Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен |
|
Әлиф. Ләм. Ра. Бұл Дана, Хабардардың тарапынан белгілері бекітілген, содан соң егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітап. |
1. |
(Хабарландырушы былай деді): «Аллаға ғана қызмет етіңдер! Расында, мен сендер үшін Оның тарапынан алдын-ала ескертуші және қуантушымын! |
2. |
Иелеріңнен кешірім сұраңдар, содан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерге жақсы пайдаланымды белгілі мерзімге дейін пайдалануға береді және әрбір артықшылық иесіне артықшылық береді. Ал егер теріс бұрылсаңдар, онда, расында, мен сендер үшін Үлкен Күннің азабынан қорқамын! |
3. |
Аллаға ораласыңдар, Ол әр нәрсеге Құдіретті!» |
4. |
О, расында, олар Одан тығылу үшін кеуделерін бұрады. О, олар киімдерімен өздерін қымтап алған кезде де, Ол олардың нені жасырып, нені жария ететіндерін біледі! Расында, Ол – көңілдерді Білуші! |
5. |
Жердегі жануарлардың ризқы Аллада ғана. Ол олардың орналасу орындары мен сақтау орындарын біледі! Барлығы айқын Кітапта! |
6. |
Ол аспандар мен жерді алты күнде жаратты, Оның көтеріліп тұрғызылғаны судың үстінде болған, қайсыларың ең жақсы амал жасайды деп, сендерді сынау үшін. «Расында, өлімнен кейін қайта тірілесіңдер!» – десең, онда жабылғандар міндетті түрде: «Бұл тек айқын сиқыр ғана!» – дейді. |
7. |
Егер Біз азапты олардан санаулы уақытқа дейін кейінге қалдырсақ, олар: «Оны не ұстап тұр?» – дейді. О, сол күні ол оларға келген кезде, ол қайтарылмайды, олардың мазақ қылған нәрселері оларды қоршап алады! |
8. |
Егер адамға Бізден мейірім таттырсақ, содан соң оны одан тартып алсақ, онда расында ол – күдерін үзуші, жабық болады ғой! |
9. |
Егер оған зияннан кейін жарылқауды таттырсақ, онда ол: «Жамандықтар менен кетіп қалды!» – дейді, расында, ол – шаттанушы, мақтаншақ болады ғой! |
10. |
Бірақ сабыр етіп, түзелту амалдарын жасағандар басқа. Оларға кешірім мен үлкен сый! |
11. |
Олардың: «Неліктен оған қазына түсірілген жоқ, немесе онымен бірге періште келген жоқ?» – деулері себепті өзіңе уахи етілетіннің кейбірін тастауың, одан кеудеңнің тарылуы ықтимал. Расында, сен алдын-ала ескертушісің, Алла әр нәрсеге Уәкіл! |
12. |
Немесе олар: «Ол оны ойдан құрастырды!» – дейді. «Ендеше, ойдан құрастырылған бұл тәрізді он сүре келтіріңдер! Алладан басқа кімді шақыра алсаңдар, соны шақырыңдар, егер шыншыл болсаңдар!» – де. |
13. |
Ал егер олар сендерге жауап бермесе, онда оны біліммен Алла түсіргенін және Одан басқа тәңір жоқ екенін біліңдер! Ендеше, бойұсынушы боласыңдар ма? |
14. |
Кімде-кім бергі өмір мен оның зейнетін қаласа, Біз оларға оның ішінде амалдарын толығымен өтейміз, оларға оның ішінде кемітілмейді! |
15. |
Оларға Ақырғы Өмірде тек қана от болады! Оның ішінде жасаған нәрселері сәтсіз аяқталды және оның ішінде істеген нәрселері бекер болды! |
16. |
Ендеше, Иесі тарапынан айқын дәлел үстінде кім тұр? Оны Оның тарапынан куәгер оқиды, одан бұрын жетекшілік пен мейірім ретінде Мұсаның Кітабы болған. Олар оған сенеді. Партиялардың арасынан одан жабылатындардың уәделі орны – от. Ендеше, оған қатысты күмәнда болма! Расында, ол – Иең тарапынан хақ, алайда адамның көбісі сенім келтірмейді! |
17. |
Алла жайында өтірікті ойдан құрастырғаннан кім залымырақ? Олар Иелеріне келтіріледі. Куәгерлер: «Осылар Иелері жайында өтірік айтты! О, Залымдарға Алланың лағынеті!» – дейді. |
18. |
Алла жолынан тосып, оны қисайтуға ұмтылатындар, олар – Ақырғы Өмірден жабылушылар! |
19. |
Олар жер бетінде әлсірете алмады және оларға Алладан басқа жебеушілер жоқ! Оларға азап екі еселенеді! Олар ести де, көре де алмайды! |
20. |
Олар өздерін қасіретке ұшыратты және ойдан құрастырған нәрселері олардан жоғалып кетті! |
21. |
Олардың Ақырғы Өмірде қасіретке ұшырайтындығына шәк жоқ. |
22. |
Расында, сенім келтіріп, түзелту амалдар жасап, Иелеріне бағынғандар, олар – бақ тұрғындары, олар онда қалушылар! |
23. |
Екі топтың мысалы соқыр, мылқау біреу мен көретін, еститін біреу сияқты. Ол екеуі мысалда тең бе? Еске алмайсыңдар ма? |
24. |
Нұхты өз халқына жіберген едік: «Расында, мен сендерге айқын алдын-ала ескертушімін! |
25. |
Сендердің Алла ғана қызмет етулерің үшін! Расында, мен сендер үшін Ауыр Күннің азабынан қорқамын!» |
26. |
Бірақ халқының жабылған шонжарлары: «Сен біз сияқты адам ғана екеніңді көріп тұрмыз! Саған бірінші оймен төмендеріміз ғана ергенін көріп тұрмыз және сендердің бізден бір артықшылықтарыңды көріп тұрған жоқпыз, тіпті сендерді өтірікшісіңдер деп ойлаймыз!» – деді. |
27. |
Ол былай деді: «Уа халқым! Ойладыңдар ма? Егер мен Ием тарапынан келген айқын дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім беріп, ол сендерге көрінбесе, өздерің оны жеккөрсеңдер де, біз сендерді оны мойындауға мәжбүрлейміз бе? |
28. |
Уа халқым! Мен сендерден бұл үшін мүлік сұрап тұрған жоқпын, менің сыйым Алладан ғана. Мен сенім келтіргендерді қуушы емеспін! Расында, олар Иелерімен кездеседі! Алайда мен сендердің надан халық екендіктеріңді көріп тұрмын! |
29. |
Уа халқым! Мен оларды қусам, мені Алладан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма? |
30. |
Мен сендерге: «Менде Алланың қазыналары бар!» – деп тұрған жоқпын! Мен ғайыпты білмеймін, және мен: «Расында, мен басқарушымын!» – деп тұрған жоқпын, және де мен көздерің жақтырмайтындар жайында: «Алла оларға жақсылық бермейді!» – демеймін. Алла олардың ішінде не бар екенін ең жақсы біледі. Ондай жағдайда, расында, мен залымдардан боламын ғой!» |
31. |
Олар: «Уа Нұх! Сен бізбен дауластың, сондықтан бізбен дауды көбейтіп жібердің! Ендеше, бізге уәде еткен нәрсеңді келтір, егер сен шыншылдардан болсаң!» – деді. |
32. |
Ол былай деді: «Расында, оны сендерге Алла келтіреді, егер Ол қаласа. Сендер әлсірете алмайсыңдар! |
33. |
Егер Алла сендерді адастырғысы келсе, онда кеңес бергім келсе де, кеңесім сендерге пайда әкелмейді. Ол – сендердің Иелерің, Оған ораласыңдар!» |
34. |
Немесе олар: «Ол оны ойдан құрастырды!» – дейді. «Егер мен оны ойдан құрастырсам, онда қылмысым өзіме, бірақ сендердің жасаған қылмыстарыңа менің қатысым жоқ!» – де. |
35. |
Нұхқа былай уахи етілді: «Халқыңнан сенім келтіргендерден басқа ешкім сенім келтрімейді! Ендеше, олардың істеген нәрселерінен мұңданба! |
36. |
Көз алдымызда және уахиіміз бойынша кеме жаса. Зұлымдық жасағандар жайында Маған айтпа! Расында, олар суға батырылады!» |
37. |
Ол кеме жасады, халқының шонжарлары оның жанынан өткен сайын оны келеке ететін. Ол былай деді: «Бізді келеке етсеңдер, біз де сендерді келеке еткендеріңдей келеке етеміз! |
38. |
Масқара қылатын азап кімге келетінін, тұрақты азап кімнің басына түсетінін білетін боласыңдар!» |
39. |
Әміріміз келіп, пеш қайнағаннан кейін Біз: «Оған әр нәрседен бір жұптан, екі-екіден және отбасыңды, өзі жайында бұрын сөз айтылғаннан басқа және сенім келтіргенді әкел!» – дедік. Онымен бірге аз адам ғана сенім келтірді! |
40. |
Ол: «Оған отырыңдар! Оның жүруі де, тоқтауы да Алланың атымен! Расында, менің Ием – Кешіруші, Рақымды ғой!» – деді. |
41. |
Ол кеме олармен таулар сияқты толқындарда жүрді. Нұх бөлек тұрған ұлын: «Уа ұлым! Бізбен бірге отыр! Жыбылушылармен бірге болма!» – деп шақырды. |
42. |
Ұлы: «Мен тауды паналаймын, ол мені судан қорғайды!» – деді. Нұх: «Бүгін Алланың әмірінен қорғаушы жоқ, бірақ Ол рақымшылық еткендер, ол басқа!» – деді. Араларын толқындар ажыратты және ол суға батушылардан болды! |
43. |
«Уа жер! Суыңды жұт! Уа аспан! Тоқтат!» – делінді. Су тартылды, іс шешілді және кеме төбеге тоқталды да: «Залым халық құрысын!» – делінді. |
44. |
Нұх Иесіне: «Ием! Расында, менің ұлым – отбасымнан! Расында, Сенің уәдең – хақ! Сен – үкім берушілердің ең жақсысысың!» – деп үндеді. |
45. |
Ол: «Уа Нұх! Расында, ол – отбасыңнан емес! Расында, оның амалы түзелту болған жоқ! Сондықтан, Менен білмейтін нәрсеңді сұрама! Расында Мен сені надандардан болма деп үгіттеймін!» – деді. |
46. |
Ол: «Ием! Расында, Сенен білмейтін нәрсемді сұраудан Өзіңе жүгінемін! Егер мені кешірмесең және мейірімге бөлемесең, мен қасірет шегушілерден боламын!» – деді. |
47. |
«Уа Нұх! Біздің тарапымыздан бейбітшілікпен түс! Саған және сенімен бірге болғандар арасындағы басшылықтарға берекеттер болсын! Басқа басшылықтарға Біз пайдалануға береміз, содан соң оларға Бізден ауыр азап тиеді!» – делінді. |
48. |
Бұл ғайып туралы хабарлардан. Саған оны уахи етеміз. Бұған дейін оны өзің де, халқың да білмеген едіңдер. Ендеше, сабыр ет! Расында, нәтиже сақ болушылардікі! |
49. |
Ғадтың [халқына] олардың бауырын Һұдты [жібердік]. Ол былай деді: «Уа халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Сендер тек қана ойдан құрастырушысыңдар! |
50. |
Уа халқым! Мен сендерден сый сұрап тұрған жоқпын! Менің сыйым мені жаратқаннан ғана! Ендеше, ақылға келмейсіңдер ме? |
51. |
Уа халқым! Иелеріңнен кешірім сұраңдар, содан соң Оған тәубе етіңдер! Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді де қуаттарыңның үстіне қуат арттырады! Қылмыскер болып, теріс бұрылмаңдар!» |
52. |
Олар былай деді: «Уа Һұд! Сен бізге айқын дәлел келтірген жоқсың! Біз сөзің үшін тәңірлерімізді тастаушы емеспіз және біз саған сенуші емеспіз! |
53. |
Тәңірлеріміздің кейбірі сені жамандыққа ұшыратты деп қана айтамыз!» Ол былай деді: «Расында, мен Алланы куәлікке шақырамын және сендер де куәлік етіңдер: сендердің Одан өзгелерді серік ретінде қосуларыңа менің қатысым жоқ! |
54. |
Барлықтарың маған қарсы айлакерлік етіңдер, содан соң маған мұрсат бермеңдер! |
55. |
Расында мен, менің Ием және сендердің Иелерің Аллаға тәуекел еттім! Ол кекілінен ұстамайтын ешбір жануар жоқ! Расында, менің Ием түзу жолда! |
56. |
Ал егер сендер теріс бұрылсаңдар, онда мен, өзім арқылы сендерге жіберілген нәрсені өздеріңе жеткіздім! Ием сендерді басқа халықпен ауыстырады және сендер Оған еш зиян келтіре алмайсыңдар! Расында, менің Ием әр нәрсені Сақтаушы!» |
57. |
Әміріміз келгеннен кейін Біз Һұдты және онымен бірге сенім келтіргендерді мейірімімізбен құтқардық әрі оларды қатаң азаптан құтқардық! |
58. |
Осы Ғадтың [халқы] Иелерінің белгілерін теріске шығарды, Оның елшісіне бағынған жоқ және әрбір қасарыспа жендеттің әміріне ерді! |
59. |
Осы бергі өмірде де, Қиямет Күнінде де олардың артынан ерісін деп лағынет жіберілді. О, расында, Ғадтың [халқы] Иелерінен жабылды! О, Һұд халқы Ғад құрысын! |
60. |
Сәмүдтің [халқына] олардың бауырын Салихті [жібердік]. Ол: «Уа халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Ол сендерді жерден өсірді және онда жайғастырды! Ендеше, Одан кешірім сұраңдар, содан соң Оған тәубе етіңдер! Расында, менің Ием Жақын, Жауап беруші!» – деді. |
61. |
Олар: «Уа Салих! Сен бұған дейін арамыздағы үміт артылған адам едің. Бізді әкелеріміз қызмет еткен нәрсеге қызмет етуден тыясың ба? Расында, бізді шақыратын нәрсеңнен күдік тудыратын күмәндамыз!» – деді. |
62. |
Ол былай деді: «Уа халқым! Ойладыңдар ма? Егер мен Ием тарапынан келген айқын дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім берсе, ал мен болсам Оған бағынбасам, онда Алладан мені кім қорғайды? Ендеше, сендер маған тек қасіретті ғана арттырасыңдар! |
63. |
Уа халқым! Бұл Алланың інгені, ол сендерге белгі. Оны еркіне қойыңдар, Алла жерінде оттасын. Оған жамандықпен тимеңдер, әйтпесе сендерді жақын азап ұстап алады!» |
64. |
Бірақ олар оны жаралады, сонда ол: «Баспаналарыңда үш күн рақаттана тұрыңдар. Бұл өтірік уәде емес!» – деді. |
65. |
Әміріміз келгеннен кейін Біз Салихті және онымен бірге сенім келтіргендерді мейірімімізбен құтқардық және сол күннің масқаралығынан [құтқардық]. Расында, сенің Иең – Қуатты, Әр нәрсеге шамасы жетуші! |
66. |
Зұлымдық жасағандарды айқай алды да, таңертесін олар баспаналарында қозғалмай жатқан күйде болып қалды, |
67. |
олар ол баспаналарында тұрмағандай болды. О, расында, Сәмүдтің [халқы] Иелерінен жабылды! О, Сәмүдтің [халқы] құрысын! |
68. |
Шынында, Ибраһимге елшілеріміз қуанышты хабармен келген еді. Олар: «Бейбітшілік тілейміз!» – деді. Ол: «Бейбітшілік тілеймін!» – деді. Ол кідірмей қуырылған бұзау келтірді. |
69. |
Ол, олардың оған қол тигізбегендігін көргеннен кейін оларды жатырқады да олардан қорқып, қауіптенді. Олар: «Қорықпа! Расында, Біз Лұт халқына жіберілдік!» – деді. |
70. |
Түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Біз оны Исхақпен қуантқан едік, ал Исхақтың артынан Яғқубпен. |
71. |
Ол: «Масқара болдым! Өзім кемпір болып, күйеуім шал болса да, туамын ба?! Расында, бұл ғажап нәрсе ғой!» – деді. |
72. |
Олар: «Сен Алланың әміріне ғажаптанасың ба? Үй тұрғындары, сендерге Алланың мейірімі мен Оның берекеттері болсын! Расында, Ол – Мадақтаулы, Даңқты!» – деді. |
73. |
Ибраһимнен қорқыныш кетіп, оған қуанышты хабар келгеннен кейін ол Бізбен Лұт халқы жайында дауласты. |
74. |
Расында, Ибраһим жұмсақ, момын және тәубеге келуші ғой! |
75. |
«Уа Ибраһим! Бұдан бас тарт! Расында, Иеңнің әмірі келіп қойған! Расында, оларға қайтарылмайтын азап келеді!» |
76. |
Елшілеріміз Лұтқа келгеннен кейін ол олар үшін қынжылды да оның күші тарылып: «Бұл қиын күн!» – деді. |
77. |
Халқы оған асығып келді, олар бұрыннан жаман істер жасайтын! Ол: «Уа халқым! Міне қыздарым, олар сендер үшін тазарақ! Ендеше, Алладан сақсыныңдар, қонақтарымның алдында мені масқара қылмаңдар! Араларыңда парасатты ер жоқ па?» – деді. |
78. |
Олар: «Қыздарыңда біздің шаруамыз жоқ екенін білесің! Расында, біз не қалайтынымызды білесің ғой!» – деді. |
79. |
Ол: «Егер менде сендерге қарсы қуат болса еді немесе мықты тіректі паналасам ғой!» – деді. |
80. |
Олар (періштелер): «Уа Лұт! Расында, біз Иеңнің елшілеріміз! Олар саған жете алмайды. Түннің бөлігінде отбасыңмен бірге шық. Әйеліңнен басқа ешкім артқа қарамасын. Расында, олар ұшырайтын нәрсеге ол да ұшырайды! Расында, олардың уәдесі таңертең болады! Таң жақын емес пе?» – деді. |
81. |
Әміріміз келгеннен кейін олардың үстінгі жақтарын төменгі жақ етіп қойдық! Біз оларға қабатты күйдірілмеген саздан жасалған тастар жаудырдық, |
82. |
ол тастар Иеңнің алдында таңбаланған! Ол тастар залымдарға алыс емес! |
83. |
Мәдиян [халқына] олардың бауырын Шұғайыпты [жібердік]. Ол былай деді: «Уа халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Одан басқа тәңір жоқ! Өлшем мен таразыны азайтпаңдар! Расында, мен сендерді жақсылықта көріп тұрмын, бірақ, расында, мен сендерге қамтитын Күннің азабынан қорқамын! |
84. |
Уа халқым! Өлшем мен таразыны мөлшерлестік бойынша толықтай орындаңдар және адамдардың нәрселерін кемітпеңдер! Және бүлдіруші болып, жерде заңсыз әрекет жасамаңдар! |
85. |
Алланың қалдырғаны өздерің үшін жақсы, егер сенуші болсаңдар, бірақ мен сендерге сақтаушы емеспін!» |
86. |
Олар: «Уа Шұғайып! Сенің байланысың бізге әкелеріміз қызмет еткен нәрсені немесе мүліктерімізге қатысты қалауымызша әрекет етімуізді қалдыруды әмір етеді ме? Расында, сен жұмсақ, парасаттысың ғой!» – деді. |
87. |
Ол былай деді: «Уа халқым! Ойладыңдар ма? Егер мен Ием тарапынан келген айқын дәлелдің үстінде болып, Ол мені Өзінен жақсы ризықпен ризықтандырса, өздеріңді тыйған нәрсемді сендердің артынан жасауды қаламаймын, мен шамам келгенше түзелтуді ғана қалаймын! Менің сәттілігім Алладан ғана! Мен Оған тәуекел еттім және Оған жалбарынамын! |
88. |
Уа халқым! Маған қарсы келулерің сендерді қылмыс жасауға апарып, сендерге Нұх халқына немесе Һұд халқына немесе Салих халқына тиген нәрсенің мысалы тимесін! Лұт халқы да сендерден алыс емес! |
89. |
Иелеріңнен кешірім сұраңдар, содан соң Оған тәубе етіңдер! Расында, менің Ием – Рақымды, Сүйюші!» |
90. |
Олар: «Уа Шұғайып! Сен айтып тұрғанның көбісін біз ұқпаймыз! Расында, біз сені арамызда әлсіз көреміз! Сенің ағайындарың болмаса, біз сені таспен ұратын едік, сен бізге қадірлі емессің!» – деді. |
91. |
Ол былай деді: «Уа халқым! Сендерге менің ағайындарым Алладан гөрі қадірлі ме? Сендер Оны арқаларыңның артына қойдыңдар! Расында, менің Ием істейтін нәрселеріңді Қамтушы! |
92. |
Уа халқым! Жағдайларыңа қарай амал етіңдер. Расында, мен де амал етушімін! Масқара қылатын азап кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін білетін боласыңдар! Бақылаңдар! Расында, мен де сендермен бірге бақылаушымын!» |
93. |
Әміріміз келгеннен кейін Біз Шұғайыпты және онымен бірге сенім келтіргендерді мейірімімізбен құтқардық, ал зұлымдық жасағандарды айқай алды да, таңертесін олар баспаналарында қозғалмай жатқан күйде болып қалды, |
94. |
олар ол баспаналарында тұрмағандай болды. О, Сәмүд құрығандай Мәдиян құрысын! |
95. |
Біз Мұсаны белгілерімізбен және айқын бұйрықпен жібердік – |
96. |
перғауын мен оның шонжарларына. Бірақ олар перғауынның әміріне ерді, перғауынның әмірі парасатты емес болса да. |
97. |
Қиямет Күні ол өз халқының алдында жүреді және оларды отқа апарады, оларды апаратын жер нендей жаман! |
98. |
Олардың артынан осы өмірде де, Қиямет Күнінде де лағынет жіберілді! Оларға берілетін сый нендей жаман! |
99. |
Бұл елді мекендер туралы хабарлардан. Біз олардан саған баяндаймыз. Олардың кейбірі тұр, кейбірі шауып тасталынған. |
100. |
Біз оларға зұлымдық жасаған жоқпыз, алайда олар өздеріне зұлымдық жасады. Иеңнің әмірі келгеннен кейін олардың Алладан өзге жалбарынған тәңірлері ешқандай пайда әкелмеді. Олар, оларға тек қирауды ғана арттырды! |
101. |
Сенің Иең зұлымдық жасайтын елді мекендерді ұстаған кезде осылай ұстайды! Расында, Оның ұстауы ауыр, қатты! |
102. |
Расында, бұда Ақырғының азабынан қорыққан әлдекім үшін әлбетте белгі бар. Ол Күнге адамдар жиналады, ол куәландырылатын Күн! |
103. |
Біз оны санаулы мерзімге дейін ғана кейінге қалдырамыз! |
104. |
Ол Күн келгенде ешбір тұлға Оның рұқсатысыз сөйлемейді! Олардың арасында бақытсыздар да, бақыттылар да болады! |
105. |
Бақытсыздарға келер болсақ, онда олар отта болады, оның ішінде оларға – сарнау мен қырылдау! |
106. |
Олар аспандар мен жердің бар болуынша оның ішінде қалушылар! Бірақ Иең басқаны қаласа, оның жөні бөлек! Расында, сенің Иең қалағанын Істеуші! |
107. |
Бақыттыларға келер болсақ, онда олар бақта болады, олар аспандар мен жердің бар болуынша оның ішінде қалушылар! Бірақ Иең басқаны қаласа, оның жөні бөлек! – Кесілмейтін сый! |
108. |
Олардың қызмет ететін нәрсесіне қатысты күмәнда болма! Осылар бұрын әкелері қызмет еткендей ғана қызмет етеді! Расында, Біз оларға кемшілік етпей, несібелерін әлбетте толықтай береміз! |
109. |
Біз Мұсаға Кітап берген едік қой, бірақ оған қатысты келіспеушілік болды. Егер Иеңнің тарапынан бұрын шыққан сөз болмаса, олардың арасы шешілетін еді. Расында, олар оған қатысты күдік тудыратын күмәнда ғой! |
110. |
Расында, сенің Иең әлбетте әркімнің істерінің төлеуін өздеріне толықтай береді! Расында, Ол – олардың істейтін нәрселерінен Хабардар! |
111. |
Өзіңе әмір етілгендей түзу бол! Және сенімен бірге тәубе еткендер де [түзу болсын]! Озбырлық жасамаңдар! Расында, Ол – істейтін нәрселеріңді Көруші! |
112. |
Зұлымдық жасағандарға сүйінбеңдер, әйтпесе сендерге от тиеді, сендерге Алладан өзге жебеуші жоқ, содан соң сендерге жәрдем де берілмейді! |
113. |
Күндіздің екі тарапында және түннің таяу уақытында сиынуды орында! Расында, жақсы істер жаман істерді кетіреді! Бұл еске алушыларға Ескертпе! |
114. |
Сабыр ет, расында, Алла жақсылық істеушілердің сыйын жоғалтпайды! |
115. |
Неліктен өздеріңнен бұрынғы буындардан жердегі бүлінушіліктен тыятын қалдырылғанның иелері болмаған? Олардың азы ғана бұған жатпайды, оларды құтқардық! Зұлымдық жасағандар иеленген сән-салтанаттарына еріп, қылмыскер болды! |
116. |
Сенің Иең тұрғындары түзелтуші болған елді мекендерді зұлымдықпен құртатындай емес! |
117. |
Егер Иең қаласа, адамдарды бір ғана басшылық қылып орнататын еді, бірақ олар келіспеушілікке түсуді доғармайды, |
118. |
бірақ Иең рақымшылық еткендер, ол басқа. Оларды сол үшін жаратты. Иеңнің: «Мен тозақты адамдар мен көрінбейтіндермен, барлықтарымен бірге, міндетті түрде толтырамын!» – деген сөзі тамамдалды. |
119. |
Бұның бәрін саған елшілер туралы хабарлардан баяндаймыз, сенің ақыл-ойыңды нығайтуымыз үшін. Осында саған хақ және сенушілер үшін үгіт пен Ескертпе келді. |
120. |
Сенім келтірмейтіндерге былай де: «Жағдайларыңа қарай амал етіңдер. Расында, біз де амал етушіміз! |
121. |
Күтіңдер, расында, біз де күтушіміз!» |
122. |
Аллаға аспандар мен жердің ғайыбы тиесілі, әр іс Оған оралады. Ендеше Оған қызмет ет және Оған тәуекел ет! Сенің Иең істейтін нәрселеріңнен ғапыл емес! |
123. |