Автор жайында
Менің аты-жөнім Рысжанов Серік Болатжанұлы. Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан) 1971 жылы дүниеге келгем. Орта мектеп аяқтағам. Сәтбаев атындағы Политехникалық институтында оқығанмын. КСРО-ның ыдырауы кезінде екінші курста оқудан шығып кеткем. 1998 жылы Исламға қызығушылық таныта бастадым. Әбу Ханифа мәзһабы мен Сүлеймен Хилми түрік тариқатын ұстанғам. Исламдағы түрлі көзқарастарға тап болғаннан кейін кездестіре алған бағыттарды іс жүзінде зерттеуді шештім. Таблиғи-Жамағатында болғам, Хизбут-Тахрирдің және Нақшбанди сопылық орденінің материалдарын зерттегем, Саид Нурси түрік бағытының дәрістеріне қатысқам, «Ахмадия» сектасының өкілдеріменен пікірталасқам, сәләфи әдебиетін (Ибн-Таймия, Әбд-Әл-Уаххабтың және т. б.) оқып, олардың қағидаларын өмірімде біраз уақыт ұстанғанмын, сондай-ақ «тәкпіршілерге» де тап болғам.
Әр бағыт тек өз пікірін ең дұрыс деп санайтынын түсінгенімнен кейін мен (2011 жылы) Исламдағы түп негізді – Құранды зерттеуге бел будым. Орыс пен қазақ тіліне аудармаларының барлық түрлерін оқығанымнан кейін аудармалардың арасында кейбір қайшылықтар бар екенін түсіндім. Сонымен қатар Құранның кейбір қағидалары исламдық дәстүрге тікелей қарама-қайшы келетіні айқын болды. Мәселенің екеуін де мен араб тілін меңгеріп, Құранды түпнұсқадан түсіну арқылы жоюды шештім. Ол үшін мен ММУ профессоры Лебедевтің «Учись читать Коран по-арабски» (3 том) оқулықтары мен Х. К. Барановтың үлкен сөздігін алдым. Барлық материалды мен 1,5 жылда меңгердім де мәтінді тікелей түсіне бастадым. Бұның әсері айтып түсіндіре алмас ғажап болды, және де мен ақиқат тек Аллада екенін түсіндім, ал адамдарда тек өз субъективті пікірі ғана. Түпнұсқаны түсінгендік мені барлық ағымдардан шеттетті. Құранды терең зерттеушілік менде көпшіліктен өзгеше өз пікірімді қалыптастырды, бұл әрине көптеген сын тудырды. Сын көбінесе менің дәлелдеріме емес, маған қатысты болды. Ең басты наразылық менде теологиялық білім жоқ болғанына, сонымен қатар менің Исламның бар болу 1400 жылдық білім базасына негізделетін ғалымдарға қайшы келетініме саятын. Бірақ қызығы барлық ғалымдардың дәп сондай білім базасына сүйенетін басқа ағымдағы ғалымдарды сынға ұшырататыны ешкімді абыржытпайды. Жалпы айтқанда, менің көпшілікке қарсы келетінім бәріне ұнамайды. Мен қателік жібере аламын деген ойға жол беремін, дәп сол үшін мен өз материалдарымды жария етіп, оқырмандардың пікіріне салдым. Мен ақиқатты іздеу мақсатында конструкивті пікірталас пен сынды күтудемін. Қате пікір мен көзқарастан бас тарту мен үшін мәселе емес. Ең бастысы маған Құраннан нақты бірмәнді дәлел келтірсе болғаны. Мен жеке басымды балағаттауға жол бермеймін және оқырмандарымды бұдан тиылуды сұраймын.
Мен үшін бастысы болып Алла Сөзінің басымдылығы мен Аллаға қатысты өтіріктің жойылуы келеді.