Абсолют жайында толғану
Аяушы Рақымды Алланың атымен
Қандай да бір дүниетаным бүтін болуы үшін ол дүниетанымда Абсолют жайында түсінік болу керек. Абсолютті бір нәрсе немесе біреу туралы түсініктің жоқтығы тіршілік ету мәнінен айырады.
Абсолют жайында базалық түсініктерді қалыптастыру мақсатында ол жайында толғанулардың логикалық тізімін құрастыруға ұсынылады.
Әуелден бұл терминнің мағынасын анықтайық, ол үшін оның этимологиясына бет аударайық.
Абсолют – лат. а (жоқ, емес, -сыз/-сіз) + bcolut (шарт) = absolut (шартсыздық)
Яғни бұл термин бірдеңенің немесе біреудің шартсыздығын білдіреді.
Енді толғанулардың өзіне көшейік:
Біреу немесе бірдеңе шартсыз болса, онда сәйкесінше ол шартты координаттарға ие болып, қандай да бір контурмен шартталған бола алмайды, демек ол көзге көрінбейтін болу керек. Қандай да бір объекттін көзге көрінетіндігі бұл объекттін пәлен бір контурлармен және координаталармен кеңістікте шартталғандығын білдіреді.
Шартты координаталардың, оның ішінде уақыт бойынша координатаның жоқтығы оның уақытпен шартталмағандығын, пайда болу уақыты болмағандығын, соңы болмайтындығын, өзгеріссіздігін білдіреді.
Одан бірдеңе бөліктеніп кете алады деп жорамалдасақ, онда бұл межелену оның әрі одан бөліктенген бөліктің арасында контур жүргізеді деген сөз, ал контурмен шартталғандық шартсыздықпен үйлеспейді. Оның үстіне бөліктену өзгеруді білдіреді, бұл да шартсыздықпен үйлеспейді. Демек одан ешнәрсе бөліктенген емес әрі бөліктенбейді де.
Егер де ол тұлғасыз, демек еріксіз десек, онда ол өзге еркінінің нысаны бола алады деген қорытынды туындайды. Өзге еркінінің нысаны болушылық біреудің ықпалынан өзгеріске ұшырағыштықты білдіреді, ал өзгеріс болса шартсыздықпен үйлеспейді. Демек, керісінше, ол өз еркі мен өзінің «Мен» – іне ие. Шартсыз тұлғаның еркі тек шартсыз, яғни шексіз, әр нәрсені қамтитын бола алады, кері жағдайда еркіннің шектілігі тұлғаның шектілігі туралы айтатын болады, бұл болса шартсыздықпен үйлеспейді.
Бұл толғанудың негізінде Абсолюттің келесі базалық сипаттамалары айқындалады: көзге көрінбеушілік, өзгеріссіздік, «Мен»-ге иелігі, шартсыз ерікке иелігі.
Бұл сипаттамалар материалисттердің материяның абсолюттілігі туралы тезисінің қателігі жайында айтады. Себебі материя өзгертімді, контурларға ие, уақытқа тәуелді болып келеді, одан бірдеңе бөліктеніп, дара объект бола алады, немесе керісінше оған қосылып онымен бірге бір бүтін бола алады, оның үстіне материя еріксіз келеді, адам еркінінің нысаны бола алады. Яғни материяның бізге белгілі параметрлерімен шартталғандығы көз алдында. Шарттылық болса, бұл – Абсолют ұғымына антонимдес келетін ұғым.
Осыған орай өз Иесін іздеу барысында материалдық объекттердін шарттылығына сілтеп, оларды қызмет ету объекті ретінде мойындамаған сенушілердің әкесі – Ибраһимнің толғанулары еске түседі:
Осылайша, Біз Ибраһимге аспандар мен жерде жүргізілетін билікті көрсеттік, ол иланғандардан болуы үшін. Оны түн басып, ол жұлдызды көргенде: «Менің Ием – осы» – деді, бірақ ол батқаннан кейін, ол: «Мен бататындарды жақсы көрмеймін» – деді. Сосын ол туған айды көргенде: «Менің Ием – осы» – деді, бірақ ол батқаннан кейін, ол: «Егер Ием мені бағыттамаса, онда мен жаңылған халықтың арасынан боламын!» – деді. Ол шыққан күнді көрген кезде: «Менің Ием – осы, ол – ең үлкен!» – деді, бірақ ол батқаннан кейін: «О халқым! Мен сендердің Аллаға серік қосуларыңа қатысты емеспін! Расында, мен жүзімді аспандар мен жерді жаратқанға шынайы түрде бағыттадым. Мен Аллаға серік қосушылардан емеспін!» – дедім. (Құран 6:75-79, Ә. Н. Болатжанның аудармасы)