не оны іштеріңде жасырсаңдар да, бұл сендерге теріс қылық болмайды. Оларды еске алатыңдарыңды Алла біледі, бірақ мақұлданған атастыру сөздерін айтпағандарыңша олармен жасырын кездесу уақытын тағайындамаңдар. Ұйғарылған азалау мерзімі бітпегенше олармен некелесуге бел бумаңдар. Біліңдер, Алла сендердің іштеріңде не бар екенін біледі. Одан сақсыныңдар, әрі Алла Кешіруші, Рақымды екенін біліңдер! |
235 |
Әйелдермен оларға тимей немесе өздеріңе міндеттеме алып, ажырасқандарың теріс қылық болмайды. Ауқатты оларға өз шамасына қарай беруі тиіс, ал кедей – өз шамасына қарай. Оларға жақсылық істеушілерге мақұлданған құқық бойынша беріңдер. |
236 |
Егер де сендер оларға тимей, олардың үлесін белгілеп, ажырассаңдар, оларға белгілегеннің жартысын беріңдер. Егер ол (әйел) төлемнен босатса немесе қолында неке шарты бар адамдар босатса, ол басқа. Сендер төлемнен босатсаңдар, бұл сақ болушылыққа жақынырақ. Бір біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Расында, Алла сендердің істеген нәрселеріңді Көруші! |
237 |
Сиыну байланыстарын сақтаңдар, ортаңғы сиыну байланысын да. Алланың алдында бойұсынған күйде тұрыңдар. |
238 |
Бір нәрседен қорықсаңдар, жаяу жүре немесе салт бара тұра сиынуға рұқсат. Ал қауіпсіздікте болсаңдар, Алланы Өзі үйреткендей еске алыңдар. Ол сендерді білмеген нәрселеріңе үйретті. |
239 |
Араларыңнан біреулер қайтыс болып, жұбайларын қалдырса, жұбайлары үшін өсиет осындай – оларды бір жылға дейін қумай, қамтамасыз ету керек. Ал егер олар өздері шықса, онда олардың мақұлдау бойынша өздеріне қатысты істеген істері сендерге теріс қылық болмайды. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
240 |
Ажырасқан әйелдер сақ болушыларға мақұлданған құқықпен қолдансын. |
241 |
Осылайша Алла сендерге Өзінің белгілерін түсіндіреді, мүмкін, ұғарсыңдар! |
242 |
Өздері мың болса да, өлімнен қорқып, үйлерін тастап кеткендер жайында ойламап па едің? Алла оларға: «Өліңдер» – деді. Сосын Ол оларды тірілтті. Расында, Алла адамдар үшін артықшылыққа ие ғой, алайда адамдардың көпшілігі алғысты емес! |
243 |
Алла жолында шайқасыңдар да Алла Естуші, Білуші екенін біліңдер! |
244 |
Кім Аллаға ең жақсы қарыз берсе, соған Ол көп есе арттырады! Расында, Алла тарылтады да кеңейтеді! Оған ораласыңдар! |
245 |
Сен Мұсадан кейін өмір сүрген Исраил балаларының шонжарлары жайында ойламап па едің? Міне олар (Самуил) хабарландырушыларына: «Бізге патша жібер, сонда біз Алланың жолында шайқасамыз!» – деп айтты. Ол (Самуил): «Сендерге шайқасу ұйғарылса шайқаспауларың мүмкін бе?» – деп жауап берді. Олар: «Алла жолында бізге неліктен шайқаспасқа? Расында, біз балаларымызбен бірге үйлерімізден қуылып шығарылдық!» – деген жауап берді. Бірақ оларға шайқас ұйғарылған кезде, олардың азынан басқасы теріс айналды. Алла зұлымдарды Білуші! |
246 |
Оларға (Самуил) хабарландырушылары: «Расында, Алла сендерге Талұтты патша ретінде жіберді!» – деді. Олар: «Ол қалайша бізге билігін жүргізбек? Біздің билікке деген құқығымыз одан артық. Оған байлыққа деген ұмтылыс берілмеген!» – деген жауап берді. Ол (Самуил): «Расында, Алла оны сендер үшін таңдады, оның білімі мен денесінің кеңдігін үлкейтті. Алла билігін қалағанына береді. Расында, Ол – Қамтушы, Білуші!» – деп айтты. |
247 |
Хабарландырушы (Самуил) оларға: «Расында, оның билігінің белгісі ретінде сендерге саркофаг келеді. Онда Иелеріңнен тыныштық және Мұса жақындары мен Харұн жақындары қалдырғанының жалғасы болады. Оны басқарушылар әкеледі. Расында, осыда сендер үшін белгі бар, егер сенетін болсаңдар!» – деп айтты. |
248 |
Талұт әскерімен жолға аттанған кезде: «Расында, Алла сендерді осы өзенмен сынап тұр. Кім одан ішсе, сол менімен болмайды, кім одан татпаса, сол расында менімен болады, бірақ кім суды қолымен көсіп, бір уыс ішсе, ол басқа!» – деп айтты. Содан соң олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге сенім келтіргендер өзеннен өткенде: «Бүгін бізде Жалұтқа әрі оның әскеріне қарсы шамамыз жоқ!» – деп айтты. Алламен кездесуге үміттенгендер: «Алланың рұқсатымен шағын жасақтар үлкен жасақтарды қаншама рет жеңген еді! Алла сабырлылармен бірге ғой!» – деп жауап берді. |
249 |
Олар Жалұт пен оның әскеріне қарсы аттанған кезде: «Иеміз! Бізге сабырлылық төк, табандарымызды бекіт әрі жабылған халыққа қарсы жәрдем бер!» – деді. |
250 |
Алланың рұқсатымен олар соларды жеңіліске ұшыратты, ал Дауд Жалұтты өлтірді. Алла оған билік пен даналық берді де оған ол қалаған нәрселерді үйретті. Егер Алла бір адамдарды басқалар арқылы қорғамаса, жерде бүлінушілік болатын еді. Алайда Алла әлем халықтары үшін артықшылыққа ие. |
251 |
Алланың белгілері сондай. Біз оларды саған шындықпен оқимыз. |
252 |
Елшілер сондай. Кейбіреулеріне басқаларының алдында артықшылық бердік. Олардың арасында Алламен сөйлескендер болды. Олардың бір бөлігінің дәрежесін көтердік. Біз Мәриям ұлы Исаға айқын дәлелдер бердік және оны Киелі Рухпен қолдадық. Егер Алла қалағанда, онда ізбасарлар өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін шайқаспайтын еді. Алайда олардың пікірлері бірікпеді. Олардың арасында сенім келтіргендері де, жабылғандары да бар. Егер Алла қалағанда, онда олар шайқаспайтын еді. Алайда Алла Өзі қалаған нәрсесін жасайды! |
253 |
О сенім келтіргендер! Мәміле де, достық та, жақтаушылық та болмайтын Күн келмейінше Өзіміз сендерді ризықтандырғаннан шығындаңдар. Ал жабылғандар зұлым ғой! |
254 |
Алла, тәңірі тек қана Оның Өзі – Тірі, (Мәңгі) Бар Болушы! Оны заң да, ұйқы да қамтымайды. Оған аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі. Ендеше, Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол олардан алдын не болғанын, олардан кейін не болатынын біледі. Олар Оның білімінен ешнәрсені қамти алмайды, бірақ Оның Өзі бұны қаласа, ол басқа. Оның салған негізі аспандар мен жерді қамтиды. Ол екеуін сақтап тұру Оған ауыр келмейді. Расында, Ол – Жоғарғы, Ұлық! |
255 |
Міндетте зорлық жоқ. Парасаттылық адасушылықтан ажыратылды. Кім озбырлықтан жабылып, Аллаға сенім келтірсе, сол берік, үзілмес ілмекті мықтап ұстады! Расында, Алла – Естуші, Білуші! |
256 |
Алла сенім келтіргендердің Жебеушісі. Ол оларды түнектерден нұрға шығарады. Ал жабылғандардың жебеушілері болып озбырлықты жақтаушылар келеді. Солар оларды нұрдан түнектерге шығарады. Сондайлар отқа қосылып, оның ішінде қалады! |
257 |
Өзіне билікті Алла берген деп Ибраһиммен Иесі жайында дауласқан біреу туралы ойламап па едің?! Ибраһим: «Менің Ием өмір береді және өлтіреді!» – деген кезде, ол: «Өмір беретін және өлтіретін менмін!» – деді. Ибраһим: «Расында, Алла күнді шығыстан шығарады. Ал сен болсаң оны батыстан шығар!» – деді. Жабылған сасып қалды. Алла зұлым халықты бағыттамайды! |
258 |
Немесе түбегейлі ойрандалған бір кенттің қасынан өткен адам тәрізді. Ол: |
259 |
Ибраһим: «Ием! Маған өлікті қалай тірілтетініңді көрсет» – дегенде, Алла: «Сен сенбеймісің?» – деп жауап берді. Ибраһим: «Әрине сенемін! Алайда жүрегімде тыныштық орнықсын» – деді. Алла: «Төрт құс ал да өзіңе байла. Сонан соң олардың мүшеленген бөлшектерін әр таудың төбесіне қой. Сонан соң оларды шақыр. Олар саған тура ұмтылып келеді. Алла әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана екенін біл!» – деп айтты. |
260 |
Алла жолында өз мүлігін жұмсайтындардың мысалы жеті масақ шығарған дәннің мысалы сияқты, әр масақта жүз дән бар. Расында, Алла қалағанына арттырады! Алла – Қамтушы, Білуші! |
261 |
Өздерінің мүліктерін Алла жолында тарататындарға, сонан соң соны бетке баспайтындарға әрі сол үшін реніш танытпайтындарға Иелерінің тұсында сыйлары болады. Оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды. |
262 |
Мақұлдау мен кешірімділік сөздері артынан реніш еретін садақадан жақсы. Расында, Алла – Бай, Жұмсақ! |
263 |
О сенім келтіргендер! Садақаларыңды бетке басу мен реніш арқылы бекер қылмаңдар. Бұл Алла мен Ақырғы Өмірге сенбей, мүлігін адамдардың алдында көрмек үшін тарататынға ұқсас. Бұл топыраққа жабылған жартастың мысалына ұқсас. Жартасқа нөсер жауды да оны жалаңаш қалдырды. Олар тапқандарының бір нәрсесімен де қолданыла алмайтын болады. Расында, Алла жабылған халықты бағыттамайды! |
264 |
Ал Алланың разылығына және өзін бекітуге ұмтылып өз мүлігін жұмсайтындардың мысалы белесте орналасқан бақтың мысалы тәрізді. Нөсер жауыннан кейін бақ екі есе көп жеміс берді. Нөсер жауын жаумаса шық қалыптасады. Расында, Алла – істейтін нәрселеріңді Көруші! |
265 |
Араларыңнан біреулерің төменгі жағынан өзендер ағатын және әрқайсысында ол үшін жемістері бар жүзім ағашы мен пальмадан тұратын баққа ие болып, сосын қартайған шақта және әлсіз ұрпақ қалдырған кезде, сол бақтың отты дауылға ұшырап, өртеніп кеткенін қалай ма? Осылайша Алла сендерге белгілерді түсіндіреді, мүмкін, ойланарсыңдар! |
266 |
О сенім келтіргендер! Сендер тапқан және Біз сендер үшін жерден шығарған салауатты нәрселерден шығындаңдар. Өздерің көз жұмған кезде ғана алатын сапасыз нәрселерден шығындауға бел бумаңдар. Алла – Бай, Даңқты екенін біліңдер! |
267 |
Тыңдамаушы сендерге кедейлікті уәде етеді және шектен шығушылықты әмір етеді, ал Алла сендерге Өз тарапынан кешірім мен артықшылықты уәде етеді! Расында, Алла – Қамтушы, Білуші! |
268 |
Алла қалағанға даналық береді. Кімге даналық берілсе, соған көп жақсылық берілді. Бұны тек ақыл иелері ғана еске алады. |
269 |
Нені шығындасаңдар да немесе қандай серт берсеңдер де, расында, Алла соны біледі. Зұлымдарға жәрдемші жоқ! |
270 |
Егер де садақаларыңды ашық берсеңдер, онда бұл жарылқау болып табылады, ал егер де садақаларыңды жасырып, оны кедейлерге таратсаңдар, онда бұл өздерің үшін жақсырақ болады. Жаман істерің жабылған болады! Расында, Алла істеген нәрселерің жайында Хабардар! |
271 |
Оларды бағыттау сенің мойныңда емес, алайда Алла қалағанды Өзі бағыттайды. Жақсы нәрседен шығындайтындарың өздерің үшін. Алланың «бейнесіне» ұмтылып, шығындаңдар. Жақсы нәрседен шығындағандарың өздеріңе толық қайтарылады, әрі сендерге зұлымдық қылынбайды. |
272 |
Алла жолында шектелген кедейлерге (шығындаңдар). Олар жер жүзін кезе алмайды. Олар ұстамды болғандықтан надандар оларды ауқатты деп санайды. Оларды нышандарынан танып білесіңдер. Олар адамдардан жабысып сұрамайды. Расында, жақсы нәрседен нені шығындасаңдар да, Алла соны Білуші! |
273 |
Өз мүлкін жасырын және ашық түрде күндіз-түні тарататындарға Иелерінің тұсында сыйлары болады! Оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды! |
274 |
Өсім алушылықтың арқасында тамақтанып жүретіндер тыңдамаушы есуастықпен ұрған біреу сияқты ғана өмір сүреді. Бұл олардың: «Расында, сауда келісімдері өсім тәрізді!» – деп айтқандары үшін, бірақ Алла сауда келісімдерге рұқсат беріп, өсімге тыйым салды! Иесі тарапынан алдын ала сақтандыру өзіне келгеннен кейін кім өсіммен қолданудан тиылса, бұрын алғандары өзіне тиесілі болып қала береді, ал оның ісі Аллада. Ал кім қайта оралса, сондайлар отқа қосылып, оның ішінде қалады. |
275 |
Алла өсімді жоқ қылып, садақаларды өсіреді! Расында, Алла ешбір жабылған күнәһарды сүймейді! |
276 |
Расында, сенім келтірген, түзелту амалдарын жасаған, сиыну байланысына шыққан және ақтайтын шығын шығарғандарға Иелерінің тұсында сыйлары болады! Оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды! |
277 |
О сенім келтіргендер! Алладан сақсыныңдар әрі өсімнен қалғанды қалдырыңдар, егер де сенуші болсаңдар! |
278 |
Егер де сендер олай істемесеңдер, онда Алла мен Оның елшісі сендерге қарсы соғыс жариялайды! Егер де тәубеге келсеңдер, капиталдарың өздеріңде қалады! Зұлымдық қылмаңдар, сонда сендерге де зұлымдық қылынбайды! |
279 |
Қиындық болса, онда жеңілдік күтіңдер. Расында, садақа беру өздеріңе жақсы болады, егер білсеңдер! |
280 |
Сендер Аллаға қайтарылатын Күннен сақсыныңдар! Сонан соң әр тұлғаға өзі тапқаны толығымен қайтарылады және оларға зұлымдық қылмайды! |
281 |
О сенім келтіргендер! Белгілі бір мерзімге қарыз алсаңдар, онда бұны жазыңдар. Жазбаны екеуіне де әділетті хатшы жүргізсін. Ол, оны Алла үйреткендей жазудан бас тартпасын. Ол жазсын, ал қарыз алуға құқықты кісі айтып жаздырсын. Ол өзінің Иесі Алладан сақсынсын, әрі одан еш нәрсе кемітпесін. Қарыз алуға құқықты кісі не ақылсыз, не әлсіз болса, не айтып жаздыра алмаса, оның жебеушісі әділдікпен айтып жаздырсын. Ерлеріңнен екеуі бұған куәлік етсін. Ал екі ер болмай қалса, онда куәгер ретінде өздерің разы болатын бір ер мен екі әйел болсын. Екі әйелдің бірі қателессе, екіншісі оған еске салады. Куәгерлер шақырылған кезде бас тартпасын. Қарыз не аз, не көп болса да, оны мерзімімен қоса жазудан зерікпеңдер. Бұл Алланың алдында өздерің үшін мөлшерлестірек, куәлік ретінде дұрысырақ әрі күмән болмауына жақынырақ. Араларыңда жүретін қолма-қол сауда болса, ол басқа. Бұны жазбасаңдар сендерге теріс қылық болмайды. Бірақ сауда келісімдердің жасалынуын куәландырыңдар. Хатшы мен куәгерге зиян келтіруге тырыспаңдар. Ал егер оны істесеңдер, онда расында, бұл сендердің шегінгендерің! Алладан сақсыныңдар! Расында, Ол сендерге үйретеді! Алла әр нәрсені Білуші! |
282 |
Егер сапарда болып, хатшыны таппасаңдар, кепілзат беріңдер. Егер бір-біріңе сенім артсаңдар, кімге сенім артылды, сол сақтауға берілгенді қайтарсын. Ол, Иесі Алладан сақсынсын! Куәлікті жасырмаңдар, егер кім оны жасырса, онда расында, оның жүрегі күнәлі болады. Расында, Алла істеп жүрген нәрселеріңді Білуші! |
283 |
Аспандардағы және жердегі нәрселер Аллаға тиесілі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да, немесе оны жасырсаңдар да, Алла сендерден оның есебін алады! Ол қалағанын кешіреді де қалағанын азаптайды! Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
284 |
Елші өзіне Иесі тарапынан түсірілгенге сенім келтірді, сенушілер де (сенім келтірді). Барлығы Аллаға, Оның басқарушыларына, Оның Кітаптарына, Оның елшілеріне сенім келтірді. Олар: «Біз елшілердің арасын айырмаймыз. Біз естіп, бағындық. Иеміз! Бізді кешір! Расында, біз Өзіңе қайтарыламыз!» – деп айтты. |
285 |
Алла еш тұлғаға шамасынан тыс міндет жүктемейді. Оған пайда болып өзі тапқан нәрсесі келеді, оған қарсы болып та өзі тапқан нәрсесі келеді. «Иеміз! Біз ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазғырма! Иеміз! Бізге бізден алдын болғандарға түсіргеніңдей ауыртпалықты түсірме! Иеміз! Бізге көтеруге шамамыз келмейтін ауыртпалықты түсірме! Бізді құтқар! Бізді кешір! Бізге рақымшылық ет! Біздің Жебеушіміз Сенсің! Бізге жабылған халыққа қарсы жәрдем бер!» |
286 |