Құранның аудармасы: Таржима және түсінік

1 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Мейірбан, Мейірімді Алланың атымен. Мадақ әлем халықтарының Иесі Аллаға тиесілі, Мейірбан, Мейірімдіге,, 

толығырақ...

2 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Мим. Бұл Кітап, онда күмән жоқ – сақ болушылар үшін Нұсқау, ғайыпқа сенетін, сиынуды орындайтын және Біз өздеріне ризық еткен нәрселерден шығындайтын үшін, саған түсірілген мен сенен бұрын түсірілгенге сенетін және Ақырғы Өмірге иланатындар үшін. Олар Иелері тарапынан бағытталғандар! Олар жетістікке жетушілер! Расында, жабылғандарға бәрі бір, оларды алдын-ала ескерттің бе, әлде ескертпедің бе – олар сенбейді.

толығырақ...

3 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Мим. Алла, тәңірі тек қана Оның Өзі – Тірі, Бар Болушы! Ол саған өзіңе дейін болғанды растайтын Кітапты ақиқатпен түсірді. Ілгеріде Ол Тәурат пен Інжілді түсірді адамдарға Нұсқау ретінде. Ажыратуды түсірді! Расында, Алланың белгілерінен жабылғандарға қатты азап болады! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, кек Иесі! Расында, Алладан не аспанда, не жерде болсын ешнәрсе жасырына алмайды.

толығырақ...

4 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

О адамдар! Сендерді жалғыз тұлғадан жаратқан Иелеріңнен сақсыныңдар. Ол одан жұбын жаратып, ол екеуінен көп ер мен әйелді таратты! Бір-бірлеріңнен Ол арқылы сұрайтын Алладан және туыстық байланысынан сақсыныңдар! Расында, Алла сендерді Бақылаушы! Жетімдердге өздеріне тиесілі мүлктерін беріңдер және нашарды жақсыға айырбастамаңдар! Және олардың мүлкін өз мүліктеріңе қосып, жемеңдер. Расында, бұл үлкен теріс қылық!

толығырақ...

5 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

О сенім келтіргендер! Келісімдеріңді орындаңдар! Сендерге өздеріңе оқылатыннан басқа барлық мал рұқсат етілген. Сендерге тыйым кезде аңшылыққа рұқсат жоқ. Расында, Алла қалаған үкімін береді! О сенім келтіргендер! Алла рәсімдерін, (шайқасқа) тыйым салынған айларды бұзбаңдар, құрбандық малдарға, алқаларға және Иелерінің артықшылығы мен разылығына ұмтылып, (шайқасқа) тыйым салынған үйге келушілерге қастандықпен тимеңдер! Егер (тыйымнан) босатылсаңдар, онда аңшылық қылуға рұқсат. (Шайқасқа) тыйым салынған сәжде жасайтын орынға баруларыңа кедергі жасаған халыққа деген қатты жеккөрушілік үшін қылмыскер болмаңдар! Игілікке және сақ болушылыққа жәрдемдесіңдер, бірақ күнәға және қарсыластыққа жәрдемдеспеңдер! Алладан сақсыныңдар, расында, Алла қатты азаптайды!

толығырақ...

6 тарау

Аспандар мен жерді жаратқан, түнектер мен нұрды орнатқан Аллаға мадақ! Содан соң жабылғандар Иелеріне (басқаларды) теңестіреді! Ол сендерді саздан жаратты, содан соң Ол мерзімді шешті. Белгілі мерзім Оның иелігінде! Содан соң сендер күмәнданасыңдар! Ол аспандарда да, жерде де Алла! Ол сендердің сырларыңды да, жарияларыңды да біледі! Және ол сендердің нені иеленетіндеріңді біледі!

толығырақ...

7 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Мим. Сод. Саған Кітап түсірілді. Ендеше, көкірегін одан қысылмасын, бұл арқылы алдын-ала ескертуің үшін, ол сенушілерге Ескертпе болуы үшін! Өздеріңе Иелерің тарапынан түсірілгенге еріңдер және Одан өзге жебеушілерге ермеңдер! Еске аз аласыңдар! Біз қаншама елді мекенді жойдық! Біздің күшіміз оларға түнемелікте немесе олар күндіз демалып жатқан кезде келетін!

толығырақ...

8 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Олар сенен олжалар жайында сұрайды. «Олжалар Аллаға және елшіге тиесілі. Ендеше, Алладан сақсыныңдар, араларыңдағы қарым-қатынасты түзетіңдер, Аллаға және Оның елшісіне бағыныңдар, егер сенуші болсаңдар!» – деп жауап бер. Расында, сенушілердің Алла еске алынған кезде жүректері сескенеді, оларға Оның белгілері оқылған кезде, сенімдері артылады және олар Иелеріне тәуекел етеді,

толығырақ...

9 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Сендермен міндеттеме жасасқан серік қосушыларға Алла мен Оның елшісі тарапынан қатыссыздық туралы мәлімдеме. Ендеше, жерде төрт ай бойы саяхаттаңдар және Алланы әлсірете алмайтындықтарыңды және Алла жабылушыларды масқаралайтынын біліңдер!

толығырақ...

10 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Ра. Бұл – дана Кітаптың белгілері! Адамдар үшін өздерінің арасындағы ерге: «Адамдарды алдын ала ескерт және сенім келтіргендерді Иелерінің алдында өздеріне шындық қадамы болады деп қуант!» – деп уахи еткеніміз ғажап болды ма? Жабылушылар: «Расында, бұл айқын сиқыр ғой!» – деді.

толығырақ...

11 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Ра. Бұл Дана, Хабардардың тарапынан белгілері бекітілген, содан соң егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітап. (Хабарландырушы былай деді): «Аллаға ғана қызмет етіңдер! Расында, мен сендер үшін Оның тарапынан алдын-ала ескертуші және қуантушымын! Иелеріңнен кешірім сұраңдар, содан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерге жақсы пайдаланымды белгілі мерзімге дейін пайдалануға береді және әрбір артықшылық иесіне артықшылық береді. Ал егер теріс бұрылсаңдар, онда, расында, мен сендер үшін Үлкен Күннің азабынан қорқамын!

толығырақ...

12 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Ра. Айқын Кітаптың белгілері. Расында, біз оны арабша Құран түрінде түсірдік, бәлкім, ақылға келерсіңдер! Біз өзіңе бұл Құранды уахи еткеніміз арқылы саған ең жақсы баяндаманы баяндаймыз! Бұдан бұрын сен ғапылдардан болған едің! Кезінде Йусуф әкесіне: «Уа әкем! Расында, мен он бір жұлдыз, күн мен айды көрдім, олар маған сәжде еткенін көрдім!» – дегенде, сонда ол оған былай жуап берді: «Уа ұлым! Көргеніңді бауырларыңа айтпа, әйтпесе олар саған қарсы айлакерлік етер! Расында, тыңдамаушы адам үшін айқын қарсылас!

толығырақ...

13 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Мим. Ра. Бұл Кітаптың белгілері. Өзіңе Иең тарапынан түсірілген нәрсе – Хақ, алайда адамдрдың көбісі сенім келтірмейді! Алла – Ол аспандарды сендер көретін тіреусіз көтерді. Содан соң Ол тұрғызылғанға тоқталды. Күн мен айды бағындырды. Олардың әрбірі белгіленген мерзімге дейін жүреді. Ол істі басқарады. Ол белгілерді егжей-тегжейлі баяндайды, бәлкім, Иелеріңмен кездесетіндеріңе нанарсыңдар!

толығырақ...

14 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Ра. Адамдарды, Иелерінің рұқсатымен түнектерден нұрға, Әр нәрсеге шамасы жетуші, Мадақтаулының жолына шығаруың үшін Біз саған Кітап түсірдік, Алланың [жолына шығаруың үшін], Оған аспандардағы мен жердегі нәрселер тиесілі, жабылушыларға ауыр азаптан қайғы! Олар ақырғы өмірге қарағанда бергі өмірді сүйеді, Алланың жолынан тосады, оны қисайтуға ұмтылады. Солар – ұзақ адасуда!

толығырақ...

15 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Әлиф. Ләм. Ра. Бұл Кітаптың, айқын Құранның белгілері. Бәлкім, жабылғандар бойұсынушы болуды қалайтын болар. Оларды қалдыр – жесін, пайдалансын, үміттері көңілдерін аударсын, ендеше, олар білетін болады! 

толығырақ...

16 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Алла әмірі келді, ендеше, оны асықтырмаңдар. Ол олардың серік ретінде қосқан нәрселерінен шексіз алыс және жоғары! Ол, қызметшілері арасынан қалағанына Өз әмірінен Рухпенен басқарушыларды түсіреді: «Менен басқа тәңір жоқ, ендеше, Менен сақсыныңдар!» – деп, алдын-ала ескертіңдер!» [– делінген түрде]

толығырақ...

112 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Айт: «Ол Алла – Жалғыз! Алла Өзгеріссіз!

толығырақ...

113 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Айт: «Таңсәрінің Иесіне жүгінемін! Ол жаратқанның жамандығынан!

толығырақ...

114 тарау Жүктеу PDF Жүктеу Word

Айт: «Адамдардың Иесіне жүгінемін! Адамдардың Билеушісіне!

толығырақ...