Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Әлиф. Ләм. Мим. Ра. Бұл Кітаптың белгілері. Өзіңе Иең тарапынан түсірілген нәрсе – Хақ, алайда адамдрдың көбісі сенім келтірмейді! |
1. |
Алла – Ол аспандарды сендер көретін тіреусіз көтерді. Содан соң Ол тұрғызылғанға тоқталды. Күн мен айды бағындырды. Олардың әрбірі белгіленген мерзімге дейін жүреді. Ол істі басқарады. Ол белгілерді егжей-тегжейлі баяндайды, бәлкім, Иелеріңмен кездесетіндеріңе нанарсыңдар! |
2. |
Ол жерді созды, және онда таулар мен өзендерді орнатты, және онда бүкіл жемістен жұп қылып екіден орнатты. Ол түнмен күндізді жабады. Расында, бұда ойланатын халық үшін белгілер бар! |
3. |
Жерде көршілес аумақтар, жүзім бақшалары, егін, ашалы және ашасыз пальмалар бар. Олар бір сумен суарылады, бірақ жеуге біреулерін басқаларынан артық қыламыз. Расында, бұда ақылға келетін халық үшін белгі бар! |
4. |
Егер ғажаптансаң, онда олардың: «Тозаң болған кезімізде, біз жаңа жаратылыста боламыз ба?» – деген сөздері ғажап. Олар – Иелерінен жабылғандар, олардың мойындарында шынжырлар болады! Олар – от тұрғындары, олар – онда қалушылар! |
5. |
Олар сені жақсылықтан бүрын жамандықпенен асықтырады. Олардан бұрын мысалдар өтіп қойған еді. Расында, сенің Иең адамдар үшін, олардың зұлымдықтарына қарсы кешірім Иесі ғой! Расында, сенің Иең қатты азаптаушы ғой! |
6. |
Жабылғандар: «Неге оған Иесінен белгі түсірілген жоқ?» – дейді. Расында, сен алдын ала ескертушісің, әр халыққа нұсқаушы бар! |
7. |
Алла әр ұрғашы не тасымалдайтынын, жатырларда ненің азайып, ненің көбейіп жатқанын біледі. Оның қасында әр нәрсе өлшеммен! |
8. |
Ол ғайып пен куәландырылғанды Білуші! Ұлы, Биік! |
9. |
Араларыңнан біреу дауысын жасырса да, ашық сөйлесе де және біреу түнде тығылып, күндіз ашық жүрсе де – бәрі бір, |
10. |
оның алдында да, артында да өкшелей жүрушілер бар, олар Алланың әмірі бойынша оны қорғайды. Расында, Алла халықтың жағдайын өзгертпейді, олар өздерін өзгертпейінше. Егер Алла халыққа жамандық қаласа, онда бұны тойтарушы жоқ! Оларға Одан басқа Билеуші жоқ! |
11. |
Ол қорқу мен көксеу үшін сендерге найзағай көрсетеді және ауыр бұлттарды көтереді! |
12. |
Күн күркіреуі мен періштелер Одан қорыққанынан, Оның мадағын дәріптейді! Ол найзағайларды жіберіп, қалағанын соғады! Олар болса Алла жайында дауласады, Ол – жазалауда Қатал! |
13. |
Шынайы жалбарыну Оған арналады! Одан бөлек шақыратындары оларға ешқандай жауап бермейді. Олар, аузына су жеткізу үшін екі қолын суға созса да, оны жеткізе алмайтын біреу сияқты! Жабылушылардың жалбарынуы адасуда ғана! |
14. |
Аспандардағылар мен жердегілер, және олардың көлеңкелері таңдар мен кештерде Аллаға ерікті және еріксіз түрде сәжде қылады! |
15. |
«Аспандар мен жердің Иесі кім?» – де. «Алла!» – деп айт. «Сендер, Одан бөлек, өздеріне пайда да, зиян да келтіруге билігі жоқ біреулерді жебеуші қылып алдыңдар ма сонда?» – де. «Соқыр мен көретін тең бе? Немесе зұлматтар мен нұр тең бе?» – де. Немесе Аллаға орнатқан серіктері, Оның жаратқаны сияқты жаратып, жаратқандары олар үшін ұқсас болып па? «Алла әр нерсенің Жаратушысы! Ол – Жалғыз, Еңсерілмеуші!» – де. |
16. |
Ол аспаннан су түсірді, аңғарлар мөлшерлерімен аға бастады. Ағын көтерілген көбікті өзімен алып кетті. Асыл бұйым немесе бір зат жасауды қалап, отта жандыратындары да осы көбік тәрізді. Осылайша Алла хақ пен бос нәрсені келтіреді. Көбікке келер болсақ, ол қоқыс ретінде кетіп қалады, ал адамдарға пайда әкелетін нәрсеге келер болсақ, ол жерде қалады. Осылайша Алла мысалдарды келтіреді! |
17. |
Иелеріне жауап бергендерге – жақсылық! Ал Оған жауап бермегендер – оларда жердегі барлық нәрсе және онымен бірге тағы соншама болса, онда олар, әлбетте, оны өтеу ретінде ұсынар еді. Соларға жаман есеп болады, олардың панасы – тозақ! Ол нендей жаман төсек! |
18. |
Саған Иең тарапынан түсірілген нәрсе хақ екендігін білетін біреу cоқыр біреу сияқты ма? Расында, ақыл иелері еске алады, |
19. |
олар Алламен міндеттемелерін толықтай орындайды және келісімшартты бұзбайды, |
20. |
олар Алла байланыстыруға әмір еткен нәрсені байланыстырады, Иелерінен қорқады және есептің жаманынан жүрексінеді! |
21. |
Олар Иелерінің бейнесіне ұмтылып, сабыр етеді, сиынуды орындайды, Біз өздерін ризықтандырғаннан жасырын түрде де және ашық түрде жұмсайды, жамандыққа жақсылықпен тойтарыс береді. Оларға – баспананың соңғысы, |
22. |
Ғадн бақтары! Оған өздері және ата-бабалары, жұбайылары, ұрпақтарынан кім түзелген болса, сол кіреді! Және оларға әр есіктен періштелер кіріп: |
23. |
«Сабыр еткендерің үшін сендерге бейбітшілік! Баспананың соңғысы неткен жақсы!» [– дейді]. |
24. |
Алламен келісімшарт жасасқаннан кейін Оның алдындағы міндеттемелерін бұзатындар, Алла байланыстыруға әмір еткен нәрсені үзетіндер, жерде бүлдіретіндер, оларға – лағынет және баспананың жаманы! |
25. |
Алла қалағанының ризқын кеңейтеді әрі шектетеді. Олар бергі өмірге шаттанады, бергі өмір ақырғы өмірмен салыстырғанда жай бір пайдаланым ғана! |
26. |
Жабылғандар: «Неліктен оған Иесі тарапынан белгі түсірілген жоқ?» – дейді. «Расында, Алла қалағанды жаңылдырады, және кешірім өтініп жалынғанды Өзіне бағыттайды!» – де. |
27. |
Сенім келтіргендер, және жүректері Алланы еске алумен тынышталатындар – жүректер Алланы еске алумен тынышталмайды ма? – |
28. |
сенім келтіргендер және түзелту амалдарын жасағандар, оларға – игілік және оралатын жердің ең жақсысы! |
29. |
Осылайша сені бір басшылыққа жібердік, өзіңе уахи еткенімізді оларға оқуың үшін, олардан бұрын да басшылықтар өтіп қойған, және олар Мейірбаннан жабылады! «Ол – Менің Ием! Одан басқа тәңір жоқ! Оған тәуекел еттім, және Оған қайтамын!» – де. |
30. |
Егер тауларды қозғалтып жіберетін, немесе жерді бөліп тастайтын, немесе өлілерді сөйлеттіретін бір Құран болса! Бірақ барлық іс Аллаға тиесілі! Алла қаласа, Ол барлық адамды бағыттайтынын сенім келтіргендер біліп, күдерлерін үзбеді ме? Алланың уәдесі келмейінше өздері жасаған нәрселері себепті олардың апатқа дұшар болуы доғармайды немесе ол (апат) баспаналарына жақын түсе береді. Расында, Алла уағдасын бұзбайды! |
31. |
Сенен де бұрын елшілер мазақ етілген. Мен жабылғандарға ұзақ өмір беріп, содан соң оларды ұстап алатынмын. Азабым қалай болды?! |
32. |
«Иеленген нәрсесі себепті әр тұлғаның үстінен тұратын Ол ма?» [– дейді олар]. Олар Аллаға серіктерді орнатты. «Оларды атаңдар! Немесе Оған жердегі Ол білмейтін бір нәрсені хабарлайсыңдар ма? Немесе сөздің анығын [хабарлайсыңдар ма]?» – де. Бірақ жабылғандарға айлакерліктері әдеміленді әрі олар жолдан тосылды. Алла кімді жаңылдырса, оған нұсқаушы жоқ! |
33. |
Оларға – бергі өмірде азап болады, ал ақырғы өмірдің азабы, әрине, одан да ауыр! Оларға Алладан басқа сақтаушы жоқ! |
34. |
Сақ болушыларға уәде етілген бақтың мысалы: оның астынан өзендер ағады, оның жемісі мен көлеңкесі ылғи болады! Бұл сақ болғандардың нәтижесі, ал жабылушылардың нәтижесі – от! |
35. |
Кітап бергендеріміз саған түсірілгенге шаттанады, бірақ партиялардан оның бір бөлігін мақұлдамайтындар бар. «Расында, маған Аллаға қызмет ету және Оған серік қоспау әмір етілді! Мен Оған шақырамын, және Оған ораламын!» – де. |
36. |
Осылайша, Біз оны арабша үкім ретінде түсірдік, бірақ өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, онда саған Алладан жебеуші де, сақтаушы да болмайды! |
37. |
Біз сенен де бұрын елшілерді жіберген едік, оларға жұбайылар мен ұрпақ орнаттық, Ешбір елші Алланың рұқсатысыз белгі келтіре алмайді. Әр мезгілге Кітап бар! |
38. |
Алла қалаған нәрсені өшіреді және бекітеді! Кітаптың негізі Оның қасында! |
39. |
Оларға уәде еткеніміздің бір бөлігін саған көрсетсек те, сені тыныштандырсақ та, расында, сенің міндетің – жеткізу, ал Біздің – есеп! |
40. |
Біз жерге келіп, оны тараптарынан қысқартып жатқанымызды олар көрмеді ме? Оның үкімін күшін жоюшы жоқ! Ол есепте жылдам! |
41. |
Олардан да бұрын айла жасаған еді, бірақ барлық айлалар Аллаға тиесілі! Ол әр тұлға не нәрсеге иеленгенін біледі, және жабықтар баспананың соңғысы кімдікі екенін білетін болады! |
42. |
Жабылғандар: «Сен жіберілуші емессің!» – дейді. «Мені мен сендердің арамызда куәгер ретінде Алла және Кітап білімінің иелері жеткілікті!» – де. |
43. |