Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен. |
|
Алла әмірі келді, ендеше, оны асықтырмаңдар. Ол олардың серік ретінде қосқан нәрселерінен шексіз алыс және жоғары! |
1. |
Ол, қызметшілері арасынан қалағанына Өз әмірінен Рухпенен басқарушыларды түсіреді: «Менен басқа тәңір жоқ, ендеше, Менен сақсыныңдар!» – деп, алдын-ала ескертіңдер!» [– делінген түрде] |
2. |
Ол аспандар мен жерді хақ бойынша жаратты, Ол олардың серік ретінде қосқан нәрселерінен жоғары! |
3. |
Ол адамды тамшыдан жаратты, енді міне, ол – айқын сөз таластырушы! |
4. |
Әрі малдарды да Ол жаратты. Олардың ішінде сендерге жылу мен пайда бар әрі олардан жейсіңдер. |
5. |
Оларды кешке қайтарған кезде және таңертең жайылуға жіберген кезде сендер үшін әдемілік бар. |
6. |
Олар ауырлықтарыңды өздерің ғана болсаңдар, қиналып қана жеткізетін елге тасымалдайды. Расында, Иелерің Жұмсақ, Мейірімді ғой! |
7. |
Жылқы, қашыр және есектер мінулерің әрі әсемдік үшін. Және Ол сендер білмейтін нәрселерді де жаратады. |
8. |
Жол беталысы Аллаға тиесілі, бірақ олардың (жолдардың) арасында ауытқушы да бар. Егер Алла қалағанда, әлбетте барлықтарыңды бағыттайтын еді! |
9. |
Ол сендер үшін аспаннан су түсірді, одан ішімдік және араларында өздерің мал жаятын ағаштар бар. |
10. |
Ол онымен егін, зәйтүн ағаштары, пальмалар, жүзімдерді және жемістердің әр түрін өсіреді. Расында, бұда ойланатын халық үшін белгі бар ғой! |
11. |
Ол сендерге түн, күндіз, күн, ай және жұлдыздарды бағындырды. Олар Оның әмірімен бағынулы. Расында, бұда ақылға келетін халық үшін белгілер бар ғой! |
12. |
Және сендер үшін түрлі түсті жаратқан нәрседе: расында, бұда еске алатын халық үшін белгі бар ғой! |
13. |
Ол теңізді бағындырды, одан жас ет жеулерің және киіп-тағатын асыл заттар шығаруларың үшін! [Теңізді] жарып жүретін кемелерді көресің, Оның артықшылығына ұмтылуларың үшін, бәлкім, алғысты боларсыңдар! |
14. |
Ол жерге таулар тастады, сендермен бірге шайқалмас үшін, және өзендер мен жолдарды да [тастады], бәлкім, бағытталарсыңдар! |
15. |
Әрі белгішелерді де [тастады], және жұлдызбен олар бағытталады! |
16. |
Жарататын біреу жаратпайтын біреу сияқты ма? Ендеше, еске алмайсыңдар ма? |
17. |
Алла жарылқауын санайтын болсаңдар, оны түгендеп шыға алмайсыңдар! Расында, Алла Кешіруші, Мейірімді ғой! |
18. |
Алла нені жасырып, нені жария ететіндеріңді біледі! |
19. |
Алладан бөлек шақыратындары ешнәрсе жарата алмайды, олардың өздері жаратылғандар! |
20. |
Олар өлі, тірі емес, және қашан тірілетіндерін сезбейді! |
21. |
Тәңірлерің жалғыз Тәңір! Ендеше, Ақырғы өмірге сенбейтіндердің жүректері қабылдамайды. Олар – тәкаппарланушылар! |
22. |
Алла олардың нені жасырып, нені жария ететіндерін білетініне шәк жоқ! Расында, Ол тәкаппарланушыларды сүймейді! |
23. |
Оларға: «Иелерің не түсірді?» – делінгенде, олар: «Ежелгілердің аңыздары!» – деді. |
24. |
Қиямет Күні өз жүктерін толығымен және білімсіздіктен жаңылғандардың жүктерінің бір бөлігін көтерулері үшін. Иә, өздеріне жүктеген нәрселері жаман! |
25. |
Олардан бұрынғылар айлакерлік қылған еді. Сонда Алла құрылыстарын негіздерінен құртты, жоғарларынан үстілеріне төбе құлады. Азап оларға сезбеген жерлерінен келді. |
26. |
Содан соң Қиямет Күні оларды қорлайды да: «Менің серіктерім қайда? Солар үшін қарсы келген едіңдер» – дейді. Білім берілгендер: «Расында, бұл Күннің масқаралығы мен жамандығы жабылушыларда!» – дейді. |
27. |
Оларды басқарушылар өздеріне зұлымдық қылушы күйде тыныштандырады, сонда олар бойұсынушылық танытып: «Біз жамандық істеушілерден болмаған едік!» – дейді. Жоқ, расында, Алла амал еткен нәрселеріңді Білуші! |
28. |
Ендеше, тозақ есіктеріне кіріп, сол жерде қалушы болыңдар! Тәкаппарланушылардың баспанасы нендей нашар! |
29. |
Сақ болғандарға: «Иелерің сендерге не түсірді?» – делінеді. Олар: «Ең жақсысын!» – дейді. Жақсылық қылғандарға бұл дүниеде жақсылық, және әлбетте Ақырғы Өмірдің баспанасы жақсырақ! Сақ болушылардың баспанасы нендей жақсы! |
30. |
Олар астыларынан өзендер ағатын Ғадн бақтарына кіреді, олар үшін онда қалайтын нәрселері болады! Алла сақ болушыларды осылайша сыйға бөлейді! |
31. |
Оларды басқарушылар жақсы күйде тыныштандырады. Олар: «Сендерге бейбітшілік! Амал еткен нәрселерің үшін баққа кіріңдер!» – дейді. |
32. |
Олар өздеріне басқарушылардың келуінен немесе әмірдің келуінен басқаны күтеді ме? Оларға дейінгілер осылайша істеген, оларға Алла зұлымдық қылған жоқ, алайда олар өздеріне зұлымдық қылды! |
33. |
Сондықтан, амал еткен нәрселері үшін оларға жамандықтар тиді, және мазақ қылған нәрселері өздерін қоршады! |
34. |
Серік қосқандар: «Алла қалағанда, біз Одан өзге ешнәрсеге қызмет етпейтін едік – біз де, әкелеріміз де! Одан бөлек біз ешнәрсеге тыйым салмайтын едік!» – деді. Оларға дейінгілер осылайша істеген, елшілердің мойнында айқын жеткізуден басқа міндет бар ма? |
35. |
Әр басшылыққа Біз: «Аллаға қызмет етіңдер және озбырлықтан аулақ болыңдар!» [– дейтін] елшілер жөнелткен едік. Сонда біреулерін Алла бағыттады, ал біреулеріне жаңылушылық лайық болды. Ендеше, жер кезіп, өтірікке шығарушылардың нәтижесі қандай болғанына назар аударыңдар! |
36. |
Егер олардың бағытталуын бар ықыласпен қаласаң, онда, расында, Алла жаңылдырылғанды бағыттамайды, және оларға көмекші жоқ! |
37. |
Олар: «Алла өлгенді тірілтпейді!» [– деп,] Алла атымен, анттарының ең ауырымен қасам етті. Әрине, Оның уәдесі хақ! Алайда, адамдардың көпшілігі білмейді! |
38. |
Ол, олардың келіспеушілікте болған нәрселерін түсіндіруі үшін, және жабылғандар өздерінің өтірікші болғандығын білулері үшін! |
39. |
Расында, бір нәрсені қалағанда, оған айтар сөзіміз: «Бол!» – деу, сонда ол бола қалады. |
40. |
Өздеріне зұлымдық етілгеннен кейін Алла жолында қоныс аударғандарды Біз әлбетте бұл дүниеде жақсы жерде орналастырамыз. Ал Ақырғы Өмірдің сыйы ең үлкен, егер олар білсе еді! |
41. |
Сабыр етіп, Иелеріне тәуекел ететіндерді! |
42. |
Біз саған дейін де өздеріне уахи етіп, ерлерді ғана жібердік. Ендеше, Ескерту иелерінен сұраңдар, егер білмейтін болсаңдар! |
43. |
Айқын дәлелдер және Жазбалармен. Біз саған Ескерту түсірдік, адамдарға түсірілгенді түсіндіруің үшін, бәлкім, олар ойланар! |
44. |
Жаман істерді ойластырғандар Алланың олармен бірге жерді құлатуынан немесе сезбеген жерден азаптың келуінен өздерін қауіпсіздікте сезінеді ме? |
45. |
Немесе олар ары-бері жүргенде Оның ұстап алуынан? Сонда олар әлсірете алмайды! |
46. |
Немесе оларды қорқу үстінде ұстап алуынан? Расында, Иелерің Жұмсақ, Мейірімді ғой! |
47. |
Немесе олар Алла жаратқан нәрселер туралы ойламады ма? Олардың көлеңкелері оң жақ және сол жақтардан иіліп, Аллаға сәжде етеді әрі олар мойынсұнушы! |
48. |
Аспандар мен жердегі жануарлар және басқарушылар Аллаға сәжде етеді! Олар тәкаппарланбайды! |
49. |
Олар өздерінен жоғары тұрған Иелерінен қорқады және әмір етілгенді істейді! |
50. |
Алла: «Екі тәңір алмаңдар! Расында, Ол – Жалғыз Тәңір. Ендеше, Менен үрейленіңдер!» – деді. |
51. |
Оған аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі. Ұдайы борыш Оған тиесілі. Ендеше, Алладан басқадан сақсынасыңдар ма? |
52. |
Сендердегі әр жарылқау – Алладан! Содан соң сендерге зиян тиген кезде, Оған қатты жалбарынасыңдар! |
53. |
Содан соң Ол сендерді зияннан құтқарған кезде, сендерден бір топ Иелеріне серік қосады, |
54. |
оларға бергенімізден жабылулары үшін! Ендеше, пайдаланыңдар, сосын білетін боласыңдар! |
55. |
Өздеріне берген ризықтарымыздан өздері білмейтін нәрсеге несібе орнатып қояды. Алламен ант! Сендер ойдан құрастыратындарың туралы әлбетте сұраласыңдар ғой! |
56. |
Олар Аллаға қыздарды орнатты. Ол бұдан шексіз алыс! Өздері үшін қалағандарын [орнатты]. |
57. |
Олардың біреуін қызбен қуантқан кезде, беті түнеріп, қараяды. Өзі ашуын ұстап тұрады. |
58. |
Қуанышты хабарының «жамандығынан» халықтан жасырынады. «Қорлық» үстінде болып, оны ұстап тұрады ма әлде топырақ астына көміп тастайды ма? О, беретін үкімдері нендей жаман! |
59. |
Ақырғы өмірге сенбейтіндерге мысалдың жаманы тиесілі. Аллаға мысалдың ең жоғарысы тиесілі. Ол – Әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
60. |
Алла адамдарды зұлымдықтары себепті ұстайтын болса, онда жер үстінде ешбір жануар қалмайтын еді! Алайда, оларға белгілі мерзімге дейін кешіктіреді. Ендеше, мерзімдері келген кезде, олар бір сағатқы болсын кешіктіре де алмайды, ертелете де алмайды! |
61. |
Өздеріне жеккөрініштіні Аллаға орнатады, ал ең жақсысы өздеріне тиесілі деп тілдері өтірік сипаттайды. Оларға от тиесілі екендігіне және оларға ұқыпсыздық танытылатындығына шәк жоқ! |
62. |
Алламен ант! Сенен бұрын басшылықтарға жіберген едік. Тыңдамаушы олардың амалдарын өздеріне әсем көрсетті. Ендеше, ол бүгін олардың жебеушісі және олар үшін ауыр азап! |
63. |
Саған Кітапты, олардың келіспеушілікте болған нәрселерін түсіндіруің үшін және сенім келтіретін халыққа мейірім ретінде ғана түсірдік. |
64. |
Алла аспаннан су түсірді, ол арқылы өлімінен кейін жерді тірілтті. Расында, бұда еститін халық үшін белгі бар ғой! |
65. |
Расында, сендер үшін малдарда ғибрат бар ғой. Біз сендерді олардың іштеріндегі жын мен қан арасындағы, ішушілерге ұнамды таза сүтпен сусындатамыз! |
66. |
Пальма жемістері мен жүзімдерден сендер масайтатын ішімдік және жақсы ризық аласыңдар. Расында, бұда ақылға келетін халық үшін белгі бар ғой! |
67. |
Иең араға былай уахи етті: «Таулардан, ағаштардан және олар тұрғызған нәрселерден үйлер жасап ал! |
68. |
Содан соң әр жемістен же де Иеңнің оңайластырылған жолдарымен жүр!» Олардың іштерінен түрлі түсті ішімдік шығады, онда адамдарға ем бар. Расында, бұда ойланатын халық үшін белгі бар ғой! |
69. |
Алла сендерді жаратты, содан соң сендерді тыныштандырады. Біреулерің ең төмен өмірге қайтарылады, білімнен кейін ешнәрсе білмеуі үшін. Расында, Алла – Білуші, Құдіретті! |
70. |
Алла ризықта біреулеріңе басқаларыңның алдында артықшылық берді. Бірақ артықшылық берілгендер өздеріне тәуелділерге ризықтарын бермейді, олар өздерімен теңеспес үшін. Олар Алланың жарылқауын теріске шығарады ма? |
71. |
Алла сендер үшін өздеріңнен жұбайлар орнатты. Сендер үшін жұбайларыңнан балалар мен немерелер орнатты. Сендерді жақсы нәрселермен ризықтандырды. Ендеше, олар бос нәрсеге сенім келтіріп, Алла жарылқауларынан жабылады ма? |
72. |
Олар, Алладан өзге олар үшін аспандар мен жерден ешбір ризықты иелене алмайтын нәрселерге қызмет етеді! Олардың шамасы жетпейді! |
73. |
Ендеше, Аллаға мысалдар келтірмеңдер! Расында, Алла біледі, ал сендер білмейсіңдер! |
74. |
Алла біреудің иелігіндегі қызметшіні мысал ретінде келтірді, оның еш нәрсеге құдіреті жетпейді, және Біз Өз тарапымыздан жақсы ризықпен ризықтандырған біреу бар, сонда ол одан жасырын және жария түрде шығындайды. Олар тең бе? Мадақ Аллаға тиесілі, бірақ олардың көбісі білмейді! |
75. |
Алла екі ерді мысал ретінде келтірді. Біреусі мылқау, еш нәрсеге құдіреті жетпейді, ол жебеушісіне жүк. Оны қайда жөнелтсе де, жақсылықпен келмейді. Ол, әділдікті әмір етіп, түзу жол үстіндегі адаммен тең бе? |
76. |
Аллаға аспандар мен жердің ғайыбы тиесілі. Сағаттың ісі көзді ашып-жұму сияқты немесе ол одан да жақын. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! |
77. |
Алла сендерді аналарыңның іштерінен шығарды, ешнәрсе білмейсіңдер, Ол сендерге есту, көру және ойлау қабілеттерін орнатты, бәлкім, алғысты боларсыңдар! |
78. |
Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстар туралы ойламады ма? Оларды Алла ғана ұстап тұр. Расында, бұда сенім келтіретін халық үшін белгілер бар ғой! |
79. |
Алла сендер үшін үйлеріңнен демалатын орын орнатты. Және сендер үшін малдардың терілерінен үйлер орнатты, жолға шыққан күндеріңде және қоныстаған күндеріңде өздеріңе [тасымалдап, жинауға] жеңіл үйлер. Олардың жүндері, түктері және қылдарынан үй жабдықтары жасалады әрі бір мерзімге дейін пайдаланым бар. |
80. |
Алла, жаратқан нәрселерінен сендерге көлеңкелер орнатты және таулардан сендерге паналар орнатты. Сендерге өздеріңді ыстықтан сақтайтын киімдер және өздеріңді өзара зорлықтарыңнан сақтайтын киімдер орнатты. Осылайша Алла сендерге деген жарылқауын тамамдады, бәлкім, бойұсынарсыңдар! |
81. |
Ендеше, олар теріс бұрылса, онда, расында, саған айқын түрде жеткізу ғана міндет! |
82. |
Олар Алла жарылқауларын таниды, содан соң оларды мойындамайды, олардың көбісі жабылушылар! |
83. |
Сол Күні әр басшылықтан куәгер жөнелтеміз. Содан соң жабылғандарға рұқсат берілмейді және олардан жақсы іс істеу талап етілмейді! |
84. |
Зұлымдық істегендер азапты көрген кезде, оларға жеңілдетілмейді және оларға мұрсат берілмейді! |
85. |
Серік қосқандар серіктерін көрген кезде: «Иеміз! Сенен өзге жалбарынған серіктеріміз осы!» – дейді. Сонда олар (серіктері), оларға: «Расында, сендер өтірікшісіңдер ғой!» – деген сөз тастайды. |
86. |
Олар Аллаға бойұсыну лебіздерін білдіреді. Ойдан құрастырған нәрселері олардан жаңылып кетті! |
87. |
Жабылғандарға, Алла жолынан тосқандарға бүлдіргендері үшін азап үстіне азап арттырамыз! |
88. |
Сол Күні әр басшылыққа қарсы өздерінен куәгер жөнелтеміз, және сені осыларға қарсы куәгер ретінде келтіреміз. Біз саған әр нәрсеге түсіндірме, бойұсынушыларға Нұсқау, мейірім және қуанышты хабар ретінде Кітап түсірдік! |
89. |
Расында, Алла әділдік, жақсылық жасауды және туыстарға тиістіні беруді әмір етеді, шектен шығушылықтан, мақұлданбағаннан және қысымшылық жасаудан тыяды, бәлкім, еске аларсыңдар! |
90. |
Міндеттеме жасасқан кездеріңде, Алла алдындағы міндеттемені толықтай орындаңдар және растағаннан кейін анттарыңды бұзбаңдар! Сендер Алланы өздеріңе Қамқоршы етіп орнатып қойдыңдар! Расында, Алла не істейтіндеріңді біледі! |
91. |
Мықтағаннан кейін иірімжібін тарқатып, бұзған әйел тәрізді болмаңдар. Сендер араларыңдағы анттарыңды алдау құралы ретінде аласыңдар, бір басшылық басқа басшылықтан үстем болуы үшін. Расында, Алла сендерді бұл арқылы сынайды! Ол Қиямет Күні сендерге келіспеушілікте болған нәрселеріңді әлбетте түсіндіріп береді! |
92. |
Егер Алла қаласа еді, сендерді бір басшылық етіп орнататын еді. Ол қалағанды жаңылдырып, қалағанды бағыттайды. Сендер істеген нәрселерің жөнінде әлбетте сұраласыңдар! |
93. |
Араларыңдағы анттарыңды алдау құралы ретінде алмаңдар. Әйтпесе, қадамдарың нық басқаннан кейін тайып кетеді және Алла жолынан тосқандарың үшін жамандық татасыңдар! Сендерге зор азап болады! |
94. |
Алла алдындағы міндеттемені болмашы құнға сатпаңдар. Расында, сендер үшін ең жақсысы Алланың қасында, егер білетін болсаңдар! |
95. |
Сендердің қастарыңдағы нәрселер таусылады, ал Алла қасындағы нәрсе қалады. Біз сабыр еткендерді әлбетте сыйға бөлейміз, сыйлары істеген ең жақсы амалдарына сәйкес болады! |
96. |
Ер немесе әйел болсын, кімде-кім сенуші болып, түзу іс жасаса, Біз оны әлбетте жақсы өмірмен тірілтеміз! Біз оларды әлбетте сыйға бөлейміз, сыйлары істеген ең жақсы амалдарына сәйкес болады! |
97. |
Құран оқыған кезіңде, қарғысталған тыңдамушыдан Аллаға жүгін! |
98. |
Расында, оның өкімі сенім келтіріп, Иелеріне тәуекел ететіндерге жүрмейді! |
99. |
Расында, оның өкімі оны (тыңдамаушыны) жебеуші қылып алғандарға жүреді, олар Оған серік қосушылар! |
100. |
Бір аятты басқа аяттың орнына ауыстырған кезімізде, – ал Алла болса нені түсіретінін Өзі жақсы біледі, – олар: «Расында, сен ойдан құрастырушысың!» – дейді, бірақ олардың көбісі білмейді! |
101. |
«Оны, сенім келтіргендер нығаюы үшін, бойұсынушыларға Нұсқау және қуанышты хабар ретінде Иеңнен хақпен Киелілік Рухы түсірді» – де. |
102. |
Біз олардың: «Расында, оны бір адам үйретеді!» – дейтіндерін әлбетте білеміз. Олар сілтеп жатқан адамның тілі араб емес, ал бұл айқын араб тілі! |
103. |
Расында, Алланың белгілеріне сенім келтірмейтіндерді Алла бағыттамайды, оларға – ауыр азап! |
104. |
Расында, Алланың белгілеріне сенім келтірмейтіндер тек өтірікті ойдан құрастырады, олар – өтірікшілер! |
105. |
Кімде-кім сенімінен кейін Алладан жабылса, – бірақ жүрегі сенімде берік болып, мәжбүрленгеннің жөні бөлек, – алайда кім кеудесін жабықтыққа ашса, онда оларға Алла наразы, оларға зор азап болады! |
106. |
Бұл олардың бергі өмірді ақырғы өмірден гөрі артық сүйгендері үшін. Расында, Алла жабылушы халықты бағыттамайды! |
107. |
Алла олардың жүректерін, құлақтарын, көздерін мөрлеп қойған! Олар ғапылдар! |
108. |
Олар ақырғы өмірде қасірет шегуші болатындығына шәк жоқ! |
109. |
Содан соң, ылаңға салынғаннан кейін қоныс аударғандарға, содан соң ынталанып, сабыр еткендерге, расында, сенің Иең осыдан кейін Кешіруші, Мейірімді ғой! |
110. |
Сол Күні әр тұлға өзі үшін ғана тартысып, келеді! Әр тұлғаға еткен амалы үшін тиістісі толықтай беріледі, оларға зұлымдық етілмейді! |
111. |
Алла қауіпсіз, тыныш болған, ризқы өзіне әр жерден емін-еркін келетін бір елді мекенді мысал ретінде келтірді. Сосын ол Алла жарылқауларынан жабылды, сонда Алла оған жасаған нәрселері үшін аштық және қорқыныш киімін татқызды! |
112. |
Оларға өздерінен елші келген еді, бірақ олар оны өтірікші санады, сонда оларды азап ұстап алды! Олар – залымдар! |
113. |
Алла өздеріңді ризықтандырғанының рұқсатты, жағымдысынан жеңдер! Алла жарылқауларына алғысты болыңдар, егер Оған қызмет етсеңдер! |
114. |
Расында, Ол сендерге өлімтік, қан, шошқа етін, Алладан өзгелерге бағышталғанды тыйым қылды, бірақ кімде-кім қасақана жасаушы емес және шектен асушы емес болып, мәжбүрленген болса, онда расында, Алла Кешіруші, Мейірімді! |
115. |
Тілдеріңнің: «Бұл рұқсатты, бұл тыйым!» – деп, өтірік сипаттауын айтпаңдар, әйтпесе Алла жөнінде өтірікті ойдан құрастырасыңдар! Расында, Алла жөнінде өтірікті ойдан құрастыратындар жетістікке жетпейді! |
116. |
Аз пайдаланым, бірақ оларға ауыр азап бар! |
117. |
Яһуди болғандарға тыйым салған нәрселерді бұрын саған мазмұндаған едік. Біз оларға зұлымдық еткен жоқпыз, алайда олар өздеріне зұлымдық етті! |
118. |
Расында, сенің Иең, надандықпен жаман амал істеп, содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге, расында, сенің Иең осыдан кейін әлбетте Кешіруші, Мейірімді! |
119. |
Расында, Ибраһим Аллаға бағынышты, иілуші басшы болды, ол серік қосушылардан болған емес! |
120. |
Ол Оның жарылқауларына алғысты болған! Ол оны таңдап, түзу жолға бағыттады! |
121. |
Біз оған осы өмірде жақсылық бердік және ақырғы өмірде, ол, расында, әлбетте түзулердің арасынан! |
122. |
Содан соң, Біз саған: «Иілуші Ибраһимнің қауымына ер және серік қосушылардан болма!» – деп, уахи еттік. |
123. |
Расында, сенбіні Біз ол жөнінде келіспеушілікте болғандарға орнаттық. Расында, сенің Иең Қиямет Күні олардың араларына келіспеушілікте болған нәрселері жөнінде үкім береді! |
124. |
Иеңнің жолына даналық және жақсы үгітпенен шақыр! Олармен ең жақсы нәрсе арқылы тартыс! Расында, сенің Иең Оның жолынан кімнің жаңылғанын ең жақсы біледі, және Ол бағытталушыларды ең жақсы біледі! |
125. |
Егер жазаласаңдар, өздерің жазаланғандай жазалаңдар, бірақ егер сабыр етсеңдер, онда ол сабыр етушілер үшін тағы жақсы! |
126. |
Сабыр ет, сенің сабырың тек Алламен ғана, олар үшін қайғырма және істейтін айлакерліктерінен қысылма! |
127. |
Расында, Алла сақ болып, жақсылық істеушілермен бірге! |
128. |