Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Әлиф. Ләм. Ра. Бұл Кітаптың, айқын Құранның белгілері. |
1. |
Бәлкім, жабылғандар бойұсынушы болуды қалайтын болар. |
2. |
Оларды қалдыр – жесін, пайдалансын, үміттері көңілдерін аударсын, ендеше, олар білетін болады! |
3. |
Біз қандай да бір елді мекенді, онда белгілі бір ұйғарым болмай, құртпадық! |
4. |
Еш басшылық өз мерзімінен оза да алмайды, және оны кешіктіре де алмайды! |
5. |
Олар былай деді: «Уа, өзіне Ескерту түісірлген! Расында, сен есіңнен адасқансың ғой! |
6. |
Неге бізге періштелерді келтірмейсің, егер шыншылдардан болсаң?!» |
7. |
Біз періштелерді хақпен ғана түсіреміз және ондай жағдайда оларға мұрсат берілмейді! |
8. |
Расында, Біз Ескертуді түсірдік, және Біз оны Қорғаушымыз ғой! |
9. |
Біз әлбетте сенен де бұрын көнелердің топтарына жіберген едік! |
10. |
Өздеріне бір елші келсе, оны мазақ қылатын. |
11. |
Осылайша Біз бұны қылмыскерлердің жүректеріне саламыз! |
12. |
Олар оған сенбейді, бірақ көнелердің заңы өтіп кеткен еді! |
13. |
Егер Біз оларға аспанның қақпасын ашсақ, олар оның ішінде көтерілуді жалғастыратын еді, |
14. |
олар әлбетте: «Расында, көздеріміз масайған. Дұрысы, біз сиқырланған халықпыз!» – дейді. |
15. |
Шынында, Біз аспанда шоқжұлдыздарды орнаттық, оны қараушыларға әдеміледік! |
16. |
Біз оны әр қарғысталған тыңдамаушыдан қорғаймыз! |
17. |
Бірақ кім ұрыша тыңдаса, оның артынан метеор жіберіледі! |
18. |
Біз жерді создық, оған тауларды тастадық, онда салмағы өлшенген әр нәрседен өсірдік! |
19. |
Біз онда сендерге және сендер ризықтандырмайтындарға күнкөріс қаражаттарын орналастырдық! |
20. |
Бізде әр нәрсенің қазынасы бар! Біз оны тек белгілі өлшеммен түсіреміз! |
21. |
Біз ұрықтандырушы желдерді жібердік. Аспаннан су түсіріп, сендерді онымен сусындаттық! Оны сақтаушы сендер емессіңдер! |
22. |
Расында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз! Біз Мирасқормыз! |
23. |
Расында, Біз алдыңғыларыңды да білеміз, кейінгілеріңді де білеміз! |
24. |
Расында, сенің Иең оларды жинайды, расында, Ол – Дана, Білуші! |
25. |
Біз адамды тегістелген балшықтан жасалынған сыңғырлақ саздан жаратқан едік, |
26. |
ал көрінбейтінді одан бұрын жалындаған оттан жараттық! |
27. |
Иең періштелерге былай деген еді: «Расында, Мен адамды тегістелген балшықтан жасалынған сыңғырлақ саздан Жаратушымын! |
28. |
оны туралап, ішіне Рухымнан үрлеген кезде, оның алдына сәждеге құлаңдар!» |
29. |
Бүкіл періштелердің барлығы сәжде қылды, |
30. |
бірақ түңілгеннен (Ібілістен) басқа. Ол сәжде қылушылармен бірге болудан бас тартты. |
31. |
Ол (Алла): «Уа, Ібіліс! Сәжде қылушылармен бірге болмай, саған не болды?» – деді. |
32. |
Ол (Ібіліс): «Мен адамға сәжде қылатындай емеспін, Сен оны тегістелген балшықтан жасалынған сыңғырлақ саздан жараттың!» |
33. |
Ол (Алла) былай деді: «Ендеше, бұл жерден шық! Сен – қарғысталғансың!» |
34. |
Расында, сенің үстіңде Борыш Күніне дейін лағынет!» |
35. |
Ол (Ібіліс): «Ием! Олар тірілетін Күніне дейін маған мұрсат бер!» – деді. |
36. |
Ол (Алла) былай деді: «Расында, сен мұрсат берілгендерденсің, |
37. |
белгілі уақыттың Күніне дейін!» |
38. |
Ол (Ібіліс) былай деді: «Ием! Сен мені адастырғаның үшін мен міндетті түрде оларға жердегіні әдемі көрсетемін және міндетті түрде олардың барлығын адастырамын, |
39. |
Сенің шынайы қызметшілеріңнен басқа!» |
40. |
Ол (Алла) былай деді: «Бұл – Маған жетелейтін түзу жол! |
41. |
Расында, қызметшілеріме өкімің жүрмейді, адасқандардың арасынан саған ергендерден басқа!» |
42. |
Расында, тозақ – олардың бәрінің уәделі орны! |
43. |
Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір-бір топ бөлінеді. |
44. |
Расында, сақ болушылар бақтар мен бұлақ көздерінде болады! |
45. |
«Оған бейбітшілік пен амандықта кіріңдер!» (делінеді) |
46. |
Біз кеуделерінен ашуды алып тастаймыз, бауырлар төсектерде бір-біріне қарап орналасады! |
47. |
Оларға ол жерде қажығандық тимейді, әрі олар ол жерден шығушы болмайды! |
48. |
Қызметшілеріме Мен Кешіруші, Мейірімді екенімді хабарла, |
49. |
бірақ азабым ауыр азап екенін де [хабарла]! |
50. |
Оларға Ибраһимнің қонағы туралы хабарла. |
51. |
Олар (қонақтар) оған келіп, кірген кезде: «Бейбітшілік!» – деді, ол болса: «Расында, біз сендерден сескенеміз!» – деді. |
52. |
Олар: «Сескенбе! Расында, біз сені білімді бозбаламен қуантамыз!» – деді. |
53. |
Ол: «Маған кәрілік тисе де, мені қуантпақсыңдар ма? Ендеше, немен қуантпақшысыңдар?» – деді, |
54. |
Олар: «Біз сені хақпен қуанттық! Ендеше, торығушылардан болма!» – деді. |
55. |
Ол: «Жаңылушыдан басқа, Иесінің мейірімінен кім торығады?» – деді. |
56. |
Ол: «Ендеше, нені қалайсыңдар, уа, жіберілушілер!» – деді. |
57. |
Олар былай деді: «Расында, біз қылмысты халыққа жіберілдік, |
58. |
бірақ Лұттың әулетінен басқа! Расында, біз олардың бәрін міндетті түрде құтқарамыз, |
59. |
оның әйелінен басқа! Расында, оның артта қалғандардан болуын анықтадық!» |
60. |
Жіберілушілер Лұттың әулетіне келгеннен кейін; |
61. |
ол: «Расында, сендер жат халықсыңдар!» – деді. |
62. |
Олар былай деді: «Керісінше, біз олар күмәнда болған нәрсені алып келдік! |
63. |
Және саған хақты келтірдік және біз, расында, шыншылмыз ғой! |
64. |
Ендеше, түннің бөлігінде отбасыңмен бірге шық, өзің олардың артынан ер, араларыңнан ешкім артқа бұрылмасын және әмір етілген жерге баруды жалғастыра беріңдер». |
65. |
Біз оған әмірді солай шештік: осылар таңертең түбірімен жоқ болады! |
66. |
Қала тұрғындары қуанып келді. |
67. |
Ол былай деді: «Расында, бұл менің қонақтарым, ендеше, мені ұятқа қалдырмаңдар! |
68. |
Алладан сақсыныңдар, мені масқараламаңдар!» |
69. |
Олар: «Біз сені әлем халықтарынан тыймап па едік?» – деді. |
70. |
Ол: «Бұл менің қыздарым, егер істеуші болсаңдар!» – деді. |
71. |
Өміріңмен ант етемін! Расында, олар мастық күйлерінде қаңғырып жүр ғой! |
72. |
Солай, оларды күн шығарда айқай алды! |
73. |
Оның үстін асты етіп қойдық! Біз оларға күйдірілмеген саздан жасалған тастар жаудырдық! |
74. |
Расында, бұда қырағылар үшін белгілер бар ғой! |
75. |
Расында, ол [елді мекен] жол үстінде тұр ғой! |
76. |
Расында, бұда сенушілер үшін белгі бар ғой! |
77. |
Және тоғай тұрғындары залым болды ғой! |
78. |
Солай, олардан кек алдық! Расында, ол екеуі де айқын жетекші! |
79. |
Жартас тұрғындары жіберілушілерді өтірікші санаған еді. |
80. |
Біз оларға белгілерімізді келтірдік, бірақ олар олардан теріс бұрылушы болды! |
81. |
Олар тауларды ойып, қауіпсіз үйлер жасайтын! |
82. |
Солай, таңертең оларды айқай алды! |
83. |
Тапқан нәрселері оларға пайда әкелмеді! |
84. |
Біз аспандар мен жерді және ол екеуінің арасындағы нәрселерді хақ бойынша ғана жараттық! Расында, Сағат келуші ғой! Ендеше, оларды әдемі кешірумен кешір! |
85. |
Расында, сенің Иең, Ол – Жаратушы, Білуші! |
86. |
Біз саған қайталанатын жетілік пен зор Құранды берген едік! |
87. |
Олардың арасынан кейбір жұптарға пайдалануға берген нәрсемізге көздеріңді тікпе. Олар үшін қайғырма және сенушілерге қанатыңды жай. |
88. |
«Расында, мен айқын алдын-ала ескертушімін!» – де. |
89. |
Бөлушілерге түсіргеніміз сияқты, |
90. |
олар Құранды бөлшек-бөлшек етіп орнатып қойды! |
91. |
Ендеше, Иеңмен ант етемін, Біз әлбетте олардың бәрінен сұраймыз |
92. |
амал еткен нәрселері туралы! |
93. |
Ендеше, өзіңе әмір етілетінге мойынсұн және серік қосушылардан теріс бұрыл! |
94. |
Расында, Біз сені мазақ қылушылардан арылтамыз! |
95. |
Олар Алламен бірге басқа тәңірді орнатады, ендеше, олар білетін болады! |
96. |
Әлбетте, олардың айтқан нәрселері үшін кеудеңнің тарылатынын білеміз. |
97. |
Ендеше, Иеңнің мадағын дәріпте және сәжде қылушылардан бол! |
98. |
Иланым келгенге дейін Иеңе қызмет ет! |
99. |