Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен

 

Әлиф. Ләм. Ра. Бұл – дана Кітаптың белгілері!

1.

Адамдар үшін өздерінің арасындағы ерге: «Адамдарды алдын ала ескерт және сенім келтіргендерді Иелерінің алдында өздеріне шындық қадамы болады деп қуант!» – деп уахи еткеніміз ғажап болды ма? Жабылушылар: «Расында, бұл айқын сиқыр ғой!» – деді.

2.

Расында, Иелерің Алла, Ол аспандар мен жерді алты күнде жаратты, содан соң тұрғызылғанға тоқталды. Ол істі басқарады. Оның рұқсатысыз шапағатшы жоқ. Бұл Алла, Иелерің! Ендеше, Оған қызмет етіңдер. Еске алмайсыңдар ма?

3.

Алланың хақ уәдесі бойынша барлықтарың Оған ораласыңдар! Расында, Ол жаратылысты бастайды және оны қайталайды, сенім келтіргендерді және түзелту амалдарын жасағандарды мөлшерлестікпен сыйға бөлеуі үшін. Жабылғандарға жабылған болғандықтары үшін қайнаған судан ішімдік пен ауыр азап!

4.

Ол күнді жарық қылып орнатты, ал айды нұр қылып, оған орындарын анықтады, жылдар саны мен есеп білулерің үшін. Алла бұны хақ бойынша жаратты, Ол белгілерді білетін халық үшін егжей-тегжейлі түрде баяндайды!

5.

Расында, түн мен күндіздің кезектесуінде, Алланың аспандар мен жердегі жаратқан нәрсесінде сақ болатын халық үшін белгілер бар!

6.

Расында, Бізбен кездесуді үміт етпейтіндер, бергі өмірмен қанағаттанып, онымен тынышталғандар, олар – белгілерімізден ғапыл!

7.

Иеленген нәрселері үшін олардың панасы от!

8.

Расында, сенім келтіргендерді, түзелту амалдарын жасағандарды Иелері сенімдері бойынша бағыттайды! Жарылқау бақтарында олардың астыларынан өзендер ағады!

9.

Олардың ондағы үндеулері: «Мадақ Саған, Алла!» Ондағы амандасулары: «Бейбітшілік!» Үндеулерінің соңы: «Әлем халықтарының Иесі Аллаға даңқы!»

10.

Егер Алла адамдарға жамандықты тездетсе, олардың жақсылықтың тез болуын тілегеніндей, онда оларға мерзімдері шешілген болатын еді. Бізбен кездесуді үміт етпейтіндерді Біз озбырлықтарында қаңғырып жүрулерінде қалдырамыз!

11.

Адамға зиян тиген кезде, ол бүйірінде жатып та, отырып та, тұрып та Бізге жалбарынады, Біз оны зияннан құтылдырғаннан кейін ол өзіне тиген зиян үшін Бізге жалбарынбағандай-ақ жүре береді. Осылайша, шектен шығушыларға істеген нәрселері әсемделген!

12.

Сендерден бұрынғы буындарды, олар зұлымдық жасағаннан кейін құртатқан едік. Оларға елшілері айқын дәлелдермен келген еді, бірақ олар сенген емес! Осылайша Біз қылмыскер халықты жазалаймыз!

13.

Содан соң олардан кейін Біз сендерді жерде наменгер етіп орнаттық, не істейтіндіктеріңді көруіміз үшін!

14.

Оларға белгілеріміз айқын дәлелдер түрінде оқылған кезде, Бізбен кездесуді үміт ептейтіндер: «Бізге басқа Құран келтір немесе оны ауыстыр!» – деді. «Мен оны өздігімнен ауыстыра алмаймын! Мен өзіме уахи етілетінге ғана еремін. Расында мен, егер Иеме бағынбасам, Зор Күннің азабынан қорқамын!» – де.

15.

«Егер Алла қаласа, мен оны оқымайтын едім және оны сендерге білдірмес едім. Оған дейін дейін мен араларыңда өмір өткіздім ғой, ақылға келмейсіңдер ме?» – де.

16.

Алла жайында өтірікті ойдан құрастырғаннан немесе Оның белгілерін өтірік деп санағаннан кім залымырақ? Расында, қылмыскерлер жетістікке жетпейді!

17.

Олар Алладан өзге, өздеріне зиян да, пайда да әкелмейтін нәрсеге қызмет етеді. Олар: «Осылар біздің Алла алдындағы шапағатшыларымыз!» – дейді. Сендер Аллаға, аспандар мен жердегі Ол білмейтін нәрсе туралы хабар бересіңдер ме?» – де. Ол олардың серік ретінде қосатын нәрселерінен пәк және жоғары!

18.

Адамдар тек бір ғана басшылық болған еді, сосын келіспей қайшылыққа түсті. Егер Иеңнің тарапынан бұрын шыққан сөз болмаса, олардың келіспеген нәрселері араларында шешілетін еді. 

19.

Олар: «Неге оған Иесі тарапынан белгі түсірілген жоқ?» – дейді. Ендеше: «Расында, ғайып Аллаға тиесілі, ендеше күтіңдер, расында, мен де сендермен бірге күтушілерденмін!» – де.

20.

Егер адамдарға өздеріне тиген зияннан кейін мейірімді татқызсақ, сол кезде оларда белгілерімізге қатысты айлакерлік болады. «Алла айлакерлікте ең жылдам!» – де. Расында, елшілеріміз жасаған айлаларыңды жазады.

21.

Ол сендерді құрлық пен теңізде жүргізеді, тіпті кемеде болған кездеріңде де. Кемелер олармен жақсы жел кезде жүзді, олар кемелерден шаттанды, бірақ кемелерге қатты жел келді, оларға әр жерден толқындар келді. Олар: «Біз қоршалдық» – деп ойлап, Аллаға: «Егер Сен бізді осыдан құтқарсаң, біз міндетті түрде алғыстылардан боламыз!» – деп жалбарынып, Оның алдындағы борышта шынайылық танытты.

22.

Бірақ Ол оларды құтқарғаннан кейін, міне – олар жер жүзінде хақсыз қысымшылық жасайды. Уа адамдар! Расында, қысымшылық жасағандарың өздеріңе қарсы. Бұл бергі өмірдің пайдаланымы. Содан соң Бізге ораласыңдар, сонда сендерге істеген нәрселерің туралы хабар береміз!

23.

Расында, бергі өмірдің мысалы су сияқты. Біз оны аспаннан түсіреміз, онымен адамдар мен малдар жейтін жер өсімдігі араласады, жер өз әшекейлерін алып, әсемделмейінше. Оның тұрғындары өздері туралы: «Біз оған құдіреттіміз!» – деп ойлайды. Оған Біздің әміріміз түнде не күндіз келеді, сонда Біз оны кеше бай болмағанындай орылған қылып орнатамыз. Белгілерді ойланатын халық үшін Біз осылайша егжей-тегжейлі түрде баяндаймыз!

24.

Алла бейбітшілік баспанасына шақырады, Ол қалағанды түзу жолға бағыттайды!

25.

Жақсылық жасағандарға – жақсылық және үстеме! Олардың беттерін шаң да, қорлық та баспайды. Олар – бақ тұрғындары! Олар оның ішінде қалушылар!

26.

Жамандықтарға иеленгендердің жазасы сол сияқты жамандық. Оларды қорлық басады! Оларға Алладан қорғаушы жоқ! Олардың беттері қараңғы түннің бөлшектерімен қапталғандай! Олар – от тұрғындары! Олар оның ішінде қалушылар!

27.

Сол күні Біз барлықтарын жинаймыз, содан соң серік қосқандарға: «Сендер де, серіктерің де орындарыңда тұрыңдар!» – дейміз. Сосын араларын ажыратамыз, олардың серіктері былай дейді: «Сендер бізге қызмет еткен жоқсыңдар!

28.

Ендеше, біздің қызмет етулеріңнен ғапыл болғандығымызға сендер мен біздің арамызға куәгер ретінде Алла жеткілікті!»

29.

Ол жерде әр тұлға бұрын істеген нәрсесімен сыналады. Олар өздерінің Хақ Жебеушісі Аллаға оралады! Ойдан құрастырған нәрселері олардан жоғалып кетеді!

30.

«Сендерді аспан мен жерден кім ризықтандырады?» – немесе: «Есту мен көру қабілетеріне кім ие, тіріні өліден кім шығарады және өліні тіріден кім шығарады? Істі кім басқарады?» – деп сұра. Олар: «Алла!» – деп жауап беретін болады. Сонда былай де: «Ендеше, сақсынбайсыңдар ма?  

31.

Бұл – Алла, Хақ Иелерің. Ендеше, хақтан кейін адасудын басқа не бар? Қалайша бас тартасыңдар?!»

32.

Иеңнің шегінгендер туралы: «Олар сенім келтірмейді!» – деген сөздері осылайша хақ болды.

33.

«Серіктеріңнің арасында жаратылысты бастап, содан соң оны қайталайтын біреу бар ма?» – де. «Жаратылысты бастап, содан соң оны қайталайтын – Алла!» – де. Қалайша ғайбаттайсыңдар?!

34.

«Серіктеріңнің арасында хаққа бағыттайтын біреу бар ма?» – де. «Хаққа бағыттайтын – Алла! Ерітуге кім лайықтырақ? Хаққа бағыттайтын ба немесе өзін бағыттаса ғана бағытталатын ба? Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?!» – де.

35.

Олардың көбісі тек жорамалға ғана ереді. Расында, жорамалдың хаққа қарағанда еш пайдасы жоқ. Расында, Алла олардың істейтін нәрселерін Білуші!

36.

Бұл Құран Алладан басқа біреудің ойдан құрастырғаны емес! Алайда, ол өзінен алдынғыны растайды және Кітапты егжей-тегжейлі түрді баяндайды! Ол әлем халықтарының Иесі тарапынан, оған күмән жоқ!

37.

Немесе олар: «Ол оны ойдан құрастырды!» – дейді. «Осы тәрізді тарау (сүре) келтіріңдер де Алладан басқа кімді шақыра алсаңдар, соны шақырыңдар, егер шыншыл болсаңдар!» – де.

38.

Дұрысы, олар білімін қамты алмаған нәрсені және өздеріне түсініктемесі келмеген нәрсені өтірік деп санайды! Олардан бұрынғылар да осылайша өтірік деп санайтын! Залымдардың нәтижесі қандай болғанына назар аудар!

39.

Олардың арасында оған сенетіндері бар және олардың арасында оған сенбейтіндері де бар. Сенің Иең бүлдірушілерді ең жақсы Білуші!

40.

Егер олар сені өтірікші санаса, онда: «Өз амалдарым өзіме, өз амалдарың өздеріңе, сендердің менің істейтініме қатыстарың жоқ, менің де сендердің істейтіндеріңе қатысым жоқ!» – де.

41.

Олардың арасында сені тыңдайтындары бар. Ендеше, ақылға келмесе де, кереңдерді естірте аласың ба?

42.

Олардың арасында саған назар аударатындары бар. Ендеше, көре алмаса да, соқырларды бағыттай аласың ба?

43.

Расында, Алла адамдарға ешқандай зұлымдық жасамайды, алайда адамдар өздеріне зұлымдық жасайды!

44.

Сол Күні Ол оларды жинайды, олар күндіз бір-ақ сағат болғандай. Олар бір-бірін таниды. Алламен кездесуді өтірік деп санағандар қасіретке ұшырады, олар бағытталған болған емес.

45.

Әлде Біз саған оларға уәде еткен нәрсеміздің кейбірін көрсетеміз, немесе Біз сені тыныштандырамыз. Ендеше, олар Бізге оралады, содан соң Алла олардың істейтін нәрселеріне Куәгер болады!

46.

Әр басшылыққа – елші. Олардың елшісі келген кезде, аралары мөлшерлестікпен шешіледі, оларға зұлымдық жасалынбайды.

47.

Олар: «Егер шыншыл болсаңдар, бұл уәде қашан болады?» – дейді.

48.

«Менің өзіме зиян да, пайда да әкелуге билігім жоқ, бірақ Алла қаласа, ол басқа. Әр басшылықтың мерзімі бар, олардың мерзімі келгенде, олар оны бір сағатқа болсын кешіктіре де, ертелете де алмайтын болады!» – де.

49.

Былай де: «Ойладыңдар ма? Оның азабы өздеріңе түнемелікте немесе күндіз келсе, қылмыскерлер бұдан қайсысын асықтырар еді? 

50.

Содан соң ол құлаған кезде оған сенім келтіресіңдер ме?» Қазір ме? Сендер оны асықтырған едіңдер!  

51.

Содан соң зұлымдық жасағандарға: «Қалу азабын татыңдар! Иеленген нәрселерің үшін емес, басқа нәрсе үшін жазаланасыңдар ма?» – делінеді.

52.

Олар сенен хабар алайын деп: «Ол хақ па?» – дейді. «Әрине, Иеммен ант етемін! Расында, ол – хақ, сендер әлсірете алмайсыңдар!» – де. 

53.

Егер зұлымдық жасаған әр тұлғаға жердегі нәрселер тиесілі болса, онда оны олар өтеу ретінде беретін еді. Олар азапты көргеннен кейін өкініштерін жасырар еді. Олардың арасы мөлшерлестікпен шешіледі, оларға зұлымдық жасамайды!

54.

О, расында аспандардағы мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі! О, расында Алланың уәдесі хақ, алайда олардың көбісі білмейді!

55.

Ол тірілтеді және өлтіреді! Оған ораласыңдар!

56.

Уа адамдар! Сендерге Иелеріңнен үгіт, көңілдердегі нәрсеге сауықтыру және сенушілер үшін Нұсқау мен мейірім келді.

57.

«Алланың артықшылығымен және Оның мейірімімен!» – де, олар осымен шаттансын! Бұл олардың жинайтын нәрселерінен жақсырақ!

58.

«Алла сендерге ризықтан не түсіргенін көрдіңдер ме? Сендер одан тыйым мен рұқсаттыны орнаттыңдар» – де. «Солай жасауға сендерге Алла рұқсат етті ме? Әлде Алла жайында ойдан құрастырып жатырсыңдар ба?» – де.

59.

Алла жайында өтірікті ойдан құрастыратындар Қиямет Күні туралы қандай жорамалы бар? Расында, Алла адамдарға артықшылық Иесі ғой, алайда олардың көбісі алғыстылық білдірмейді!

60.

Қандай істе болсаңдар да, Құраннан не оқысаңдар да, қандай амал жасасаңдар да, Біз сендерге Куәгер боламыз, сендер оған шомған кездеріңде. Иеңнен жерде де, аспанда да тозаңның салмағы да жасырылмайды, одан аз да болсын, одан үлкен де болсын! Бұның бәрі айқын Кітапта!   

61.

О, расында, Алланың жақындарына қорқу жоқ және олар қайғырмайды!

62.

Сенім келтіріп, сақ болғандар,

63.

оларға – бергі өмірде де, ақырғы өмірде де қуанышты хабар. Алланың сөздеріне өзгеріс жоқ, бұл – зор жеңіс!

64.

Олардың сөздері сені қайғыландырмасын. Расында, атақ толығымен Аллаға тиесілі! Ол – Естуші, Білуші!

65.

О, Аллаға аспандар мен жердегі әркім тиесілі. Алладан өзгелерді серік ретінде шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар тек қана жорамалға ереді! Олар тек қана ойдан шығарады!

66.

Ол сендерге түнді орнатты, ол кезде тынышталуларың үшін, және көрулерің үшін күндізді [орнатты]. Расында, бұда еститін халық үшін белгілер бар ғой!

67.

Олар: «Алла Өзіне бала алды» – деді. Ол одан пәк! Ол Бай! Оған аспандардағы мен жердегі әр нәрсе тиесілі! Сендерде бұған қатысты ешқандай бұйрық жоқ. Сендер Алла жайында өздерің білмейтін нәрсе айтасыңдар ма?

68.

«Расында, Алла жайында өтірікті ойдан құрастыратындар жетістікке жетпейді!» – де.

69.

Бергі өмірдегі пайдаланым. Содан соң олар Бізге оралады, содан соң жабылған болғандары үшін Біз оларға қатты азап татқызамыз!

70.

Оларға Нұх туралы хабарды оқы. Кезінде ол халқына былай деді: «Уа халқым! Егер сендерге менің тұруым және Алла белгілерімен ескертуім ауыр болса, онда мен Аллаға тәуекел еттім. Ендеше, істерің мен серіктеріңді жинаңдар. Содан соң істерің сендерді уайымдатпасын. Содан соң маған қатысты шешім шығарыңдар да маған мұрсат бермеңдер!

71.

Ал егер теріс бұрылсаңдар, онда мен сендерден сый сұраған жоқпын. Менің сыйым тек Алладан ғана. Маған бойұсынушылардан болуға әмір етілді!»

72.

Сосын олар оны өтірікші санады. Біз оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқардық та оларды наменгер етіп орнаттық. Ал белгілерімізді өтірік деп санағандарды батырдық. Ендеше, алдын-ала ескертілгендердің нәтижесі қандай болғанына назар аудар!

73.

Содан соң, одан кейін олардың халықтарына елшілерді жөнелттік. Олар оларға айқын дәлелдермен келді. Бірақ олар бұрын өтірік деп санаған нәрселеріне сенім келтірмеді. Шектен асушылардың жүректерін осылайша мөрлейміз!

74.

Содан соң, олардан кейін Мұса мен Һарұнды перғауын мен оның шонжарларына белгілерімізбен жөнелттік. Бірақ олар тәкаппарлық танытты да қылмыскер халық болды.

75.

Оларға Бізден хақ келгеннен кейін, олар: «Расында, бұл айқын сиқыр ғой!» – деді.

76.

Мұса: «Өздеріңе хақ келгеннен кейін ол туралы осылай айтасыңдар ма? Бұл сиқыр ма? Сиқыршылар жетістікке жетпейді!» – деді.

77.

Олар: «Үстінде әкелерімізді тапқан нәрсемізден бетімізді аударып жіберу мен екеулерің жерде ұлық болуларың үшін бізге келдің бе? Біз екеулеріңе сенуші емеспіз!» – деді.

78.

Перғауын: «Маған әр білімді сиқыршыны әкеліңдер!» – деді.

79.

Сиқыршылар келгеннен кейін Мұса оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар!» – деді.

80.

Олар тастағаннан кейін, Мұса: «Келтірген нәрселерің – сиқыр, расында, Алла оны бекер қылады. Расында, Алла бүлдірушілердің амалын түземейді!» – деді. 

81.

Алла Өз сөздерімен хақты хақ қылады, қылмыскерлерге жеккөрінішті болса да!

82.

Мұса халқының кейбір ұрпақтары ғана, перғауын мен оның шонжарлары өздерін ылаңға салады деген қорқынышқа қарамастан, оған сенім келтірді. Расында, перғауын жерде жоғары еді ғой, расында ол – шектен шығушылардан!

83.

Мұса: «Уа халқым! Егер Аллаға сенім келтірсеңдер, онда Оған тәуекел етіңдер, егер бойұсынушы болсаңдар!» – деді.

84.

Сонда олар былай деді: «Аллаға тәуекел еттік! Иеміз! Бізді залым халық үшін азғыру қылып орнатпа

85.

және бізді жабылған халықтан мейіріміңмен құтқар!»

86.

Біз Мұса мен оның бауырына: «Екеуің халықтарыңа Мысырда үйлер орналастырыңдар. Үйлеріңді бағдар қылып орнатыңдар да сиынуды орындаңдар. Сенушілерді қуант!» – деп уахи еттік.

87.

Мұса: «Иеміз! Расында, Сен перғауын мен оның шонжарларына бергі өмірде зейнет пен мүліктер бердің, Иеміз, Сенің жолыңнан жаңылулары үшін! Иеміз! Олардың мүліктерін жойып тастап, жүректерін қатайт, олар ауыр азапты көрмейінше сенім келтірмеулері үшін!» – деді.

88.

Ол: «Үндеулеріңе жауап берілді, ендеше, түзу болыңдар және білмейтіндердің жолына ермеңдер!» – деді.

89.

Исраилдің балаларын теңізден өткіздік. Перғауын мен оның әскерлері суға батып кетпейінше қысымшылық пен қарсыластық танытып, олардың артынан қуды. Ол: «Мен, расында, Исраил балалары сенім келтіргеннен басқа тәңір жоқ екеніне сенім келтірдім! Мен бойұсынушыларданмын!» – деді. 

90.

Бұл қазір ғана, бұрын сен бағынбай, бүлдірушілерден болғансың!

91.

Ендеше, бүгін сенің денеңді құтқарамыз, кейінгілер үшін белгі болуың үшін. Расында, адамдардың көбісі белгілерімізден ғапыл!

92.

Исраилдің балаларын шындықтың орналастыруымен орналастырдық  және оларды салауатты нәрселерден ризықтандырдық. Өздеріне білім келмейінше олар келіспеушілікке түскен жоқ. Расында, сенің Иең Қиямет Күні келіспеген нәрселерін араларында шешеді!

93.

Ал егер сен өзіңе түсіргенімізден күмәндансаң, онда өзіңнен бұрын Кітап оқитындардан сұра. Шынында, саған Иеңнен хақ келді, ендеше, күдіктенушілерден болма!

94.

Алла белгілерін өтірік деп санағандардан болма, әйтпесе қасірет шегушілерден боласың!

95.

Өздеріне Иеңнің сөздері хақ болғандар сенім келтірмейді,

96.

оларға тіпті барлық белгілер келсе де, ауыр азапты көрмейінше!

97.

Йунус халқынан басқа сенім келтіріп, сенімдері пайда әкелген елді мекен неге болмаған? Олар сенім келтіргеннен кейін Біз оларды бергі өмірдегі масқаралық азабынан құтылдырдық та бір уақытқа дейін пайдалануға бердік.

98.

Егер Иең қалаған болса, жердегі әркім толығымен сенім келтірер еді. Адамдарды сенуші болсын деп мәжбүрлейсің бе?

99.

Тұлға Алла рұқсатынсыз сенім келтірмейді. Ол ақылға келмейтіндерге жексұрындық орнатты!

100.

«Аспандар мен жерде не бар екеніне назар аударыңдар!» – де. Сенім келтірмейтін халыққа белгілер де, алдын-ала ескертулер де пайда әкелмейді!

101.

Олар өздерінен бұрын өткендердің күндерінің мысалынан басқа нәрсені күтуде ме? «Ендеше, күтіңдер! Расында, мен де сендермен бірге күтушілерденмін!» – де.

102.

Содан соң Біз елшілеріміз бен сенім келтіргендерді құтқарамыз. Осылайша, сенушілерді құтқару Біздің міндетіміз!

103.

«Уа адамдар! Менің борышыма күмандансаңдар, онда мен Алладан өзге қызмет ететіндеріңе қызмет етпеймін. Алайда мен сендерді тыныштандыратын Аллаға қызмет етемін! Маға сенушілерден болу әмір етілді!» – де,

104.

және өзің иілуші болып, бетіңді борышқа қарай тік ұста және серік қосушылардан мүлде болма!

105.

Және Алладан өзге саған пайда да, зиян да әкелмейтін нәрсеге жалбарынба! Ал егер соны істесең, онда расында, залымдардан боласың!

106.

Егер Алла саған зиянмен тисе, онда одан құтылдырушы жоқ, Оның Өзінен басқа! Егер Ол саған жақсылық қаласа, онда Оның артықшылығын қайтарушы жоқ! Ол онымен қызметшілерінің арасынан қалағанды бөлейді. Ол – Кешіруші, Рақымды!

107.

«Уа адамдар! Сендерге Иелеріңнен хақ келген еді. Кім бағытталса, сол, расында, өзі үшін бағытталды, кім жаңылса, сол, расында, өзіне қарсы жаңылды! Мен сендерге уәкіл емеспін!» – де.

108.

Өзіңе уахи етілетінге ер де сабыр ет, Алла үкім бермейінше. Ол үкім берушілердің ең жақсысы!

109.