Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Әлиф. Ләм. Ра. Адамдарды, Иелерінің рұқсатымен түнектерден нұрға, Әр нәрсеге шамасы жетуші, Мадақтаулының жолына шығаруың үшін Біз саған Кітап түсірдік, |
1. |
Алланың [жолына шығаруың үшін], Оған аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі, жабылушыларға ауыр азаптан қайғы! |
2. |
Олар ақырғы өмірге қарағанда бергі өмірді сүйеді, Алланың жолынан тосады, оны қисайтуға ұмтылады. Солар – ұзақ адасуда! |
3. |
Біз елшілерді тек өз халқының тілімен ғана жібердік, оларға түсіндіруі үшін. Ендеше, Алла қалағанды жаңылдырады, қалағанды бағыттайды! Ол – Әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! |
4. |
Біз Мұсаны: «Халқыңды зұлматтардан нұрға шығар және оларға Алланың күндерін ескерт!» – деп, белгілерімізбен жіберген едік. Расында, бұда әр өте сабырлы, алғыс білдіруші үшін белгілер бар ғой! |
5. |
Кезінде Мұса өз халқына: «Алланың жарылқауын еске түсіріңдер! Кезінде Ол сендерді перғауынның жақындарынан құтқарды! Олар сендерді жаман азаппен қинап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдырды! Бұда сендер үшін Иелеріңнен зор сынақ!» – деді. |
6. |
Кезінде Иелерің: «Егер алғыс білдірсеңдер, онда Мен міндетті түрде сендерді арттырамын! Егер жабылсаңдар, расында, азабым қатты ғой!» – деп жария етті. |
7. |
Мұса: «Егер сендер және жердегі әркім жабылсаңдар, онда, расында, Алла – Еш нәрсеге мұқтаж емес, Мадақтаулы ғой!» – деді. |
8. |
Сендерге өздеріңнен бұрын болғандардың хабары келмеді ме? Нұх халқының, Ғадтың, Сәмүдтің және олардан кейінгілердің? Оларды Алла ғана біледі. Оларға елшілері айқын дәлелдермен келген еді, олар болса қолдарын ауыздарына қойып: «Расында, біз сендермен жіберілген нәрседен жабылдық, расында, бізді шақыратын нәрселеріңнен күдік тудыратын күмәндамыз!» – деді. |
9. |
Елшілері: «Аспандар мен жердің Жаратушысы Алладан күмәндасыңдар ма? Ол айыптарыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беруі үшін сендерді шақырады!» – деді. Олар: «Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар! Сендер бізді әкелеріміз қызмет еткен нәрседен тосқсыларың келіп тұр! Ендеше, бізге айқын өкім келтіріңдер!» – деді. |
10. |
Елшілері оларға былай деді: «Біз сендер сияқты ғана адамбыз! Алайда Алла қалаған қызметшісіне жақсылық қылады! Біз Алланың рұқсатымен ғана сендерге өкім келтіре аламыз! Аллаға сенушілер тәуекел етсін! |
11. |
Неге бізге, жолдарымызға бағыттаған Аллаға тәуекел етпеске? Бізді ренжіткендеріңе біз міндетті түрде сабыр етеміз! Аллаға тәуекел етушілер тәуекел етсін!» |
12. |
Жабылғандар елшілеріне: «Біз сендерді міндетті түрде жерімізден шығарамыз немесе сендер міндетті түрде қауымымызға ораласыңдар!» – деді. Сонда Иелері оларға былай уахи етті: «Біз залымдарды міндетті түрде құртамыз! |
13. |
Біз сендерді міндетті түрде олардан кейін орналастырамыз. Бұл – Менің алдымда тұрудан және ескертуімнен қорыққандар үшін!» |
14. |
Олар жеңіс сұрады, және әр қасарыспа жендет сәтсіздікке ұшырады! |
15. |
Оның артынан – тозақ, және оған іріңді су ішкізеді! |
16. |
Ол оны ұрттап ішеді, бірақ әрең жұтады! Оған әр жерден өлім келеді, бірақ ол өлмейді! Оның артынан – қатаң азап! |
17. |
Иелерінен жабылғандардың мысалы: олардың амалдары боранды күнде қатты жел ұшыртқан күл сияқты, олар иеленген еш нәрсесіне құдіреттері жетпейді! Бұл – ұзақ адасушылық! |
18. |
Алланың аспандар мен жерді хақ бойынша жаратқаны туралы ойламадың ба? Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, жаңа жаратылыс келтіреді! |
19. |
Бұл Алла үшін ауыр емес! |
20. |
Барлығы Алланың алдына келеді! Әлсіздер тәкаппарланғандарға: «Расында, біз сендерге ерген едік, Алланың азабына қарсы қалай да болсын көмектесе аласыңдар ма?» – дейді. Олар: «Егер Алла бізді бағыттаса еді, біз де сендерді бағыттар едік! Сабырлық танытпаймыз ба немесе танытамыз ба – бізге бәрі бір, біз үшін құтылу жоқ!» – дейді. |
21. |
Іс шешілгеннен кейін тыңдамаушы (шайтан): «Расында, Алла сендерге хақ уәдені уәде етті. Мен де сендерге уәде еттім, бірақ сендерге берген уәдемді бұздым. Менде сендердің үстінен жүретін өкімім жоқ, мен сендерді тек шақырдым, ал сендер маған жауап бердіңдер! Мені жазғырмаңдар, өздеріңді жазғырыңдар! Мен сенедрге көмекші емеспін, сендер де маған көмекші емессіңдер! Расында, мен бұрыннан мені серік ретінде қосуларыңнан жабылған едім!» – дейді. Расында, залымдарға – ауыр азап! |
22. |
Сенім келтіріп, түзелту амалдарын жасағандар астыларынан өзендер ағатын бақтарға кіреді! Олар сол жерде Иелерінің рұқсатымен қалады! Ондағы амандасулары: «Бейбітшілік!» – болады. |
23. |
Алла жақсы сөзді мысал ретінде қалай келтіретіні туралы ойламадың ба? Ол жақсы ағаш сияқты – оның тамыры нық, ал бұтақтары аспанда! |
24. |
Иесінің рұқсатымен ол кез келген уақытта жемісін береді. Алла адамдарға мысалдар келтіреді, бәлкім, олар еске алар! |
25. |
Нашар сөздің мысалы жерден тамырымен жұлынып алынған нашар ағаш сияқты, ода орнықтылық жоқ! |
26. |
Нық сөз арқылы Алла сенім келтіргендерді бергі өмірде және ақырғы өмірде нығайтады! Алла залымдарды жаңылдырады! Алла қалағанын істейді! |
27. |
Алла жарылқауларын жабықтыққа алмастырып, өз халқын өлім үйіне орналастырғандар туралы ойламадың ба? |
28. |
Тозаққа [орналасты], оларды онда жандырады, нендей жаман орын! |
29. |
Олар Аллаға теңдестерді орналастырды, Оның жолынан жаңылдыру үшін! «Пайдалана тұрыңдар, расында, нәтижелерің – Тозақ!» – де. |
30. |
Сенім келтірген қызметшілеріме айырбастау да, достық та болмайтын күн келмей тұрып сиынуды орындасын, өздерін ризықтандырғаннан жасырын түрде және ашық түрде жұмсасын деп айт! |
31. |
Алла аспандар мен жерді жаратты, аспаннан су түсіріп, ол арқылы сендерге ризық ретінде жемістерді шығарды. Өның әмірімен теңізде жүзуі үшін сендерге кемелерді бағындырды, сендерге өзендерді бағындырды, |
32. |
сендерге күштеніп жүмыс жасайтын күн мен айды бағындырды, сендерге түн мен күндізді бағындырды! |
33. |
Сендерге сұраған әр нәрселеріңді берді, Алланың жарылқауларын санайтын болсаңдар, оларды түгендеп шыға алмайсыңдар! Расында, адам зұлым, жабық! |
34. |
Кезінде Ибраһим былай деді: «Ием! Осы қаланы қауіпсіз қыл, мені және ұлдарымды пұттарға қызмет етуден аулақ қыл! |
35. |
Ием, расында, ол пұттар адамдардың көбісін жаңылдырды! Кім маған ерсе, расында, ол, расында – менен! Кім маған бағынбаса, онда, рсында, Сен – Кешіруші, Мейірімдісің! |
36. |
Иеміз, расында, мен ұрпағымның бөлігін егінсіз аңғарда, Сенің тыйым салынған үйіңнің жанында орналастырдым! Иеміз, олар сиынуды орындасын! Адамдардың бір бөлігінің ақыл-ойларын оларға қарай аударып орнат және оларды жемістермен ризықтандыр, бәлкім, олар алғыс білдірер! |
37. |
Иеміз, расында, Сен біз нені жасырып, нені жария ететінімізді білесің! Алла үшін аспан мен жерде еш нәрсе жасырын емес! |
38. |
Маған қартайған шақта Исмаил мен Исхақты сыйлаған Аллаға мадақ! Расында, менің Ием – жалбарынуды Естуші ғой! |
39. |
Ием! Мені және ұрпағымның бөлігін сиынуды орындаушы қылып орнат! Иеміз! Жалбарынуымды қабыл ет! |
40. |
Иеміз! Мені, әке-шешемді және сенушілерді есеп келетін күні кешір!» |
41. |
Алланы залымдардың істеп жатқан нәрселерінен ғапыл деп есептеме, расында, Ол оларға көздер қозғалмай ашылып тұратын күнге дейін мұрсат берді! |
42. |
Олар мойындарын созып жүгіреді, бастарын көтеріп, көзқарастары оларға қайтып келмейді, ақыл-ойлары бос! |
43. |
Адамдарды, өздеріне азап келетін күні туралы алдын-ала ескерт! Зұлымдық жасағандар: «Иеміз! Бізге жақын бір мерзімге дейін мұрсат бер! Шақыруыңа жауап беріп, елшілерге ереміз!» – дейді. (Оларға былай делінеді): «Бұрын өздеріңе зауал тимейді деп ант еткен болмаған едіңдер ме? |
44. |
Сендер өздеріне зұлымдық жасағандардың мекенжайларында тұрдыңдар, олармен қалай істегендеріміз сендерге анық болды, сендерге мысалдар келтірдік!» |
45. |
Олар айлаларын істеді, бірақ айлалары Аллаға тиесілі! Тіпті айлалары тауларды жоқ қылса да! |
46. |
Алла елшілеріне берген уәдесін бұзушы деп есептеме! Расында, Алла – Әр нәрсеге шамасы жетуші, кек Иесі! |
47. |
Сол күні жер басқа жерге ауыстырылады, аспандар да [ауыстырылады]. Олар Жалғыз, Еңсерілмеуші Алланың алдына келеді! |
48. |
Сол күні сен қылмыскерлерді шынжырларға бірге байлаулы түрде көресің, |
49. |
киімдері сұйық шайырдан болатынын, беттерін от жабатынын [көресің]! |
50. |
Бұл Алланың әр тұлғаға иеленгені үшін тиістісін беруі үшін! Расында, Алла есепте жылдам! |
51. |
Бұл – адамдарға мәлімдеме, осы арқылы алдын-ала ескертілсін, және Ол – Жалғыз Тәңір екендігін білсін, және ақыл елері еске алсын! |
52. |